МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ.
Темирханова Қымбат
Шашубайқызы аға оқытушы., магистр
Арқалық
мемлекеттік педагогикалық институты
Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында жалпықазақстандық
мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру қажеттігін
және қазақстандықтардың бәсекеге
қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыру, заманауи
мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар
өткізілуі қажет екендігін атап айтты[1].
Адамдардың мәдени тұрмыстық дәрежесі өсіп,
рухани және материалдық байлықтары елдер мен халықтар
арасындағы байланыстары бұрын болмаған дәрежеге
өркендеген қазіргі кезеңде адамдар
қарым-қатынасында адамгершілік нормаларын жоғары
деңгейде сақтай білу қажеттігі заман талабына айналып отыр. Бүгінгі таңда жастардың ересектермен
қарым-қатынас жасау барысында, мәдениеттілік танытпауы,
қоғамдық орындардың ережесіне бағынғысы
келмей өрескел, мінез көрсетулері қоғамда жиі
кездесуде. Мұны теледидардан олардың көргендері, түрлі
ортаның әсері деген себептерінен басқа, ересек
адамдардың қоғамдық орындарда дөрекілік танытуы,
отбасындағы түрлі қолайсыз жағдайлар, және
балабақша тәрбиешілерінің әдеп ережелеріне байланысты
негізгі талаптарды орындатудағы немқұрайлығынан деп
тұжырымдаймыз.
Тұлғаның
әлеуметтенуі өскен ортасына, адамдармен күнделікті
қарым-қатынасына, білім өресіне, отбасынан алған
үлгі өнегесіне байланысты қалыптасады.
Әлемдік
және отандық мәдениеттің теориясы мен тарихын зерттеген
Т.Ғабитов, Ж.Мутәліпов, А. Құлсариева болса,
қазақтың төл мәдениетін батыстық
мәдениетпен салыстыра отырып, оның өзіне тән ерекшеліктеріне
тоқталады, қазақтың әлем туралы түсінігін
алып бәйтерекке теңей отырып, мәдениеттің әлемдегі
орнын қоршаған орта мен өркениет аясында
қарастырады.
30-жылдары
әлеуметтік тәрбие мәселелері А.С. Макаренко, А.В.
Луначарский, С.Т. Шацкий т.б. ғалымдардың еңбектерінде де
қарастырылған, ал мектепке
дейінгі тәрбие
мәселесі бойынша тарихи
әдістемелік, ғылыми–теориялық арнайы зерттеулер жүргізген
ғалымдар А.К.Меңжанова, А.С. Әмірова, Б.Б.Баймұратова,
С.Ғ. Бәтібаева, Қ. Аймағамбетова, Қ.
Меңдаяхова, С.Н.Жиенбаева, Т.А. Левченко, А.Е. Манкеш, М.С.
Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, Ф.С.Жұмабекова, және
тағы басқа да зерттеушілер мектепке дейінгі кезеңде
балаларға білім беру мен
тәрбиелеу мазмұнын, тиімді әдіс–тәсілдерін
ұсынып, қағидаларын тұжырымдаған.
“Әлеуметтендіру” сөзі
“әлеуметттік” сөзімен төркіндес яғни (латынша
“socіalіs”) әлеуметтік, қоғамдық деген
ұғымдарды білдіреді. Әлеуметтену - индивиттің
нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән
құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық
үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі[2].
Ал ғалым
Т.Қалдыбаеваның пайымдауынша “әлеументтендіру”
ұғымы тұлға
ұғымымен бірдей мәні бір, бірі адамның әлеуметік
даму жолын бейнелесе, екіншісі соның нәтижесі, ал
әлеуметтендірудің мәні- адамның адамдық
қасиеттерін ашып, оны қоғамдағы әлеуметтік
қатынасқа түсуге даярлау, тек әлеуметтік
қатынасқа түсіп қана қоюға емес, саналы арақатынасқа,
өзінен басқа да адамдар сезімі, мүддесі, сұранысы бар
екенімен санаса отырып, адамдық мәніне лайықты қатынас
жасау деп тұжырымдайды[3].
