Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.
Инфляция
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп
келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты
деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен
шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ
ғасырдың орта шенінде пайда
болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары
(1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп
шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин
сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық
әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал
бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде
20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың
жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар
рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар
тоқтаусыз өседі. Инфляция
– бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық
болса, бұл тауарға
баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген
нарық сәйкессіздігі
инфляцияны
қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан
қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына
байланысты пайда болған елдегі
баға деңгейінің жалпы
өсуі.
Инфляцияның
салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны
баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді,
сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына
ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция
тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады,
қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай
қиындайды.
Экономиканың
интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы)
инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді,
бұл халықаралық валюта және төлем
қатынастарын қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері: ақша
тауарларды сатып алу қабілеті,
күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны
былай түсіндіру, яғни
ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша
сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең
алдымен, бағаның өсуі
– тауарға
сұраныстың
оның ұсынысынан артық болуымен байланысты
Инфляцияға
қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп
айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет
саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау
мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі.
Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып,
салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным
қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді.
Бірақ сонымен бірге
өндіріс өсуі де
құрып,
жұмыссыздықты
арттырып жіберуі мүмкін.
Ол қоғам үшін
инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау
жағдайында бюджет
саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады.
ХХ
ғасырдың екінші жартысында
жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық
жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік
тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту
қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп
отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар
өсті. Дағдарыс фазасында
бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған
жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп
аталады.
Қазақстанда
2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту
бағдарламасы жасалған болатын. Қазақстан Үкіметі
2001-2005 ж.ж., арналған қысқа
мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау
бағдарламасын бекітті.Соңғы жылдары Қазақстандағы Аграрлық
саясаттың
бағдарламасы жасалуда..
Инфляция
жағдайында Үкімет «қымбат – ақша саясатын ұстануға
мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру «процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап
отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция
ауыздықталды, сонымен бірге ішкі
өндіріс пен нарық екі – үш есе кысқарды, ұлттық өндіріс орындары
тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен
сыртқа өнім
шығаратын шикізат өндіру
салалары жұмысын тоқтатқан
жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай
өсірді. Нарыққа
көшу жылдары Қазақстанда бұрынннан
қалыптасқан
өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Жалпы алғанда,
инфляцияға қарсы
саясаттың ұзақ
мерзімдік стратегиялық және күнделікті жүргізіліп отыратын
ағымдық, тоқтаусыз
тактикалық түрі
болды. Монетарлық саясат негізінен
күнделікті
жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап
реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине,
белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы
заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей,
күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік
стратегиялық даму саясатының
шеңберінде
жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған
Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған.
Қазақстан Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған қысқа мерзімдік
Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын
бекіткен болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта
Қазақстаннның барлық
әкімшілік – экономикалық
аймақтарының (облыстарының) Экономикалық -
әлеуметтік
бағдарламалары жасалып,
іске асырылуда. Осы бағдарламаның
барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады.
Қазақстанда да
монетарлық қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік
реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының
шеңберінде жүргізілетін болады.
Құнсызданудың
(инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және
экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі
экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл
жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын
табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс – шаралар
арқылы инфлияцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына
икемделген дұрыс па?
Инфляцияға
қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп
айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет
саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау
мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі.
Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып,
салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным
қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді.
Бірақ сонымен бірге өндіріс
өсуі де тырып,
жұмыссыздықты арттырып
жіберуі мүмкін. Ол
қоғам үшін
инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды
кеңейтуге бағытталады.
Егер сұраным жеткіліксіз болса,
онда мемлекеттің инвестиция
бағдарламасы іске қосылады
және шығындар артады,
салықтар
төмендетіледі. Ең алдымен
табысы төмен
нарық субъектілеріне
салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден
нәтиже береді: сұраным
тез өседі, ол өндіріске
ықпал жасайды, жалпы
экономикалық өсу басталады. бірақ 60 – 70 жылдары дамыған
елдердің тәжірибесі
көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны
күшейтуі мүмкін екен. Сонымен
бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және
салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің
мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші
әдістемені жаңа
классикалық
бағыттағы
экономистер ұсынады.
Олар бірінші орынға ақша –
несие арқылы реттеу
әдісін қояды.
Бұл әдіс экономика
жағдайына жанама түрде икемлді
ықпал жасайды. Бұл
саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк
жзүргізеді. Орталық
банк айналымдағы
ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы
(процент) келісімін реттейді,
сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Сонымен инфляция
салдары барлық әлеуметтік топтарға, экономикалық
секторларға әсерін тигізбей қоймайтындығын айтуға
болады. Қазіргі таңда көптеген экономистер оны шешудің
сан алуан жолдарын талдау үстінде. Бірақ көптеген білікті
экономистердің пайымдауынша оны ақша-кредит саясаты арқылы
жүргізу керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Жүнісов Б.,
МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.
«Нарықтық экономика
негіздері» Алматы «Экономика»-2000ж
2. Мақыш С.Б. «Ақша
айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
3.
Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.