К.п.н.,
доцент Амирбекова М.Р., старший преподаватель Абилов Д.К.,
магистрант Сагадатова
А.Т.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Еңбек нарығы және
оның қоғам дамуындағы ролі
Халықты
жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең
өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның
ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында
жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою
мәселесі 2012 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде
анықталғаны белгілі. Осы 2012 жылға дейін
Қазақстан
экономикасында күрделі де
қарқынды өндірісаралық
құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.Бұл
міндетті іске асыру: біріншіден, көптеген жұмыс
орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға,
жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға
жол ашады; екіншіден, еңбек пен
жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек
өнімділігі және жалпы
экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық
өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық
табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері
өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері
кеңейеді.
Елбасының
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты дәстүрлі
Жолдауында: «...Қазіргі кезде бірқатар өңірлердің
экономикалық баяу дамуы еңбекпен қамтудың
қамтамасыз етілмеуіне алып келеді. Халықтың кірісінің
деңгейі тербеліп тұр. Ең алдымен, мемлекеттік
органдардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын
үйлестіруді күшейту қажет. Міндет – мемлекеттік және
салалық барлық бағдарламалардың орындалуын
өңірлерді дамытудың басымдыққа ие міндеттерін
шешумен үйлестіру» қажеттілігі айтылған.
Біздің
мемлекеттік әлеуметтік саясатымыздағы басты басымдық
халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып
табылады. Сондықтан Елбасы 2020
жылға қарай жұмыссыздық деңгейі 5%-дан, ал
табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен
төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болсын деген
міндет қойды.
Халықты
жұмыспен қамту тек экономикалық емес әлеуметтік те
проблема болып табылады. Қазақстан халқын әлеуметтік
қорғау жүйесі құрылым және даму сатысында,
оның оңтайлы құрылымының белсенді ізденісі
жүргізілуде деген ойға келтірді.
Ол
халық өмірінің белгілі бір деңгейін қамтамасыз
ету, әр адамның кәсіптік мүмкіншіліктерін дамытуды
қалыптастыруда айқындаушы рөлді атқарады.
Жұмыспен қамту проблемасын әлеуметтік бағдарламалар
бойынша мемлекет басшының өкімі мен шешімдерін орындай
бастаған мемлекет ғана шеше алады. Қазақстан
Республикасы тұңғыш Президенті,Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
өзінің
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын
кезекті Жолдауында көрсеткеніндей біздің өміріміз
жақсара бастады. Алайда, өмір түйіткілдері мен
нарықтың қатал заңы кейбір келеңсіз
жағдайларды алға тартады.
Ең
алдымен, экономиканың мемлекеттік емес секторын сауықтыратын
салықтық механизм қажет. Халықты жұмыспен
қамтуға қатысты әзірленетін мемлекетік
бағдарламалардың мақсаты
– жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және
жұмыссыздық деңгейін қысқарту болмақ.
Сонымен
бірге бағдарламалар мен басқа да мемлекеттік іс –шаралар
төмендегідей мәселлерді шешуге бағытталуы тиіс:
-
халықты жұмыспен қамту
деңгейінің өсуі ынталандыратын шараларды жүзеге асыру;
-
нысаналы топтарды жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу;
-
халықты жұмыспен қамту
саясатын ақпараттық қолдау;
-
жұмыспен қамту
саласындағы нормативтік құқықтық базаны
жетілдіру;
-
экономика салаларында жаңа
жұмыс орындарын ашу;
-
жұмысшы күшіне ұсыныс
пен сұраныстың теңгерімділігі жөніндегі шараларды
қабылдау;
-
әлеуметтік қорғауды
қажет ететін нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға
ықпал жасау;
-
шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;
-
жұмыссыздарды кәсіби
оқыту және қайта даярлауды ұйымдастыру;
-
қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру;
-
аймақтық жұмыспен
қамту мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы
органдардың рөлін көтеру;
-
жұмыспен қамту
мәселлері жөніндегі уәкілетті органның қызметін
жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы
мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс
берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен
қамту агенттіктерімен ықпалдастыру;
-
білім беру ұйымдарының
бітірушілерін жұмыспен қамтуға ықпал жасау.
