Педагогика / 5.
Современные методы преподавания
Қазақ
тілі мен әдебиетпәнінің мұғалімі Г. М. Алишева
№ 49 мектеп - гимназиясы, Тараз
қаласы, Қазақстан
«Ұстаздың биігі, ойлана қарасаң, биіктей береді,
үңіле қарасаң, тереңдей береді; қол
созсаң- қарсы алдыңда, айналсаң артында
тұрғандай» деп Сократ айтқандай, егеменді еліміздің
алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына
қосылуға табандылықпен жылжу саясаты
қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер
енгізіп, жаңа талаптар қойылуда. Соның ішінде болашақ
ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру
мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау - басты
міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа
жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен
әдіс-тәсілдердің жаңаруы бәсекелестікке
қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін,
ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген
қасиеттермен озады» деп Абай атамыз айтқан озық ойлы,
білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына,
өзгеруіне үлесін қосып келеді. Кез-келген оқыту белгілі
мөлшерде адамды дамытады. Оқушының адам ретінде
қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Бүгінгі
таңдағы жаңа технологиялардың басты мақсаты -
баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін,
ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде қолға
алынып отырған өзекті мәселе - дарынды
баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Дарынды
балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму
дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан,
қоғамға талантты мамандар дайындауда тиімді болса, екінші
жағынан, ерекше дарынды баланың тек өзін, зияткерлік дамуын
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен, талантты және дарынды оқушылардың білім алуын
арттыруда кеңейтілген тапсырмаларды қолдану оқушыларға:
1. Білім немесе дағдылардың жалпы өзегін
қолдануға;
2. Тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін
қолдануға;
3. «Нағыз» құзыреттілікті қалыптастыруға;
4. Бастапқы және соңғы нүктелер
қатарымен өзара әрекеттесуге;
5. Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеуге;
6. Қабілеттілігіне қарамастан кеңейтілген
тапсырмаларға тең қол жеткізуге;
7. Қолдау ахуалы тұрақты қалыптасқан
сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне негізделген
оқу үдерісіне қатысуға;
8. Сыни ойлау дағдыларын дамытуға;
9. Мәселелерді шешу үшін шығармашылық
тәсілдерді қолдануға;
10. Таңдау элементтерінің көмегі арқылы
өзіндік реттеуді қолдануға;
11. Аса құштар және ынталы болуға;
12. Оқушылардың жетістікке жету қабілеттерін
көрсетуге мүмкіндік береді.
Дарынды және талантты балаларды оқытуда мынадай қағидаларды
есте ұстаған жөн:
- Баланың бойындағы құмарлығын,
қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға
жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен
мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
- Өз бетінше іздену арқылы білім алуға қолайлы
жағдай жасау;
- Өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Атап кеткен қағидаларды сабақ кезінде назарға
ұстап отырсақ қана оқушы өзінің дарынды
екенін сезінеді. Бойындағы «мені» оянады. Басқалардан артық
тапсырма алу оларды шабыттандыра түседі, бірақ әрдайым
мұғалім баланы қанаттандыру үшін, өзіне сенімін
молайту үшін бірге ізденісте болуы шарт. Түрлі жарыстарға
қатыстырып, мақтау сөздер айтып ізденуде тоқтап
қалмауға баулу керек. Балалармен жеке жұмыс жоспары бойынша
жұмыс істеген жөн. Алға ұмтылған баланы
артқа тартпай, сабақ үстінде басқа тапсырмалар беріп,
бала білімін шыңдаған дұрыс. Қосымша ақпараттар
жинауды осындай дарынды балаларға берсе, олардың да,
өзгенің де жиғаны көп болмақ. Қазақ
тілі мен әдебиет сабақтарында ерекше қасиетті
оқушылардың қабілетін шыңдау түрлі тапсырмалар
арқылы жүзеге асады. Олар берген тапсырма бойынша толық
дайындалумен қатар, өзіндік пайымдауларын да айта алады. 1
шумақ өлеңді жазып, 2 минут қайталатқаннан кейін
тақтаны жауып қойып, өлеңді еске түсіртіп, тыныс
белгілерін сақтай отырып қайтадан жаздырту оқушының
жадысына әсер етеді. Сондай -ақ көркем шығарманы
оқығаннан кейін өзіне ұнаған эпизодын суретке
бейнелеп салу. Және оны сипаттап түсіндіре айта білу де
қабілетті балаға арналған тапсырмалардың бірі.
Сондай-ақ әдебиет пәні поэзияға жақын оқушы
қабілетін шыңдайды. Өзекті тақырыпты оқып
болғаннан кейін дарынды оқушыға 1-2 шумақ
өлең шығарту кеңейтілген тапсырмалардың бірі.
Сондай-ақ қосымша драмалық үйірмелер, факультативтер
талантты балаларды тіл мен әдебиет сабақтарына деген қызығушылығын
артады. Кейіпкерінің образына ене отырып рөлді сомдау баланың
шығарма тілін анық түсінуіне, өз ана тілінің
құдіреттілігіне деген сүйіспеншілігін артпақ. Өз
еркімен түрлі тақырыпта шығармалар жаздырту, өтірік
өлеңдер шығарту, ертегілер мен жұмбақтар
құрастырту дарынды балалардың ой - өрісін
шыңдауына, шығармашылық қабілеттерін, сөздік
қорларының дамуына ерекше әсер етеді.
Сабақ үдерісіндегі шығармашылық
бағыттағы тіл дамыту жұмыстар: тақырып бойынша
мәтін құрастыру, тіпті ұсынылған
тақырыпқа сценарий жазу, мектеп өмірі аясында өз
бетімен мақала жазу сияқты тапсырмалар оқушының ойлау
мен жазу әрекеті арқылы шығармашылық
жұмысқа төсейді.
Қолданылған
әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2012ж
2. Ә. Ниеталықызы. Дарынды оқушыны дамыту - ұстаз
парызы. Қазақ тілі мен әдебиеті №2 2013ж.
3. Б. Ғалымжанұлы. Дарындылықтың
жұмбағы шексіз... №1 2014ж.
4. М. Захарова. Кембридж университеті тәсілдерін
қолданудың тиімділігі.
№1 2014ж.