Экономические
науки/3.Финансовые отношения.
Парахатова З.Ж., Ф-31 с/к тобының студенті
Ғылыми жетекші: Хусайын Ф.Х., магистр, оқытушы
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА КӨЗІ РЕТІНДЕ ВЕНЧУРЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫ ДАМЫТУ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ
XXI ғасыр жүз
жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу
ғасырына айналатынын
қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп
отыр. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың
әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық
механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары
жақсартуды қажет етіп отыр. Дамыған елдерде
инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің
70-85% берді.
Қазіргі таңда
Қазақстанның инновациялық дамуы – біз үшін
ең өзекті мәселелердің бірі.
Жаңғыртуларсыз, жаңа технологияларсыз және
тұтастай инновацияға екпін бермейінше бұл
мақсатқа жету мүмкін емес. Әрі мұны бәрі түсініп
отыр. Егер әлемдік тәжірибеге көз салсақ, нақ осы
инновация дамыған мемлекеттер экономикасын өсірудің негізгі
құралы ретінде венчурлік бизнес саласын дамыту әсер еткенін
көруге болады. Осыдан шығатын ендігі мәселе – шикізат
тәуелділігіне ие Қазақстан экономикасын осы салаға
бағыттап, айырықша көңіл бөле отырып, сол саланы
барынша қарқынды дамыту. Өкіншке орай, венчурлік бизнес
саласы елімізде кенжелеп келеді. Елбасы өзінің халыққа
Жолдауында индустриалды-инновациялық стратегияның аясында
инновациялық технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді
түрде енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық
инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін
шамалай беруге болады. Сол себепті
қарастырылып отырған тақырыбымыз бүгінгі күнде
өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Баяндаманың негізгі мақсаты - Венчурлық
қаржыландыру түсінігін талдап, оның еліміздегі даму
мәселелерін қарастыру болып табылады. Оған келесі міндеттер анықталған:
- Венчурлық қаржыландырудың жаңа
қаржыландыру көзі ретінінде мәнін ашу;
- Венчурлық
қаржыландыруда қазақстандағы венчурлық
қорлардың тәжірибесін анықтау;
- Венчурлық
қаржыландырудың дамуының негізгі мәселелерін
анықтау;
нықталған
мәселелер бойынша шешу жолдарын ұсыну.
Баяндаманың бірінші тарауында кәсіпорын қызметін қаржыландырудың
жаңа көзі ретінде венчурлық инвестициялаудың теориялық
аспектісін қарастырылып, экономикалық маңызы ашылған.
Екінші тарауда венчурлық
қаржыландыру бойынша ҚР венчурлық қорлардың дамуы
және қазіргі жағдайын көрсету.
Үшінші тарауда
кәсіпорын қызметін венчурлық қаржыландыру бойынша
мәселелер көтеріліп оларды жетілдіру бағыттары ұсынылды.
Баяндаманың объектісі Қазақстан
Республикасының венчурлық қорлары болып табылады.
Баяндаманың әдістемелік негізі болып
Қазақстан Республикасының нормативті -
құқықты актілері, отандық және шетел
экономистерінің монографиялары, баспасөз деректері, статистика
мағлұматтары табылды.
Компанияның тиімді іс-әрекетінің
деңгейі көбінесе оның капиталының мақсатты
қалыптастырылуымен анықталады. Қаржылық басқару
тұрғысынан капиталды қалыптастырудың негізгі
мақсаты – тиімді пайдалану шарттарын қамтамасыз ету тұрғысынан
қажетті активтерді сатып алуға деген және оның
құрылымын оңтайландыруға деген қажеттілікті
қанағаттандыру.
Кәсіпорын
қызметін
қаржыландырудың ішкі және сыртқы
қаржыландыру көздері меншік және
тартылған(займдық) қаржылар болып табылады.
Меншіктік қаржылар
көзіне келесісілер жатады:
1.
Жарғылық капитал(акцияны сатудан түскен қорлар
және қатысушылардың пайлық төлемдері);
2.
Кәсіпорынның жинақтары, резервтері;
3.
Басқада заңды және жеке тұлғалардың
төлемдері(мақсатты қаржыландыру және т.б)
Тартылған қаржылардың
негізгі көзіне келесілер жатады:
1.
Бантік ссудалар;
2.
Заемдық қаражаттар;
3.
Облигацияларды сатудан және басқа да бағалы
қағаздар сатудан түскен қаржылар;
4.
Кредиторлық борыш.
