БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

                              э.ғ.к., доцент Молдабекова А.Ш

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.

 

 

Халықтардың қаржы мекемелеріндегі жинақтары әр мемлекеттің ішкі инвестицияларының негізгі көзі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда төмендеу капиталдандырылған рынок жағдайында банктер халықтың жианқтарын тарту мәселесіне басымдық көрсетуде. Міндетті ұжымдық кепілдік беру жүйесін немесе жеке тұлғаладың депозиттерін сақтандыруды енгізгеннен кейін соңғы бірнеше жылда банктердегі халықтың жинақтар көлмінің елеулі өсуі азаматтардың банктік жүйеге сенімі өскендігін көрсетеді. Бұл орайда азаматтар кірісті пайыз түрінде алады, ал банктер қаражатты кредиттеу мен инвестициялау үшін пайдаланады.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесінің негізгі мақсаты салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, халықтың банктік секторға сенімін өсіру және соның негізінде ұйымдастырылған жинақтар мәдениетін көтеру болып табылады.

Қазақстанда саымшыларға кепілдік беру жүйесі жұмыс істейді және халықаралық практика мен халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын ескеріп, ұдайы жетілдіріп келеді. Депозиттерге міндетті кепілдікті жүзеге асыратын ұйым ретінде «Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ құрылған.

Заңмен банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда қаржы рыногының едәуір қауқарсыз инвесторлар бөлігінің – жеке тұлға салымшыларының кепілдік өтімдерін кепілдік өндіру құқығы бекітілген, депозиттерге кепілдік беру жүйесінің негізгі мақсат қағидалары, қордың мәртебесі мен мақсаттары, банктердің жүйеге қатысу тәртібі, сондай-ақ Қордың және қатысушы банктердің құқықтары мен міндеттері белгіленген.

Қазақстан депозиттеріне кепілдік беру жүйесініің жеке тұлғаларына шоттар ашу және жүргізу операцияларына және депозиттерді қабылдауға лицензиялары бар банктердің оған міндетті қатысуына негізделген.

Бұл орайда кепілдік жеке тұлғалардың банктік шоттарының банк салымдарының шарттарымен немесе басқа салым құжаттарымен куәләндырылған банктегі теңдеу және шет ел валютасяндағы банк депозиттерін қамтиды. Немесе депозиттер банкті немесе ақшаны орналастыруға салым түрін таңдау барысында, оның жинақтарына кепілдік беріледі ме әлде жоқпа деп ойлануының қажеттігі жоқ.

Бірақ, кепілдік беру депозиттердің негізгі сомасына ғана таратылады және ол бойынша есептелген сыйақыны қамтымайды. Сонымен қоса, жоғарыда аталғандай, Заңмен бір депозит бойынша барынша жоғары кепілдік төлем мөлшері – 700 мың теңге деп белгіленген

Заңды толық әзірлеу барысында және кепілдік өтелінің жеке барынша жоғары мөлшерін әзірлеу кезінде әлемдік озық тәжірибе қолданылды. Халықаралық валюталық қордың және халықаралық депозиттерге кепілдік беру жүйесі қауымдастығының ұсынылымына сәйкес бірінші ретте шағын салымшылар қорғалуы қажет, ал депозиторлар банктердің қателігін бағаламаған жағдайда және депозиттік негіз олардың қателерді басқару жүйесінен тез өскенде моралдық қатерді төмендету мақсаты мен кепілдік мөлшері шағын болуы тиіс.

Бұл орайда осы халықаралық ұйымдар мен кепілдік төлемінің барынша жоғары мөлшерін анықтауға мынандай өлшемдер жасалған: [1].

        -100% мөлшерінде өтелінетін депозиттер саны кепілдік депозиттер санынан 80%-90% астам мөлшерінде болмауы тиіс.

        - Барлық кепілдік депозиттер бойынша жиынтық шартты өтем сомасы кепілдік депозиттерінің жалпы сомасынан 20% мөлшерінен аспауы тиіс.

        - Кепілдік төлену барынша жоғары мөлшері халықтың жан басына шаққанда 1 немесе 2 ЭЖО шетінде түрлендіруі тиіс.

Заңмен белгіленген 700 мың теңге кепілдік өтемінің барынша жоғары мөлшерінің жоғарыда атаған өлшемдерге сәйкестік талдау Қазақстанда мыналарды көрсетеді:

         - жеке тұлғалардың депозиттерінің 90.01% толық мөлшерде өтемге немесе салымның100%-ы мөлшерінде өтемге жатады;

        - жеке тұлғалардың барлық депозиттері бойынша өтемнің жиынтық шарт сомасы 266 051 млн теңге немесе депозиттердің жалпы көлемінен 48% құрайды;

Жеке тұлғалардың депозиттеріне міндет беру жүйесі мен көзделген шараларға қосымша ретінд салымшылар өздерінің тәуекелдерін сақтандыру үшін сақтандыру ұйымдарының қызметтерін, олар ерікті сақтандырудың сәйкес өнімдерін ұсынған жағдайда пайдалануларына болады.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерi қызметi тәжiрибесiнде депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) пайыздық ставкасын белгiлеу банктердің Басқармасының қаулысымен бекiтiлген пайыздық саясатына сай жүзеге асырылады.

