ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ
АРҚЫЛЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Шона Смаханұлы атындағы № 44 орта мектебі,
Тараз қаласы
Бекбенбетова Бақыт, Раманқұлова Фариза
Бүгінгі
таңда Қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз
мемлекетке айналып,
өзінің қоғамдағы саяси,
әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы
жүйесінің әлемдегі өркениет үлгісін дамытуда.
Өйткені кез келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани
даму прцестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл
ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың
тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен,
салт-дәстүрімен және өткенімен тарихи
сабақтастығымен айқындалады. Даму процесінде қол
жеткізген тарихи тәжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді,
ұлттық санада, халықтық идеяда,
мәдени-әлеуметтік және құндылықтар
жүйесінде белгілі ретпен жинақталып отырады. Міне, сол
ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан
Қазақ халқына тән ұлттық
тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерін
жеткіншектердің тәрбиесінде, соның ішінде еңбек
тәрбиесінде пайдалану аса маңызды
міндеттердің бipiнe айналып отыр.
Ceбeбi, ұлттық
тәрбиенің қайнар көзі, Қазақ халық
педагогикасы мен дәстүрлеріне қайта оралу заманның жай
ағымы ғана емес, ол - қоғамдық өмір талабынан
туындаған қажеттілік, өйткені мәдениетті
әлеуметтік-тұрмыстық дәстүрлі түрлерін
танып-білу арқылы адам баласы оның рухани бастауына терең
бойлайды, туған елінің, ұлтының өзіндік
ерекшелігін аялап, сақтауға үйренеді. Қазақ халқының
сондай дәстүрінің бipi - жеткіншектерді
дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуі.
Еңбек
тәрбиесі адамзат тарихынының түрлі кезеңдерінде
даналық, ой-пікірлерді уағыздаушы шежірешілер еңбектерінен
көруге алды. Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы
Иоллығ-тегін «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк»
дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен
астарлас рухани мұраның бipi – Қорқыт ата
тағылымдары еңбек тәрбиесінің алғашқы
философиялық, педагогика-психологиялық идеяларын өзек етсе,
бұл мәселе олардан кейін ойшылдар мен ағартушылардың:
Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, М.Қашқари,
Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және т.б.
тәлім-тәрбиелік мұраларында да жан-жақты
қарастырылды [1].
Ал
Қазақстандық ғылым докторлары:
С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев және т.б. халық
педагогикасы идеяларын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
мәселелерін қарастырды [2, 3].
Қазақ халқының ұлттық әдеп
жүйесі халықтық педагогикадан бастау алады.
Халықтық педагогика жеткіншектерді дәстүрлі
еңбекке тәрбиелеу процесінде ересек адамдардың қайырымды,
әдепті, ілтипатты қарым-қатынасы арқылы олардың
еңбекке деген сүйіспеншілігін, еңбек адамдарын
құрметтеу сезімдерін оятып, қазақ халқының
әр түрлі кәсіптік салаларына
қызығушылығын арттырады. Ол қазіргі заман талаптарына
сәйкес жаңара түскенмен, бастапқы негізін сақтап,
адамдардың әлеуметтік қызметтеріндегі
қарым-қатынастардың басқа да жағымды
құндылықтарын қамтиды. Сол әдептің бip санаты ретінде танылатын
ұғым - ізгілік.
Ізгілік - адамның қоғамдық және
жеке өміріндегі құбылыстарға
жағымды адамгершілік қатынасын бейнелейтін, моральдық,
қоғамдық сананың неғұрлым жалпы
ұғымдарының бipi. Оның нақты
нысаналары: жақсылық, қайырымдылық, ізеттілік, т.б.
Тарихи
тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы
бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсінікті, моральдық теңдік пен туысқандық
бірлікті орнықтыруға
жәрдемдесетін ic-қимылдар мен қоғамдық
бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну
- мұратқа ұмтылған адамды материалдық
мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық
және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына
себептесін, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына
гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның
кемелдікке құлшынысын бейнелейді. Ізгілік идеясы адамның
басқа адамдар алдындағы және өзінің
алдындағы міндеттері жүзеге асырылғанда өзінің
әлеуметтік нақты мәніне ие болады. Ондай адамдарды жақсы
тәрбие алып, оны ic жүзінде қолданатын iзeттi адам дейді. Ізгілік белгі бір
тапсырманы саналы атқарудан да көрінеді. Ізеттілік - адам
бойындағы имандылық, инабаттылық, сыпайылық,
өнегелік, қарапайымдылық қасиеттерді қамтиды. Ізгілік - халқымыздың
ұлттық қасиеттерді үлкенді сыйлау, кішіге
ілтипат
білдіру - ізеттілікке жатады. Бұл қасиеттер көбінесе
отбасындағы еңбек тәрбиесінен көрініс тауып, жеткіншек
ұрпақты құндылықтар арқылы жан-жақты
дамытуға, еңбек дағдыларын игертуге, оған деген өз жауапкершілігін арттыруға,
әдепті ұрпақ тәрбиелеуге септігін
тигізеді.
