Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда тәрбиешінің  ұйымдастыратын жұмыс түрлері

 

Қазақстан, Қарағанды қаласы, Е.А. Бөкетов атындғы ҚарМУ

С.А. Кеңесбекова, М.Е. Исабекова

ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленіп отыр. Ғылым мен техниканың даму жетістігі өндіріс орындарына еніп, халықтың тұрмыс-тіршілігін біршама жеңілдетуде. Бұл қарқынды даму білім беру саласында айналып өтпеді. Кез келген оқу орындары жоғарыда айтып отырғанымыздай ғылым мен техниканың жетістіктерін молынан пайдалануда. Бәрін де құп алып, қоғамның ыңғайына қарай қызмет қыла беруімізге әбден болады, әрине. Бірақ, бүгінгі біздің күніміз жақсы, ертеңіміз не болмақ? Жетістікке негіз болған ресурстардың барлығы табиғат анамыздан, жер қойнауынан алынып жатқаны ешкімге құпия емес. Ал, адамдар өз кезегінде табиғаттың қайта қалпына келуіне, көгалдандыруға аз мөлшерде көңіл бөліп отыр. Дәл осылай жалғаса берсе келер ғасырдың адамдарының қалы қандай күйде боларын ойлаудың өзі қорқынышты.

Қазақстанның экологиялық жағдайын семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері, Каспий теңізінің экологиялық проблемасы, Аралдың экологиялық проблемасы, Балқаш проблемасы, сондай-ақ, үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы мәселелері шешім таппай тұрып, қалайша жақсы дей аламыз? Қазіргі күннің өзінде емделуге келмейтін сырқатқа шалдығып, өлім құшып жатқан адамдарды жиі естиміз.

Болашақ ұрпақтың тәрбиесі педагогтардың қолында. Бала жас күнінен бастап табиғатты аялауға, құрметпен қарауға үйренгені абзал. Білім беру ұйымдары, әсіресе мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие беру ісі жүргізілмей жатыр деуден аулақпыз. Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық процесінде, атап айтқанда «денсаулық», «қатынас», «таным», «шығармашылық», «әлеуметтік орта» білім беру салаларында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу ісі табиғатпен байланыстырылып өткізіліп жүргенін білеміз. Бірақ, қоғамдық орындарда, зообақтар мен гүлзарларда ата-аналарымен серуен құрып жүрген балалардың іс-әрекетіне, сөзіне сырттай бақылау жасайтын болсақ олардың жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне жан ашырлықпен қарайтындарын сирек кездестіреміз. Неге? Осы арада бір қарама-қайшылықтың болып тұрғаны анық қой. Біздің ойымызша:

1. Көп жағдайда мектепке дейінгі ұйымдарда берілген экологиялық білім мен тәрбие отбасында жалғасын таппайды. Бұған мысал терінде ата-аналардың балаларын зообақтарға, саябақтарға серуенге сирек апаратындығы. Балабақшадан жан-жануарлар, жәндіктер, өқсімдіктер жайында естіп, біліп келген бала міндетті түрде ата-анасына сол әсерін жеткізеді және оларды бірге барып көруге өтініш білдіреді. Ата-ана тарапынан: «Олардың үстері кір, лас, қорқынышты»-, деген сияқты жағымсыз пікірлер естіген баланың көңілі су сепкендей басылады және келесі жолы тәрбиешінің айтқандарына сенбеуге тырысады.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегі оқу, аңыз-әңгімелер айтудың күн тәртібінен шығуы, мультфильмдер көрумен шектеуміз және мултьфильмдер көруде таңдауды балалардың өзіне саламыз. Олар Джокер, Пингвин, Дана пері, Психопат, Хайуан, Алаяқ, Доктор Реджинальд Бушрут, Джек Спайсер, Доктор Сегізаяқ, Скелетор сияқты жауыздар кейіпкерлерді таңдап жатады [1].

3. Күнделікті адам тұтынатын заттардың бәрі табиғат ресурстары екендігі насихатталмайды. Мысалы, күнделікті сүт, айран ішкізу кезінде оны үй жануарларының өнімі екендігін айта бермейміз.