Клиенттердiң депозиттерi бойынша cыйaқы пайыздық ставкасының мөлшерiн анықтауда банктер келесi факторларды басшылыққа алады: [2].

- қаржы нарығының конъюнктурасын;

- депозиттер нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейiн;

- банкаралық ресурстардың құнын;

- мемлекеттiк бағалы қағаздардың табыстылық деңгейiн;

- инфляция деңгейiн;

- қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерiн;

- депозиттердің құрылымын;

- халықтың табысының өсу қарқынын.

Сонымен, банк басқармасының алдында депозит бойынша пайыздық ставканы барынша нақты анықтау мен баға белгiлеудiң әдiсiн таңдауда күрделi проблема туады. Баға белгiлеу бұл маркетингтiк қызметтің құрамдас бөлiгi. Банк басқармасы банктiк тәжiрибеде бар пайыздық ставканы aнықтаудың әр түрлi әдiстерiн қолдана алады. Олардың негiзгiлерi мыналар:

Шығындарды анықтауға негiзделген әдістер: [3].

1) «Шығындар + пайда» әдісі. "Ш + п" әдici бойынша баға белгiлеу депозиттер бойынша қызметтердiң әр түpiнің құнының есептелуiн қажет етедi. Мұны калай iстeyгe болады? Кең түрде қолданылатын әдicтердің бiреуi – банктiң шығындарын бағалау негiзiнде депозиттiң бағасын калькуляциялау болып табылады. Банкке мына келесi мәселелердi шешуi қажет:

а) банктiң қаражаттарының әр қайнар көзi бойынша үстеме шығындардың ставкасын есептеу;

ә) үстеме шығындардың әр ставкасын әр көзiнен түсетiн банктiң қаражаттарының салыстырмалы шамасына көбейту;

б) банктің қаражаттардың орташа салмақтанған құнын анықтау үшiн барлық алынған шамаларды қосу;

2) Депозиттерге пайыздық ставкаларды шектi шығындар бойынша белгiлеу.

Көптеген қаржы сарaпшылары пайыздық ставкаларды белгiлеу бойынша өздерiнің әртүрлi ой-пiкiрлерiн opтaғa салады. Бұл депозиттердің бaғасын анықтау үшiн орташа салмақтанған құнды анықтау емес, шектi шығындарды анықтау, яғни қаражаттарды тартумен байланысты қосымша шығындарды қолдану жөн деп түсінедi. Себебi, пайыздық ставкалардың жиi өзгерулерi орташа шығындардың сомасын депозиттерге бaға белгiлеу үшiн сенiмсiз және нақты базасы етпейдi. Мысалы, егер пайыздық ставкалар төмендесе, жаңа ақшалай қаражаттарды тартудың қосымша (шектi) шығындары банкте жинaлған барлық қаражаттар бойынша орташа шығындардан төмендеyi мүмкін.

Орташа шығындармен салыстырғанда пайдасыз болып көpiнeтiн кейбiр несиелер мен инвестициялар бүгiнгi күні жаңа несиелер мен инвестицияларды ұсыну үшiн жүзеге асыру қажеттi проценттердi төлеуге кететiн ең төмен шектi шығындардың бағалағанда ең пайдалы болып көрiнедi. Және керiсiнше, егер проценттiк ставкалар өссе, бүгiн жаңа ақшалай қаражаттардың шектi құны қаражаттардың орташа құнынан едәуiр асьш кeтyi мүмкiн. Егер басқарма жаңа қарыздарды орташа шығындар негiзiнде есептесе, олар бүгiнгi күнi нарықтағы жаңа қаражаттарды алудың ең жоғары шектi шығындарын пайдаланумен бағалағанда пайдасыз болып қалуы мүмкiн. Депозиттерге белгiленетiн пайыздық ставкаларға қатысты сұраққа жауап беру үшiн бiзге 2 негiзгi бапты бiлyiмiз қажет: депозиттiк ставкалардың бiр деңгейiнен екiншiсiне өту барысындағы шығындарын және банк aлған қосымша қаражаттардың салыстырмалы шамасы peтіндeгi шектi шығындардың нормасын. Егер бiзге шектi шығындардың нормасы белгiлi болса, бiз онда банктiң жаңа салымдардың қаржаттарды инвестициялаудан күтiлетiн қосымша кiрiстерiмен салыстыра аламыз.

Шектi шығындар әдici бойынша баға белгiлеудi басқарушы банктерге салымдарға белгiленген проценттiк ставкалар туралы ғана емес, депозиттердiң өcyiнің қосымша шығындары қосымша табыстар мен жиынтық пайданың төмендеуiне әкелгенге дейiн банк өз депозиттерiнiң базасын қай мерзiмге дейiн ұлғайта алатыны туралы бағалы ақпараттарды ұсынады. Пайда төмендей бастаған кезде басқарма төмен шектi шығындары бар қаражаттардың жаңа көздерiн iздеуi немесе үлкен шектi табысын беретiн жаңа қарыздар мен инвестицияларды жүзеге асыруы қажет немесе соны да, басқасын да жасауы керек.