Т.Парсонс
анықтамасы бойынша әлеуметтендіру дегеніміз – индивиттердің
жалпыға бірдей нормаларды бойына сіңіруі арқылы
әлеуметтік жүйемен үйлесуі[4].
Н.Смелзердің пікірінше адам алғаш өмірге
келгеннен бастап әлеметтендіру барысында тұлғаны
қалыптастыру жүріп жатады. Кең көлемді
құндылықтарды, сол арқылы адамдар тіршілігінің
бағдарларын меңгереді дейді[5].
Ғалымдардың
әлеуметендіру туралы пікірлерін саралай келіп, әлеуметтендіру
немесе әлеуметтік даму бұл өмірге келген барлық
адамның қоғамдық өмірге араласып, әрекет
етуі үшін, өмір сүруге мүмкіндік беретін
әртүрлі білім-біліктер мен өмірлік дағдылар және
тәжірибелерді, жалпыға ортақ мінез-құлық
нормалары мен ережелерін игеріп, белгілі іскерліктер мен өз ұлтының
мәдениетін меңгере отырып қоғам мен мәдениетке
кіру үрдісі. Игерген іскерлік-дағдылар мен
құндылықтар негізінде әлеуметтік ортамен яғни
қоғамдық өмірмен
қарым-қатынасқа түсе отырып өмірдегі
өз орнына, роліне ие болып, индивидтің тұлғаға
немесе дербес адамға айналу жолы деп тұжырымдауға болады.
Балалар
құқы Конвенциясында (1989)
балаларды туылғаннан әлеуметтендіру, әртүрлі
әлеуметтік ортаға бейімделу мен жаңа
қарым-қатынастардың, нормалар мен
құндылықтардың пайда болуына жетелейтін
нышандардың пайда болуы кезеңі немесе алғашқы сатысы
деп қарастырады. Бағдарланған
мақсат-міндеттерді шешуде мектепке дейінгі ұйымдарда
әртүрлі бағыттағы тәрбие бағдарламалары мен
педагогикалық бағыттарда жұмыс жүргізілуде. Атап
айтсақ “Балбөбек” бағдарламасы, “Сорос -
Қазақстан” қорының “Тәй-тәй”
бағдарламасы, ТРИЗ педагогикасы,
Р.Штайнердің Вольдорфтық педагогикасы және т.б. жалпы дамыту бағыттары мен
бағдарламалары.
“Балбөбек”
бағдарламасында мектепке дейінгі
кезеңде жүргізілуге тиісті білім беру мазмұны
тарихи-тәжірибелік зерттеу нәтижесінде ұлттық
педагогикаға негізделе құрылған /6/.
Бағдарлама
мазмұны “Отбасы”, “Балабақша”, “Ойыншықтар”, “Жыл
мезгілдері”, “Қазақстан-Республикам менің”, “Жануарлар
дүниесі” атты тақырыптар негізінде
2-ден 7 жасқа дейін кешенді тәсілмен іске асырылады.
Бағдарламада кешенді тәсіл арқылы әр топқа
белгіленген апталық жүктемені азайта отырып, балаларды өз бетінше
шығармашылықпен әрекет етуге баулиды. Бірізділік принципін сақтай отырып
аптаның бір күні тәрбиенің бір саласына беріліп,
қалған тәрбие алғашқысымен сабақтастырыла
жүргізіледі. Экономикалық, экологиялық тәрбиенің
алғашқы қарапайым негізерімен қатар,
имандылық-инабаттылық тәрбиесі де бір бөлім болып
берілген. Бағдаламаның негізгі мақсаты-жан-жақты
жетілген тұлғаны қалыптастыру.
“Балбөбек”
бағдарламасында әлеуметтік
тәрбие тікелей мақсат етіп қойылып, жеке тарау
болмағынымен әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік
тәрбие мазмұны көрініс тауып, өз міндеттерін шешкен.
Балаларды әртүрлі әлеуметтік ортада әрекет ете білуге
үйретуге, әлеуметтік құндылықтарды топтан
топқа күрделендіріп, қарым-қатынас арқылы мұқтаждықтары
мен тілектерін қанағаттандыруға негізделе
құрылған. Әр
жас топтарында әртүрлі тәрбие аясында әлеуметтік
тәрбие мазмұны төмендегідей болып келген.
