Педагогические науки/5.Современные методы преподавания
Компьютерлік оқыту технологиясында білімді бақылау
Абдимомынова М.Ш.
Колледж «Улагат», г.Кызылорда, Казахстан
Қазіргі
уақытта білім беру үдерісінде компьютерлендірілген
оқулықтар, яғни жалпы түпкі оймен және
тақырыппен біріктірілген бағдарламалық-аппараттық
құралдар мен оқу-әдістемелік тапсырмалардың
жиынтығы пайдаланылады [1]. Компьютерлендірілген оқулықтың функционалды
бөліктері: кіріспе; тараулардан, тақырыптардан, параграфтардан,
ішкі параграфтардан тұратын мазмұнды негізгі бөлім;
графикалық бөлім; қорытынды; сұрақтар;
әдебиет; есептер мен шығарылып көрсетілген мысалдар;
бақылау сұрақтары; тестілік тапсырмалар және т.б.
Компьютерлендірілген
оқулықтың басты жетістігі кәдімгі оқулықта
қамтамасыз етуге мүмкін емес жоғары дәрежелі
көрнекілікке (қозғалысты иллюстрациялардың бар
болуы) қол жеткізу болып табылады.
О.А.Козлов, Е.А.Солодова,
Е.Н.Холодов [2] компьютерлендірілген
оқулықты жасаудың негізгі тәсілдерін көрсетті.
Атап айтсақ, компьютерлендірілген оқулық оны
қолданудағы күрделіліктің жоғары
дәрежесінде жазылуы тиіс.
Компьютерлендірілген
оқулық төменде атап көрсетілген ерекшеліктеріне
қарай оқытуды жекелендіруге барынша жетуге мүмкіндік береді:
1. Әрбір жеке сұраққа
уақытты жеке жұмсау
2. Студентке көмек көрсету
мүмкіндігі, ал бұл оқыту үдерісінде өте
маңызды.
3. Білім
алушыға қиындық тудырған сұраққа
бірнеше рет қайта келу.
«Физика заманауи білім
беру жүйесінде (ФЗБЖ-03)» [3] конференциясында
оқытатын жүйенің құрамы талқыланған
болатын. Мұндай жүйе келесі
түрде сипатталады:
1) Компьютер
мен білім алушы арасында сұхбат ұйымдастыруды қамтамасыз
ететін кері байланыстың бар болуы;
2) Әр
білім алушы билетінің өз нұсқасының болуы;
3) Шешілген
міндеттер: теориялық
материалды (формулалар, анықтамалар) есте сақтауға және
біліктіліті қалыптастыруға,
есептерді шешу алгоритмін
құруға арналған типтік және өзіндік шешімін
табуға арналған жеке нұсқалар;
4) Сабақтардың
барлық кезеңдерінде студент жұмысының нәтижелерін
бағалаудың рейтингтік жүйесі.
5) Физикалық
құбылыстарды игерудің моделін құру және
қарапайым зерттеу эксперименті мен бейнедемонстрацияны қою
мүмкіндігі;
6)
Тарихи анықтама;
7)
Анықтамалық материал (физикалық
тұрақтылар, көбейту
кестесі).
Томск политехникалық университетінде ГОМРС
компьютерлерінің негізінде бағдарламаның нұсқасы
жасалды [4]. Жүйе
студенттердің жеке және өзіндік жұмыстарын,
практикалық сабақтар мен қашықтан оқытуды
жүргізуге арналған. Бұл бағдарламаның
ерекшеліктері:
1)
Тесттерді айналдыруды (генерация)
жүзеге асыру;
2)
Бағдарлама алынған білім
бағасының рейтингтің жүйесін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді;
3)
Оқыту режимінде жұмыс істеу
мүмкіндігі;
4)
тестілеу хаттамасын көру
және баспадан шығару.
Иркутск мемлекеттік университеті хабарлама
жолымен 1.0 нұсқалы
"Hyper
Test" жүйесінде тексеретін және оқытатын тесттер жүйесі
жасалған. Бағдарлама
білімді тексеруге арналған. Басқа бағдарламаларға
қарағанда ол келесі қасиеттерге ие:
1)
қорды 512 сұрақпен
қосуға болады;
2)
сұрақ жауаптарының
саны 20-ге жетеді;
3)
бірнеше жауаптарды таңдауға
болады;
4)
алдыңғы
сұрақтарға қайта келуге болады;
5)
бағалаудың
ыңғайлы жүйесі;
6)
тестілеу хаттамасын көру
және баспадан шығару.
Н.П.Огарев
атындағы Мордова мемлекеттік университетінде мектеп
және ЖОО-да физикалық білім беру жүйесінде («Инспектор» компьютерлік жүйесі) оқу
үдерісін диагностикалауға арналған бағдарламалар кешені
дайындалды. Жүйе
физика бойынша білім алушылардың білім деңгейін жедел
бақылауды жүргізуге және тестілеу мен статистикалық
іріктеулердің нәтижелерін кең ауқымда көрсетуге
мүмкіндік береді. «Инспектор» компьютерлік кешені Windows операциялық жүйесінде жұмыс
істейді және желілік режимде қолдануға есептелген.
Жүйенің
ерекшеліктері:
1)
күрделіліктің
әртүрлі деңгейінде физика бойынша тестілік тапсырмалар
қорынан тесттерді автоматты құру мүмкіндігі;
2)
оқытушының жұмыс
үстелінен тестілеу процедурасын басқару мүмкіндігі;
3)
шынайы уақыт режимінде әрбір
тест тапсырушының тестілік тапсырмаларды орындау үдерісін
оқытушының бақылау мүмкіндігі;
4)
аналитикалық
мақсаттарға тәуелді әртүрлі аспектілерде тестілеу
нәтижелерін автоматты түрде көрсету мүмкіндігі.
