ф.ғ.к.,
доцент Кадина Ж.З.
г.ғ.м., аға оқытушы Сатеева Б.С.
оқытушы Алибаева Н.А.
Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,
Қазақстан
ӘДЕБИ ТІЛДІҢ НОРМАЛАРЫ
Әдеби
тіл — жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге
түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба
және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан
тұрақты, орныққан қалыптары,
стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін
адамдардың бәріне ортақ, түсінікті. Әдеби тілдің жүйелік сипат
алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып,
икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік
тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба
әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген
ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып,
жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол
халықтың қоғамдық, әлеум., экон.,
мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы
болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз
әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы
халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я
болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту
шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба
әдебиет негізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды,
бұл процесте, мыс., қазақтың шешендік
сөздерінің, ақын-жырлаулар
шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик.,
батырлар жырларының, жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де
өз орындары бар. Оның үстініне Әдеби тілдің
орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы бар екенін мойындасақ, ауызша
әдебиеттің те Әдеби тілді қалыптастырып, дамытуда орны
бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген
ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген
ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып
келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл
әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті
бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің
көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің,
соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып
табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары
бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму
дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің
әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші —
халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық,
рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы,
халықтың рухани байлығын, сөз өнерін
жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық
көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы.
Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ.
Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан
өзінің жүйелілігімен, тұрақты
нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген
қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық
қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен
ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың
қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика,
мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада
өмір сүруге икемделеді.
Әдеби
тілдің халықтың қоғамдық рухани
байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің
құралы болуы оның жүйелік сипатымен,
сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен,
сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті
қасиеттерімен анықталады. Өйткені тілдің
әдебилігі сол тілдің иесі боып табылатын халық өкілдерінің
баршасына түсінікті және ортақтығы, яғни
олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да
қарым-қатынас құралының ең
жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан
жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен
қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол
нормалар — бір күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес,
тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі.
Және олар тілдік деңгейлерде (фонетика, лексика, сөзжасам,
грамматика, морфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік
бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен
сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының
сәйкестіктері және олардың
қолданыстық-қызметтік сипатының диалектик. бірлікте
болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып отырады.
Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік элементтердің
(сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен
әрқайсысының мазмұны (мәні),
түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық
қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да
өзгеріп, дамып отырады.
Әдеби
тілдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап,
оның тарихына қатысты негізгі мәселелердің басын ашып,
ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби тілдің
өзін, оның өзіндік ерекшеліктері қандай екенін
дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби тіл деп нені
түсінеміз? Әдеби тілдің тарихы қай кезден басталады?
Әр кезеңдегі әдеби тілдің дамуының,
нормалануының тілдік көрсеткішіне қандай әдебиет
нұсқалары жатқызылуға тиіс және олардың
мазмұны мен сипаты қандай болмақ деген сұрақтардың
нақты жауабы әдеби тілдің анықтамасымен тікелей
байланысты. Ал әдеби тіл деген ұғымды әр түрлі
түсінудің салдарынан зерттеулерде оған қатысты
проблемалық мәселелер әрқалайша баяндалып жүр.
Орыс тілі
білімінде біраздан бері қалыптасқан дәстүрлі
тұжырымдар бар. Мәселен, белгілі тіл маманы О.С.Ахманованың
"Лингвистикалық терминдер сөздігінде": Әдеби тіл
дегеніміз белі ілі бір қалыпқа түскен, диалектілер мен
қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпыға бірдей
міндетті және "дұрыс" деп қабылданған нормасы
бар тіл" деген анықтама беріледі. Әдеби тіл қашан және қалай
қалыптасқанына қарамастан, жалпы халықтық
тілдің сұрыпталған, сымбатталған түрі болып
табылады да, бір жағынан сол жалпы халықтық тілдің бір
құрамы ретінде өмір сүріп отырса, екінші жағынан,
жалпы халықтық тілдің әдеби тілге енбейтін бөліктерімен
/қарапайым сөйлеу тілі, диалектизмдер мен кәсіби
сөздер, жаргондар мен варваризмдер т.б./ әр түрлі
қарым-қатынаста болады.
