Мырзахмет Ғ.К.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ

 

Тарих ғылымы адамзат баласының өткен жолдарын саралап талдап, өткендегі қоғамдық қатынастардың әр саласын мұқият ашып көрсетіп берді. Осы тұрғыдан алғанда дәстүрлі, яғни, көшпелі өмір сүрген қазақтардың әлеуметтік құрылымы қалай болды деген заңды сұрақ туады.

Туыстық-қандастық қатынастарға негізделген рулық тайпалық құрылым сонау Сақ дәуірінен бастау алады. Себебі малға меншіктің әкеден балаға мұра болуы және жайылым жерлерді туыстыққа негізделген шаруашылық біртұтастығы ауылдардың қауымдасын пайдалану қажеттігінен пайда болған. Сондықтан көшпелі мал шаруашылығы жағдайында рулық құрылымның сақталуы көшпелі өмірмен байланысты. Ал жоғарда аталған шаруашылық біртұтастығы – көшпелі ауыл бірге туған, немесе немере әрі кетсе шөбере туысқандардың шаруашылық бірлестігі болып табылады. Өйткені малды көшіп-қонып жайып бағу мал басы санының шөптің шығымдылығымен сәйкестілігінің үйлесімділігін қажет етеді. Малдың саны – бір отар қой белгілі бір радиус көлемінде өскен шөп шығымдылығына байланысты құрылады. Бұдан шығатын қорытынды шөп шығымдылығы - мал саны және көшпелі ауыл арасындағы шаруашылық үйлесімділік болып табылады. Бұндай белгілі бір континенталдық ортада, табиғи-климаттық жағдайға байланысты шаруашылық жүргізудің қалыптасуы адамдардың сол жағдайға бейімделуінен пайда болған.

Оъективті тарихи жағдайларға байлансты қалыптасқан шаруашылық жүйеге сәйкес әлеуметтік құрылым жоғарыда көрсеткендей туысқандық негізде пайда болды. Бір ауылда тұратын адамдар жақын туыстар, олардың мал жайылымы бір, ал мал басы бір отар қойды құрайды. Осындай бірнеше туысқан ауылдар шөп шығымдылығына байланысты белгілі бір ара-қашықтықты сақтай отырып қоныстанады және олардың көшіп-қону маршруттары бір бағытта бірге болады. Бірнеше туысқан ауылдар бірлестігі бір руға жататын бөлімнен – атадан тұрады. Бұндай атаға бірлесу немесе одан әрі руға бірлесу жайылымды бірлесе пайдалану және басқа сырт руларға қарсы шаруашылық, әлеуметтік және саяси тепе-теңдікті сақтау қажеттілігінен туындайды. Көшпелі қоғамдағы ең басты мәселе мал жайылымы – шөбі шүйгін, оты – суы мол жер.

Көшпелі ауыл жоғарыда аталғандай шаруашылық біртұтастық болуымен қатар әлеуметтік біртұтастық болып табылады. Өйткені бір ауылда тұратын 5-6 шаңырақ адамдары жақын туыстар. Олардың малы бірге, жайылымы бірге. Көшпелі қазақтар үшін мал – өмір сүрудің негізгі көзі. Сондықтан «мал ашуы – жан ашуы» деген мақал, немесе амандасқанда бірінші кезекте мал-жан аман ба – деп сәлемдесу мал басының амандығының өмірдегі ең басты мәселе екенін білдіреді.

Көшпелі қазақ қоғамы – рулық-тайпалық құрылымға негізделген тапсыз қоғам. Дегенменде таптық қатынастардың кейбір элементтерін жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, мал жайылымы үшін ұдайы болып тұратын өзара тартыстар нәтижесінде жайылымы тарылған жекелеген көшпелі ауылдар, немесе ауылдар тобының мал басы санының жыл сайын кеміп, шаруашылық дағдарысқа түсуі табиғи құбылыс. Бұндай ауыл немесе ауылдар кедейленеді, көшіп-қонып өмір сүру қажеттілігінен айырылып жатаққа айналады. Күн көріс үшін тұрпайы еңбек құралдарын пайланып егіншілікпен күнелтеді. Бұндай кедейленген ауылдар саны қазақ жерін патша үкіметінің отарлауымен байланысты XIX ғасырдан күшейе түсті. Дегенменде бұндай жағдайдың болуы жалпы дәстүрлі көшпелі қоғамның мазмұны мәнін түбегейлі өзгерте алмайды.