Ресей
және шетел саудасында Mackchan Software
фирмасының Scientific Workplace, Inc;
Teachlab Software фирмасының Test Lab, секілді
бағдарламалары бар және мұндай бағдарламалар
жеткілікті. Мұндай бағдарламалардың негізгі кемшілігі
мыналар: олардың нұсқалары ағылшын тілінде және
қолданыс кезінде пайдаланушының компьютерлік білімі болуы
тиіс. Компьютерлік
бағдарламалардың жоғарыда келтірілген тізімінен біз Psoft фирмасының 3.8 нұсқалы «Экзаменатор» қабықшасын
таңдап алдық, ол білім беру орындарында (ЖОО, мектеп және
т.б.) білімді диагностикалауды жүзеге асыруға арналған
бағдарламалар кешені.
Бұл
бағдарламаның ерекшеліктері:
1) оның
көлемі шағын, математикалық қамтама мен жабдықтар
ресурстарында талаптардың аздығы;
2)
қолданыста
қарапайымдылығы;
3)
оқыту режимінде жұмыс істеу
мүмкіндігі;
4) бұрын
дайындалған қордан сұрақтарды таңдау жолымен тест
билеттерін құру механизмінің бар болуы;
5) тесттің
өткізілуі кезінде жеке сұрақтардың алдыңғы
сұрақтарға қайта келу мүмкіндігі болуы
ықтимал;
6)
жауап нұсқаларының
саны 8-ге жетуі мүмкін;
7) сұрақтардың
бірнеше дұрыс жауаптары болуы ықтимал;
8) бағдарлама
Интернетте орналасуы мүмкін;
9) бағдарлама
серверде күшейтілуі мүмкін. Сондықтан оқытушылар оларды
бір немесе жергілікті желіде байланысқан бірнеше компьютерлерде
орнықтыруына болады;
10) бағдарлама
графикті, суретті, бейнедемонстрацияны және т.б. орналастыруға мүмкіндік
береді;
11) нәтижелердің
сараптаушы құралдары, соның ішінде білімді бақылау бойынша есепті көрсету
үшін оқытушыға ыңғайлы қатқыл
көшірмесі түрінде қарастырылған;
12) «Экзаменатор» бағдарламасында
мәліметтерді өңдеу әртүрлі
қарастырылады. Курс тесттерін
орындаудың қорытынды нәтижелерін; білім алушылардың
оқу топтары бойынша нақты тесттерді орындау нәтижелерін; бір
білім алушының жеке нәтижелерін, оның нақты
сұрақ бойынша бағасын шығаруы мүмкін.
13) сұрақтардың
мәтіні мен оқушылардың бағасын қатар
шығарып нәтижелерді көрсету оқытушыға нақты
бөлімдер мен бүкіл берілген курс бойынша түсіну деңгейін
талдауды жеңілдетеді.
Бұл
бағдарламаның кемшілігі тесттерді айналдырудың
жоқтығы болып табылады. Бағдарламанің
өзіңіз құрған жаңа тестке тесттер
қорынан суреттерімен қоса сұрақтарды (жауаптардың
дұрыс нұсқасы белгіленген) тасымалдайтын міндеті бар. Бұл міндет
оқытушыға дәріс материалын жеке тәсілмен өткізуге
сәйкес тест құруға мүмкіндік береді. Кешен екі
бағдарламадан тұрады:
1) білім
алушының жұмыс үстелі — Test.exe тестілеу бағдарламасы;
2) оқытушының
жұмыс үстелі —
Test.exe нәтижесінің талдау мен
тесттерді түзету бағдарламасы.
«Экзаменатор» жүйесі бірнеше ақпараттық
бірліктерден тұрады: «НЕЛІКТЕН» деген бағдарламалық аты бар
түсіндірме қызметінде жүзе асырылған және
жаңа білімдерден құралған блок; әрбір
оқу операциясын орындаудың түзетуші қадамы бар ішкі
байланыстар блогы және сыртқы кері байланысты
орнықтыруға мүмкіндік беретін бірнеше бақылау блоктары.
Ақпарат мәтін және суреттер түрінде көрсетілген.
Біздің
ойымызша, басқа ақпараттық өнімдермен қатар
бұл компьютерлік жүйені меңгеру студенттердің
(оқушылардың) дағдысын дамыту мен өзіндік жеке
жұмыс істеу бағытында алға ұмтылатын елеулі қадам
болып отыр.
Әдебиеттер:
1. Анастази А. Психологическое тестирование. – М.: Педагогика, 1982. –Т.1. –326 с.
2. Тасбулатов Т.Д., Балыкбаев Т.О., Артыгалин Ш.Ш., Турдалиев Б.Ж., Камет Н., Кошанов Б.Д. Определение и измерение качества обучения в средней школе. //Мат. межд. конф. – Ташкент, 2000. –С.35-36.
3. Балыкбаев Т.О. Педагогические и технологические основы формирования студенческого контингента. – Алматы: Казахский национальный аграрный университет, 2002. – 206 с.
4. Балыкбаев Т.О. Теоретико-методологические основы информационной модели формирования студенческого контингента вузов: автореф. … докт. пед. наук. – Алматы: АГУ, 2003. –320 с.