Сондықтан да әдеби тілдің жалпы халықтық
тілмен қарым-қатынасы, одан алатын орны, әр кез, әр кезеңде
бірдей, біркелкі болмақ емес, өзгеріп, дамып, құбылып
та отырады. Жалпыхалықтық тіл өзі қызмет
ететін халық өкілдерінің арасындағы қатынас
құралы ретінде қоғамдық өмірде оның
рухани байлығын жарыққа шығаруда, сондай-ақ
белгілі бір территорияға ғана, кәсіпкер, іс-әрекетте
ғана байланысты аздаған адамдар арасында, тұрмыста да өмір сүре алады, қызмет ете
алады. Ал әдеби тіл оның жалпы халықтық тілдің
өңделіп, сұрыпталып, нормалану қасиетін басынан
өткізген, ең жоғарғы формасы.
Әдеби
тілдің қоғамдағы басты қызметі — адамдар
арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы
тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет
Әдеби тілге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының,
жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз,
сұрағына жауап береміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз
көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат
аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен
ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие,
тағлым алу Әдеби тілдің осы коммуникативтік қызметі
арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби тілдің
коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы
қарым-қатынас құралдарының басқа
түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары,
тілдік элементтер жүйесінің құралдық,
құрылымдық, қолданыстық жағынан
тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мысалы,
ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол
белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар
арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары
сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты
морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі
құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет
атқарады. Сол арқылы қате құрылған
сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді,
сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай
аламыз. Сонымен бірге Әдеби тіл арқылы белгілі бір
оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай,
сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде
күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп,
өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп,
қайғыртады. Бұл — Әдеби тілдің
экспрессивтік-эстетик. қызметі болып табылады.[1] Әдеби тілдің
қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар
аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы
ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады.
Солардың негізінде Әдеби тілдің қалыптасуының
негізгі үш жолын көрсетуге болады:
1.
Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы
сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не
геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т.б. жағынан артықшылығы
болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеу диалектісінің,
татар Әдеби тіл Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.
2.
Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен
халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби тіл болуы сол
халықтың тәуелсіздігінің
жоқтығымен, басқа
бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби
тіл ол халық
үшін белгілі бір мерзім ішінде
өмір сүріп, кейін ол қасиетінен
айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа
түсудің нәтижесінде
әр түрлі өзгерістерге ұшырауы
да ықтимал.
3. Көп
жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық,
я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық
тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз
әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады.
Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл
мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің
негізінде қалыптасты деп саналады Қазақ әдеби тілі [2]. Әдеби тіл – өркениетті заман тудырған феномен
құбылыс. Әдеби тілдің теориясының іргетасы
қазақ тілі диалектологиясы мен тарихи грамматикасындағы
қол жеткен нәтижелерінің, тілдік материалды басқаша
тану мен саралаудың негізінде қаланады.
Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген
құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл
мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің
өмір сүруі мүмкін емес. Ана тіліміз арқылы ғана
біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Тілді бір адам ғана
жасамайды, әркім өз білгенінше сөйлей бірмейді. Тіл өзі
қызымет ететін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті
болуы керек. Ондай жалпыға ортақ тілді әдеби тіл дейміз.
Әдеби тіл нормалары арқылы тіл көпшілікке түсінікті
әрі бәріне ортақ болып келеді. Әдеби тіл екі
түрде өмір сүреді. Оның бірі – ауызша тіл, екіншісі –
жазбаша тіл. Әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелерін
игеру – ана тілін қадірлейтін
адамның әрекеті екендігі белгілі жайт. Сондықтан
әр адам әдеби тілде барды дұрыс таңдап, талғап
сөйлеуге, жазуға үйренуге көңіл қоюы тиіс.
Пайдалынылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы:
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және
денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты.
1998. 509 бет.
2.
Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
3.
Қазақ
тілі оқулығы. Атамұра, 2015.
4.
Әуезов М. Қазақтың әдеби
тілі құралы //
“Әдебиет және искусство”, 1951.