Ал,
«әдептілік» дегеніміз - адам бойындағы
жағымды қасиет, оның қоғамда
қабылданған әдеп талаптарын сөзсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында
әдептілікке ерекше мән беріледі. Ceбeбi әдептілік -
қоғамның рухани дамуы мен экономикалық жетілудің
басты мәселесі ретінде шешуші рөл атқарады. Әдепті
ұрпақтың қалыптасуы еңбек тәрбиесі процесінің барысында балалық шақтан
басталған жағымды қасиеттерінің көрсеткіш ретінде
«әдеттен» өpic
алады.
«Ар»,
«намыс», «ұждан» түсініктері кездескен жерде «ұят» түсінігі қалыс
қалуы мүмкін емес, өйткені олар бip-бipiмен өзара тығыз байланыста. Ұят жоқ жерде береке-бірлік те, ізет-әдеп те жоқ. Ұлы Абайдың сөзімен
айтқанда:
Ұятсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар жалмауыз.
Сорлы қазақ, сол үшін,
Өзін-өзі күндейді. [4].
Алты бақан ала
ауыз, Ұят ұғымына қазақ халқы аса мән
бepiп оны адамгершілік қасиеттердің біріне балаған. Оны
«Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез,
тағы жат - надандықтың белгісі», «Ынсап, ұят,
терең ой - асыл зейнет біліп қой», «Өз ұятын білген
кісіге, бip кiciлік тәрелке береді», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Ұят -
иман белгісі, ұяттыда иман бар», «Ұяттан адам өлмейді,
сағы сынады», т.б. мақал-мәтелдерден,
әңгімелерден аңғаруға болады.
Қазақ
халық педагогикасы «ар-ұят» ұғымдарын жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеуде өте
ұтымды пайдаланған. Бұған мына төмендегі
әңгіменің мазмұны дәлел бола алады.
Баяғыда бip
білімді де көреген адам болыпты. Оның жалғыз ұлы бар
екен. Сол бала ержетіп, ат жалын тартып мінуге жарап қағанда,
әкесі оған еңбек етіп, ақша табуды тапсырыпты.
Бірақ анасы жалғыз ұлын аяп, әлі бұғанасы
қатпаған жас деп, баласының жұмыс icтeп
табатын ақшасын
үйдегі ақшадан алып бepiпті. Бала әлгі ақшаны кешқұрым «бүгінгі табысым» деп, әкеліп бергенде, әкесі оны
алған бойда, ошақтағы отқа лақтырып жіберіпті.
Бала оған қыңқ етпепті. Екінші және үшінші күндерде де тап солай болыпты.
Төртінші күні Әкeci ақшаны тағы отқа тастағанда: «Ойбай, көке, ақшаны өзім тауып
едім ғой» - деген екен дейді
[5].
Демек, адал
еңбекпен жеткен жетістік шын қуанышты да, тапқан табыс
өте қадірлі. Сонымен қатар ол адамды тәрбиелейді,
тәртіпке түсіреді. Бұдан шығатын қорытынды: адам
тек кана еңбек арқылы қалыптасып, кемелденеді, өз
жөнін өзі білетін, ешкімге жалынышты, тәуелді емес,
өзгенің бақыты мен қуанышы, атақ-абыройы
үшін ешкімнің алдында ұятты, қарыздар емес жеке
тұлғаға, сонысымен қоғамға пайдалы, айналасында
сыйлы, қайырымды, шапағат иесіне, шын мәніндегі инабатты кiciгe айналады.
Алайда қазақ
халық педагогикасында осы қасиеттермен қатар,
халқымыздың моральдық-этикалық көзқарастар
ұстанымында жеткіншектерді еңбекке тәрбиелеуде «абырой»,
«намыс», «парыз», т.б. түсініктер жоғары бағаланған.
