ӘОЖ:78-908.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ
МАҢЫЗЫ
РОЛЬ
МУЗЫКАЛЬНОГО ВОСПИТАНИЯ В ФОРМИРОВАНИИ ПОЗНАНИЯ У ШКОЛЬНИКОВ МЛАДШИХ КЛАССОВ
ROLE
OF MUSICAL EDUCATION IN FORMATION OF KNOWLEDGE AT SCHOOL STUDENTS OF ELEMENTARY
GRADES
А.Б.Жардемова,
Р.Б.Досқалиева
М.Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
аға оқытушылары
Түйін:
Мақалада бастауыш
сынып оқушыларының танымын қалыптастырудағы музыкалық тәрбиенің маңызы қарастырылады.
Резюме:
В статье
рассматривается роль музыкального воспитания в формировании познания у школьников младших классов.
Resume:
In article the role of musical education
in formation of knowledge at school students of elementary grades is
considered.
Тірек
сөздер:
бастауыш сыныптардан музыка сабақтарын жүйелі өткізе
отыра, балалар бойында музыка тыңдату арқылы сезімді ояту.
Ключевые слова: в начальных классах систематический проводя уроков музыки
и слушая музыку пробуждать чувства.
Keywords: in initial classes systematic carrying
out lessons of music and listening to music to wake up feelings.
Әр адамның бойында
өзіне тән қасиет
болады, әрине ол өз ата-бабасынан немесе ата-анасынан әр
балаға түрлі берілуі мүмкін.
Ал, сол қасиетті, сол
қабілетті одан әрі дамытпаса, ол дамымай қалуы мүмкін.
Бала мектепке келгеннен кейін олардың бойындағы қабілеттерін
дамыту, тәрбиелеу ұстаздың міндеті.
Мектепке дейін балалардың
бойларындағы қабілеттері балабақшада немесе отбасында оянып,
сол қабілеттерін бастауыш сыныптарда жалғастыра білген балалар да
болады. Жалпы балалардың барлығы, әрине мектепке келгенде
бірдей дамып келмейді. Бойында ешқандай да қабілеті жоқ адам
болмайды, әсіресе «әу» демейтін адам болмайды, сондықтан да
олардың бойларындағы өнердің қай саласына бейім
жатқан қабілеттерін дамыту үшін музыка сабағын
жүйелі қызықты өткізу, соның ішінде музыка тыңдау, бастауыш сынып
оқушыларының сезім пернелерін ояту арқылы олардың
шығармашылық қабілеттерін дамытады. Кейбір оқушылар
көркемсуретке, қайсібірі ән айтуға, би билеуге, аспапта
ойнауға бейім болса, кейбірінің бойында ақындық,
жазушылық, әртістік таланттар бұғып жатуы мүмкін.
Қайнар бұлақтың көзін ашқандай
мұғалімнің жүйелі түрде білім беруі арқылы
баланың бойындағы осы қабілеттерін дамытуға болады.
Тыңдаған музыкалық шығармаларына байланысты
оқушылардың өздерінің түсінгендерін, көз
алдына елестеткендерін музыканы талдау кезінде тиімді сұрақтар беру
арқылы көз жеткіземіз. Сабақ соңында қайталап
тыңдау, оқушылардың өз қиялын нақтыландырып
тиянақты түсінік берулеріне мүмкіндік туғызады. Осы
тыңдаған музыкалық шығарманың әуенін еске
сақтап, көз алдына елестеткен түсініктерін кім қалай
бейнелей алады, сол бойынша суретпен бейнелеуге, әңгіме,
өлең шумақтарын құрастыруға,
мүсіндеуге болатындығын үйге тапсырма беру арқылы
дамытасыз. Осылай тапсырма беруді әдетке айналдырып,
оқушылардың
қабілеттерін, үй тапсырмасының орындалу барысында
үнемі қадағалап отырғанда ғана
оқушылардың қайсысының бойында қандай
қасиет бар екендігін байқап, болашақта әр баланы
қай салаға қарай бейімдеуіміз керектігін білеміз.
