ҚОРҚЫТ АТА
АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА
ОҚЫТУШЫСЫ
БЕКЕШЕВА ДАНА АЙТБАЕВНА
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БАНКТЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАЙ КҮЙІ
Қазіргі
кезде көптеген банктер өздерінің ссудалық
портфелдерінің көлемін ұлғайтуға тырысады.
Осыған қарамастан бір қатар банктерде ссудалық
портфелдардің төмендеуі байқалады, дегенмен де олардың
қатарына бүгінгі күні Қазақстан
Республикасының нарығындағы қызмет етуші
банктердің төртеуі ғана еніп отыр.
Міндетті резервтер негізінен Қазақстан
Ұлттық Банкі 2014 жылғы мамырдың аяғында
белгілеген ең төменгі резервтік талаптардың
бұрынғыдан жоғары болуы есебінен 2013 жылдың аяғындағы
27,3 млрд.теңгеден 92,5%-ға 52,5 млрд. теңгеге дейін
өсті. Клиенттерге берілген нетто заемдар 2014 жылдың ішінде
8,7%-ға, ал клиенттерге берілген брутто заемдар – 9,9%-ға
өсті. 2014 жылдың ішінде корпоративтік клиенттерге берілген заемдар
12,8%-ға, ШОБ-ке берілген заемдар – 1,7%-ға және тұтыну
заемдары – 23,8%-ға өсті.
2014 жылдың ішінде клиенттерге берілген брутто заемдардың
өсуі негізінен мынадай секторларда ең жоғары болды:
мұнай және газ – 265,8%, көлік – 49,0%, энергетика – 155,9%,
жылжымайтын мүлік – 24,7%,
тұтыну заемдары – 23,8% және қызметтер – 17,0% 30 күннен аса мерзімі өткен
борышы бар заемдар 2013 жылдың 30-қыркүйегіндегі 21,1%-дан
2014 жыл дың
аяғындағы 19,8%-ға дейін төмендеді. Заңды
тұлғалардың ағымдағы шоттары корпоративтік
клиенттердің банкте жаңа қаржы орналастыруына және 2014
жыл ішінде транзакциялық банкинг көлемінің өсуіне
байланысты 2013 жылдың аяғымен салыстырғанда 44,9%-ға
өсті. Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері мен
ағымдағы шоттары 2013 жылдың аяғымен салыстырғанда
тиісінше 10,0%-ға және 35,5%-ға өсті. Банк үшін
клиенттерге қаражат негізгі қор жасау көзі болып табылады
және 2013 жылдың аяғындағы жағдаймен жалпы
міндеттемелер сомасының 79,3%-н құрайды. Клиенттердің
қаражаты (19,5%), жеке тұлғалардың қаражаты
(20,2%), бөлшек ағымдағы шоттар (36,7%), заңды
тұлғалардың қаражаты (19,1%) және заңды
тұлғалардың ағымдағы шоттары (24,8%) бойынша
Қазақстандық банктер арасында 2012 жылдың
аяғындағы жағдаймен банкке ең ауқымды
нарықтық үлес тиесілі болды. Кредиттік мекемелердің
қаражаты негізінен Қазақстандық банктердің
және ЭҰҰ мүше елдердің банктерінің заемдары
мен салымдарының азаюы есебінен кредиттік мекемелердің
қаражаты 2012 жылдың аяғындағы жағдаймен
салыстырғанда 41,7%-ға азайды. ЭҰҰ мүше
елдердің банктерінің заемдары мен салымдары банктің
саудалық қаржыландыру мен коммерциялық заемдарды өтеу
кестлеріне сәйкес қайтаруына байланысты азайды.
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 2013
жылғы 28 қаңтарда банктің 500 млн. АҚШ доллары
сомасына 10 жылдық айналу мерзімімен және купон мөлшерлемесінің
жылдығы – 7,25 пайыз мөлшерінде белгіленген, бағасы 98,263%
және инвесторлар үшін жылдық кірістілігі 7,5% болатын
еврооблигациялар шығаруы есебінен негізінен 2012 жылдың
аяғындағы жағдаймен салыстырғанда
шығарылған борыштық бағалы қағаздар 23,4%-ға
өсті. 2013 жылдың аяғындағы жағдайға
сәйкес банкте тиісінше біржолғы өтеу 2014 жылдың
мамырына, 2014 жылдың қазанына, 2017 жылдың мамырына
және 2021 қаңтарына сәйкес келетін 300 млн. АҚШ
доллары, 500 млн. АҚШ доллары, 700 млн. АҚШ доллары және 500
млн. АҚШ доллары сомасына өтелмеген еврооблигациялардың
төрт шығарылымы болды.
Шығарылған борыштық бағалы
қағаздардың өсімі 2013 жылғы қазанда
номиналы 10 млрд. теңге тұратын, инфляцияға
индексацияланған, теңге мен өрнектелген субординациялық
облигациялардың жергілікті шығарылымын ерікті түрде
мерзімінен бұрын өтеу арқылы ішінара тежелді.
Қазіргі
таңда екінші деңгейлі банктер өз клиенттеріне тиімдірек
қызметтерін ұсынуда. Дегенмен де, қазіргі
нарықтық экономика жағдайында екінші деңгейлі банктер
көп жағдайда қатаң несие саясатын ұстануға
мәжбүр болып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Банки на развиваюшихся
рынках. Укрепление руководства и повышение чувствительности к переменам. 2 том/
Д.Мак Нотон и др. – М.: Финансы и статистика, 1996