Туысқандыққа негізделген рулық қатынастар көшпелі қазақ қоғамының дәстүрлі кезеңінің шаруашылық өміріне байланысты құрылымы болып табылады. Және бұл құрылым нақты сол тарихи жағдайға сәйкес тарихи қажеттіліктерден туындағын құрылым екендігінде.  Сондықтан, бұл мәселені әрі де тереңінен зерттеп осы кезеңге дейін қалыптасқан көшпелі қоғам туралы таптық тұрғыдағы көзқарастарды дәстүрлі қоғам өмірінен туған қатынастар тұрғысынан қарастыру қажет. Қазақ халқының этникалық бірлестік-халық болып қалыптасуы өзіндік ерекшеліктермен өте күрделі. Соның ішінде жүздердің пайда болып қалыптасуы айрықша тарихи-ғылыми қызығушылықты туғызатын кұбылыс. Халқымыздың жүздерге бөлінуі немесе оның кұрамьндағы көшпелі тайпалардьң жүздерге бірлесуі, қай уақытта, қоғам дамыуының қандай қажеттілігінен туындаған географиялық ортамен байланысты, экономикалық-әлеуметтік және саяси алғышарттардан туындағандығы әлі де тарих ғылымында өз шешімін таппаған мәселелердің бірі. Әрине бұл мәселені тарихшылар ескерусіз қалдырды деп айтуға болмайды. Көптеген зерттеушілер еңбектерінде арнайы ізденіс объектісі ретінде карастырылмаса да, қазақ халқының қалыптасуы турасында бұл мәселеге жанамалай талдаулар жасауға талпыныстар баршылық. Солардың ішінде, қазақ халқының аңыз эңгімелері негізінде атакты ғалым Ш.Уәлиханов тұңғыш рет қазақ жүздерінің біртұтас қазақ халқын құрайтындығы туралы мәлімет береді [1]. Мәселенің зерттеу деңгейіне алғашқы жан-жақты талдаулар және тарихнамалық шолу В.В.Вострев және М.С.Мұқановтың "Родоплеменной состав и расселение казахов" еңбегінде ретке келтіріліп жүйеленген [2].

Қазақ халқының тарихы жөніндегі "Қазақтың қилы тарихы" деген еңбегінде белгілі жазушы -тарихшы Қ. Салғарин жүздердің пайда болып қалыптасуы туралы халық шежірелеріне талдаулар жасап, мәселені мұқият зерттеудің,ғылыми ізденістердің қажет екендігін көрсетеді [3].

Халық ауыз әдебиетінде сақталған аңыз әңгімелерде де жүздердің пайда болуына қазақ халқының рулық- қандастық қатынастары негізінде жауап іздеушілік басым. Халық бірлігінің ара-қатнастарындағы мәселелерді ретке келтірудің сол заманындағы бірден-бір оңтайлы жолы оның шығу тегінің ортақтығынан деп, туыстық-қандастық қатнастарды алға тарту рулық қатнастардың үстемдігінен туған құбылыс болуы керек.

Кез-келген оқиғалардың өрбуі барысы белгілі бір қисындылықпен байланысты. Сол сиякты, көшпелі қоғамдағы да шаруашылық өмірдің әлеуметтік және саяси мәселелерге негіз болатындағы дау туғызбаса керек.

