ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫНА
ШЕТЕЛДІК
ТӘЖІРИБЕНІҢ ӘСЕРІ
Кудабаева Л.А.
М.Х.Дулати
атындағы
Тараз мемлекеттік
университеті, Тараз қ.
Туризм
индустриясында жаңару әркімнің өз қалауына
қарай жүзеге асырыла алады. Қазіргі таңда әрбір
туристтік кәсіпорындарда инновациялардың қолданылуы сол
фирманың ұзақ уақыт бойы жұмыс жасап
тығырықтан оңай шығудың жолы болып отыр.
Бұл мәселені қазіргі таңда ғаламдық
тақырыптардың негізгісі деп те атауға болады.
Инновациялардың туризм индустриясына енуі жағдайын
дүниежүзі бойынша қарастырып өтетін болсақ
жаңа технологияларды қолдану барысында көптеген мемлекеттер
өз туризм индустриясын дамытып алды.
Қазіргі
таңда жаңа технологиялардың туризм индустриясына енуі дамушы
мемлекеттерде төмен дәрежеде байқалып келеді, әсіресе
қонақүй шаруашылығы, қоғамдық
тамақтандыру орындары, түпкілікті туризм салаларынан
байқауға болады. [1] Дамушы мемлекеттерде жаңа
технологиялардың қазіргі таңда ендірілмеген мемлекеттер
көбінен әлеуметтік-экономикалық жағдайлары төмен
мемлекеттер болып табылады. Ал, керсінше, көптеген дамыған
мемлекеттеріміз Америка, Кариб теңізі жағалауындағы
мемлекеттер, Оңтүстік Азия және Орталық,
Батыстағы мемлекеттер инновацияларды туризм индустриясына толық
ендіре алды. Инновацияларды толық енгізген мемлекеттерді жеке–жеке
қарастырып өтетін болсақ.
Біріккен Араб
Әмірліктері қалаларының бірі қазіргі таңда
барлық туризм индустриясын дамыта алған және инвестиция
қорын көбейтуші қалалардың бірі – Дубай.
Дубай - Парсы
шығанағының жанында орналасқан қалалардың
бірі. Біріккен
Араб Әмірлігінің ішіндегі туристерге барлық
мүмкіншіліктерді қарастырған оның ішінде демалыс,
ойын-сауық, шопинг секілді туристік кешендері дамыған
қалалардың бірі болып табылады. Дубай шығанағы
қаланы екі бөлікке қарастырады - Дейра және Бар Дубай.
Осы аталған қалаларда туризм индустриясы толық дамыған
соның ішінде көптеген мейрамханалар. Дубай қаласының әлемдік
индустрияда алып жатқан мүкіншіліктері мен атағына
сәйкес олардың даму жолдарына қарай отырып еліміздегі туризм
индустриясын дамыту барысында тәжірибе алмасуға болады.
Жалпы Дубай қаласындағы саяхат
агенттіктері жылына 2 мыңнан астам турөнімдерін сатып, 4 млн-нан
астам туристерге қызмет көрсету мүмкіншілігіне ие болуда.
Дубай қаласының осылайша қарқынды түрде
инновацияларды пайдалана отырып қызмет атқару барысында олар
өз экономикаларын одан ары қарай дамытуға жол ашып отыр.
Осындай Дубай қаласының тәжірибелері әрбір туризм
индустриясы дамымаған мемлекеттерге қолдану, олармен байланыса
отырып қызмет атқару мемлекеттерге тиімді жолдардың бірі
ретінде қарастыруға болады. [2]
Түркия мемлекеті – тарихқа, тарихи
ескерткіштерге, ата дәстүрлері мен ұстанымдарға бай
мемлекеттердің бірі болып табылады. Осындай байлықтарға ие
бұл мелекеттің туризм индустриясы жеткілікті дәрежеде
дамыған. Оның негізгі дәлелдерінің бірі бұл
мемлекетке 6 айлық маусым аралығанда туристердің
үздіксіз ағылып келуі. Түркия меммлекетінде негізгі туристік
қалалардың бірі Памуккале, Стамбул, Анталия, Кемер
секілді қалалары жатады. Бұл мемлекеттің туризм
индустриясының дамуындағы басты себеп, Жерорта теңізі мен
әртүрлі теңіздердің жағалауында
орналасқандығында болып табылады. Жалпы бұл мемлекеттегі
туризм индустриясындағы қызмет көрсетуші
кәсіпорындардың барлығына дерлік жаңа технологиялар
ендіріліп қолданысқа жіберілген. Анталия қаласының
өзінде 100-ден астам қонақ үйлер мен 30-ға тарта
жергілікті және халықаралық саяхат агенттіктері шоғырланған.
