Мырзабаева Алтын Қарсақбайқызы

Қызылорда қаласы, С.Сейфуллин атындағы № 4 орта мектеп мұғалімі                                                                                  

Халықтық педагогика негізінде жастарға патриоттық тәрбие беру

Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ, ел болашағы-жастар. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгнгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, осы салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек білімде тұр деп айтсақ, қателесеміз. Қай заманда болсын адамның алдында тұратын ұлы міндет-өз ұлтының рухани қасиеттерін бойына сіңірген өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті қазіргі кезде де уақыт талабымен туындап отырған игілікті іс екендігі белгілі. Кез келген адам баласының өмірі, тіршілік әркеті оның туған-туысқандарымен, ата-анасымен, жора-жолдастарымен ғана емес, сонымен қатар оның өмір сүріп жатқан әлеуметтік ортасымен, ғасыр уақытымен байланысты болады.  

Егемен еліміздің қуатты тұтқасын ұстар азаматтың саналы да сапалы білімді болашағын қалыптастыру-ата-ана мен білім беру ұйымдарының парасатты парызы. Тәрбие талаптарынан туындайтын өнегелілік қасиеттер жас ұрпақтың рухани жетілуінің кепілі. Әрбір халақ ұрпағымен көктеп, өрекен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза, санасы биік, білімді де білікті ұрпғынан қуат алады, ендеше ұрпақ тәрбиесі ерекше назар аудартатын жайт.Ұрпақ тәрбиесі- кезек күттірмейті, қателесуді кешпейтін, мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Қазіргі таңда ұрпағын өз елінің патриоты етіп тәрбиелеу-қай елдің болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып отыр.

XX ғасырдағы елім, жерім ұлтым деп еңіреген М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. сияқты ұлтжанды азаматтарды нағыз патриот ерлер қатарына жатқызамыз.  Олар тар жол, тайғақ кешулі тарихи өмірде өз бастарын бәйгеге тігіп, ғұмырларын сарп етті. Ұлт намысына қамшы болар аталы сөз айту, қалың елдің қамын жеп, мұңын жоқтау асыл аталарымыздың ғана қолынан келген. Демек, арғы ата тегімізде бар ұлтшылдық, елжандылық, намысшылдық, қайсарлық қасиеттер ұрпақтарының өз бойында болуға тиіс. Біздер ұрпақты ұлтжандылық мақсатта тәрбиелеуге тиіспіз.  Патриотизм ұғымы қазақ энциклопедиясында былайша сипатталған: ол грек «Patrioies»-отандас, «paipis»-отан, туған жер. Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды. Патриоттық тәрбиені ойға алғанда, бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Сондықтан осы түсінікті санада орнығуына байланысты патриотизмнің мынадай екі қырын көруге болады: Отан туралы жалпы түсінік. Ол халықтың дамуы, тарихы, қорғаныс тәсілдері, патриоттық пікірлер, көңіл-күйі, дәстүрлері мен саналы сезімі кіреді. Патриотизмнің теориялық деңгейі. Ол-Отанның құрылуы, дамуы, сақталуы, оның егемендігі мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете меңгеру. Отанға қызмет көрсету турасындағы патриоттық идеялар, патриоттық мінез-құлық нормалары. Ал «Отан» сөзіне анықтама берсек, ғалым М.С.Жүнісовтың пікірінше, ол үш құрамдас бөліктен тұрады:

1.                 Туған жер, яғни халықтың өзі жасаған тарихына байланысты этникалық аймақ;

2.                 Өзінің тілі, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі қалыптасқан белгілі бір халық;

3.                 Отанның типін анықтайтын қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік саяси құрылыс;

Патриотизмді қазіргі көзқараспен ұлжандылыққа, елжандылыққа сыйғызамыз. Патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі-Отан десек, оның мазмұны-байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері, тіған өлкедегі киелі орындары. Олай болса, патриоттық тәрбиенің қазіргі кезде алатын орны ерекше. Қорыта айтқанда, қандай ұлтқа қарамастан әрбір қазақстандық Қазақстанды өзімнің Отаным деп түсінуі керек. Сол уақытта жастарда Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімі қалыптасып дамиды.

Патриотизм ұғымына енетіндер: Адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі; Отанның мүддесін қорғау, азаматтық көрсету және Отанға адалдықты сақтау; Елінің әлеуметтік және мәдени салаларында жеткен жетістіктеріне мақтану;Оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;

Өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын салт-дәстүрлерін құрметтеу;

Отан игілігі үшін еңбек ету; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы белгіленген міндеттерінде:

«Қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке,адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» делінген. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үдерісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді.

Қорытынды

Адам бойындағы жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортаға байланысты деп түсінген халық: «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп оқу-білім, тәлім – тәрбие мәселелеріне үлкен мән берген.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Төлеубекова Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. Алматы, 1994 ж.

2.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасындағы құқықтық (тәрбие) тәрбиесі.Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2003. -122 бет.

3.Уайдин Ү. Мәңгілік мәселе немесе жас ұрпақ тәрбиесі жайлы сыр. Алматы: Рауан, 1993. -224 бет.