Шанакбаева Кулжан
Усипбековна
Отбасындағы
үйлесімді қарым-қатынасты зерттеудің
психологиялық аспектілері
Қазақстан
күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың
зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап
отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы
стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің
негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен
кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған
функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық
іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың
құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы
өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін
дамыту көзделген [1].
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма
қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту
барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді
қажет ететінін атап көрсетті [2]. Осы орайда,
өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының
маңызы зор.
Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық
Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты
міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді
[3].
Ел үшін маңызды осы
стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның
ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі
емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау
білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты
функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық
біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында
анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім
беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік,
дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез
өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін
білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып
табылады [4].
«Функционалдық
сауаттылық» түсінігі алғаш рет өткен
ғасырдың 60-жылдарының соңында ЮНЕСКО
құжаттарында пайда болды және кейінірек
қолданысқа енді.
Функционалдық
сауаттылық, кең түсінікте, білім байланысы мен адамның
көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы кіріккен,
тұлғаның әлеуметтік бағдарлану амалын
көрсетеді. Заманауи әлемде функционалдық сауаттылық
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық іс-әрекетіне, сол сияқты өмір бойы білім
алуға белсенді түрде атсалысуына ықпал ететін базалық
факторлардың бірі болып табылады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда балаларды оқыту мен
тәрбиелеу процесіндегі маңызды фактор – ата-ананың белсенді
рөлі екендігін PISA (Programmer for International Student
Assessment) – 15 жастағы
жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен
дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі
салаларында, сондай-ақ тұлғааралық
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік
міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалау)
зерттеулерінде үнемі көшбасшы
елдер қатарынан табылатын Австралия, Финляндия, Жапония,
Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б. нәтижелері көрсетіп отыр.
«Отбасы» ұғымына – отбасы
тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылық, ата-аналардың
саналылығы, тәрбие, тәрбиенің бірізділігі, отбасы
құрылымы, отбасының жіктелуі, тәрбиенің оң
тәжірибесі, құқық, заң,
құқықтық тәрбие, тәрбиенің
ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті
жатады.
Отбасы тәрбиесі мазмұнын
анықтайтын ең маңызды құндылықтар: отбасы,
отбасы әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, баланың
отбасына құқығы, қарашаңырақ, шежіре,
әке және ана, әкенің және ананың беделі,
ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, баланың отбасында
қорғалғандығы, қарттарға, кішілерге,
науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып
табылады.
Отбасы бала бойында балалық кезеңнен
адамгершілік құндылықтарды, парасатты және тиімді
өмір дағдыларын құру бағытын қалыптастыруы
тиіс. PISA-2009 зерттеуі баланы
оқыту мен тәрбиелеу процесіне ата-аналардың қатысуы
функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер
ететінін көрсетті. Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп
өміріне белсенді түрде қатыстыруға
бағытталған шаралардың тұтас жүйесін:
қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын,
ата-аналар университеттерін құру қажет.
Ғылыми,
психологиялық-педагогикалық әдебиеттер және жалпы білім
беретін мектептер мен отбасы жұмысының заманауи өзара
іс-әрекеті практикасының талдауы көрсеткендей, көптеген
педагогтар ата-анамен байланыстың мазмұны, түрлерін
және әдістерін жеткілікті дәрежеде толық
меңгермеген. Бір жағынан, бұл міндетті тиімді шешуде
ата-анаға тиісті педагогикалық білім жетіспейді. Отбасы және
мектеп іс-әрекетінің жеткілікті түрде үйлеспеуі
ата-аналардың тәрбие түрлері мен әдістерін тиімді
жүзеге асыруға даяр болмауынан көрінеді, мектеп тарапынан
оқушыларда функционалдық сауаттылықты
қалыптастырудағы әрекетінің нәтижелілігін
төмендетеді.
«Білім туралы» Заң отбасын балалардың дер кезінде білім мен
кәсіби дайындық алу, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу,
еңбекке дағдыландыру, қоғамдық мүлікке
ұқыптылықпен қарау, баланың денсаулығы мен
оның дене күшін толыққанды дамыту туралы ерекше
қамқорлық жасау үшін қажет жағдай жасауына
міндеттейді.