Қонақ үйлерінің барлығы инновациялардың
көмегімен қызмет атқарып келеді.
Грекия
мемлекетіне келетін жылдық туристердің саны қазіргі
таңда 19 млн-ға жетіп отыр. Олардан келген табыстың
мөлшері мемлекеттік табыстың 15 пайызын құрайды. Грекияның
туристерді өз мемлекеттеріне қызықтырудың басты
себептерінің бірі бұл мемлекеттің тарихқа бай мемлекеттер құрамынан
көрінуінде. Бұл мемлекетте негізінен тарихи туризмге көбірек
мән берілген. Соған қатарласа соңғы 10
жылдың ішінде жағажай туризміне де үлкен өзгерулер еніп
дамуда. 2008 жылда тек Афина қаласына 5 млн-нан астам туристке
қызмет көрсетілген. 2009 жылы 16,5 млн туристке жеткізілді.
Туристік обьектілердің саны мен жұмыстардың мөлшері
күрт артып, 2009 жылы 659 719 туристік орындар жұмыс
атқаруға кірісті. 2009 жылы индустрия министрлігі тарапынан 38
млрд. қаржы бөлініп, туризмнің даму жағдайын күрт
өзгертті.
Америка
туризм индустриясы да дамыған мемлекеттердің ішіндегі маңызды
орындардың бірін алады. Соған орай Америка туризм индустриясында
технологиялардың ендірілу барысы сонау 1950 жылдардан басталады. Соның ішінде әлемдік мемелекеттердің
арасынан алғаш болып бұл мемлекет қонақ үй
индустриясына компьютерлік желілер мен
бағдарламаларды 1950 жылы Western International Hotels деп аталатын
қонақ үйлерде алғаш ендіріліп қолданысқа
ене бастады. Алғашында бұл бағдарлама бронь қабылдау мақсатында
ғана қолданылды. [3]
Қорытындылай
келгенде туризм индустриясы қазіргі таңда әлемдік
тұрғыда орын алып жүрген маңызды салалардың бірі.
Әрбір мемлекет қазіргі таңда осы саланың дамуы
үшін өз мемлекеттерінде көптеген жоспарлар мен
бағдарламалар құра отырып, осы саланы дамытуға
көптеген мүмкіншіліктер қарастыруда. Сол мемлекеттердің
ең алдынғы даму жоспарларын құрып, сол жоспарларын
сәтті жүзеге асыру барысында өз туризм индустрияларын дамыта
білді. Атап айтқанда жоғарыда қарастырылған төрт
мемлекет Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Грекия,
Америка. Бұл мемлекеттердің әрқайсының туризмі
әр бағытта дамыған. Түркия мемлекетінде теңіз
және діни туризм дамыса, Грекия мемлекетінде
танымдық, тарихи туризм, Америкада көңіл көтеру,
іскерлік туризм, Дубайда діни және танымдық туризм дамыған
болып келеді. Бұл мемелекеттердің қай туризм
саласындағы обьектілерді алып қарасақ та барлығында
жаңа заманауи жаңа технологияларды қолдана отырып
қызмет көрсетеді. Осы жетістіктерінің арқасында олар
әрқашан өз мемлекеттерінің имидждерін
жоғарғы деңгейге көтеріп, әлемдік нарықта
ерекше орын алуда. Осы мемлекеттердің даму үрдісін біздің
мемлекетімізге тәжірибе ретінде қолданылса мемлекетіміздің туризм
индустриясын дамыту мүмкіншілігі туар еді. Ал ол тәжірибелерді
жүзеге асыру үшін олардың жұмыс барысымен танысу
үшін арнайы мамандарды ол мемлекетке оқуға жіберіп, не сол
жақтың мамандарымен бірлесе отырып жұмыс атқарылуы
тиіс. Ал мұндай мүмкіншіліктер біздің елімізде аз
қарастырылған. Болашақта осындай мүмкіншіліктерді
туризм индустриясын дамыту мақсатында қолданысқа енгізсек
болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Чудновский, А.Д. Менеджмент туризма / А.Д.
Чудновский, М.А. Жукова. –
М. - 2002 г. - 483с.
2. Правила получения визы Республики Казахстан
[Электронный ресурс] /
Режим доступа: http:
www.kazakhstan-tourist.com.
3. www.kazakhstan-tourist.com