Музыканың  бала тәрбиесіне ықпалы

Келербекова Назым

Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің

2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Салкынбаева А.М.

Ең алдымен музыка арқылы балаларды тәрбиелеу дегеніміз не екенін айтпас бұрын, музыканың қандай ұғым екенін айтқанымыз жөн. Сонымен бәрін мазалайтын сұрақтардың бірі, музыка деген не? Адам өмірінде,  қоғамда музыка қандай орын алады? Әлемнің көркем мәдениетінің ерекше форма ретіндегі маңызы неде? Оны қалай танимыз? Осыған музыкатану жауап береді. Музыкатану – музыка өнерді ізденуі, оның әлеуметтік – тарихи шындыққа қатысуы, басқадай адамзат рухының мәдениеті саласына оның ішкі көзқарас заңдылықтары мен ерекшеліктері. Музыкалық өнерді, музыкалық мәдениетті, оның жүйесін, нақты болмысты, музыкалық шығармаларды,  жанрларды, шығармашылығы, тарихы, стиль процесінің өзгеруін, музыкалық жанр эволюциясының өзгеруі, әлеумет мәдениеті, музыкалық шығармашылықтың ұлттық негізі деп сеземіз. Музыкалық білім туралы зерттеуі көне заманнан дамып, қалыптасып келеді. Музыка табиғатын, оның қызметтерін осы білім арқылы байытып,  толықтырып, музыкатанушылық білімі музыкалық – педагогикалық көзқарастарда көрінеді. Сондықтан, музыкатану мен музыкалық білім беру педагогикасы өзінің тарихи дамуында өз-өздерін толықтыру жолында болды. Жаңа музыкалық – педагогикалық технологиялар жалпы музыкалық мәдениетінің дамуына себеп болды.Музыкатану ғалымға, педагог — музыкантқа, музыка саласы оның ғылымилығына, ізденісіне, шығармашылық әлеуетіне әсер етеді. Музыкатану зерттеулері музыкалық өнер, музыкалық мәдениет ізденісіне бағытталған, оның күрделі жүйелеріне, нақты құбылыстарына, мысалы музыкалық шығарма, музыкалық жанр, музыканттың шығармашылық өмірбаяны және жалпы құбылыстарына, мысалы тарихи процесінде болып жатқан түрлі стильдер, музыкалық жанрлардың эволюциясына, әлеумет мәденілігіне, музыкалық шығармалардың ұлттық контекстіне.Қазіргі кезде даму сипаттамасында музыкатану ғылыми саласында қызығушылықпен кеңейіп, музыкалық өмірде, мәдениетте, шығармашылықта, орындаушылықта, музыка қабылдауында және олардың заңдылықтарын, әдістерін зерттеу барысында байқалады.

Енді тәрбие дегенімізге тоқтала кетсек, тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.Ал музыкалық тәрбиенің ерекшелігі музыкалық тәрбие - тұлғаны қоғамның музыкалық мәдениетіне қатыстыру процесі. Мақсаты - музыкалық тәжірибені (жасау, орындау, қабылдау, музыкалық шығарманы анализдеу) жас ұрпаққа жеткізу. Музыкалық тәрбие дегеніміз индивидке мақсатты түрде педагогикалық әсер ету, ол тұлғаның жалпы үйлесімді дамуының ізгіліктік-эстетикалық сезімінің, идеалдарының, музыкалық талғамы мен талаптарының қалыптасуының бір құралы ретінде қаралады.Музыкалық тәрбие мазмұны, формасы және әдістері қоғамда танылған әлеуметтік, философиялық, жалпы педагогикалық ұстанымдарға, музыкалық мәдениеттің қалыптасқан типіне, адамды қоршаған музыкалық әрекет түрлері мен «дыбыстық ортаға» байланысты. Музыкалық тәрбие эстетикалық тәрбиенің ерекше саласы. Елеулі компоненті музыкалық қызметпен айналысуға қажет музыка тілін игеруге, музыкалық қабілеттерді дамытуға үйрететін музыкалық оқыту мен білім. Сәйкесінше, музыкалық тәрбие тек арнаулы мектепте болуы мүмкін. Балаларды әдеттегі сабақта музыкаға қызықтыруға, оны тындауға және түсінуге болады. Негізі сабақта музыканы үш бағытта қарастырады:

·       Жай ғана тындау;

·       Тыныш отыруға арналған музыка;

·       Тыныштыққа отырып жағымды ойларды шоғырландыруға музыканы пайдалану.