Отбасы тәрбиесі, кең мағынада –
балаларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудің бастапқы
түрі, бұл процестің барысында тұлға дамиды
және қалыптасады.
Отбасының тәрбиелік қызметіне
елімізде орын алған келесі үрдістер, құбылыстар мен
процестер ықпал етіп отыр: ата-аналары бола тұра, жетім балалар,
ата-аналар қамқорлығынан айырылған балалар,
қараусыз қалған балалар проблемалары; отбасыларда
әйелге (ерлерге), балалар мен қарттарға зорлық жасау
мен қатал қараудың пайда болуы; ата-аналар мен балалары
арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы;
балаларының ата-анасына, ата-анасының баласына жат болуы; бала
тұлғасының қалыптасуындағы ер азамат
ықпалының айтарлықтай әлсіреуі, жеткіліксіздігі;
ата-аналар мен балалардың белгілі бір тобының алдағы
болашағынан күдер үзуі; жалпыға танылған нормадан
тәртібі ауытқыған балалар санының өсуі (шылым
шегу, алкоголь және нашақорлықпен әуестену,
ұрлық, зорлық, жезөкшелік және т.б.);
отбасылардың салауатты өмір салтын ұстануға даяр
болмауы; ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің
төмендігі және сәйкесінше, отбасылардың басым
бөлігінің тәрбиелік әлеуетінің әлсіздігі,
жасөспірімдер мен бойжеткендердің отбасылық өмірге даяр
болмауы және т.б.
Қоғамымызда болып жатқан
әлеуметтік-экономикалық жаңғырту процестері, білім беру
саласындағы оң өзгерістер аталмыш проблемаларды шешуге,
отбасылық тәрбиенің әлеуетін арттыруға берік
негіз болады.
Отбасылық өмірдің барлық тәртібі
ықпалымен өсетін адам тұлғасының адамгершілік
және қоғамдық бағыттылығы, оның
құндылықты бағдары мен психологиялық
тұғыры қалыптасады. Ата-аналар және педагогтар
одақтас болған жағдайда ғана бала мүддесін
көздеген іс-әрекеттері табысты болады, ол баланы жақсы
білуге, оны түрлі жағдайда көруге, үлкендерге
балалардың жеке ерекшеліктерін түсінуіне, олардың
қабілеттерін дамытуға, өмірлік құндылық
бағдарын қалыптастыруға,
мінез-құлқындағы теріс әрекеттер мен
көріністерді жеңуге мүмкіндік береді. Сондықтан,
педагогтар әрбір тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік
қатынас орнатуы, өзара көмек және ортақ
мүдделілік ахуалын құруы тиіс. Отбасы баланың бойында
ерте балалық кезден-ақ адамгершілік
құндылықтарды, саламатты өмір салтын құру бағдарын
қалыптастыруы тиіс. Сол себепті, педагогтардың басты міндеттері
ретінде келесілерді атауға болады:
- ата-аналарды ересектер және балалардың, отбасы
мүшелерінің қарым-қатынас жасау тәсілдеріне,
әдістері мен стиліне үйрету;
- позитивті және келеңсіз жағдайларды сезінуіне
көмек көрсету.
Мектеп
және отбасының өзара іс-әрекеті нәтижесінде екі
жақ та дамиды. Өзара тану, өзара түсінісу, өзара
ықпал ету – өзара іс-әрекеттің негізгі
көріністері мен сипаттамалары болып табылады. Тәжірибе
көрсеткендей, өзара ықпал етудің
ынтымақтастық түрі ең тиімді болып саналады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі.
1. Ермакова О.Е. Стилевые особенности инновационной
деятельности учителя / Л.С. Подымова, О.Е. Ермакова //Педагогическое образование и наука, - 2010. - № 8. – С. 31 -35. – 0,5 п.л.
2.
Симоненко, В.Д. Общая и профессиональная педагогика/ В.Д. Симоненко. – М.:
Вентана-Граф, 2006. – 368с.
3. Хуторской, А.В. Педагогическая инноватика: Учеб. пособие
для студ. вузов / А.В. Хуторской. - М.: Академия, 2008.