Сонымен
бірге жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс -әрекетін
кеңейтуі, оларды “Бос жұмыс орындары” жәрмеңкелеріне
қатысуға тарту, жұмыссыздардың біліктілігін
арттыруға бағытталған тренингтер мен семинарларды
ұйымдастыру мен өткізу үдерістеріне қатыстыру,
ұйым қызметкерлерінің өндірісішілік оқыту,
жоғары оқу орнының шәкірті мен жұмыс
берушінің арасында жұмысқа орналасуға шарт жасасу,
кәсіптік білім орындарын бітіргеннен кейін одан әрі
жұмысқа орналастыру перспективасымен жұмыспен қамту
органдары арқылы жастар практикасын ұйымдастыру, білім беру
ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру
мониторингі жүзеге асырылатын болады. Аталған жұмыспен қасту
облысындағы іс – шаралардың барлығы да жұмыспен
қамтуды арттыру және жұмыссыздық деңгейін
қысқартуға өз үлесін қосады деп ойлаймыз.
Қазақстандағы
еңбекпен қамту көрсеткіштеріне келесі факторлар әсер
етеді: инвестицияның бөлінуі, жалақыны жетілдіру,
экономикалық өсудің жоғары қарқынын
қамтамасыз ету, экономиканың салалық құрылымын
жетілдіру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту,
халықты жұмыспен қамту органдарын басқару.
Экономикалық дамудың жоғары қарқынын
қамтамасыз ету және эконимканың салалық
құрылымын жетілдіру шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту арқылы мүмкін болады.
Жалақыны
жетілдіру – заманауи экономиканың өзекті міндеті болып табылады. Мұнда
кәсіпорын – монополистердегі еңбеккерлердің еңбек ақысы мен экономиканың
басқа салаларындағы отбасының минималды қажеттіліктерін
өтеуге жетпейтін, еңбегіне сай төленбейтін төменгі
жалақы деңгейінің арасындағы диспропорция туралы
айтқан жөн (мысалы, ғалымдардың, медицина
қызметкерлерінің, мектеп мұғалімдері мен жоғары
оқу орындарының оқытушыларының). Бұл жоғары
білікті адамдарды жоғары табыс
алып келетін жұмыспен айналысуға итермелейді, жалпы алғанда
елдің адами әлеуетіне маңызды нұқсан келіп отыр.
Қазіргі
күні республикалық деңгейдегі жұмыспен қамту
саясатының басты бағыттары мыналар:
-
инвестициялық белсенділіктің
төмендеуімен, өндіріс көлемінің қысқаруымен,
инфляция және салдары тұрақсыз жұмыс орындары болып
табылатын макроэкономикалық үрдістерді жеңу;
-
кәсіпорындардағы
жұмыстан босатудың массалық қарқын алуын
болдырмау;
-
мемлекеттік емес, баламалық
экономика секторларында жұмыспен
қамтуды дамыту мен кеңейтуге жағдай құру;
-
еріксіз жұмыстан босатылған
немесе жұқмыстан шығып қалу қауіпі бар
адамдарға тиімді мақсатты қолдау мен қорғауды
қамтамасыз ету;
-
жұмысқа тұруда
қиындықтар көп көретін тұлғаларға
қосымша көмек көрсету;
-
ұзақ мерзімді
жұмыссыздықтың салдарын жұмсарту.
Әр
жұмыскердің қажетті мамандықты игеріп және
оның өз қабілеттерін еш қысымсыз еңбек
қызметінде пайдалануға мол мүмкіндіктері бар.
Осы
жұмыссыздықты азайту үшін біздің Президентіміз Н.
Назарбаев республикада жұмыссыздар санын одан әрі де
қысқарта түсу үшін
мемлекет органдарға күш салуды тапсырды. Бірақ
нарықты экономикада толық жұмыссыздық болуы
мүмкін емес.