Әдебиеттегі постмодернизмнің ғаламдануы
Серигхан Айман Серигханкызы, филология
факультетінің 4 курс студенті
Сейсембай Гүлмира Амангелдіқызы, аға
оқытушы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты,
Қазақстан
Әлемдік рухани-мәдени процесс үнемі
даму үстінде болатын үдеріс. Ұлттық әдебиетімізді
әлемдік процестен бөліп қарай алмайтынымызды ескерсек онда
дүниежүзілік әдеби үрдістен сырт тұра
алмайтынымыз белгілі. Жаһандық әдебиеттегі ортақ
бағыттар мен ағымдардың ұлттық
әдебиетіміздегі орнын саралап, қазақ әдебиеті мен
әлемдік әдеби үдерістердің байланысын анықтау
әдебиеттанушылардың зерттеуіндегі өзекті мәселе.
Постмодернизм
– ХХ ғасырдың ІІ жартысында модернизмнен кейін өнер, сәулет, кескін, әдебиетте, жалпы
көркем мәдениет тенденциялары негізінде пайда болған
ағым. Модернизм өз кезеңін аяқтаған кезде ХХ
ғасырдың ІІ жартысында оған қарсы бағытта –
постмодернизм дәуірі тарих сахнасына шығады. Қарапайым
сөзбен айтар болсақ, постмодернизм әдебиеті модернизм
әдебиетінің дәстүрлі әдебиетпен отаспайтын
тәсілдеріне мұрагерлік ете отырып, оны ең жоғары
өреге көтеріп қана қоймай, ары қарай
дамыған түрде, модернизм әдебиетінің түрліше
тәсілінен де өзгеше, өзіне ғана тән бейнелеу
әдістерін қалыптастыру негізінде туған. Басты проблема постмодернизмнің мәні туралы
нақты түсініктің болмауы, әрі айқын, әрі
адамды баурап алатын, теледидардан, кинода жиі естілетін, журналдарда,
көркем әдебиеттерде кездесіп қалатын осы сөздің
тасасында нендей мағына жатыр деген сауалдардың туындауында. [1, 3б].
Постмодернизм қазақ топырағына кенжелеу
келіп жеткен әдеби ағым. Соған қарамастан бұл
жөнінде қазақ ғалымдарының да өзіндік
пікірі баршылық. Филология ғылымдарының докторы, академик
С.Қасқабасов постмодернизм туралы өз ойын былайша
тұжырымдайды: «Шынтуайтына келгенде модернизм дегеннің өзі –
жаңа деген сөз. Постмодернизм – өндірісі қатты
дамыған постиндустриялы елдерде кең таралған. Өйткені,
олар бұрынғы классикалық әдебиеттен қол
үзіп кеткен. Біз болсақ, классикалық реализмнен,
классикалық әдебиеттен қол үзгеміз жоқ. Одан
қол үзе алмайтын себебіміз, бізде әлі постиндустриялық
қоғам құрылған жоқ. Ол үшін
өндіріс өте мықты дамып, капитализмнің ең биік
шыңына жетіп, бүкіл өмірдің бәрі индустриялануы
керек, қалалық ұлт болып қалыптасуымыз керек» [4, 4б]
десе, әдебиет зерттеушісі,
көркем шығарманың
көкжиегін кемел білімімен
шалатын Бақытжан Майтанов
2009 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған
«Басты назар бүгінгі әдебиетте» атты екеудің
әңгімесінде «Постмодернизм –
соншалық жат, өзгеше
құбылыс емес.
Біз тек дабырайтып
айтамыз. Бадырайып тыңдаймыз. Мәселен, М.Мағауинде әлемдік
постмодернизмнің
негізгі стильдік белгілері
бар екені ертеде айтылса,
таңқалар едік. Ал,
расында, солай деп
ұғынуға
бейіммін. Р.Тоқтаровта
модернистерде қатты дамыған
«сана ағымы», постмодернистік тәсілдер ұтымды
қолданылады. Беріде Р.Мұқанова, Д.Амантай, А.Кемелбаева,
А.Алтай, А.Жақсылықов, А.Ықсан
тәрізді
қаламгерлердің
дүниетанымы, қолтаңбасында мұндай
өрнек
неғұрлым
табиғи сипат алып
барады. Постмодернистік көзқарас бір жерде ерте, бір жерде
кейін пайда болады. Ол – соншалық
жетістік те емес,
кінәлауға да келмейді.