Музыка
мұғалімінің зерттеу жұмыстарын жүргізе білуі –
баланың танымы дамуына сай музыкалық білім мен тәрбиені
берудегі шешуші фактор. [3].
Қоршаған
ортадағы, қоғамдық өмірдегі өзгерістерге
байланысты қойылып отыратын жаңа талаптардың
күнбе-күн өсуі мұғалімнің өмірден
кенде қалмай, білімін үнемі жетілдіруін қажет етеді.
Оқушылар сабақтарда
ақпараттық құралдардан естіген әндерін
айтуға құмар келеді. Музыка сабағы үнемі тақырыптар мазмұнын
аша алатындай шығармалармен толықтырылып отыруы қажет.
Жалпы
сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс,
ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат, аралас сабақ түрлерін жиі
өткізуі әдетке айналғаны жөн. Заман талабына сай
оқытудың жаңа технологиясын игере отырып,
пәнаралық байланысқа үнемі көңіл бөлу
қажет. [5].
Мысалы, жаңашыл
педагог Ш.Амонашвилидің әдісінде
дидактикалық ойындарға аса мән беріледі. Ойындар
баланың танымдық ынта-ықыласын күшейтіп, оқытудың
қиын үрдісін жеңілдетудегі рөлін айқын
көрсетеді. Ойын түрін оқу үрдісінде жаңа
сабақты пысықтау, қорытындылау, қайталау бөлімдерінде пайдалану тиімді. [4].
Ойын деген аты ғана, ал шынында ол
сабақтың, еңбектің жиынтығы. Материал оқушыларға
музыкалық тәрбие беру жөніндегі мектеп бағдарламасына сай талаптарға
тығыз байланысты болуы қадағаланады. Мысалы, балалар
әні «Баспалдақ» бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай үйретіледі
және соған сәйкес өзіндік мақсат қойылады.
Мақсаты: дыбыстың қай
бағытта және дыбыстың биіктігін анықтау.
Көрнекілігі: екі
төртбұрышты кәртішке, онда бес басқышты баспалдақ
суреттеледі. Бірінші кәртішкеде басқышпен көтеріліп келе
жатырған қыз суреті болса, ал екінші кәртішкеде түсіп
келе жатырған суреті.
Қолданылу әдісі:
«Баспалдақ» әнімен танысып болғаннан кейін,
мұғалім фортепиано аспабында ойнап, балалардан
қыздың
баспалдақпен жоғары
немесе төмен түсіп келе жатқанын сұрайды. Соған
сәйкес суреттейтін кәртішкені көрсетеді.
Бастауыш сынып
оқушыларының музыкаға
деген қызығушылықтарын арттыру, сабақта таныстырылған әртүрлі музыкалық
аспаптарды естеріне сақтап қалу үшін
музыкалық-дидактикалық ойын түрін ұйымдастырып,
сабақты қорытындылауға болады:
«Музыкалық үйшік» -
музыкалық-дидактикалық ойыны.
Мақсаты: әртүрлі музыкалық аспаптардың дыбыс
бояуын айыру.
Көрнекілігі: тақтайшадан
немесе картоннан алты терезелі
үйшік жасау және терезелердің өлшемімен алты кәртішкеде әртүрлі аспаптар
суреті (бубен, барабан, үшбұрыш, тәрелке, кселлофон,
металлофон).
Қолдану әдісі: музыка
мұғалімі оқушыларға үйшікті көрсетеді.
Үйшікте көңілді әуен естіліп тұрады, олар
әртүрлі аспаптарда ойнайды. Мұғалім әртүрлі
аспаптарда қарапайым ырғақта әртүрлі
әуендер ойнайды. Оқушылар бұл аспаптарды көрмеу керек.
Есту қабілеті бойынша оқушы керекті кәртішкені алып,
үйшіктің терезесін жабады.