Компанияның
іс-әрекетін қаржыландырудың жаңа көзі ретінде,
яғни инновациялық қызметін қаржыландыратын
венчурлық инвестициялауды қарастырамыз.
Жалпы,
венчурлік бизнес дегеніміз - технологиялық жаңалықтарды
енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген
бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген
иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі
жоғарылылығымен сипатталады.
Венчурлік
инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында
қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық
жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі
үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің
аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке
алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары
ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер
қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.
Шағын
бизнес жүйесінде инновациялық процеске өз қызметін
арнайтын бөлігі маңызды роль атқарады. Оған
жоғары дәрежеде елдің интенсивті экономикалық
өсуі және халық шаруашылығының бәсеке
қабілеттілігін жоғарылату тәуелді болып табылады. Шағын
инновациялық бизнеске салааралық сипат тән. Мұндай бизнестің
объектісі – оны ғалымдардың шығаруынан тәжірибеге
енгізуге дейінгі барлық идеялардың ғылыми
қозғалысы, яғни венчурлік бизнесті жүзеге асыру
кезеңдері.
Теориялық
талдау негізінде венчурлік қаржыландырудағы инновацияны
түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны
анықталды:
біріншісі,
инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны
қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен
технологияны жасауға әкелетін
қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс
ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон, Б.Сантон, т.б.);
екіншісі,
инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін,
жаңа өндірістік және тасымал құралдарын,
нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын
енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер
ретінде түсіндіреді (И.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа
енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі,
венчурлік бизнестің негізгі қозғаушы күші. Оның
негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі,
ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу
және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.
Шағын
инновациялық бизнесті көбінесе тәуекелдік және
венчурлік деп атайды. Бұл шағын бизнестің инновациялық
қызметтің өзінің ерекшеліктерінен басқа,
сыртқы орта өзгеруінен жоғары тәуелдігімен сипатталады.
Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейін туралы орташа
есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі
ғана жетістікке жететін фактісі көрсетеді. Тағы да бір
инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы:
орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады.
Жоғары
тәуекел сонымен қатар, оның жоғары компетенциясымен де
жүргізіледі: инновациялық жобаларды енгізуден мүмкін пайда
нормасы бұрынғыға қарағанда жоғары болуы
мүмкін, инновациялық салаға және сәйкес
шағын бизнестің өмір сүруіне мүмкіндік береді,
басқа жағдайда болмас та болар еді. Сонымен қатар,
инновациялық жобаның жүзеге аспау қаупі жоғары
екенін есте сақтау қажет. Егер де осындай жобалар көп болып,
олар салалық жоспарда жайғастырылса, заң бойынша
тәуекел саны минизацияланады және инновациялық
бизнестің жетістікке жету ықтималдылығы жоғарылайды.
Сондай-ақ, сәтті инновациялық жобалардан түсетін
пайданың жоғарлығы соншалықты, ол сәтсіз
басталған барлық шығындардың орнын толтыра алады.
Осыдан тәжірибе жүзінде дәлелденген инновациялық
жобаларды орталықтандырумен және қаржылық
тәуекелді диверсификациялау негізінде оларды енгізуді
ұйымдастырумен айналысатын венчурлік қор деп аталатын тиімділікті
қызмет ету дәлелдемесі шығады. Мұндай қорларда
шетелде шағын инновациялық фирмаларды қаржыландыру үшін
арналған капитал шоғырланады.
Қазіргі
уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті
өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық
технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми
техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің
бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың
индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты -
шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика
салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына
қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда
сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін
жағдай жасау қарастырылған.
ҚР
инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері
ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық
және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар
қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы
емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады.
Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары,
венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші
деңгейлі банктер және т.б. жатады.
Венчурлік
кәсіпкерлікте көптеген ұйымдастырушылық формалары бар.
Олардың ішінде:
-
«тәуелсіз», көбінесе инвестициялық қор капиталын
пайдаланатын ұсақ, инновациялық фирмалар;
- сыртқы
венчурлік қор капиталы деп аталатын, өнеркәсіптік
корпорациялардың үлестік негізде ұйымдастырылған
енгізушілік фирмалар;
- ерікті
венчурлі бөлімше ретіндегі кәсіпкерлік топтың негізі болып
табылатын корпорацияның «ішкі венчурлі бөлімі» («спин офф»).
Венчурлік
қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады.
Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті
инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған
компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту
мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік
қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік
қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы
қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін
төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының
бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай
үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін
көрсетті. Венчурлік қорларды құрғанда
мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық
қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты
бағыттарының бірі – отандық және шетелдік
инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік
қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%)
арқылы венчурлік қорларды құру. Қазіргі
таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей
инвестициялау ассоциациясы құрылып, оған 12 венчурлік
қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ.
ҰИҚ
венчурлық капитал жүйесінде қатысуы:
|
|
Венчурлық қорлар
атауы |
Құрылған жылы
мен ҰИҚ үлесі |
|
1 |
АҚ
«Венчурлық Қор Адвант» |
2004
жылы АҚ «Lancaster Group Kazakhstan»
мен біріктіріле құрылған. Қор
капиталы – 2,7 млрд теңге. ҰИҚ үлесі – 1,3 млрд (49%) |
|
2 |
АҚ «Жоғарғы технология қоры «Әрекет» |
2004
жылы АҚ «ТұранӘлем
Секьюритис» мен біріктіріле
құрылған. Қор
капиталы – 3,8 млрд теңге. ҰИҚ үлесі – 1,3 млрд (49%) |
|
3 |
АҚ «АИФРИ «Венчурлық
Қор Сентрас» |
2004
жылы ЖШС «Сентрас
Капитал» мен
біріктіріле құрылған. Қор
капиталы – 2,6 млрд теңге. ҰИҚ үлесі – 1,3 млрд (49%) |
|
4 |
АҚ
«Almaty Venture Capital» |
2005
жылы АҚ «Алматы Бизнес Групп»
пен біріктіріле
құрылған. Қор
капиталы – 2,6 млрд теңге. ҰИҚ үлесі – 1,3 млрд (49%) |
|
5 |
АҚ «АИФРИ «Glotur Technology Fund» |
2005
жылы АҚ «GLOTUR» мен біріктіріле құрылған. Қор
капиталы – 2,6 млрд теңге. ҰИҚ үлесі – 1,3 млрд (49%) |
|
6 |
АҚ
«Logycomperspectiveinnovations» |
2008
жылы АҚ «Логиком» мен біріктіріле құрылған. Қор
капиталы – 2,4 млрд теңге. ҰИҚ үлесі – 1,2 млрд (49%) |
|
7 |
«Wellington Partners Ventures III Technology Fund L.P.» |
Жарғылық капиталы – 150 млн евро. ҰИҚ
қатысуы – 7,7 млн евро. |
|
8 |
Орталық-Азия
шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры – CASEF |
Жарғылық
капиталы – $4,2 млн. ҰИҚ қатысуы – $2 млн. |
|
9 |
«Flagship Ventures Fund 2004, L.P.» |
Жарғылық капиталы – $151 млн. ҰИҚ қатысуы – $10 млн. |
|
10 |
«Mayban
- JAICVentureFund» |
Жарғылық
капиталы – $50 млн. ҰИҚ қатысуы – $5 млн. |
|
11 |
«VertexIII (C.I.) Fund, L.P.» |
Жарғылық капиталы – $126,5 млн. ҰИҚ
қатысуы - $5 млн. |
|
12 |
«Naspers» Венчурлық
компаниясы |
Жарғылық капиталы – $540 млн. ҰИҚ
қатысуы - $10 млн. |
Қазіргі
таңда 5 венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13
жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика
және ақпараттық технологиялар салалары бойынша. Бірақ
инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік
қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар,
қалғандары бұрын ғылымға қатысы
болған бизнесмендер және ірі холдингтер. Венчурлік
инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму
деңгейінен өтеді (Кесте-1). Венчурлік қаржыландыру
алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал
көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші
деңгейден ғана басталады.
Кесте 1. Инновациялық
компанияның даму деңгейлері.
|
Деңгейлер |
Мазмұны |
|
Бизнес идеясы (seed stage) |
Идеяны жобалау және оны саудалау. Сонымен
қатар болашақ өнімнің үздік үлгілерін
дайындау; |
|
Бизнесті ашу (start-up
stage) |
Жобаны жүзеге асыру мақсатында жүйелі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау; |
|
Өсу
деңгейі (expansion stage) |
жаңа өндірістік қуаттылықты іске қосу және персоналдар санының өсуі; |
|
Кеңею
деңгейі (mezzanine stage) |
нарықтың бір бөлігін жаулап алу және пайданың тұрақты болуы; |
|
Өтімділік
деңгейі (liquidity stage) |
бизнестің
нақты (реалды) нарықтық құнының
қалыптасуы. |
Венчурлік
бизнес көпшілікке әлі де танымал емес істің осы түріне
соңғы жылдары ғана айрықша назар аударыла бастады.