4. Көп жағдайда ересек адамдардың өздері табиғатты ластайды. Бұған қарапайым ғана мысал кетліре кетуге болады. Отбасымен табиғат аясына серуенге шыққан ата-ана өздерімен бірге ала шыққан азық-түлік қалдықтарын суға немесе сол отырған орындарына шашып кетеді. Бұны бала сол уақытта елемесе де, оның көкейінде қалып қояды және келесі жолы өзі де сол әрекетті айнытпай қайталайды.

Балаларды қоршаған шындықты тануы-табиғаттығы заттар мен құьбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процесінде көрінетін түйсіктен басталады. Сезімдік танымның физиологиялық негізі- көру, есту тері, иіс және басқа анализаторлардың бірлескен қызметі екенін И.П.Павлов атап көрсеті. Қабылдауға анализаторлар көбірек қатысқан сайын, түсінік те дәлірек, молырақ, анығырақ және маңыздырақ болады. Мұнан балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік,табиғаттағы заттар мен құбылыстардың олардың сезім мүшелеріне тікілей әсер етуі тиіс деуге болады. Балалардың обьектілерді көруге, ұстауға естуге, иіскеуге, олардың ауырлығын сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс [2].

 Табиғатты тануға және балалардың әр түрлі дағдылар мен іскерлікті алуына басшылық ете отырып, сан алуан әдістер мен тәсілдерді қолданады. Табиғатты балалардың тікілей қабылдауын және дағдыларды белсенді меңгеруін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді құрметтеген жөн. Мұндай әдістерге бақылау, эксперемент, еңбек, ойындар жатады. Осылармен бірге қатар тәрбиешінің сөздеріне негізделген - әңгіме айту, көркем шығармаларды оқу, табиғи обьектілерді көрсету немесе оларды бейнелеу арқылы әңгімелесу әдістері кеңінен пайдалынады. Жұмыста пайдаланған әдіс пен тәсіл мысалы, бақылау әңгімелесуден, тәрбиешінің әңгімесі көркем шығарманы оқумен, эксперемент еңбекпен қосылып жүргізіледі.

Балаларды табиғатпен таныстырған кездегі олардың іс-әрекетін ұйымдастыру формаларысабақтар, топсаяхаттар, серуендер, табиғат бұрышындағы жұмыс, жер учаскесіндегі жұмыстар) болып табылады.

Сабақтар. Бұл-балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі форма. Сабақтар бағдарламаға сәйкес күні бұрын белгілінген жоспар бойынша белгілі бір сағатта өтіледі. Сабақтарда тәрбиеші балаларға жаңа мәліметтерді хабарлап қана қоймайды, сонымен бірге олардағы бұрыннан бар білімдерді нақтылайды және бекітеді. Сабақтар балаларды табиғатпен таныстыру процесінде танымдық қабілеттерінің бақылағыштығы, ойлағыштығы және тілдерінің дамуы, олардың сөздік қорларының молаюы, табиғатқа ықыластылық пен сүйіспеншілікте болуға тәрбиелеу жүзеге асатындай етіліп құрылады. Сабақтағы ең басты нәрсе барлық балалардың бағдарламалық материалды меңгеруі.

Серуендеулер кезінде балалар табиғатпен бағдарламаға негізделіп және жергілікті жердің жағдайларын ескере отырып, алдын ала жасалынған жоспар бойынша танысады. Серуендерде табиғаттың қандай да болсын бір құбылысы көрінген кезде, жоспар жүзеге асырылады. Жер учаскесіне жасалған серуендер кезіндегі ойындар үшін құм салынған жәшік, кішкене бассейн, су шашқыштар, ойыншықтар болуы тиіс.

 «Адамның табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» дейді халқымыз. Мұны айтуға табиғат заңдылықтарын ұғыну бір міндет болса, сол ілім негізінде оның құдіретін дәріптей отырып құрметтеу, қорғау екінші міндет екенін ескерген аға буын жас жеткіншектердің санасына ертерек сіңіре берген. «Тәрбие - тал бесіктен» деген халық даналығы осыны меңзейді.

Ендеше, туған табиғатты, туған ел мен жерді құрметтеуге бүлдіршін жастан бастап баулыған абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез-келгені экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғатпен жан-дүниесі үйлескен, дүниетанымы кең болып тәрбиеленеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мультфильм кейіпкерлері. – Алматы: «Аруна» баспасы. –

32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия».

2. Есеналина Н.Т. «Экологиялық тәрбие көзі-халықта» атты оқу әдістемелік құралы, 2004.