Әдеби және өмірдегі заңдылық. Мәселе
– жалпы шығарма
рухын дұрыс, сауатты
саралап беруде. Тегі, біз,
әдебиет, өнер, гуманитария адамдары – Рух планетасының
өкілдеріміз. Р.Нұрғали
ағамыздың «Сөз билейді
халықты» деп сұхбат
беруінде үлкен мән бар. Әдебиет
өзгелер қаласа да,
қаламаса да өмір
сүреді. Өйткені, дүниенің адамдар үшін
ең айқын таңбалық белгісі
– Сөз» -
деп терең көзқараста тың ойларды көтеруі біраз даулы
мәселелердің алдын орайтыны анық [4, 12б].
Ғалым М.Эпштейн постмодернизмнің қасиеттері мен
белгілеріне қарай отырып, ол
(постмодернизм)
бүгіннің өзінде болашақ
мәдениетінде
қалатыны сөзсіз
екенін былайша тұжырымдайды:
1. Постмодернизм
басқаның
болмысын,
құндылықтар айырмасын,
адамзаттың мәдениет
көкжиегін және оған әр түрлі дәстүр
мен ментальдікті, әр дәуір мен халықтар стиліне деген
ерекшелікті ашты;
2. Постмодернизм
баламалы және маргиналдық мәдениет формаларына
қызығушылықты
арттырды, билік етуші
канондардан
алшақтауды, сирек,
оғаштыққа, дұрыс еместікке фрагментарлық таным
қалыптастырды;
3. Постмодернизм
мәдениеттің,
ғылымның,
саясаттың дін мен
тілдік шарттылықтың таңбалық бастауына деген
сезімталдықты ұштады және қандай да болмасын
жарияланған шынайлыққа қатыстылықты
қарастырды, сол арқылы әлеуметтік институттардың гуманитарлық зерттеулер
алаңын және
филологиялық сынын кеңейтті;
4. Постмодернизм
«болмыс», «шынайылық», «шын»,
«аутентикалық» түсініктерін
өзгертті,
атаудың барлық үрдістерінің тану,
жазу, оқу конструктивтік
жағын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар өз
нысанын құрады және белсенді түрде түсіндіріп
берді;
5. Постмодернизм
көп түрлілік кеңістігін, бұрындары даусыз,
түсінікті және бір мағынада болған
мәтіндердегі
әртүрлі сөздер мен
қарсылықтар ойынын
және мәдениетті күрделендіру мен
өзіндік рефлекция барысында интертекстуальдық пен
цитаттылықтың
рөлінің артып келе
жатқандығын көрсетті;
6.
Соңында постмодернизм мәдениеттің постмодерн түбіне
жылжуы үшін қолайлылық
жасады. Қазіргі жағдайдың күрделілігі сол – біздің уақытымыздан өтіп жатқан
осы екі түсінікті ажырату.
Постмодернизм – салыстыруға келмейтін неғұрлым көлемді
және созылып жатқан
тұтастық. Біз оны постмодерндік деп
атадық.
Постмодерндіктің
үш он жылдығын ғана
(1970-ші жылдардан) санап өттік және қазір оның
өзіне емес постмодернизмнің бірінші ең бір
декларативтік және сыни
кезеңіне
қорытынды
шығарып жатырмыз.
Осыдан келіп көп ғасырлық ретінде
ұсынылған
дәуірдегі «прото», «транс», жаңа сентименталдық,
жаңа утопиялық, модальдік, мүмкін шартты
мәжбүрлеу, «болашақтан» кейінгі болашақ
түсініктері шығады...[1, 485б].
Бір қарағанда, постмодернизм түрлі
«измдердің» бір нұсқасы сияқты. Қолдан
жасалған нәрсе сияқты көрінуі де мүмкін.
Көкейімізде біздің әдебиет реалистік бағытта дамуы тиіс
деген сауалдың да жатқаны жасырын емес. Бірақ, өмірдің
өзін суреттейтін әдебиет реалистік болумен қатар,
сондай-ақ адамның қиялын да суреттеуі керек. Өмірде
жоқ нәрсені көрсетумен де әдебиет – өнер.
Пайданылған
әдебиеттер
1.
Ванштейн
О.Б. «Постмодернизм история или язык». №3-7, Москва, 1993
2. Жарылғапов
Ж.Ж. Такиров С.У. Жакулаев Ә.М. Қазақ прозасы: модернизм мен
постмодернизм. Монография – Қарағанды: 2015. -168 б.
3. «Қазақ
әдебиеті», №13, 10 сәуір, 2009 ж.
4.
Майтанов Б.,
Мәдібай Қ. Басты
назар бүгінгі әдебиетте. //«Қазақ әдебиеті» газеті,
2009. №16-17. – Б.12