Сәбилердің
бірінші және екінші
тобындағы балалардың
әлеуметтік дағдылары: туыстық
қарым-қатынастарды, өзінің толық
атын-жөнін, ата-анасының, тәрбиешісінің,
күтушісінің, музыка жетекшісінің атын білу, ересектердің әлеуметтік ролін
ажырата білу; өзге адамдардың эмоциялық
көңіл-күйін, жағдайын түсіне және сезіне
білу, оған өзінің қатынасын байқата білу,
қарапайым тапсырмаларды орындауда бір-біріне бөгет жасамау дағдысы.
Естиярлар тобындағы
балаларға әлеуметтік дағдылар: топ ішінде өзін
дұрыс ұстай білу, қоғамдық орындарда,
көшеде белгіленген мәдени мінез-құлық ережелерін
сақтай білу, үлкендерге, өз құрбыларына ілтипатты
болу, ескертусіз сәлемдесу мен қоштасу, тәрбиеші мен
күтушінің аты-жөнін атап қатынас жасау,
өзінің талап-тілегін сыпайылықпен білдіу, көрсеткен
көмегі үшін рақмет айту, үлкендердің сөзіне
араласпау және оны бөлмеу, келіспегені мен қабыл алмағанын
әдепті түрде білдіру,
өзінің, ата-анасының аты-жөнін, жасын, үйінің мекен-жайын,
туыстық қарым - қатынас пен отбасының
құрамын білу, адамгершілік қатынас ережелері (шындық, адалдақ,
қамқорлық, тілектестік)
дағдысы, ілтипат көрсету (көмектесу,
қолқабыс етуге дайын болу, жол беру) дағдысы,
үлкендермен, құрбы-құрдастарымен, таныс емес
балалармен тілектестік қарым-қатынаста болу дағдылары.
Ересектер және
мектепалды даярлық тобы балаларын әлеуметтік дағдылар: өзінің атын, жасын,
ата-анасының және
басқа да отбасы мүшелерінің атын білу, өзіне
жасалған қамқорлықты сезіне білу, балабақшада
және қоғамдық орындарда өзін дұрыс
ұстау, үлкендердің ескертуінсіз-ақ тәртіп
сақтау, адамдарға қамқорлық ілтипат
көрсету, өзгенің күйінішін, қиналған
сәтін байқап, аңғару, жәрдемдесу, әлсіздік
көрсеткендерді
қорғау, өз жолдастарының іс-әрекетін
бақылап, оған әділ баға беру, әділ талап
қойып, ол талабының дұрыстығын дәлелдей білу,
бірлесіп ойнау, еңбек ету, оны адамгершілік қатынастар
бағытында жүзеге асыру, алға қойған
мақсатқа жетуде жауапкершілік пен тұрақтылықты
меңгеру дағдысы деп қарастырған .
“Тәй-тәй”
бағдарламасы баланы жан-жақты жетілдіруге, дербестікке
талпындыруға, өзіндік дамуына жағдай туғызып,
кез-келген жағдайлардан дербес әрекет етіп, ой қорытып, өзін бетінше қадам жасауға үйретуге бағдарланған.
Бағдарламада ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай
отырып, дамытушы орта арқылы, баланы дамыту көзделген.
Р.Штайнердің Вольдорфтық
педагогикасы баланы ақыл-ой,
интелектуалдық дамытудан бұрын олардың жаны мен
тәнінің үйлесімді дамуы, рухани дамуын алға
қояды. Баланың 7 жасына дейін
есі мен ойлауына күш түсіруге қарсы шығады. Бала
айнала қоршаған өмірді талдап-талқылау жолымен емес
өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы танып біледі ,
өмірді танып-білуді баланың рухани және
ақыл-ойының әбден толысқан кезінде өз еркімен,
өз ықтияры болған кезде іске асыруды тиімді деп тауып,
баланың еркін өсуіне айнала қоршаған адамдар мен
үлкендер тарапынан жақсы көру мен
сүйіспеншіліктің болуын басты шарт етіп алады /7/.
