ӘОЖ 378: 005.336

КӘСІПТІК БІЛІМ  МАМАНДАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Магистр-аға оқытушы Жунисова Н.А.

 

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

РЕЗЮМЕ

В данной статье рассмотрены вопросы профессиональной компетентности преподавателя в формировании у будущих специалистов навыков, деловых качеств, культуры общения, культуры языка, знаний о культуре своей страны, мировой культуре.

 

RESUME

The questions of professional competence of the teacher in formation of skills, business qualities,

culture of communication, culture of language, knowledge of culture of the country, world culture at future experts are considered in the article.__

 

Аннотация

Мақалада оқытушының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мәселелері сөз болады. Кәсіби

құзыреттілік дағдыларының, іскерлік сапасының жаңа үрдістері зерделенеді. Болашақ маманның өз ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді, сондай-ақ жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеру, интеграциялық үрдістерді, жаңа технологияны меңгеру арқылы әлемдік білім кеңістігінің өрісінен шыға алуға талпындыру жолдары қарастырылады.

 

Түйін сөздер: кәсіби құзіреттілік, тұлғалық, интеллектуалды- педагогикалық,

коммуникативті мәдениет

 

Еліміз бүгінгі күні саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай

әлеуметтік-экономикалық және рухани дамудың мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді. Жоғары оқу орындарының осы үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері болатын, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуда.

Соңғы жылдары білім беру саласында болашақ мамандардың құзіреттілігін қалыптастыруда кәсіби құзіреттілікті анықтау туралы мәселе педагог, философ, психологтар арасында пікір қайшылықтары мен жаңа ойлар тудыруда. Оқытушының кәсіби құзіреттілігі көп жағдайда оның біліктілігімен, іскерлік сапаларымен байланыста қарастырылады.

Орыс ғалымдары В. А. Адольф, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, Э. Ф. Зеер, В. А. Слас-

тенин, Т. Ф. Лошакова педагогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби құзіреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады.

Д. Дьюн, У. Уоллер, М. Мид, К. Юнг, П. Сорокин, Ф. Знанецкий сынды философтар кәсіби құзіреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады. Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, көзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады.

Кәсіби құзіреттілік деп оқытушының жеке бас сапалары мен оның психологиялық-

педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Оқытушы өз ісінің шебері болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдиенетті, өз елінің мәдиенетін, қарым-қатынас мәдиенетін, тіл мәдиенетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, жаңа технологияны меңгеріп әлемдік білім кеңістігінің өрісінен шыға алуға талпынуы керек.

Оқытушы қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын ортамен, студенттермен қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзіреттілігі анық байқалып тұрады. Оқытушы кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда еңбек өтілі мен тәжірибесі үлкен рөл атқарады.

Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды,

инновациялық жаңа үрдістерді дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын ортаға тез

бейімделуді қажет етеді. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, Тәуелсіздіктің тұғырын 21 жыл берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағында білімді, білікті, саналы азаматтар тәриелеу міндеттері қойылған. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. [1].

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше

шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейеді. Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі. Жоғары дәрежелі кәсіби құзіреттілік маманның бәсекеге қаблеттілігін арттырады. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие-білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын болашақ ұстаздың кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзіретті оқытушы жоғары оқу орнының тәрбие-білім беру процесінде шығармашыл студенттердің қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде

жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды. Білім беру жүйесіндегі оқытушының кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік. «Кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті арттыруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі». Яғни, оқытушының құзіреттілігі – жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады.  Кей зерттеушілер «біліктілік» ұғымын «құзіреттілік» ұғымымен нақтылайды. Алайда, осы екі ұғымды салыстыра отырып, «құзыреттілік» ұғымының мағынасы кең екенін аңғаруға болады.

Себебі, оған біліктілікті сипаттайтын таза кәсіби біліммен және іскерлікпен қоса топқа, әлеуметтік ортада жұмыс істеуге, коммуникативтік қабілет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу және пайдалану т.б. іскерліктер жатады[3].

Кәсіби құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой – тұжырымдарын терең талдай

отырып, білім беру жағдайында оқытушының құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттауға болады:

1. Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас,

бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;

2. Проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің алдына мақсат орындау

жолдарын, міндет нормаларын қойып анықтауды сипаттайды;

3. Коммуникативтік аспект: бұл-педагогтің осы үрдісіне, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге құзыреттіліктің бұл түріне студенттің ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-

ұйымдастырушылық қабілеттері мен кәсіби және педагогикалық қызметі жатады.

