Оспанова Гуьлпат Айбасовна статистика магистрі,
аға оқытушы
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Инвестициялық
қызметті басқаруда қолайлы нәтиже алу үшін
ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларға салынған
ақша, мүлік және ақыл-ой
құндылықтарының барлық түрін мақсатты
реттеу қабылданды.
Инвестициялық
менеджменттің негізгі мақсаты кәсіпорынның
өндірістік қызметінің ішкі және сыртық ортасына
бірдей әсер ететін кәсіпорынның инвестициялық
қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Осы
қызметтерді жүзеге асыру барысында инвестициялық менеджмент
мына сұрақтарды шешуге шақырады: инвестициялық
қызметтен түсетін пайданы жоғарылату; инвестициялық
тәуекелділікті төмендету; тиімді инвестициялық
қызметтер есебінен жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта ең өзекті
мәселе инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру мен
жүзеге асыруда инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
болып отыр. Инвестициялық бағдарламаны бұл берілген мерзімде
инвестициялық қызметті анықтайтын іс-әрекеттер,
іс-шаралар өткізу орны, ресурстар, мерзімі мен мазмұны бойынша
өзара байланысқан жүйе деп түсінуге болады. Инвестициялық
бағдарламаны қалыптастыру мен жүзеге асыру бұл
өңірлер үшін әлдеқайда тиімді инвестициялық
жобаларды таңдау, оларды жүзеге асыруды жоспарлау мен
бақылау.
Шетел тәжірибесі
көрсеткендей, мемлекеттің рөлі инвестицияны жандандыруды
басты инвестор болуды көздемейді, тек шаруашылықтық
шешімдерді үйлестіруде жиналымдар мен инвестицияны ынталандыруда
институттар құруды көздейді. Мұнда мемлекет пен жеке
секторлар тең дәрежеде әріптес болып табылады.
Ескірген
құрал-жабдықтарды ауыстыру және техника мен
технологияның жаңа түрлерін ендіру мақсатында
әлемдік тәжірибеде табысты қолданылатын тиімді
тәсілдердің бірі инвестициялық салықтық несие
болып табылады. Мағынасы бойынша капитал салымдарымен мемлекеттік
қаржыландыру, ал нысаны бойынша – салықтық жеңілдіктер,
яғни салық салынатын табыс көлемін қысқарту.
Өңірлер
экономикасында өнеркәсіптік өндіріс саласы маңызды роль
атқарады және халықтың өмір сүру
қызметін қамтамасыз ететін
негізгі әлеует болып есептелінеді. Аймақты дамыту мен
шаруашылық субъектілерінің қызметін кеңейтуде ел
экономикасына инвестиция тарту маңызды сұрақтардың бірі. Меншік нысаны бойынша негізгі
капиталға салынған инвестиция көлемі жылдан-жылға
ұлғайып келеді. Мұның өзіндік себептерін айта
кететін болсақ, басқа салаларға қарағанда
мұнайгаз саласына тартылған инвестицияның қайтарымы
бар, аймақта Батыс Қытай және Батыс Европа
индустриалды-инновациялық бағдарламасының
қарқынды жүруі, жергілікті басқару ұйымдары
тарапынан аймақ өнеркәсібіне қажетті инвестиция
көлемін тартуға
қолайлы жағдайдың қалыптасуы деп білеміз.
Бірінші кестеде
қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған
инвестицияның көлемі мен құрылымы
қарастырылған.