Басқасын былай қойғанда, отандық қаржы
шолушысының бірі түйіндегендей, Қазақстан
азаматтарының қаржылық кеңістіктегі жаңалық
болып отырған венчурлық қорлардың нақты
қызметін терең біле қоймайтыны да шындық. Әрине,
оған қорлар жұмысының ашық-жариялы
«мөлдірлік» сипатқа ие болмауы да көп әсер етуде.
Инновацияны
дамытуды бұл ретте әлемдегі жаңа бетбұрыстарға
оң қадам басқан Қазақстанның бәсекеге
қабілеттігін арттыруға қажетті жағдайлардың
ең негізгісі деуге де болады. Инновациялық-индустриялдық
жобаларды жүзеге асырып, оны қоғамның
алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жетуіне
жұмыс істету үшін орасан қаржы қажет. Ал сол
қаржылардың басым бөлігі өркениетті елдерде осы
венчурлық қорлардың қолында ғана тиімді
жұмсалды. Шетелдерде банктің пайызы жоғары несиеден
гөрі венчурлық қордың қаржысын тәуір
көреді. Өйткені онда «жоғары пайыз жоқ, тек үлкен
тәуекел бар». Технологиялар трансферті – бұл қандай да бір
пайдалануға арналған зерттеулер мен әзірленімдердің,
білімдердің нәтижелерін беру процесі.
Тап
бүгінде ұлттық инновациялық жүйені
құрудың бірінші кезеңі аяқталып, екінші
кезеңі басталып жатыр. Ендігі мақсат – венчурлық бизнеспен
«Қазына» да, оның еншілес компаниялары да емес, жекеменшік
секторлардың тікелей айналысуын қамтамасыз етуіне тіреліп тұр.
Дамыған елдерде бизнестің бұл түрі, негізінен,
қалталы адамдардың қолында. Ал бізде оны құрып,
аяғынан нық тұрғызуды мемлекет «Қазына»
тұрақты даму қоры» арқылы ғана жүзеге асыру
үстінде. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында
индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық
технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде
енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық
инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін
шамалай беруге болады. Аталған стратегияны жүзеге асыру үшін
жалғыз «Қазынаның» ұмтылысы жеткіліксіз екендігі
және анық .
Компания
қызметін қаржыландырудың жаңа көзі ретінде
венчурлық қаржыландыру дамуы үшін иннрвациялық
кәсіпкерліктің дамуына басты назар аудару керек. Инновациялық
кәсіпкерлікті дамыту үшін ең алдымен тек
ғылыми-техникалық қызметтің өнімі ретіндегі
инновациялық жобаны айқындаудан арылу қажет. Сондай-ақ
жоғары тәуекелді жобаларды қаржыландыруға отандық
және шетелдік жеке инвесторларды тарту тетігін әзірлеу қажет.
Технологиялық
инновацияларға келетін болсақ, кәсіпорындардың
қазіргі кездегі инновациялық төмен белсенділігін ескере
отырып, мемлекет бастапқы кезеңде осы секторлардағы
зерттеулерге жұмсалатын шығындардың жалпы көлемінің
100 %-ына дейін, алайда кәсіпкерліктің мүдделі
өкілдерін зерттеулерді қаржыландыруға неғұрлым
кейінгі сатыларда біртіндеп қоса отырып, олармен тұрақты
диалог жасау шартымен қаржыландыруға тиіс.
Инновациялық
кәсіпкерлікті дамыту үшін елде мемлекеттің және жеке
меншік бизнестің қатысуымен тиісті инфрақұрылымды
дамыту қажет. Қазіргі уақытта біздің елімізде
бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген
жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың
индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты
стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес
2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан
қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын
әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол
жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда
сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін
жағдай жасау қарастырылған. ҚР инновациялық
қызметті қаржыландырудың көздері ретінде
кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық
және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар
қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы
емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады.
Инновациялық
қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы
ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және
қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін
өзгерту қажет.
Қаржыландыру
инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар,
кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер
және т.б. жатады. Қазақстан тәжірибесі көрсетіп
отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру
көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар
инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды
қаржыландырудан бас тартады.