Әрқайсысына тоқтала кетсек, жай ғана тыңдау –бұған классикалық музыкалық шығармалар қолайлы келеді. Балаларға олардың  тыныш, денені бос ұстаумен көзді жұмып отыруға болатынын түсіндірген жөн. Тыңдап болған соң балалардан түрлі-түсті бейнеде айтып беруін сұрауға болады. Бұл қызық сараптама ғылымда дыбыстың түспен белгілі бір дәрежеде байланысы бар екенін дәлелдейді. Музыка шығармашылыққа дем береді, сондықтан балалар сурет салумен, жабыстырумен, әдеби шығарма жазумен шұғылданған кезде тыңдап отырғаны дұрыс. Музыканың тамаша үлгілері адамның санасын оятуға, оның бойынан күтпеген талант пен қабілетті ашуға себепкер болады.[1]

Ал музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.

Музыка өнері жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар – түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.

Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.

Музыка – қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өзіндік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады. [3]

 Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппараттарының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардың ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.

Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпал тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүесімен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойлуы балалардың дене қозғалысы мәдениетін қалыптасуына көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бірізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі белсендіріледі.

Басқа да өнер түрлері сияқты музыка – танымдық процестерді белсендіру құралы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өрісі кеңейеді, ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың кешенділігін (тембірі мен гармонияның мәнерлігін қабылдау), сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын (гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың,  фантазияның дамуы – тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының өресін биіктетуде шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор. [2]

          Осы тұрғыдан алғанда, музыканың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. 

Абай атамыз айтқандай:"Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар, Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда көңілдің әсері бар»" деген. Ендеше өзіңнің тындаған әніңе қара,есірген бе? әлде,есті ән бе? Есірген адамдарды қарасаңыз,сол өлеңге де есіріп билеп,бар уақытын клубта өткізіп,онымен қоса күнәға да барып жатады. Үйінде тыңдап билеген есірген өлеңді,сол есіргендей жерге де барғысы келеді. Ал, мағыналы,естігу лайықты адамдар сөзсіз-ақ әсерлі адамдар болады,өйткені олардың тыңдаған әндері де,әсерлі және бос сөзсіз. Мағыналы өлеңмен қоса олар уақытында тиімді пайдаланып жатыр. Қазақтың тарихын қарасаңыз,талай өзекті мәселерді,тартыс-таластарды бір шумақ мағыналы әнмен ой салған. Талай зиялы қазақтарымыз әсерлі ән қалдырған,талай жүректі жаңғыртқан,осылардан үлгі алайық.[7]

          Дегенмен,қорыта айта кетсек, құлақтан кіріп бойды алатын әндерімізді жақсылап фильтрден өткізейік,ол ертенгі мінезіңнің бір бөлігі екенін ұмытпайық ағайын!

       Қолданылған әдебиеттер:

1. Абдуллин Э.Б. Теория и практика музыкального обучения в общеобразовательной школе: пособие для учителя. – М., 1983. – Б 260

2. Абдуллин Э.Б. Николаева Е.В. Теория музыкального образования: Учебник для студ. высш. пед. учеб. Заведений. – М., 2004. – Б. 150

3. Лихачев Б.Т. Педагогика. – М., 1993. – Б. 47

4. Подласый И.П. Педагогика. – М., 1996. – Б. 144

           5. http://bigox.kz/muzykalyk