«Абырой»
- адамның
өзіне деген айрықша моральдық көзқарасын білдіретін
этикалық категория және жеке тұлғаның
қадір-қасиеті мойындалатын қоғамдық пікір;
адамның өзі айналысатын кәсібіне (мамандығына),
қабілет-қарымына толық сәйкес келуі. Моральдық
мағынада адамға тән қасиеттердің жиынтығы,
ол осы қасиеттері арқылы ерекше шығармашылық
еңбекпен шұғылдануға бейімделуі мүмкін. Адам
абыройы мен қадір-қасиеті оның шыққан тeгi, білімі немесе әлеуметтік жағдайымен емес, жеке
тұлға және азамат ретінде ерекше ерік күшінің
болуымен айқындалады. Абырой еңбек сіңіру түсінігінен
осы жағымен ерекшеленеді. Егер басқалармен салыстырғанда,
адам құндылығы осындай қырларымен танылатын болса, онда
еңбек сіңірудің өлшемдері биік мақсаттарға
ұмтылыс ретінде көрінеді, ал адамның бiлімі оларға қол жеткізу құралы болып табылады.
Барлық адамдар, табиғи және әлеуметтік
айырмашылықтарына қарамастан, әлеуетті абырой иелері.
Бірақ бұл қасиет әpбip адамда өзінің
мүмкіндіктерін қалай пайдалануына орай әр түрлі
дәрежеде көрінyi мүмкін. Күйзеліс, қайғы-қacipeт салдарынан адам өзгенің абырой-беделін
сақтау сезімін жоғалтуы да ғажап емес. Адамның өз абыройын арттыруы
жеке тұлғаны дәстүрлі еңбекке тәрбиелеу
процесі барысында жүзеге асады, ал оның негізгі шарты -
ересектердің балаға деген сыйластық
қарым-қатынасы болып табылады.
Адам абырой үшін
қызмет етеді, кейін абырой адам үшін қызмет істейді. Абырой
мысқылдап жиналғанмен, қапшықтап төгілуі
ықтимал. Сондықтан халық әсіресе жастарға бата
бергенде алдымен «абыройлы болсын» деген. «А, құдай,
абыройыңнан айырма» деп отырады. Абырой адамның
қоғамдық бейнесін, өз еңбегімен жинаған
беделін танытады. Өйткені ол адамның бойына туа біткен немесе
өзіне-өзі сыйлайтын, беретін нәрсесі емес. Ол
-айналадағы адамдардың, халықтық,
қоғамның белгілі бip кiciгe, оның еңбегіне деген аялы, құрметті
көзқарасы. Одан айрылу - өзгенің
қадір-қасиетін білетін адам үшін өте ауыр жаза. Сол
үшін де халық мақалында:
Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді, - дейді.
Намыс - адамның
қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, күтіп, лап
етпе сезімі. Адамдардың үлкен кемшіліктердің бipi - әдеп немесе
аңдамай біреудің намысына тиюі адамға қол
жұмсағаны, қатты сөз айтқаны үшін
жағдайларына, себептеріне қарай кешірім жасауға болар да,
бipaқ адамның адамгершілігіне тию, намысына тию - кешірілмес
әдепсіздік. Адамның намысына қатты зақым келтірсе, айталық,
мәдени мұрасы ұмытылып, дәстүрлі
мәдениеті
ескерілмесе, Отаны масқараланып, елі қорланса, бұл сол
елдің барлық азаматтарының намысын келтіріп,
ұрыс-жанжал,
тіпті, қан төгістерге апарып соғуы мүмкін.
Сондықтан ешкімнің намысына тимеу қоғамдағы,
әcipece мектеп пен әр түрлі оқу орындарындағы
моральдық-этикалық нормалар тәрбиесі басты
бағыттарының бipi болуға тиіс.
Халық
даналығы жастарға қызығы мол, қайтып оралмайтын,
кейін іздесең де табылмайтын адам өміріндегі ең
қызықты кезеңді бос өткізсе - оның орнын еш
уақытта толтыра алмайтынын, бұл кезде адамның ғылым-білімді, өнердің сан
алуан түрлерін меңгеруге мүмкіндігі мол болатынын, сол
себепті көп оқып, үйреніп, біле берудің керектігін
әдейілеп ескертеді, олардың еңбексүйгіш, көпшіл,
белсенді, өнегелі азамат болуын мақсат тұтады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. - Алматы,
«Рауан», 1994. - 320 б.
2. Ұзақбаева С.А. Қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие,
13.00.01 - жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика, пед. ғыл. докт. ... дис. - Алматы, 1993. - 324 б.
3.Бөлеев Қ.- Болашақ мұғалімдерді оқушыларға
ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: теориясы мен
практикасы. - Алматы, «Нұрлы әлем», 2004. -304 б.
4.Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы.
-Алматы. 1986.-640 б.
5. Календарные обычаи и обряды у народов
Восточной Азии. -М, 1985.-С. 45.