Право/9.Гражданское
право.
Искакова Ж.А., Дюсекина У., Жантасова Ә.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық
университеті, Қазақстан
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ АҚПАРАТТАРДЫ
РЕТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақпарат адам және қоғам өмірінің
барлық деңгейінде, барлық саласында бірдей қолданылады,
адаммен қоғамның күнделікті ақпараттарсыз дамуы,
алға басуы мүмкін емес. Ақпараттық
құқық саласының жан-жақтылығын, бұл
саланың ақпараттарды даярлау, беру, талдау жасау, іздеу, пайдалану
таратуға байланысты туындайтын барлық қоғамдық
қатынастарды ретке келтіріп отыратындығымен түсіндіруге
болады.
Ақпараттық құқықтың құқық саласы ретінде
ретке келтіріп отыратын өз алдына
қоғамдық қатынастары -ол ақпараттарды
пайдалануға байланысты орнайтын қоғамдық
қатынастар.Құқық саласының өзге
түрлерінен басты айырмашылығының бірі,
құқықтық қатынастарды реттеуде
құқықтық информатика,
құқықтық кибернетика тәсілдерін
қолданатындығында.
Қазіргі қоғам - жаңа ақпараттық
технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың
бұл ағымы - қоғам дамуының жаңа дәрежесіне
жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс
іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа
іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды
әлемде жүзеге асатын болды. Әлеуметтік желі адамдардың,
оның ішінде жастардың ең сенімді
құралдардың біріне айналды. Қазірдің өзінде
әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі,
интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желі
арқылы «әңгімелеседі».
Ақпараттық құқық
құқықтың өз алдына жеке саласы ретінде
ақпаратқа байланысты қоғамдық қатынастарды
реттеу міндетін жүзеге асыруы ақпараттық
қатынастардың орнауы деп аталады. Ақпараттық
құқықтық қатынастардың орнауында
қандай ерекшеліктер бар, ақпараттық
құқық үшін бұл ерекшеліктердің
маңызы неде? Ең алдымен ақпараттық
құқықтық қатынастардың
орнауының басты ерекшелігі объектілердің түрлерінде, олар
ақпарат және ақпараттық объектілер және
ақпарат аумағында олардың арасында туындайтын
құқықтық қатынастар. Ақпараттық
құқықтық қатынастар объектілердің
ерекшеліктеріне және заңдылық маңыздылығына
байланысты орнайды. Көбінесе ақпараттық
құқықтық қатынастардың объектілері
болып ақпарат, ақпараттық объектілер, ақпараттық
технологиялар, құрал-жабдықтар, байланыс
құралдары және телекоммуникация жүйесі жатады.
Ақпараттық
аумаққа бірлесе отырып жасалған талдаулар нәтижесі,
бұл аумақта ақпаратқа байланысты әрекет ететін
субъектілермен объектілердің құқықтары мен
міндеттерін есепке ала отырып, олардың түрліше
бағыттағы қоғамдық қатынастарына
қарай, ол қатынастарды негізгі блоктар бойынша бір жүйеге
топтастыру керек деген шешімге келді.
Ақпаратық қатынастардың пайда болуына төмендегідей ерекшеленген ақпараттар әсер етеді:
·
пайда болады, дамиды, ақпаратқа айналған соң ақпараттық аймақта таратылу үшін қалады;
·
адамдар мен азаматтардың ақпараттық аймақтағы құқықтары мен бостандықтарын мемлекетттік саясаттың құптауын қамтамасыз етеді;
·
ақпараттар алуда ақпараттар мен ақпараттық объектілердің заңдық қасиеттері және арнайы ерекшеліктерін ескере отырып қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің жария-құқықтық және азаматтық құқықтық әдістерін қолданады.
Ақпараттық қатынастардың азаматтық-құқықтық аспектілері азаматтардың ақпараттық құқық пен бостандықтарын пайдалану ерекшеліктерін, ең алдымен ақпараттық аумақтағы мүліктік құқыққа байланысты қоғамдық қатынастарды, ақпараттық ресурстарды ақпараттық қатынастардың объектілері ретінде қарастыруды ұсынады.
Ақпараттық қатынастардың жария-құқықтық аспектілері азаматтардың конституцияда көрсетілген ақпараттар алуға,ақпараттық мәліметтерді алуды басқаруға, құруға және ақпараттық қауіпсіздікке байланысты құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру турасындағы мәліметтерді реттейді.
Ақпараттық аумақтағы қоғамдық қатынастарға тән мәселе- олар пайда болады, дамиды және қажеттілік жойылғанда қоғамдық қатынастар да жойылады. Ақпараттық құқық пәні арқылы неғұрлым сапалы және тиімді ақпараттар алу әдістерін, адамды, қоғамды, мемлекетті қауіпті және кері ақпараттар алудан сақтандыру формаларын оқып үйренеді.