Нарыққа өтудi қамтамасыз ету үшiн депозиттер бойынша пайызды орнату. Банктiң пайдасы мен шығынының шамаларын есепке алмауға мүмкiндiк беретiн баға белгiлеу әдiсiнiң бiреуi - бұл нарыққа өтудi қамтамасыз ету үшiн депозиттер бойынша пайыздарды белгiлеу. Мұның идеясы мынада: жаңа клиенттердi неғұрлым көбiрек тартылу үшiн комиссиондық алымдардың төмен тарифтерiн орнату және жоғары пайыздық ставкаларды ұсыну. Басқарма мұнда салымдардың үлкен көлем және банктiк несиелердiң ең көп көлемi пайданың төмeндeyiнiң орнын толтыратынына сенедi. Нарыққа өту әдiсi бойынша баға белгiлеуi – банктiк нарықтың олардың көп бөлiгiн жаулап aлyға үміт eтeтін нарықтардың тез өcyi кезiндегi болатын стратегиясы болып табылады.

Жеке салымшылар үшiн тарифтiк ставкалардың дифференциациясы. Қатаң бәсеке депозиттер бойынша комиссиондық алымдардың тарифтiк ставкаларын кең түрде қолданyға әкелдi. Көптеген экономистер осы амалды шарттарға байланысты баға белгiлеу деп атайды, себебi банктер төмен төлем алынатын немесе алынбайтын қызметтерге бағалар шкаласын, олардың шоттарындағы қалдықтары кейбiр минимальды деңгейден асып кеткен жағдайда орнатады, бiрақ орташа қалдығы осы минималды деңгейден төмен түссе клиенттер қызметтердi жоғары ставка бойынша төлейдi. Сонымен, клиент қызметтердi өз салымын қалай пайдаланғанына қарай өтейдi. Депозиттер бойынша қызметтерге белгiленген тарифтердiң айырмасы төменде келтiрiлген факторларға тәуелдi болады:

1) Шот бойынша өткiзiлетiн операциялар саны (яғни, жазылған чектердiң, жасалған салымдардың, телеграфтық аударымдар,төлемдердің тоқтауы немесе қаражаттардың жетicпеуi туралы хабарламаның саны).

2) Белгiлi бiр мерзiм бойында шоттың орташа қалдығы (әдетте 1 ай).

3) Салым жасалынатын мерзiм ( күн, апта, ай).

Клиент қызметтер үшiн комиссионды алымдардың минималды мөлшерi немесе чектер санын, қаражаттарды салу мен алу сомасын және шоттағы орташа қалдығын есепке aлғандары максимальды процентке табысы
бар банктi және салымды таңдайды.

Ipi жоғары табыстары бар к.лиенттердi тартуға бағытталған баға белгiлеу. Көптеген банктер, әcipece ipi қалалардағы банктер, жоғары табысты клиенттердi тapтyғa бағыттaлған баға белгiлеу әдiciн кең түрде қолданады. Олар тәжiрибелi мамандар, яғни экономистер, заңгерлер, кәсiпкерлер, менеджерлер және жоғары табыстары бар азаматтар үшiн қызметтермен және сол қызметтерге бағалармен таныстыру үшiн жақсы дайындaлған жарнамалық бағдарламаны қолданады. Басқа депозиттiк шоттарына, бiрнеше ретте қалдықтардың шамалы мөлшepi мен операциялардың үлкен саны болса соларға сұранысын төмeндeтyгe әкелетiн шарттарды opнaтyғa болады немесе солардан жоғары бағалардың көмегiмен құтылyға болады. Әдeттe, бағаларды орташа деңгейден артық орнату стратегиясы банктің стратегиялық бағдарламасына байланысты болады. Сол банктiң бағдарламасы бойынша әр дәулеттi клиент клиенттің банктегi барлық жұмыстарын жүргiзетiн жеке қызметкерге бекiтiледi.

         Сонымен қатар, клиент қажет болған жағдайда депозиттің негізгі сомасының ішінен қайта-қайта ішінара ала бермеуі үшін есептелетін сыйақы мөлшерлемесі ай сайын төленіп отырғаны жөн. Бұл, бір жағынан салымшыға психикалық жағынан әсер ете отырып, үстіндегі пайызы тұрғанда салымның негізгі сомасынан ішінара алудың қажеті жоқ болатындай көрінеді. Сондай-ақ, қолда бар қаражатты жұмсамау үшін банкке салып қойып, үстіндегі ақшасын алып отыруына мүмкіндік болады.

        

  Әдебиет

 

1. Молдабекова А.Ш. «Қаржы және несие»: Оқу құралы.-Тараз, 2011.-333 б

2. Молдабекова А.Ш. «Коммерциялық банктердегі қаржылық талдау»: Оқу құралы, -Алматы: «Үш қиян» 2012-168 бет

3. С.Б.Мақыш. «Банк ісі» оқу құралы, Алматы 2009ж.