Бастауыш
сыныптардағы музыкалық тәрбие мазмұны
төмендегідей бағыттарда ұйымдастырылуы мүмкін:
-
музыка
тыңдату;
-
ән
үйрету;
-
музыкалық-дидактикалық
ойын.
Әрбір бағыт
өз мақсатына сай құрылады. Сабақ тақырыбына
байланысты мақсаты мен міндеттері анықталады. Мысалы, музыка
тыңдатудың мақсаты -
тыңдап, қабылдай білуге дағдыландыру, есту
қабілетін арттыру. Сонымен қатар, би өнері немесе ойын
арқылы балалардың ырғақты сезінулерін, есту
қабілеттерін қалыптастыру, дамыту басты міндет болып саналады.
Бастауыш сынып
оқушылары тез шаршағыш келеді. Сондықтан, сергіту
сәтінде де музыкалық таным мәселесін жалғастыруға
болады. «Күн мен Жаңбыр» ойынын пайдалануда «Күн»
көңілді, ашық-жарқын әуен, «Жаңбыр»
мұңды әуен деп музыка әуенін анықтау арқылы
немесе т.б.
Жалпы алғанда,
бастауыш мектеп оқушыларының музыкалық танымын тек музыка
сабақтары арқылы ғана емес, сонымен қатар сыныптан тыс
іс-шаралар, тақырыптық кештер, кездесулер, қойылымдар
және т.б. арқылы қалыптастыруға болады.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін жұмыстар нәтижелі болу
үшін оның талаптары мына мақсаттармен байланысты болуы
қажет:
Біріншіден,
бастауыш сыныптарда жүргізілетін жұмыстарды нақты
уақытпен шектеуге болмайды. Ол өтілетін тақырып, жұмыс
ерекшелігі, балалар жас шамасына байланысты болуы керек. Яғни,
балалардың жас ерекшелігі, музыканы қабылдауы,
өткізуінің шеберлігі, тақырыптың танымдылығына
байланысты. Мысалы, бір тақырыпты немесе бір әнді жеке баламен,
сынып ұжымымен де өткізу-үйретуге болады. Дегенмен де,
бастауыш сыныптарда жүргізілетін музыкалық жұмыстардың
уақыт мөлшерін тым көбейтуге болмайды. Бұл жүйе
музыканы тыңдау мәдениеті қалыптаспаған балаларға
қатысты пікір. Сондықтан да, уақыт ұзақтығы
оқушылардың өтілетін тақырыпқа деген ынта -
жігерін әлсіретуі мүмкін.
Екіншіден,
музыкалық - танымдық жұмыстарды, концерттерді,
ойын-сауық іс-шараларын музыка мұғалімімен қатар,
бастауыш сынып мұғалімі де өткізеді.
Үшіншіден,
жұмыстарда аракідік болса да
балалардың алған білімін қорытындылап, тексеріп
отырудың өзге жүйелерін іске қосуға
мүмкіндік туады (сұрақтарға жауап беру, тапсырмалар
беру арқылы түрлі-түсті карточкаларды, дидактикалық
ойындар пайдалану, ашық сабақтарға даярлау барысында т.б.).
Музыка
мұғалімі игерілетін
материалдарды әркез қадағалап, олардың бір-бірін
толықтырып отыруына ерекше мән беруі қажет.
Музыканы
тыңдап, қабылдау
үрдісінде алдымен көңіл аударатын мәселе —
оның мазмұны және мәні. Бастауыш сынып
оқушыларының музыкалық танымын
қалыптастырудың кейбір тарихи - теориялық мәселелерін
қарастыра кетсек.
Кез-келген
музыкалық шығарма – өмірдегі оқиғаларға
байланысты туындайды. Сондықтан, музыканы сезімдік - эмоциялық
қабылдаумен қатар, оған саналы түрде мән беріп,
мазмұнына жете көңіл бөлген жөн. Бұл
бастауыш сынып оқушыларының музыкалық шығарманы
терең түсіне білуіне танымының қалыптасып, әр
тыңдалған музыка жаңа белгілі
бір тұжырымға келуіне мүмкіндік тудырады. Психолог мамандар
мұндай қабылдауды "заттар мен құбылыстардың
мида тұтастай бейнеленуі" - деп сипаттайды.
