БАСТАУЫШТЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ш. Есенов ат. КМТИУ профессоры Кокшеева Зайни Т.,
МНПМНО магистранты Нақып Құндызай Х. Актау-Казахстан
Бүгінгі таңда мектепте бастауыш сынып оқушыларын
оқытуда негізінен "Деңгейлеп оқыту" технологиясы
басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар
"Деңгейлеп оқыту" технологиясына негізделе
жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі
"Деңгейлеп оқыту" технологиясындағы
сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін
толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде
шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының
деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының
мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыру. Балалардың таным қабілеттеріне сай төрт
деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны
жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа
қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі. Автор Ж.Қараев деңгейлік
тапсырмаларында:
1- жаңа өтілген тақырыпты
қайталап, пысықтау, ереже жаттау; 2- ойлау қабілетін
жетілдіру; 3- танымдық іздену (эвристикалық); 4- ұғым,
түсінік, қиялын тәжірибеде қолдану талаптарын
қояды.
Жеке тұлғаның
біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және білім
деңгейін айқындауда деңгейлік тапсырмалар барлық
білімгерлерге ұсынылады. Олар жұмыла іске кіріскенде,
мұғалім үлгерімі төмендерге дербес, жекелей көмек
бере алады. Бірінші деңгейдің “міндетті”, “оқушылық”
жұмысын жаппай орындау мемлекеттік стандартқа сай
жүргізіледі. Әр деңгейлік тапсырма бойынша ұпай саны
белгіленіп, рейтингтік жүйемен жинақталып, мониторинг бойынша бағаланады. Егер оқушылар доғары
деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындаса, ұпай
санының артуынан көтеріңкі баға алуына мүмкіндік
беріледі, дамыта оқыту жүзеге асады. Деңгейлік тапсырмалар даярлауда:
1. Меңгерген білімді
қайталау, пысықтау, тақырыптың өмірмен
байланыстылығы;
2. Тұлғаның
ойлау қабілетін дамытуға танымдық ойындар:
сөзжұмбақтар, басқатырғылар, өзгертпе сөз,
сөз өрім және т.б. пайдалану
3. Танымдық
қабілеттерін дамытатын ойын элементтерін енгізу, диаграмма, графиктер,
тірек сызбалар сызу, ой қорыту;
4. Ұғым,
түсінік, қиял, ой еңбегіне негізделген өзіндік
жұмыс, реферат, баяндама т.б. назарда болуы тиіс.
Бұл технологияның
ерекшелігі: әр тұлға өз бетінше жұмыс жүргізуге
дағыдыланады. Тапсырманың күрделену деңгейіне
сәйкес ойлау қабілеті артады, жасқаншақтықтан
арылады.
Білім берудің жаңа
мазмұны тұлғаның білімін, білігін, дағдысын емес,
оның білім алу арқылы дамуына ерекше
көңіл бөлуді талап етеді.
|
Деңгейлеп оқыту технологиясы |
||||||||||
|
Мақсаты
Маңыздылығы
Нәтижесі |
қабілеті мен мүмкіндігіне
қарай топтардың ерекшелігіне бейімдеу оқуға деген ынтасын арттыру оқушылық алгоритмдік эвристикалық шығармашылық қиындықты жеңіп, қызығушылығының
пайда болуы жаппай жұмысқа кірісуі бос отырған оқушының
болмауы оқушы білім деңгейін,
білімпаздығын дамытуы ізденіс дағдысы,
шығармашылық қабілетті дамытуы білім деңгейін,
мүмкіншілігін, іскерлігін дамытады мақсатқа жетелей алатын
оқушы шығармашылық
тұлға тәрбиелеу |
|||||||||
Сурет-3 Деңгейлеп оқыту технологиясының
сипаттамасы
Ж.Қараевтың
деңгейлеп оқыту технологиясындағы төрт деңгейлік
тапсырмаларды барлық оқушылардың толық орындауы талап
етіледі. Әр деңгейдегі тапсырманың орындалуына қарай ұпаймен
белгілеп, рейтингтік жүйемен есептеледі де мониторинг бойынша баға қойылады.
Педагогикалық технологияның
тағы бір түрі - сын тұрғысынан
дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру алға
қойылады. Ол үшін бала
өзінің бұған дейінгі білетін амалдары мен
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін түсінетіндей жағдайға
келтіру керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы
артып, қызығушылықпен әрекетенеді. Мысалы, сабақ
3 құрамдас бөліктен тұрады: 1. Оқу мақсаттарының
қойылуы. 2. Оны шешудің
жолын бірлесе қарастыру. 3. Шешімнің дұрыстығын
дәлелдеу. Бұл үшеуі - дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компонеттері. Мұнда оқушыларға ешқандай дайын
үлгі берілмейді. Мақсатты шешу- талқылау мен жинақтау арқылы жүзеге асады.
Бұл жерде мұғалім тек
ұйымдастырушы, әрі бағыттаушы ғана. Шешім табылған кезде әркім
оның дұрыстығын өзінше
дәлелдей білуге үйретіледі
және әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріліп,
жауаптары тыңдалады.
Қорыта келе айтарымыз, бастауышты оқыту
үрдісінде осындай жаңа технологияларды қолдану өте тиімді және оның нәтижесі де
жоғары болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.К.Ж.Бұзаубақова
Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004, 21б
2.К.Өстеміров, А.Айтбаева. Қазіргі
білім беру технологиялары. Алматы, 2006
3.Қ.А.Сарбасова. Инновациялық
педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып
мұғалімдерінің даярлығын жетілдіру.
Қарағанды, 2005