Қазақстан
Республикасы Конституциясы- Мемлекеттің
негізгі Заңы
Жәркенова Гүлнар
Әбуқалиқызы
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық
колледжінің
тарих және құқық пәнінің оқытушысы
Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясына -22 жыл. Тәуелсіздіктің
жарқын жолына түскен біздің еліміз әр
жыл сайын тамыз айының соңында мемлекеттік мәртебесі зор, айтулы мереке –Конституция күнін
атап өтеді. Конституция- бұл күрделі
құқықтық
акті. Қазақстан
Республикасының егемендік құқығына сай 1995 жылдың 30 тамызда өткен
республикалық референдумда қабылданған мемлекеттің Ата Заңы. Конституция қазіргі
мемлекеттің дамуы үшін маңызды және қажет, себебі адам мен мемлекеттің, мемлекет пен азаматтардың
арасындағы қарым қатынастардың сипатын
білдіреді.
Қолданыстағы Конституциямыз еліміздің
құқықтық мемлекет ретінде орнығуына үлес қосты. Әлемге адамзат ғаламына Қазақстан деген мемлекет
бар екендігін паш еткен құқықтық құжат боп
табылады.
Қазақстан мемлекеті
республикалық
құрылысының
негізін, мемлекеттік билік жүйесін
және Қазақстан мемлекеті мен
оның азаматтарының қатынасын белгілейді. Адам және оның
өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция
мемлекетінің ең
қымбат қазынасы деп сол
үшін қызмет етуі тиістігін
атап көрсетеді.(1-баптың 1-тармағы)
Еліміздің
бұл негізгі Заңы бірінші
рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы бір тұтас мемлекет деп жария етті.
Қос палаталы Парламентті құрды. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп
бекітті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерін айшықтап
берді. Меншіктің әр алуандығы танылып, мемлекеттік меншік пен қатар
жеке меншік те мемлекетпен
қорғалады.
Конституцияның «Адам және азамат » атты бөлімінің 30-ға жуық баптары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға арналады. Онда азаматтардың жеке құқықтары,
ар-ожданға қол сұқпау, заң алдында азаматтардың теңдігі,
меншікке қол сұқпау, еңбек еркіндігі, тұрғын үйге
қол сұқпау ,азаматтардың қадір –қасиетің құрметтеу т.б
қамтылған. Азаматтар денсаулығын
сақтауға құқылы , азаматтардың
мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына
кепілдік беріледі. Мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін жоғары
білім алуға құқығы бар делінген.
Билік бөлінісінің жүйесін
құрды: заң шығаршы,
атқарушы , сот билігінің қызметтерін айқындады. Мемлекеттік биліктің бірден бір
бастауы –халық. Халық билікті тікелей референдум
мен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Халық пен мемлекет
атынан билік жүргізуге
Республика Президентінің, конституциялық өкілеттігі шегінде
Парламенттің
құқығы бар.
Конституцияға осы уақытқа дейін 3
мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
болатын. Тағы бір мәрте 2017 жылы
26 қаңтар мен 26
ақпан аралығында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы бүкіл халықтық талқылауға шығарылып, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі
шаралар кешеніне қол қойылды.
Осыған орай: Меншікке қатысты « Әркім заңды түрде алған қандай да мүлкін жеке меншігінде
ұстай алады. Жеке меншік құқығына
қол сүғылмайды. Меншікке оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік
беріледі» (26 бап.1-2 т)
Парламент Мәжілісіне өкілеттіліктер берілді:
Парламент Мәжілісінің келісімімен Республика Премьер –Министрін қызметіне
тағайындайды; Республика Премьер –Министрін қызметінен босатады Үкімет құрылымын айқындайды.Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды.
Республикалық маңызы бар қалалар
мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданлуын
тоқтата тұрады. Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды.
Үкімет алқалы
орган болып табылады,
ол ҚР-ның Президентінің, Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.
ҚР-ның Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті
және соттардың соттылығына жататын
өзге де істер бойынша жоғарғы сот органы боп табылады.
ҚР Президенті
Премьер Министрмен Парламент
Палаталарының
Төрағаларымен
мәслихаттың өкілеттігін мерзімнен
бұрын тоқтатылады. Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін астананың мәслихатының келісімімен Республика Президенті тағайындайды делінген.
Заң шығарушы ұйым реформаларға тиісті заңнамалық
база қалыптастырумен қатар,
мемлекеттік бағдарламаларды
жүзеге асыруға да бақылау жасайтын болады.Биліктің біріңғай жүйесінде сот билігі маңызды орын алады.
Сот билігі адамдар мен ұйымдардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін,
Конституцияның , заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Сот билігі жазалап қана қоймай, адамдардың құқықтыры еркіндіктерін
қорғайды.Азаматтардың
конституциялық құқығын
қорғауға кепілдік беретін мәселенің бірі- сот жүйесіне қамауға алуға санкция беру
тетігі енгізілді. Бұл айыпталушы мен қорғаушының
қатысуымен жүзеге асырылады, әрі әділ шешім қабылдауға жол ашады.
Жалпы
Қазақстан Республикасы Конституциясы- еліміздің азаматтары мен мемлекетінің құқықтық өмірінің мазмұнын айқындайтын Негізгі Заң ретінде жүйелі түрде
қызмет атқарып келеді. Негізгі Заң Қазақстанның дамуының жолбасшысы және қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және саяси ,сондай-ақ еліміздің әртүрлі салаларындағы жетістіктер процесінің негізі боп
келеді.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар- Рухани жаңғыру»
атты Жолдауында «Мемлекеттің
қоғамға жаңа бағдар
беріп,қамқорлыққа алуын» атап көрсетеді. Ұлттық бірегейлікті сақтау- ұлттық жаңғыру ұлттық
сананы кеңейтуден , болмысты қалыптастырудан тұратынын, сондықтан ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға
тиіс екендігін көрсетеді. Осы орайда Жолдауды басшылыққа ала
отырып, алдымызда жастарға жаңа сапалық деңгейде білім
беру, жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген
мамандарды даярлау және де олардың бойында патриотизмді дамыту,
сананы жаңғырту, бәсекелестік қабілетті дамыту т.б
міндеттер тұр. Осылайша Әлемнің ілгері дамыған 30
елінің қатарына
кіру міндеттеріне қадам жасалады. Ата Заң
бізді халқымыздың
шығармашылығын, жасампаздық қуатын
белсендіреді, жан-жақты
дамыған, еркіндік пен бейбіт өмірді дәріптейтін іргелі
еліміздің абыройын асқақтатуға жол
ашады.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын! Ата заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей
берсін!
Қолданылған дереккөздер:
1.
Қазақстан Республикасы ның
Конституциясы 1995ж
2.
Қазақстан Республикасы ның
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 10
наурыздағы №51-VI ҚРЗ
2. Нұрсұлтан Назарбаев
«Болашаққа
бағдар:Рухани жаңғыру» Жолдауы.2017ж
https://egemen.kz/.../nursultan-nazarbaev-bolashaqqa-baghd..