Вольдорф
педагогикасы баланың іс-әрекеті мен еңбек нәтижелерін
бағалауды қажетсіз деп
тауып, бұл ұстанымдарын былай түсіндіреді.
Бағалаудың бала дамуында
жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі де
тұстары бар, өйткені бағалау баланың табиғи
дамуына кері әсер етеді,
жетістіктерге жету үшін балалар өз мүмкіншіліктеріне қарамастан талапқа бағына
отырып, іс-әрекеттерді орындау барысында өз еңбегінен рухани
ләззат гөрі, әуреге, іштей және сыртай күйзеліске
түседі, бұндай еңбек
нәтижесі балаға ешқандай қуаныш әкелмейді. Ал
біржақты нәтижесін ғана ойлау, әркеттің мәнін жойып немесе көмескілендіреді
деп ой қорытады. Қорыта айтқанда бұл
педагогиканың көздеген мақсаты баланы- жақсы көре
отырып, жағымды ортада, жақсылық пен ізгілікке
тәрбиелеу.
ТРИЗ педагогикасы
бағытындағы бағдарламада балалардың жас күнінен
дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру,
ақыл-ой күші мен интелектуалдық қажетсінулерін дамыту
бағытында құрылған.
Бұл
бағдарламаларды саралаудан шығатын қорытынды
бағдарламалардың әр қайсысының өзіндік
бағыт-бағдарымен, алға қойған
мақсат-міндетеріне қарамастан барлығын тоғыстыратын
негізгі мақсат - баланы тұлға немесе дербес адамға
жеткізудің жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздеуі мен сол
ізденістерін ғылыми негіздеп тәрбие бағдарламалары мен
педагогикалық бағыттарды жасауында.
Ғалымдар атап
көрсеткендей адамның қалыптасып дамуының айқындаушы
немесе жауапты, адам өміріндегі тұтас бір кезең болып
табылатын мектепеке дейінгі
шақта балалардың
әлеуметтік білімдері жинақталып, қалыптасады. Ал осы
кішкентай адамның қалыптасып, дамуы шартты түрде өмір
сүріп отырған ортасы мен үлкендерге байланысты екені даусыз.
Сол себептен бала мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейтіп,
қажеттіліктерін қанағаттандыру ең бірінші шарт. Ал
баланы әрекетке келтіретін күш - қажетсіну. Бұл
баланың өзінді “Менінің”, өзіндік көзқарасы
мен танымының бастамасы. Қажетсінудің өзі мектепке
дейінгі баланың барлығында жоғары дамып, әр кезде
көрініс береді, ал осы қажеттілік өз дәрежесінде
қанағаттанбаудан көмескіленіп, немесе жойылып жатады.
Психологтардың
пайымдауынша
қажеттілік-құмарлық-ниет-ұмтылыс-қызығу-көзқарас-наным
жүйесінің қалыптасуы адамның
бағыт-бағдарының қалыптасуы,
тұлғалыққа жеткізу жолы іспеттес екен.
Демек мекетепке
дейінгі баланы әлеуметендіру –мектепке дейінгі педагогиканың
негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы. 2014 ж.18
қаңтар.
2.
Білім социологиясы Т.Қалдыбаева Алматы 1997
3.
Қазақстан мектебі// 2000 №7
4.
6.
“Балбөбек” бағдарламасы
Алматы, “Шартарап”, 2002 ж.
5.
Л.А.Парамонова, Е.Ю.Протасова Дошкольное и начальное
образование за рубежом М., 2001
6.
М.И. Еникеева, О.Л. Кочетков Общая, социальная и
юридическая психология Краткий энциклопедический словарь М., Издательство
“Юридическая литература” 1997
РЕЗЮМЕ
В
статье рассмотрены формирование социального поведения дошкольного возраста,
определены особенности его влияния на развитие личности детей дошкольного
возраста.
SUMMARY
In
article are considered formation of social oriyenterovachny behavior of
preschool age, features of its influence on development of the identity of
children of preschool age are defined.