1-кесте
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған
инвестициялар, млн.тг
|
Көрсеткіштер |
2009жыл |
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл |
|||||
|
сомасы |
% |
сомасы |
% |
сомасы |
% |
сомасы |
% |
сомасы |
% |
|
|
Негізгі капиталға салынған инвестиция |
171033 |
100 |
246867 |
100 |
222004 |
100 |
255979 |
100 |
371935 |
100 |
|
республикалық бюджет |
27701 |
16,2 |
33108 |
13,4 |
22871 |
10,3 |
32343 |
12,6 |
39355 |
10,6 |
|
жергілікті бюджет |
10 663 |
6,2 |
8737 |
3,5 |
7058 |
3,2 |
11468 |
4,5 |
20613 |
5,5 |
|
меншікті қаражат |
1040 57 |
60,8 |
139139 |
56,4 |
130941 |
58,9 |
158432 |
61,8 |
151238 |
40,7 |
|
шетелдік инвестициялар |
14809 |
8,6 |
3524 |
1,4 |
92 |
0,04 |
19762 |
7,7 |
- |
- |
|
қарыз қаражат |
13803 |
8,2 |
62359 |
25,3 |
61042 |
27,5 |
33974 |
13,3 |
- |
- |
|
банктердің кредиттері |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
151090 |
40,6 |
|
басқа да қарыз
қаражат |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
9639 |
2,6 |
|
Ескертпе- Қызылорда облысы статистика
басқармасының мәліметтері бойынша |
||||||||||
2013 жылы өңір бойынша негізгі
капиталға салынған инвестиция көлемі 371935 млн. теңгені құрап
отыр, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 39355 миллион теңге немесе барлық
қаражаттың 10,6 пайызын құрайды. Ал жергілікті бюджет
есебінен қаржыландыру шамасы 5,5 пайыз. Соңғы жылы
банктердің несиесі мен қаржыландырудың басқа да
көздері қалыптасып отыр. 2013 жылды 2009 жылмен салыстырғанда
өңір бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция
көлемі 2 есеге дейін ұлғайғандығы
байқалады. Оның ішінде
республикалық бюджет пен жергілікті бюджет есебінен
қаржыландыру шамасы сәйкесінше 42,0 және 93,0 пайызға
дейін ұлғайған. Меншікті қаражат есебінен
қаржыландыру деңгейі 1,4 есе артып отыр.
Соңғы
жылдары шет елдік инвестиция тарту көлемі мен қарыз
қаражаттар көлемі біртіндеп азайып, екінші деңгейлі
банктерден несие алу жағдайы қалыптсып отыр.
Салынған
инвестициялардың экономикалық тиімділігі негізінен
инвестициялық циклдың ұзақтылығын
қысқартуға байланысты. Сондықтан инвестициялық циклды
қысқарту кәсіпорындар үшін өзекті мәселе
болып табылады.
Аймақтың
кәсіпорындар үшін инвестиция оның
материалдық-техникалық базасын жаңартумен қатар
бәсекеге қабілетті өнім өндіруді көздейді
Өнеркәсіп
саласының инвестициялық белсенділігін арттыру Қазақстан
үшін экономикалық жаңғыртудың негізгі
алғышарттарының бірі болып, отандық өндірісті
дамытуға ықпал жасайды.
Индустриялық-инновациялық
даму стратегиясын ойдағыдай іске асыру өнімнің бәсекелес
түрлерін өндіру мен экспорттың өсіміне жағдай
жасау және экономиканы әртараптандыру, жаңғырту
негізінде елдің экономикасының ұзақ мерзімді
тұрақты өсімін қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.
Ел экономикасында жеке бастамалар басымдыққа ие болады.
Инвестициялық
қызметтің белсенділігі бұл өңірдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және
бәсекеге қабілетті өнім өндірісін дамытудың
негізгі шарттары болып табылады. Бұл үшін өңірлерде
институционалдық қайта құру жолымен
қоғамдық құрылысты реформалау ғана емес,
сонымен қатар аймақтың аграрлы және
өнеркәсіптік секторына ірі
масштабты инвестицияны тарту қажет.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету және өндіріс
орындарына инвестицияны тарта отырып төмендегі шараларды жүзеге
асыру қажет деп санаймыз:
-
республикалық және жергілікті бюджетті
қалыптастыру мен оның орындалуын
жүзеге асыру барысында
өңірлердің экономикалық әлеуетін жан-жақты
қарастыру қажет;
-
өңірлер үшін жетекші
салалардың экономикалық
әлеуетін тиімді пайдалану
және салаларды әртараптандыру
процесін күшейту;
-
өңірлерде шағын және орта
бизнесті дамыта отырып, жұмыссыздық мәселесін
шешу;
-
бәсекеге қабілетті тауарларды өндіру
мен жаңа қондырғыларды толық меңгере
алатын кадрларды дайындау
мақсатында студенттердің іс-тәжірибесін өндіріспен
үйлестіру.
Пайдаланылған әдебиеттер көзі
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты
2. Мамырова М.К. Эффективность инвестиции в промышленном производстве:
Монография. – Алматы: Экономика, 2001. 230 с.
3. Махницкая Е.И. Формирование эффективной инвестиционно-инновационной
политики юга Казахстана: проблемы и решения. Монография. – Кызылорда. «Тумар»,
2009 г.