Арнайы кәсіби құзыреттілік бітірушінің белгілі бір мамандық бойынша кәсіби қызметті

атқарудағы дайындығы мен оған ұмтылуы арқылы айқындалады. Олардың мазмұны мемлекеттік классификациялармен анықталады. Е.А.Климов мамандық бойынша байланысты былайша жіктейді: адам – адам; адам – белгілер жүйесі; адам – көркем бейне; адам – техника; адам –табиғат.

Ал кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.

Оқытушының коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты);

экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді);

тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі;

 тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті;

марапаттай білуі; сыпайылылық;

жалпы қабілеті жатады.

Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы

процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті;

екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші;

қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі;

маманның жеке психологиялық сапасы;

коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы;

негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, бағдар ету, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа

ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.

Регулятивтік құзыреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы – ізгілік, құндылық болып табылады. Интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілікті талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады. Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың мазызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.

Сондықтан маманның кәсіби құзыреттілігінің арнайы, әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Арнайы – өзінің мамандығына сәйкес білімі, біліктілігі, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, біліктілігінің болуы. Әлеуметтік –тіл туралы білімінің, коммуникативті мәдениетінің, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттілігінің, өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне, қоршаған ортаға дайындығының болуы. Тұлғалық – өзін-өзі тану бойынша біліктілік, дағдысын жетілдіруге кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы.

Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі,

екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның

дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуы мұғалімнің кәсіби деңгейімен

байланысты екенін естен шығармау қажет. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңарулар мұғалімнен кәсіби біліктілігін үнемі көтеруді қажетсінеді.

Қазіргі білім беру жүйесі өткен тарихымызды сақтайтын, қоғам мен мемлекетті дамыту мен жаңартуға өзіндік үлес қосатын, өзін-өзі үнемі дамытып, жетілдіріп отыратын маман талап етіп отырғандықтан, осы маманды дайындайтын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мен дамытуға ерекше мән беріледі. Сондықтан да кәсіби біліктілігі, шығармашылық ойлауы жоғары мұғалімге деген сұраныс көп.

Осымен байланысты оқытушының кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей

жұмыстарды жолға қойған дұрыс болар еді:

зерттеушілік, ғылыми жұмысты жандандыру;

педагогикалық-психологиялық инновацияларды меңгеру;

оқытушыға әр түрлі формада жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету;

оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру;

өзара іс-тәжірибелермен алмасу, т.б.

Бұл жұмыстардың барлығы да оқытушының өзінің жеке басының қызығушылығы болғанда ғана жүзеге асатынын ұмытпаған жөн. Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыру – оқытушының қоғам және студент, болашақ мамандар алдындағы басты міндеті.

Қоғамдық-саяси даярлық болашақ маманның қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамдық

өмірдің құбылыстарын тану әдіснамасына, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау, талдау, маңыздысын ажырата білуге, адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.

Болашақ маманды терең әдіснамалық және теориялық тұрғыда даярлау қай кезде де күн

тәртібінен түспек емес. Олай болса, республика жоғары оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты, терең теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау міндеті тұр.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты

міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,

халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген [2].

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Аталған тақырыпқа сәйкес жоғарғы оқу орнында оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін

қалыптастыру мақсатында БҚАТУ-дың барлық факультеттерінің оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, психологиялық тренингтер, сауалнамалар жүргізіліп, құзіреттілік пен құзырлықты қалыптастырудың жолдары түрлі-түсті слайдтар қолдану арқылы түсіндірілді. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.

Ғалымдар жоғары оқу орнын бітірушілердің құзыреттіліктерінің құрылысын жалпы кәсіби

құзыреттілік, арнайы кәсіби құзыреттілік деп бөліп саралайды Жалпы кәсіби құзыреттілік

оқытушының жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті мен мамандығының дайындығы арқылы анықталады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана. 2000ж.

2 Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

мемелекеттік бағдарламасы.

3 Ж.А.Жүсіпова. Педагогикалық шеберлік. Алматы,2011ж.