ДПжП-71 тобының докторанты Абылайхан С.М.,

МДОжТ-31 топ студенті Сапарәлі Л.

Қазақстан, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Адамгершілік мәдениет және оның құраушылары

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие, халықтың жарқын болашағын айқындайтын ой-толғам. Елбасы бағдарламалық мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды», дейді.

Рухани ой-толғауда ұлттық құндылықтар, елдік мақсат пен мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары жайлы баяндалған. Мақала жайлы еліміздің рухани мұраларына иелік етіп жүрген маман иелері де өз пікірлерін шынайы білдірді [1].

Мақаламыздың мазмұнын ең алдымен адамгершілік және мәдениет ұғымдарына талдай жасай отырып, қарастыру керек. Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. Адамгершілік ұғымы кісілік, ізгілік, имандылық тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүниетанымында мінез - құлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғыммен таратылады. Ал, мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Осыдан біздің басты тақырыбымыз адамгершілік мәдениетке анықтама берсек:

Адамгершiлiк мәдениет – адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғаты мен биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды [2].

Тұлғаның адамгершілік мәдениеті – қоғамның адамгершілік тәжірибесін игеру деңгейі, мінез-құлқында және басқа адамдармен қарым-қатынасында құндылықтарды, нормалар мен принциптерді бірізді жүзеге асыруы, үнемі өзін-өзі жетілдіруге даярлығы [3].

Қазіргі қоғамда шынайы адамгершілік мәдениеттің құраушыларына мыналар жатады:

-       ұстамдылық;

-       қанағатшылдық;

-       қарапайымдылық;

-       үнемшілдік пен әр нәрсені орынды пайдалану. Тоқталып өтсек:

Ұстамдылық - өте тамаша жiгер, ол болғанда адам өзiнiң көңiл-күйiн, iс-әрекетiн тiзгiндеп, меңгере алады, ол әрi табысқа жетуде кем болмайтын негiзгi сапа, табысқа жеткiзетiн шуақты сәуле. Оның екi түрлi бейнесi бар:

1)  өзiн зорлап отырып, iстеуге тиiстi iстi орындау;

2)  ендi бiрi, керітартпа мiнездер мен қызбалық әрекеттердi тежей алатындай болу [4].

Қанағатшылдық – барына, қол жеткізген табыстарына разы болып, шүкіршілік етіп ішіп-жеу, яғни көңіл қалауларынан азда болса тыйылу, шыдау дегенді білдіреді. Қанағатсыз адамдарды тойымсыз адамдар деп те атайды. Қандай сәтте болмасын, өз пайдасын ойлап, біреудің оған бірдеңе беруін, ақкөңілділікті қалап тұрады.

Қарапайымдылық - менмендікке мүлдем қарама-қарсы қасиет. Қарапайым адам өзінің қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс бағалайды, әрі мұндай адам атақ құмарлықтан аулақ. Көкірек көтеріп, өтірік сөйлеудің орнына, қарапайым адам өзінің шектеулі мүмкіндігін әрқашан дұрыс бағалай біледі. Сондықтан мұндай адам өзгелерді сыйлайды, әрі олардың көңіліне қарап, көзқарасымен санасады [3].

Үнемшілдік - адамгершілік сапа, ерекше қасиеттердің бірі, бұл адамның тек қана жеке меншік және ішкі әлемді құрметтеуімен емес, сонымен бірге қоршаған ортаны және қоршаған әлемге құрметпен қарауы. Үнемшілдік кедейшілдіктен шығудың бірден-бір жолы болып табылады. Расында, кез келген көзіне түскен нәрсеге қызығып, содан лездік мауқын басып сатып ала беру – ол кедейшіліктен шыға алмаудың басты себебі. Жалпы бұл ысырапшылыққа жетелері де сөзсіз. Сондықтан, үнемшілдік қашанда әуелі кедейліктен сақтап, сізді байлыққа жеткізеді [5].

Адамның адамгершiлiгi – оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi – адамдық, ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу. Міне, біз осындай ұрпақты дамытуымыз керек.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.    http://kokshetautv.kz/ru/news/ruhani_kokshetau/ruhani-kazyna-programma-duhovnogonaslediya

2.    http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/filosofija/adamgershilik_m_denieti/7-1-0-256.

3.    В.С. Библер, Школа диалога культур: Идеи. Опыт. Перспективы. - Кемерово, 1993. – 225с.

4.    Қ. Жарықбаев, Қазақ тілі тәрбиесі, оқу құралы. – А.: Санат. 1996

5.    Т. Сіләмбетова, Адамгершілікке тәрбиелеу – басты мақсат// Қаз. Мектебі, - 2003, № 5, - Б.22-24.