Жүз деген сөздің не мағынаны білдіретіндігі, сандық па жоқ әлде басқаша ма? Сандық мағынаны білдіретіндігін халқымыздың аңыз әңгімелері бойынша жаксы білеміз.  Бүл мәселе жөнінде қалыптасқан ғылыми көзқарас «жүз» деген сөздің араб тілінен енген кіріккен сөз екендігі және оның мағынасы «бөлік» немесе «жақ»деген ұғымды білдіретіндігі. Себебі VIII ғасырдан басталған Орта Азияны араб жаулап алушылғы және одан кейінгі жалғасқан ислам дінінің таралуы, араб әлііппесінің негізгі жазба қүралына айналуы түркі тіліне араб сөздерінің көптеп енеуіне алып келеді. Сонымен бірге, көшпелі қоғамның үстем жағдайдағы әлеуметтік топ өкілдері балаларьн арапша оқыттуға тырысты. Сондықтан қоғам өміріндегі көптеген оқиғаларға немесе кұблыстарға берілген атау араб тілінен енген сөздермен берілуі әбден мүмкін. Жүз деген сөздің «бөлік» немесе «жақ» деген мағынаны білдіруі және олардың қазақ қоғамындағы тайпалар бірлестігін анықгайтьндығы қисынға келеді. Бұл жерде айта кету керек, қазак, қоғамының жүзге бөлінуі емес, әу баста, көшпелі тайпалардың жүздерге бірігуі процессі. Жүздерге бірігудің басталуының шаруашылық өмірден бастау алғандағын дәлелдеуге тырысьп көрейік. Қазіргі кезде Қазақстан тарихы бойынша  кеңінен мәлім тарихи дерек Батыс түркі кағанатындағы, Түркеш кағандығы құрамындағы он оқ бүдүн көшпелі тайпалардың бес нушиби, бес дулу немесе сары түргеш және қара түргештер болып бөлінуі Шу өзенінің екі жағы арқылы аныкталатындығы. Міне осы тарихи құрлымдардың сабақтастығы қазақ халқы кұрамындағы жүздер. Осындай шаруашышылқ-әлеуметгік кұрлымдардың кейін біртіндеп саяси бірлестіктерге айналуы қоғамның дамуымен және одан туындаған қажеттіліктермен байланысты болуы керек [4]. Көшпелі мал шаруашылығының тіршіліктің негізгі көзі жағдайында көшпелі тайпалардың ең басты міндеті малды жем-шөп, шұрайлы жайылымен қамтамасыз ету. Көшіп қону бағыттары жазда салқын, суы-оты мол жерде, қыста қар аз түсетін, ықтасынды, жазда шөбі желінбеген жерлерге барып қоныстану. Жоғарыда көрсеткендей Шу бойы мал қыстатуға өте қолайлы алқап және көптеген көшпелі тайпалардың қатар қоныс тебуіне мол мүмкіндігі бар жер. Сондықтан күздің орта және аяққы кезінде бүл алқапқа Алатау баурайына малды жайлауға шығаратын тайпалар, солтүстік шығыс, солтүстіктегі арқа жерінен, солтүстік батыс және батыс Қаратау баурайынан малды жайлаудан көшірген тайпалар қыстауға келетін. Ал жазғытүрым қар еріп, алғаш көк шығып, мал төлдеген соң, бауырын көтерген малды көшпелілер жайып бағьп жайлауға бағыт алатын. Міне осы арада жүз деген сөздің атау ретінде пайда болуы, қалыптасуы занды кұбылыс сияқты. Көктемде әр түрлі тайпалардың әр жаққа көшуі, яғни әр жүзге көшуі бағыты болса керек. Сондыктан жүз деген сөз алғашқы өзінің колдануында таза шаруашылық өмірден туындаған үғым екендігі көшпелілер қоғамының экономикалық ерекшеліктерінен шыққандығы қисынға келетін түжырым сияқты. Бұл ұғымның алғаш пайда болуы кезінде ол көшпелі тайпалардьщ барлығын қамтымаған болуы керек. Тек, кейін бірте-бірте әр жақгағы тайпаларды сырттан жалпылама атаған кезде, мәселен, оңтүстіктегі Шу бойын қыстамайтьн тайпаларды да сол топқа қосып атау, кейін рулық тайпалық саяси бірлестіктердің қалыптасуына алып келді.

 

Әдебиет

1.          УалихановШ.. Сборник -сочинений в пяти томах. IT. -С. 401-402.

2.          Востров В.В., Муканов М.С.. Родоплеменной состав и расселение казахов. Алма- Ата 1968. -С.9-22

3.          Салғарин К.. Қазактың қилы тарихы. Алматы 1992. -155-166 бб.

4.          Востров В.В., Муканов М.С.   Родоплеменной состав и расселение  казахов. Алма-Аты 1968.-С. 13.