магистр, аға
оқытушы Абылайхан С.М.,
ПжП – 31 тобының студенті
Нұрсұланқызы А.
Академик Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ, Қарағанды қ.
Білім беру жүйесіндегі
басқарудың әдістері мен түрлері
Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігінде менеджмент және менеджер
сөздеріне төмендегідей анықтама берген:
Менеджмент –
өндірісті басқарудың принциптері, әдістері,
құралдары мен түрлерінің жиынтығы.
Менеджер – 1)
Жалдамалы кәсіби басқарушы; 2) Өндірісті басқару жөніндегі
маман.
Менеджмент
кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң
жағынан) туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық
бөлігі) туралы, қызметтерді іріктеу (әлеуметтік жағы)
туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың
тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді
қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.
Менеджментте басты
нәрсе кез-келген адамдық қарым-қатынастарға
жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін із жүзінде бөлу, анықтау
және қолдану болып табылады.
Менеджмент тура
мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді.
Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпоративтік бизнеспен
мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті
заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны
менеджер деп атайды. «Менеджмент»
термині американдықтар үшін фирманың алға
қойған мақсаттарына қол жеткізудегі материалдық
және адамдық ресурстарды әлде қайда тиімді пайдалануды
және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді [1].
Басқару типі
ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға
болады:
1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, уәждері,
құндылықтары, нұсқамалары басқаруды
ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге
асырушы болып табылады
2. Басқарудың тәсілдемесінде, принциптерінде және
әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару
әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе
маркетингте - тұтынушылардың мүддесін алдыңғы
орынға қоятын басқаруда жиі білінеді.
3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде
көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке
тән. Менеджер, экономикалық және
әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне
қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни
жаңашылдыққа жылдам биімделе алатындай басқаруды икемді
ұйымдастыру тән [2].
«Білім туралы»
заңында көрсетілгендей, білім саласындағы мемлекеттік реттеу
білімге деген конституциялық құқықтардың
іске асыруын қамтамасыз ететін жағдайларды
қалыптастыруға және білім беру ұйымдарымен
ұсынылатын білім қызметтерінің жоғары сапасын
қамтуға бағытталған (8 тарау, 54 бап).
Соңғы жылдардағы білім берудегі реформалар білімнің
әртүрлі деңгейлері мен бағыттарын қамтитын
инновациялардың тұтас жүйелерін енгізуімен байланысты.
Басқару
процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені қолдану
өнері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайларға
қарай басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді.
Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін
көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді,
алдағы кезеңдік және ағымдық) белгілейді. Екі
стильді ұсынатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің басты,
яғни принциптік айырмашылығы, міне, осында.
Басқару
әдістері дегеніміз - бұл басқарудың
мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару
әдістері ұжымдар қызметінің жоғарғы
тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге
тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін
өндірістік шаруашылық міндеттерді шешу процесінде
қолданылатын басқа да техникалық және
технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері
басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы
техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен
ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша
тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер – басқару
қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып
табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске
асырылады[3].
Әдіс -
оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған
міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен
оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын
тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін
істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері
танымға қызығушылық туғызып, оқушының
ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге
ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе –
оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту
әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді,
теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл –
оқыту әдісінің элементі. Жоспарлы хабарлау,
оқушының зейінін сабаққа аудару,
оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдары
қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады.
Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
· Ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
· Мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін
тәсілдер;
· Оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
· Жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты
басқару тәсілдері.
Оқыту
әдістерінің басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу,ұйымдастыру.
Менеджмент
әдістері – бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз
ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің
ережелері мен процедураларының жүйесі.
Ғылыми
басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде
төмендегідей әдістер қолданылып, олар ғылыми
тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын шешімдердің
сапасын арттырады.
Біріншіден, ойын
теориясы тәсілі. Бұл тәсіл кейбір істің
бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.
Екіншіден,
имитациялық модельдендіру тәсілі. Бұл кезде арнайы
құрылымдар пайдаланылады. Олар нақты өмірді имитация
жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық
жағдайын моделдейді, бәсекелесінің кей кездегі
экономикалық жағдайын қарастырады.
Үшіншіден,
«бұтақты ағаш тәрізді шешімдер» тәсіл
қолданылады. Бұл тәсілде мәселені схема түрінде
және бағдарламаларды көзбен шолып қарауды
ұсынады.
Төртіншіден,
баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін
болжау тәсілін қолданады.
Менеджмент
құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі:
өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық
менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент,
халақаралық менеджмент, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті
және тағы басқалары [4].
Менеджменттің
жоғарыда аталған түрлерін және тәсілдерін
қолдану, басқару іс әрекетінің дұрыс деңгейде
болатынын көрсетеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны
тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
2. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А.,
1991.
3. А.Б.Рахымбаев, Б.О.Сабатаева «Менеджмент», -
Алматы: Нұр-Пресс, 2007.
4. Паньшина, Т. В. Педагогикалық менеджмент: оқулық / Т. В. Паньшина, Ж. Ж. Айтпаева. - Алматы : ҚР
ЖОО қауымдастығы, 2012. - 248 б.