Өйткені
онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл
жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды
қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік
қорлар құрылады. Қазақстанда ғылымға
бөлінетін шығыстар соңғы жылдары ЖІӨ-нің
1,1 пайызынан аспайды, яғни ғылыми-техникалық қызметі
елдің экономикалық дамуының негізі болып табылмай отыр. Оның басты себептеріне
төмендегілерді жатқызуға болады:
· бұл ғылымды, инновацияны
қаржыландырудың төмендігі;
· халықтың
ақпараттық білім деңгейінің төмендігі;
· секторлардың толықтай
технологиялық жарақтанбауы;
· білікті мамандардың
жетіспеушілігі;
· меншік
құқығын қорғау деңгейінің
төмендігімен байланысты.
Елімізде саланың
құрылымдық бөлінісі бойынша қаржыландырудың
71 пайызы қолданбалы зерттеулерге тиесілі болса, тек шамамен 8 пайызы
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінеді.
Тек 21 пайыз көлеміндегі іргелік ғылымға арналған шығыстар,
тұтастай алғанда орташа әлемдік деңгейге сәйкес
келеді.
Қазіргі күні
Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік
субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуда кедергі
болатын факторлары келесідей:
· өз қаржыларының
жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы
несиелерге қол жеткізудің қиындығы;
· инновациялық кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес
инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз
етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;
· инновациялық кіші
кәсіпкерлік субъектілерінің қолданыстағы
заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы,
әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен
айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерінің
жоқтығы;
· инновациялық кіші
кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті
мамандарының жеткіліксіздігі.
· Кіші кәсіпкерлік
субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі
және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және
кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап ету
қажеттілігі.
Сондықтан инновациялық
кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін
мына мәселені шешу қажет:
· инновациялық кәсіпкерлік
субъектілерін ақпараттық қолдау;
· инновациялық кәсіпкерлік
субъектілерін заңнамалық қолдау;
· инновациялық кәсіпкерлік
субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту.
Бұл мақсатты орындау
үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады: инновациялық
жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын,
бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық
өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту
объектілерін құру және дамыту; инновациялық жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік,
ғылыми-әдістемелік және ақпараттық
қамтамасыз ету; инновациялық шаруашылық етуші
субъектілердің реттеуші және қадағалаушы
қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара
әрекеттесу әдістерін жетілдіру; тиімді бәсекеге
қабілетті орта үшін жағдайлар жасау; инновациялық
кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу,
өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын
мақсатты жоғарылату.
Кәсіпорындарды венчурлық қаржыландыруда
инновациялық қызметтің қозғаушы тетігі венчурлік
бизнестің Қазақстанда кеңінен дамуы үшін келесі
шараларды қолдану қажет:
·
отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлік
қорларды құру;
·
инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың
тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға
қатысу;
·
гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен
технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан
әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды,
тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi құруға
бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен
тәжiрибелiк-құрастырулық жұмыстарды
қаржыландыру;
·
инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына
үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi
қаржыландыру;
·
ұлттық инновациялық инфрақұрылым
(технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық
орталықтар) элементтерiн құруға қатысу;
ғылыми-техникалық өнiм нарығын
қалыптастыруға қатысу.
Кәсіпорынды
қаржыландырудың жаңа көзі ретінде венчурлық
қаржыландыруды дамыту үшін келесідей ұсыныс жасаймын:
·
Алдымен венчурлық қаржыландыру үшін венчурлық
бизнесті дамыту, өйткені ол бізде дамымаған;
·
Венчурлік қаржыландыруды дамыту үшін бізде мемлекет
ҰИҚ құру арқылы дамытып отыр, бұл жерде
отандық кәсіпкерлер венчурлық қаржыландыруға
көңіл аударуы тиіс.
Компанияның тиімді іс-әрекетінің
деңгейі көбінесе оның капиталының мақсатты
қалыптастырылуымен анықталады. Қаржылық басқару
тұрғысынан капиталды қалыптастырудың негізгі
мақсаты – тиімді пайдалану шарттарын қамтамасыз ету
тұрғысынан қажетті активтерді сатып алуға деген
және оның құрылымын оңтайландыруға деген
қажеттілікті қанағаттандыру.
Венчурлік
инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында
қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық
жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі
үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің
аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке
алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары
ғылымдық және технологиялық салада ғылыми
зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.
