Жоғары оқу орнында білім сапасын арттыруда инновациялық
технологияларды пайдалану мүмкіндіктері
Шарипходжаева Ж.Б.
Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру
мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында: жоғары оқу
орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде
белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік
тапсырыстары, өз кезегінде оқыту бағдарламаларын
өзгертуді сондай-ақ студенттердің алатын білім сапасын
көтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды
игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын
енгізуді көздейді, – деп көрсетілген [1]. Бұдан
нәтижеге бағдарланған білім беруде ақпараттық
технологияларды пайдаланып, білім сапасын арттыру мен түйінді
құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттігі туындайды.
Инновациялық технология – белсендіруді ұйымдастыру және
басқаруды дамыту үрдісі. Оқытудың инновациялық
технологиясы – педагогтың білім
алушылармен амал әрекеттерді таңдауы оның нәтижесінде білімгерлердің
оқуға деген мотивациясы
түбегейлі артады [2]. Инновациялық технологияны білім беруде педагогикалық
жаңалық пен динамикалық бірліктің нәтижесінде
педагогикалық қауымдастықтың меңгеруі мен
тәжірибеде ғылыми
негізделген оқытуды тиімді қолдануы. Білім берудегі инновация
құрылымы жағынан кешенді әрекет болып табылады. Атап
айтсақ: туындының дүниеге келуі, оны менгеріп,
жаңалықты таратып тәжірибеге енгізу, педагогикалық
жаңалық құру, оны педагогикалық
бірлестіктің игеруі, тәжірибеге енгізілуі мен қолдануы.
Инновациялық үрдіс жаңалықты ашудан бастап,
тәжірибеге енгізіп, жүзеге асыруға дейін жүреді.
Инновациялық технологияларға:
тұлғалық-бағдарлы, интеграциялық,
ақпараттық,
қашықтан оқыту, дамыта оқыту, модульдік
оқыту жатады. Осылардың ішінен интеграциялық және
ақпараттық технологияларға тоқталып өтуді
жөн көрдік.
Интеграциялық технология – ғылымдардың байланысы
және кірігу үдерісі. Әлемдік білім беру
кеңістігінің интеграциясы - біркелкі білім кеңістігін
құру мақсатында әлемдік білім жүйесінің
жақындасу үрдісі болып табылады. Бұл бүгінде еліміздің
оқу орындарының әлемдік білім кеңістігінде Болон
үрдісіне еніп, кредиттік жүйеге көшуімен сипатталады. Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университеті 2004 жылдан бастап кредиттік оқу
жүйесіне көшті. Кредиттік оқу жүйесіне көшуге
байланысты аталған университетте бірнеше мамандықтар бойынша
бакалавриат, магистратура, докторантурадан мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттар, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары,
оқу-әдістемелік кешендер мен электрондық оқулықтар даярланып,
педагогикалық үдерісіне енгізіліп отыр. Университетте 38
мамандық бойынша магистрлар дайындалады. Интеграция
жинақтау ұғымымен барабар, бірақ жинақтау жекеден
жалпыға өтудің логикалық үрдісі ретінде
анықталса, ал интерациялау жаңа сапаның пайда болуымен
сипатталады. Сонымен, интеграциялық технология дегеніміз - мазмұнның бірігуі, ортақ
бағытты тауып, оны мазмұн жағынан жаңалау болып
табылады, яғни пәндік білімді жақындастырудың жалпы
негізін табуға көмектеседі. Бұған бүгінгі
жоғары оқу орнындағы бейнелеу өнері мен еңбекке
баулу әдістемелерін интеграциялап, көркем еңбек деген
пән ретінде алынуы дәлел болады. Интеграциялық оқыту
технологиясын басқа пәндерде тіл және әдебиет т.б.
пәндерді оқытуда пайдалану тиімді.
Ақпараттардың қазіргі заманғы жаңа
рөліне байланысты қоғамды ақпараттандыру процесі
әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің маңызды
бағыттарының біріне айналып отыр. Бүгінгі
таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі
мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық
технологияның бірі ретінде мультимедиалық технологияларды
қолдану негізінде біртұтас
біліми ақпараттық орта
құру арқылы ұлттық білім сапасын арттыруды
көздеп отыр.
Жоғары мектеп
педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі
студенттерді болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік
біліктілігін дамыту, білім беру туралы: «Білім беру реформасының
ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен
білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің
кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге
көтерілу» - деп атап көрсетілді [3]. Мұның өзі
еліміздегі білім беру жүйесін
әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен
ұштастырып оқыту мақсатына байланысты еліміздің
жоғары оқу орындарының алдына сапалық өзгерістер
енгізу мәселесін міндеттейді.
