ӘОЖ 371.3:001.895
Абдуллаева А.М., Кадырова А.С.
Гуманитарно-технический институт
«Акмешит»
Педагогикалық
технология элементтерін қолдана отырып, студенттерге сапалы білім беру
жолдары
Қай
елдің болмысының өсіп-өркендеуі, өркениеттік
дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім
жүйесінің даму бағытына байланысты оқу адамның
техникалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты оқушы психикасы да үнемі
дамып, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Еліміздегі
өзгерістер, қайта
жаңғырулар білім беру жүйесінің мазмұнын байытып,
білімді жеке тұлғаға бағыттап, оқушының
қабілетін, дарынын дамытып,
дамыған бай тұлға қалыптастыруда үлкен
мақсаттар жүктеп отыр. Инновациялық білім - іскерліктің
жаңа түрі және бұл технология пәндерінің
мазмұнын тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік
шеберлігін арттыруға, оқу ісін дамытуға бағытталған.
Қазіргі
уақытта Қазақстанда білім берудің үлгілері
қалыптасуда. Атап айтсақ, жаңа оқыту
технологиялары «Дамыта оқыту»,
«Интерактивті оқыту», «Модульдық оқыту», «Деңгейлеп
оқыту», «Қашықтан оқыту» үлгілері
оқушылардың өз бетінше ізденуіне, шығармашылықпен
жұмыс істеуіне және шығармашылық қажеттілігін
қанағаттандыруға, сөздік қорларын дамытуға
бағытталады.
Мұғалім
шеберлігі қаншама жоғары болмасын,
егер мұғалім баланың өз белсенділігін
туғыза алмаса, оған ұсынылған іспен, еңбекте
оқушының әрекетке қатынасуы күткен нәтиже
бермейді.
Жаңа
оқу технологияларының бірі дамыта оқыту – күрделі
құрылымды педагогикалық жүйе болып табылады.
Сабақта дамыта оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді
жағы оқушының іс әрекетін ұйымдастыру, яғни ақыл-ойы мен өзіндік
тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде
меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Оқушыларды
шығармашылық жұмыстарға баулып, олардың
белсенділігі мен дербестігін, қызығушылығын арттыра
түсу үшін әр түрлі әдіс тәсілдерді
қолдануға болады. Дамыта оқу дербес жұмыс істеуге,
алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Оқушылардың
қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай
лайықталып жасалған арнайы бағдарламамен оқытылады.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлаумен практикалық
әрекеттері арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін
сабақтарды дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал,
мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше
қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайды
түсіндіріп қоюшы, бастаушы, бағалаушы емес, танымдық
іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің
ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Мақсаты оқушыларға дайын пәндік білім беру.[1]
Сондықтан
сапалы оқытудың жаңашыл әдістері, шығармашыл,
қабілетті оқушылар дайындау үшін дамыта оқыту
жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.
Арнаулы
пәндерді сапалы оқыта отырып, дамыту мәселесіне
арналған жаңа ережелер дәстүрлі оқытуға
өзгерістер енгізуге ықпалын тигізеді. Оқыту барысында
оқушының ақыл-ойын, қиялын, т.б. танымдық
үрдістерін дамытып қоймай, оқушының әр
түрлі әрекеттің субьекттісі болып, қалыптастыратын
қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарады.
Сапалы оқытудың мәні үш құрамдас
бөліктермен анықталады: үлгіні көрсету; түсіндіру;
бақылау, бағалау.[3]
Яғни,
мұғалім сабақ мазмұнын айтып, түсіндіріп
шығады. Содан соң, оны меңгеруге арналған
жаттығулар орындайды.
Бұдан
кейін қалай меңгергенін анықтау мақсатында сұрау,
бағалау ұйымдастырылады. Әрине тақырып
әртүрлі болып өткізілуі тиіс. Мысалы: өзі айтып бермей, кинодан, үнтаспадан
тыңдау немесе көру, оқушыға оқыту т.б
Қалай
болғанда да өзімізге таныс иллюстрациясы түсіндірме
әдісінің қатаң тәртібі сақталу керек.
Оқушыдан ыждағатпен
тыңдап, мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі. Сапалы
оқыту оқушының
ізденушіліқ, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты
назарда ұсталады. Ол үшін оқушы өзінің
бұған дейінгі білетін амалдардың, тәсілдердің
жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезілетіндей
жағдайға түсу керек.
Содан барып оның білім алуға ынта-ықыласы артады,
білім алуға әрекеттенеді.
Ең бастысы сапалы
оқытудың әр мұғалімнің түсінуі,
жүрегімен қабылдауы, арнайы педагогикалық дайындықтан
өту қажеттігін сезінуі керек.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын,
әдістерін, технологияларын таңдаудың көп
нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл оқу
орындарының мұғалім-педагогтарына өзіне
оңтайлы,қолайлы нұсқаны қолдануға,
педагогикалық процесті кез келген үлгімен құруға
мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда арнаулы пәндерде дамыта
оқытуды пайдалануда
мұғалімнің басты міндеті оқу материалын
оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен
бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға
қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің
тәілдерін жолдарын іздестіру. Мұғалімнің негізгі
міндеті: өз ойын, пікірін айтқысы келген оқушыны
тыңдау, ой-пікір білдірушінің жағына шығып, оның
логикасын түсіну, қате пікірді бірден жоққа
шығармай, оқушылардың өзара пікір алысу барысында
елеусіз түзету.