Теориялық
талдау негізінде венчурлік қаржыландырудағы инновацияны
түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны
анықталды:
біріншісі,
инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны
қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен
технологияны жасауға әкелетін
қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс
ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон, Б.Сантон, т.б.);
екіншісі,
инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін,
жаңа өндірістік және тасымал құралдарын,
нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын
енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер
ретінде түсіндіреді (И.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа
енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі,
венчурлік бизнестің негізгі қозғаушы күші. Оның
негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі,
ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу
және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.
Венчурлік
қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады.
Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті
инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған
компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту
мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік
қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік
қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы
қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін
төмендетеді.
Венчурлік
қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы
(Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң
инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі –
отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып
құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы
үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды
құру. Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік
капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы құрылып,
оған 12 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ.
Елбасы
өзінің халыққа Жолдауында
индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық
технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде
енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық
инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін
шамалай беруге болады.
Кәсіпорындарды венчурлық қаржыландыруда
инновациялық қызметтің қозғаушы тетігі венчурлік
бизнестің Қазақстанда кеңінен дамуы үшін келесі
шараларды қолдану қажет:
·
отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлік
қорларды құру;
·
инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың
тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға
қатысу;
·
гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен
технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан
әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды,
тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi
құруға бағытталған қолданбалы ғылыми
зерттеулер мен тәжiрибелiк-құрастырулық
жұмыстарды қаржыландыру;
·
инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына
үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi
қаржыландыру;
·
ұлттық инновациялық инфрақұрылым
(технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық
орталықтар) элементтерiн құруға қатысу;
ғылыми-техникалық өнiм нарығын
қалыптастыруға қатысу.
Кәсіпорынды
қаржыландырудың жаңа көзі ретінде венчурлық
қаржыландыруды дамыту үшін келесідей ұсыныс жасаймын:
·
Алдымен венчурлық қаржыландыру үшін венчурлық
бизнесті дамыту, өйткені ол бізде дамымаған;
·
Венчурлік қаржыландыруды дамыту үшін бізде мемлекет
ҰИҚ құру арқылы дамытып отыр, бұл жерде
отандық кәсіпкерлер венчурлық қаржыландыруға
көңіл аударуы тиіс.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1.
Индустрия
өндірісін қайта құрудың инновациялық
құрылымдық негіздері. «Орталық Азия елдерінің
мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту»
атты Орта Азия елдерінің II Түркістан интеграциялық форумы.
29-30 сәуір 2006. Түркістан қ. ХҚТУ, 207-209б.
2.
Экономикалық
дағдарыс және оны шешу жолдары //«Хабаршы». Т.Рысқұлов
атындағы ҚазЭУ, №6(70) – Алматы, 2008. 8-11 б.
3.
Индустрия
өндірісін интенсивті дамытудың инновациялық тетіктері
//«Ізденіс –Поиск». №4. Алматы, 2010 ж. 5-9 б.
4.
Ғылыми-техникалық
әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму
тенденциясы //«Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты»,
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2010 ж., №4 185-189 б.
5.
Ғылымның
даму нәтижелері және стратегиялық басымдықтары
//«Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ
Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008ж, №4 189-194 б.
6.
Концессиялық
бизнестің қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі
шарты //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №3
(63)-Түркістан, 2008ж.
7.
Венчурлік
капитал – ҚР-да инновациялық қызметтің қалыптасу
және дамуының негізгі факторы. «Аймақтық экономиканы
индустриалдық- инновациялық дамыту мәселелері» атты
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары.
Академиялық инновациялық университеті, Шымкент, 2009ж.
8.
Кәсіпкерліктің
ресурспен қамтамсыз етудің инновациялық әдістері
//«Хабаршы». Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, №6 – Алматы,
2009.
9.
Бизнес-инкубаторлар
және технопарктер индустриалды иннвациялық қызметтің
негізінде кәсіпкерлікті қолдаушы инфрақұрылымдық
ұйымдар //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №2 -Түркістан,
2009 ж. Шілде-тамыз.
10.
Қазақстан
Республикасының 2003 – 2015 жылға арналған инновациялық
саясатты жетілдіру бағдарламасы. Алматы, 2003.
11.
Кулбаева
М.А. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің
инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық
механизмдері». Түркістан, 2009
12.
Қ.Мұқаметқали.
Инновациялық саланы дамыту- үдемелі индустрияландырудың аса
маңызды құрамдасы.//Дала мен қала газеті. – 05.12.2009.
13.
www.inform.kz
14.
www.google.kz
15.
www.nif.kz