ХХ ғасырдың басында
Ж.Аймауытов: “Мектеп бітіріп шыққан соң, бала бүкіл
әлемге өзгенің және өзінің өміріне
білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен
қарайтын болса, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі
мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне
мықты негіз болуы керек”, - деп айқындап берген [4]. Бұдан шығатын
қорытынды автордың идеясының өміршеңдігін, яғни бүгінгі мектеп
оқушысы ертеңгі университет студенті екенін ескере отырып,
жоғары оқу орнының да білім мазмұнының
жалпыадамзаттық құндылыққа бағдарлануы,
білім беруді тұлғалық-бағдарлы,
нәтижелі-шығармашылық ұстанымдарға негіздеп
құру міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді
көздеу қажеттігін
көрсетеді.
Ақпараттық
өркениетілік ғасыры
компьютерлік сауаттылықтан ақпараттық
сауаттылыққа көшуді
талап етеді. Соның
нәтижесінде ақпараттық мәдениеттілікке көшу мақсаты жүзеге
асырылады. Оқыту үрдісін ақпараттандырудың
басты міндеті жеке тұлғаның ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет –
ерекше ойлау, қазіргі ақпараттық қоғам
талаптарына сай болуды қажет етеді. Оқыту үдерісін
ақпараттандырудың басты міндеті жеке тұлғаның
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Ақпараттық
мәдениет – компьютерлік сауаттылық, ақпараттық
қарым-қатынас, диалогтік режим қабілетін меңгеру,
қажетті ақпаратты іздестіруді тиімді іске асыру болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орнында
білім берудің бүгінгі таңдағы мақсаты
бәсекеге қабілетті, ұлттық мәдениетті,
әртүрлі бағыттағы білімді меңгеруге дайын,
ақпараттық кеңістікте икемді әрі тез қимылдайтын,
жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген,
құзыретті тұлғаны тәрбиелеуді көздейді.
Осы тұрғыдан алғанда құзыреттілік – бұл күнделікті өмірдің
нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді
тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік.
М.М.Чошанов құзыреттілікті білім, білік, дағдының
өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын
ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы +
әдістердің оралымдылығы + ойлаудың сынаулығы [5].
Ал, ақпараттық
құзыреттілік – бұл
оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы
міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану
қабілеті, – деген тұжырым жасаймыз. Ақпараттық-коммуникациялық
технологияның жеделдетіп дамуына байланысты
«ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік» деген
терминді қолдану тиімді. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік
– бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен,
ақпараттық құрылғылармен және
телекоммуникацияны пйдаланып шешу қабілеті.
Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру
тұжырымдамасында: білім берудің барлық деңгейін
ақпараттандырудың негізгі мақсаты мен міндетін, жолдары мен
механизмдерін, бағыттарын анықтайтын көзқарастар
жүйесі болып табылады, - деп көрсетілген.
Оқытудың
ақпараттық технологиясы
- қазіргі компьютерлік техника
негізінде ақпаратты жинау,
сақтау, өңдеу және
оны тасымалдау істерін
қамтамасыз ететін,
технологиялық тізбектегі өндірістік үрдістер мен
бағдарламалық-техникалық құралдар,
математикалық және кибернетикалық тәсілдер жиынтығы.
Білім беруді
ақпараттандыру бірнеше
кезеңдерден тұрады:
I кезең: қазіргі ақпараттық технологияларды
жаппай меңгеру – компьютерлік сыныптар ашу, оқытушылар мен
студенттерді арнайы дайындықтан өткізу арқылы телекоммуникация
құралдарын, интерактивтік жүйелерді, базалық
деректерді, бағдарламалық құралдарды игеру.
II кезең: дәстүрлі оқу пәндеріне
қазіргі ақпараттық технологиялар құралдарын
белсенді түрде енгізу, білім мазмұнын қайта қарау,
бағдарламалық жабдықтау, компьютерлік курстар.
III кезең: үздіксіз білім беруді түбегейлі қайта
құру, қашықтан оқыту, оқытудың
әдістемелік негізін өзгерту.
Студенттерге оқытудың инновациялық
технологияларын: телеконференция,
электрондық пошта,
электрондық оқулық, мультимедиа жүйелерін
меңгертуге тура келеді. Оқытудың кредиттік жүйесі
бойынша студенттердің дербес, жеке, ұжымдық жұмыстарын
көбейте отырып оқыту үдерісінің ұйымдастыру
формалары өзгереді. Бүгінгі ақпараттық технологияларды
оқыту үрдісіне енгізу оқытушының қызметін
түбегейлі өзгертеді, себебі ол әрі зерттеуші, әрі
программист, ұйымдастырушы, кеңесші болып, студенттердің
білімді қабылдап қана қоймай, оларды түрлі
жағдаяттарда дербес шешім қабылдауға үйретеді.