Олай болса,
музыкалық туынды тұтас қабылдануы тиіс. Оның
көркемдік құралдары, музыкалық тілі туралы білігін
дамыту шығарманы талдау кезінде тереңдетіле түседі.
Музыкалық туындыны қабылдап, түсіне білуде
қызығушылық және қиялдың қызметі
ерекше. Баланың тыңдалатын музыка туралы қиялы
неғұрлым кең, қызығушылығы басым болса,
танымы соғұрлым тереңдей түспек. Мысалы, музыка
сабақтарының бірінде халық күйшісі
Құрманғазының "Балбырауын" күйін
ешқандай танымдық түсініксіз тыңдатқанда, ол
оқушыларға айта қаларлықтай әсер етпеуі
мүмкін. Себебі, оқушылардың Құрманғазы
заманы, оның тағдыры туралы
түсінігі аз болады.
Бұл
күйді екінші қайтара тыңдатудың алдында
халық композиторының
тағдыры жайлы
әңгімелер айтып, Құрманғазы өмірін
нақтылы бейнелейтін түрлі көрнекілітерді пайдалану
нәтижесінде оқушылардың сол мағлұматтар туралы
түсінігін кеңейтіп алу
қажет. Осындай алдын-ала дайындықтан кейін ғана
оқушыларға күйді екінші рет тыңдатқанда олар
эмоциялық әсерлікпен, ерекше сезіммен тыңдауы мүмкін.
Демек, оқушылардың тыңдалатын музыкалық туынды туралы
түсінігі төмен болса, қабылдауы әлсіз және
керісінше болады. Оқушының қиялы мол, бай болса ол
соғұрлым музыканы терең қабылдай біледі.
Музыкалық
танымды қалыптастыру оқу
сатыларының кез-келген сатысында жүргізілуі тиіс. Бастауыш сынып
оқушыларының музыкалық танымын қалыптастыру
мәселесіне келер болсақ, бұл міндеттің табысты
шешілуіне жағдай тудыратын бірқатар педагогикалық нысандар
мен әдіс-тәсілдерді ескеру қажет болады. Музыкалық
танымды қалыптастырудың түрлі жас мөлшеріндегі
оқушылардың әртүрлі жағдайда өтетіні
белгілі. Осыған орай, музыкалық танымды қалыптастыру
үрдісі мен оның нәтижесі негізінде жекеленген
ерекшеліктердің туу мүмкін. Бұл түсініктер біртіндеп
тұрақтанып, адамның қоғамдық өмірді
танып-білудегі табысының динамикалық өсуін қамтамасыз
етеді. Мұндай өзгешеліктерден өту – музыкалық
танымның қалыптасу жағдайына байланысты. [6].
Егер, музыкалық бағдары
жағынан эстетикалық туынды жері, тұлға
табиғатының тұрақты қасиетіне жасының
қалыптасу мөлшеріне қатысты болса, онада музыкалық
таным үрдісі де ерте қалыптасады. Жас мөлшеріне сай даму
динамикасына келсек, оқу-тәрбие мазмұны
тыңдаушының музыкалық танымының белгілі бір сатысында
игеретін психологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі шарт.
Психология
ғылымының талаптары бойынша 10-11 жасқа дейінгі
оқушылар бастауыш сынып болып саналады. Біздің міндет –
олардың музыкалық танымына әсер етуші факторларды
халықтық музыка негізінде анықтау. Себебі, музыкалық
танымды қалыптастыру – мектеп оқушыларымен жүргізілетін
жұмыстың басты ерекшелігі. Оның музыкалық сауатын ашу
арқылы осы кезге дейін қалыптасқан музыкалық танымы
өз ерекшеліктер және қажеттіліктерімен оның
қоғамдық өміріне енеді. [2].