Оқытушының сабақ барысында дамыта оқыту,
модульдік оқыту, интерактивті оқыту технологиясын, оқу мен
жазуды сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша арнаулы
пәндерді оқытуда жаңашылдықпен,
шығармашылықпен пайдалану басты мақсат болып табылады.
Оқушыларға білім берудегі
озық технологиялардың бірі- деңгейлеп оқыту
технологиясы. Бұл технология дарынды баланы анықтауға көмектеседі және деңгейлік тапсырмаларды орындауда топ білімінің қаншалықты
дәрежеде екендігін білуге болады. Деңгейлеп оқытуда
оқушы өз жұмысындағы жетістіктері мен кемшіліктері
туралы біліп, өз жұмысына талдау жасайды. Деңгейлік
тапсырмаларды орындау кезінде оқушының адамгершілік, ұйымшылдық
, еңбек және эстетикалық тәрбиесі қалыптасады.
Қашықтан оқыту технологиясы мұғалім
мен оқушының бір-бірінен
алыста отырып, білім алу үдерісіне негізделген. Бұл
технологиядағы құрал – компьютерлік телекоммуникация
жүйесі. Оқыту материалдары кез- келген көлемде, кез-келген
уақытта, кез- келген жерге жеткізіледі. Ол материалдар
компьютеріңізде сақталады. Оқытуда қолданылатын
бақылау түрлері : тест, реферат, түрлі жобалар,
шығармашылық жұмыстар түрінде тексеріледі.[4]
Біліктілікті арттыру
жүйесінде соңғы уақыттарда отандық
педагогикалық технологиялармен қатар шет елдік, олардың
ішінде әлемдік озық идеялар негізінде жасалған жобаларды
қолдану жақсы нәтижелер беруде. Солардың бірі - американдық
педагог–ғалымдар Чарльз Темпл, Куртис Меридит, Джинни Стилл ұсынған
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту».
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарға Жолдауда «Ғасырдағы
экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстың негізгі
жетекші күші – адамдар,
олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі» деп атап көрсеткен
болатын. Талантты тұлға қоғамның дамуына да,
экономиканың өрге басуына
да елеулі үлес қосады. Олай болса, болашақ
ұрпақты жан- жақты дамыған, білімде де қабілетті
адам етіп тәрбиелеудің маңызы зор. Әр баланың жеке қабілетіне
қарай ой-өрісінің дамуына көңіл бөліп,
оның дербес тұлға ретінде қалыптасуына еңбек ету- әрбір
мұғалімнің борышы.
Әрбір
педагогикалық технология
өзіндік әдіс-тәсілдермен оқытушының ізденісі
арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне
қарай іріктеледі. Оқушыларға жүйелі білім беру
алған білімі негізінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру
сияқты оқу үдерісінің негізгі мәселелері
арқылы жүзеге асады.
Сондықтан, сабақ беру әдістеріне әрқашан
көңіл бөлініп, оны жетілдіру күн тәртібінен
түспей келеді.
Қазіргі
нарықтық жағдайымызда болашақ мамандардың
білімді, мәдениетті саналы етіп, тәрбиелеуде егеменді елімізде
оның ішінде кәсіптік білім беретін пәндерді сапалы
оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр. Жаңа технологиялық
әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру
олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру
болып табылады. Уақытты дұрыс пайдалану әр түрлі
әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды қызықты
өткізу оқытушының жеке басының интелектісін, оқу
іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу жеке
тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару
–оқытушылардың педагогикалық шеберлігі.
Сын тұрғысынан
ойлау-өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты
пікірлесіп, талдау жасап отыру. Оқушы санасын сол тақырыпқа
байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, пікірлесу топтасу. Сын
тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау, өз
даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге
жетері сөзсіз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Методические указания к
применению в учебном процессе активных методов обучения / Сост. Л.В.Карташова,
Т.В.Никонова. М.: Изд-во Рос. экон. акад., 1998.
2.
Панфилова А.П.
Игротехнический менеджмент. Интерактивные технологии для обучения и
организационного развития. Учебное пособие. – СПб: ИВЭСЭП, «Знание», 2003.- 536
с.
3.
Әбілқасымова А.Е.,
СадықовТ.С. «Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық
негіздері» Алматы., ғылым, 2003
4.
Кеңеш Ә.С «Болашақ
мұғалімдердің әдістемелік дайындық жүйесін
дамыту» Астана, 2003.
5.
Нағымжанова Қ.М
«Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім
қызметінің психология-педагогикалық негіздері» Өскемен
қ., 1999.
6.
Мырзабаев А. Оқушылар
шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың
дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2005 ж.