э.ғ.к. Д.А.Тлеужанова, магистр А.Е.Ескендирова

"Қаржы академиясы" АҚ, Қазақстан Республикасы

 

Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері

 

        Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық,  әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді. Сонымен жоспарлау мен болжау адамдардың саналы түрде, белгілі бір экономикалық заңдарға бағына отырып, бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.

        Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өнімділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды [1].

Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:

Біріншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.

Екіншіден, нарықта кез-келген фирма өзінің саласына қарамастан, белгілі бір нәтежиеге жету үшін, жұмысқа кіріспес бұрын алға қойған мақсаттары мен жоспарын, кәсіпкерлік стратегияын жасауға міндетті. Дұрыс бағыт-бағдар таңдау арқылы ғана экономиканың қажетті түрде дамуына болады.

 Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағанасы барлық қаржылық жүйенің  әр түрлі буындары  арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді әр деңгейдегі бюджеттерді  жасау мен атқару процесінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметті- экономикалық даму бағдарламасы табылады [2].

Бюджеттік жоспарлау  – бюджеттік ресурстардың көзі мен мақсатты пайдалануы көлемін анықтайтын қаржылық жоспарлаудың бір бөлігі. Бюджеттік жоспарлау – бюджеттік жүйе қызметі мен бюджеттік процестердің ажырамас бөлігі. Оның көмегімен елбасының Бюджеттік жолдауында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бюджет қаражатының қозғалысы анықталады. 

Бюджеттік болжау – бюджетті дамыту бағыттары жайлы ұсынысқа, оның мүмкін табысы мен шығысы жайлы нақты есептеулерге негізделген бюджеттік жоспарлаудың негізі болып табылады. Болжау бүгінгі күнгі бюджеттің жағдайы жайлы ақпаратты, бюджеттік қатынастарды дамытудың үздік нұсқақаларын мұқият зерттеу арқылы жүргізіледі [3].

Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен, болжаудың екі түрі болады: теориялық-танымдылық және басқарушылық болжау. Жоспарлау мен болжау – бұл, экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу [4].

Алға қойған мақсаттың орындалуында жоспарлау мен болжау келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

-  Экономиканың даму бағытын анықтау;

-  Мақсатқа жету үшін ұтымды жолдар мен шешімдер табу;

-  Нәтежиеге қажетті ресурстарды анықтау.

Болжау мен жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады.  Бүгінгі таңда ғалымдардың есептеуі бойынша жоспарлау мен болжау жасаудың 150-ден астам әдісі бар. Бірақ тәжерибе жүзінде негізінен соның ішінде 15-20әдісі қолданылып келеді.

Болжалдау мен жоспарлауда келесідей әдістер де қолданылады [1]:

1.   Экономикалық-статистикалық әдістер:экономикалық салыстыру әдісі, орташа шамалар әдісі, динамикалық қатарлар, топтау әдісі

2.   Математикалық-статистикалық әдістер: корреляциялық әдіс, регрессиялық әдіс

3.   Баланстық әдіс

4.   Нормативтік әдіс

5.   Монографиялық әдіс

6.   Эксперттік бағалау әдісі

7.   Эксперементалдық әдісі

8.   Экономикалық математикалық модельдеу

9.   Абстрактылы-логикалық әдіс

10.   Әлеуметтік әдіс

Болжау мен жоспар жасағанда бірнеше әдісті бірден қолдана аламыз. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырылып, байланыстырылып тұруы керек.

Кең қолданылатын маңызды әдістердің бірі болып баланстық әдісті қарастырамыз. Бұл әдісте материялдық және ақшалай ресурстардың қорлары мен қажеттіліктері және жоспар элементтерімен байланыстары қарастырылады. Баланстық әдісті дұрыс қолдана білу республикалық, кәсіпорындық әртүрлі салалармен қарым қатынасты, ресурстардың тиімді жұмсалуын, дамуды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте көбінесе материалдық ресурстар балансы, жұмыс күші, жер көлемі, т.б, баланстық өлшемдер есепке толығымен алынады[4].

Жеке баланстық есептерді және халық шаруашылық балансын есемтеуде экономикалық математикалық модельдеу әдісі мен есептеуіш техника кеңінен қолданылуда.

Ел басының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында мемлекетті басқарудың сапалы жаңа моделін құруда қоғам алдында ашық, нәтижелі, ұжымдық басқару принциптеріне сай жұмыс істеу Үкіметтің маңызды бағыттарының бірі деп бөліп қарастырды. Бүгінгі таңда «Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесі» қызмет етуде [5].

Бюджеттеудің жаңа формасы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың тиімді үйлесуін қамтамасыз ету үшін қажет. Ол көпжылдық бюджеттеудің әдістерін енгізу жұмыстарының жалғасы болуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік органдардың іс-әрекетін мемлекеттің стратегиялық мақсат-міндеттеріне сәйкес нақты нытиже алуға бағыттау керек.

Бюджеттік үдерісті мемлекет саясатының басымдықтарына сәйкес бюджет қаражаттарын айқын бөлуге, қаржыны максимальды түрде тиімді басқаруға бағдарлау керек. Мемлекеттік органдардың әрекетінің тиімділігін кешенді бағалауды енгізу жүзеге асырылуда. Ол бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылу нәтижелері мен мемлекеттік қызметтердің сапасын талдауға бағдарланған.

Бюджетті үшжылдық жоспарлау фискальды саясаттың негізгі параметрлері мен макроэкономикалық болжаудың бесжылдық дамуын көрсетіп отыр. Бұл құжатқа сәйкес әр министрліктер мен бөлімдер үш жылға арналған, яғни нақты бюджетті жүзеге асыру уақытына негізделген  дамудың стратегиялық жоспарын  әзірлеуде. Бұл жоспарда бөлімнің стратегиялық бағыттыры мен мақсаттары, осы мақсаттарға жетуге арналған нақты көрсеткіштер анықталады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.        Саханова А., Сейтмагамбетова. М., Есенжигитова Р. Государственное регулирование экономики – сборник кейсов. Алматы, 2002г.

2.        Мемлекеттiк бюджет  - оқулық. Б.С. Өтебаев,  Алматы 2006

3.        Сундетов Ж. Планирование и прогназиравание в условиях рыночной экономики; Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2004

4.        Черныш Е., Молчанова Н. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М., 2001г.

5.        О Концепции по внедрению системы государственного планирования, ориентированного на результаты:  Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 декабря 2007 года, № 1297