Музыкалық танымды
дамытудың маңызды кезеңі – көркем сананың
қалыптасуы. Білім алудың алғашқы кезеңінде
барлық оқушылар бірдей ақыл тоқтата
қоймағандықтан, олардың
мінез-құлқынан ерекшеліктер байқалып тұрады.
Олардың музыка мәдениетінің қайнар көзіне деген
құштарлығы бірте-бірте пайда болады. Олар әсем де
әуезді саздың қоғамдағы
орнын, оның қасиеттерін білумен бірге, қандай тарихи
ақпарат беретінін де сезінгісі келеді.
Музыкалық
танымға деген қызығушылық – қызық әрі
маңызды педагогикалық үрдіс. Себебі, дәл осы
танымдық үрдіс арқылы қажетті білім деңгейін
меңгеруге болады. Осы негізде тәрбие беру міндеттерінің
ауқымы кеңіп, көркемдік қызығушылық, тарихи
көзқарасты қалыптастырудың да мүмкіндіктері
туады. Бұл үрдіс оқушылардың біліктілігін
жан-жақты кеңейтіп, мол тәрбие жұмыстарын жүзеге
асыруға жағдай жасайды. Бұл кезеңнің
маңыздылығы оқушылардың жадында музыкалық
танымның қалыптасуымен дараланады. Педагогтік ұжымының
мұндай үрдістің қалыптасуын жекеленген ой –
пікірлердің тууы негізінде байқағаны жөн.
Психология ғылымы
әркімнің өз еркімен іс-әрекет жасауға қадам
басу кезеңі болады деп санайды. Бұл кезең
оқушылардың ой-сезімінің сапалық жағынан өсуімен
де ерекшеленеді. Мұның бәрі олардың өз бетінше
және оқу үрдісінде қабылдайтын тарихи
ақпараттың қаншалықты күрделі әрі
маңызды екендігін сезінуге
итермелейді. Егер, оқушылардың өз халқының
музыкалық өнеріне деген құштарлығы болса, онда
өнер туындыларына деген танымды қалыптастыру да жүйелі
сипатқа ие болады. Оқушыны музыка өнеріне баулу ісінде
оның өзіне және жас мөлшеріне тән ерекшеліктерін
ескерген жөн. Оқыту ісінде психологогиялық үрдіс
ұлттық танымды дамыту үстіне педагогикалық бағдар
берудің мазмұнын да айқындайды. [1].
Музыкалық туынды
тыңдаушыдан эмоциялық негіздегі қабылдаумен қатар
саналы түрдегі талдауды да талап етеді. Мұның өзі
тыңдаушының музыканың көркемдік құралдарын
игеріп, мазмұнын және форманың бірлігін туындайтын
көркем құбылыстардың маңызын түсінеді деген
сөз. Оқушылармен жұмыс үстінде
көркемдік-эстетикалық танымының тереңдеуіне орай
музыкалық ақпарат көлемін де ұлғайтып
отыруға болады. Көркем таным оқушының
тұрақты белсенділік деңгейін танытатын жеке
тұлғаға тән қасиет болғандықтан,
оның жас ерекшелігі жағынан қалыптасу үрдісі де ерекше
назар аударады. Себебі, оқушы
жеке тұлға ретінде, бір жағынан, өзінің
өсу-өркендеу жолында, екіншіден, педагогтік тұрғыдан
әсер етудің нәтижесінде қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Иванченко Г.В.
Психология восприятия музыки.- М.,2001
2. Бочкарев Л.Л. Психология музыкальной
деятельности. - М.,1997
3. Халабузарь П., Попов В., Добровольская Н.
Методика музыкального воспитания.- М.,1998
4. Школяр Л.В. Музыкальное образование в школе.-
М.,2001
5. Нағымова М.М.
Өнер әлемі.,Оқу-әдістемелік құрал.- А.,
2004
6.Бордовская Н.В. Методология научного
поиска педагога-исследователя.
C- Петербург. 2000 г.