Ақпараттық
құқық мен бостандықтың өзекті
мәселесі алдына қойған басты мақсаты-жоғары
инттеллектуалды дамыған тұлғаның санын көбейту,
ерікті және демократиялық қоғамда ақпарат алу
мүмкіндігін пайдалана білетін адамдар санын күн сайын артуына жол
ашу, осы мақсатты жүзеге асыруда
жалпықұқықтық және арнайы
құқықтық қағидаларды пайдалана білу.
Айтылып отырған
мәселенің өзектілігі: қазіргі кезде адамдардың
жартысынан көп пайызы күнделікті өмірдің жартысын,
кейде одан да көп бөлігін әлеуметтік желілер арқылы
өтіп жатыр.
Әр жыл сайын әлеуметтік желілер саны көбейіп келе жатыр:
Instagram, Вконтакте, Facebook, YouTube, Однокласники және тағы
басқалар. Осылардың ішінен,
әсіресе, Instagram желісіне кішкентай баладан еңкейген
қарттарымызға дейін кіреді екен. Ал желімен бірге таңын
атырып, күнін батыратындар көбінесе оқушылар мен студенттер
екен.
Әлеуметтік желіге адамдардың
көбі танымал тұлғаларды, соңғы
жаңалықтарды, қызықты, кейде масқара видеолар мен
суреттерді көру үшін кіреді. Бұл неге алып келеді?
-біріншіден, жұлдыздар
мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда
танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. Танымал
болу мақсатында кейбір жастар мен ересектер «атын шықпаса, жер өрте»
деп небір ессіз қылықтарға барады. Мысалы, әйел
кейпіндегі еркектер, өмірге қауіпті жаттығулар,
ашық-шашық киіну, ақылға қонымсыз флешмобтар
және тағы сол сияқты.
-екіншіден,
парақшаларда жас ерекшелігі көрсетілмегендіктен, кейбір видеолар
мен суреттер жас баланың психикасына кері әсерін тигізеді, мысалы,
біреуді топпен бірге ұрып-теуіп төбелеп жатқан видеолар
немесе жартылай жалаңаш киінген қыздар суреттері, жануарларды
қинап, мазақ етіп түсірген видеолар жастарды
қатыгездікке баулиды.
-үшіншіден,
таңертеннен кешке дейін ұялы телефонға телміріп отыра
бергендіктен, көз қызметінің бұзылуына алып келеді
және оқуға, жұмысқа арналған уақытты
босқа кетіреді.
-төртіншіден,
жасөспірімдердің болашаққа деген ойын
өзгертіп,дұрыс жолдан, бұрыс жолға алып келеді.
Мысалға, вандализм, терроризм,экстремизмдік жолға түсуіне
итермелейді.
-бесінші, қыз
балаларының жалаңаштанып түсуі, ер азаматтардың
күнә жасауына итермелейді. Осыдан маньяк,педофиль деген
қаншама жындар пайда бола бастайды.
Егерде бұндай
нәрселердің барлығын реттеп отыратын
болсақ,мемлекетіміз тыныш, еліміздегі әрбір азаматтар бірін-бірін
сыйлап,тату-тәтті өмір сүретін еді.
Бұл
мәселенің шешу жолдарына өз ойымды білдіргім келеді.
Яғни,
-бірінші, ең бастысы
әлеуметтік желі үшін арнайы заң шығарылуы тиіс;
-екінші, әлеуметтік желіге қандай да бір
ақпарат салар алдында міндетті түрде тексеріліп, фильтрдан
өтуі керек;
-үшінші, қандай
да бір заңсыз әрекеттер жасаған жағдай үшін
арнайы жауаптылық түрін көрсетілуі қажет;
-төртінші, қандай
да бір адамға анонимді комментария жазылуға тыйым салыну
қажет, жазған жағдайда сол тұлғаны кемсітетін
комментария жазылған болса айыппұл салу қажет.
Бұл ақпараттық
құқықтық қатынастар орнатқан
объектілер арасындағы қатынастардың сапалылығын
және екі жаққа бірдей
тиімділігін орнатады.
Сонымен, қазірде
Интернет, адамзаттың, жеке тұлғаның
қоғам мен мемлекеттің іс-әрекетін жүзеге асыратын
өміріндегі жаңа орта тәрізді. Бұл ортаны кейде виртуальды орта деп те атайды, өйткені
ақпарат бұл ортаның көзге көрінбейтін,
ұстауға болмайтын негізгі объектісі. Сондықтан, әлеуметтік
желіге кірер алдында сіз қандай мақсатпен кіріп
жатқаныңызды ойланыңыз! Уақытыңызды виртуалды
өмірге арнамай, достарыңызға, туыстарыңызға,
көптен бері сөйлесе алмай жүрген
жақындарыңызға арнаңыз. Виртуалды әлем ол тек
қана виртуалды өмір болып қалады. Ал
жақындарыңызбен кездесіп-әңгімелескен, нағыз
махаббатты сезінгенге не жетсін?
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.
Байкенжина
К.А., Искакова Ж.А. Қазақстан Республикасының
Ақпараттық құқығы; ҚҚЭУ-2012 жыл
2.
Бұқаралық
ақпарат құралдары туралы Қазақстан
Республикасының Заңы 1999 жылғы 23 шілде N 451