Ақпараттық технологияларды
оқыту үдерісіне енгізудің тиімділігі:
· оқыту үдерісін студенттердің даярлық
деңгейіне, қабілетіне, өзіндік
ерекшеліктеріне, қызығушылықтарын,
қажеттіктеріне қарай өткізу мүмкіндігі;
· студенттердің танымдық әрекетінің дербестікке,
ізденіске қарай бейімделуі;
· студенттердің өздігінен білім алуға ынтасын арттыру, жетілдіру мүмкіндігі;
· оқытудағы пәнаралық байланыстардың
күшеюі, құбылыстар мен уақиғаларды кешенді
оқыту;
· оқыту үдерісі икемділігінің артуы, оны тәжірибеде
қолдана білуге дайын болуы;
· студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың
формалары мен әдістерінің өзгеру мүмкіндігі.
Ақпараттық технологияның
құрамды бөлігі ретінде мультимедиа технологиясын
қарастырамыз.
Мультимедиалық технологиялар
- бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультибағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті бағдарламалық жабдықтың басқаруымен орындаталатын электрондық
құжаттарды дайындау тәсілдері болып табылады.
Мультимедиа
ақпараттық жаңалықтардың қайнар көзі
ретіндегі ғылыми білім мен
инновациялық шешімдердің рөлінің
жоғарылауына ықпал етеді, технологиялық өсу мен жаңа интеллектуалдық
технологиялардың құрылу мүмкіндіктерін
қарастырады. Мультимедиа технология ретінде ақпараттық
қоғамның әлемдік мәдени үрдіске еркін
кірігуіне жол ашады, өзін-өзі реттеудің сан түрлі және ең әсерлі
формалары мен әдістерін табуға ықпал етеді. Педагогика
ғылымында мультимедиа технологияларының зерттелуін зерделей
келе, жалпы ережелерін бөліп
көрсетуге мүмкіндік туғызылды:
- студенттердің мультимедиалық технологияларды пайдалану
жүйесін меңгеруі;
- студенттердің
мультимедиалық
технологияларды пайдалануды жүзеге асыру механизмін білуі;
- дәстүрлі және интерактивті әдістерді
үйлестіре білуі;
- жұмыстардың сипатына қарай мультимедиалық технологияларды өз қалауымен
таңдай
алуы.
Осы мүмкіндіктерді ескере отырып, Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде материалдық базасы түрлі
ақпарат көздеріне, электрондық оқулық жасауды
оқыту барысында қажетті компьютерлік техникаға қол
жетерліктей етіп жабдықталып, мультимедиалық технологияларды
пайдалану кеңінен қарастырылуда. Сонымен, біздің негізгі
міндетіміз педагогикалық жүйені жақсарту болып табылады,
нақтылап айтсақ
университеттегі информатика мамандығының
студенттерінің кәсіби дайындығын күшейту үшін
арнайы курсты таңдау пәндерінің оқу
бағдарламасын, силлабусын, оқу-әдістемелік кешендермен,
дидактикалық және әдістемелік материалмен қамтамасыз
ету, іс жүзінде электрондық оқулық жасауға
және пайдалануға оқыту үдерісін тиімді өткізуге
мүмкіндік беретін арнайы оқу құралдарымен қамтамасыз
етуге бағдарланып отыр. Электрондық оқу құралын
жасағанда төмендегідей
мәселелер ескерілді:
· студенттердің электрондық оқу құралын жасау
мен пайдаланудағы базалық білімдерін қалыптастыру;
· түрлі ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларға қатысты электрондық оқулық дайындауға оқытушыны
үйрету үрдісінің көпнұсқалылығы;
· жасалынатын әрі пайдаланылатын электрондық оқу
құралының сапасын бағалауға болашақ
мұғалімдерді дайындау.
Информатика мамандығында дәріс беретін ізденушіміздің
ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша мультимедиа технологиясын пайдаланып,
оқытушы мен студенттің бірлескен жұмысында және
студенттердің өзіндік жұмыстарын ізденімпаздықпен
орындауға бағыт бере отырып, диплом жұмысын электрондық
оқулық дайындауға дейін жеткізді. Студенттердің
өзіндік жұмысында мультимедиа технологияларын пайдаланудың
басты ерекшелігі оның құндылыққа бағытталған
жүйесінде екенін ескеріліп жасалған электрондық
оқулықтарда студенттің өзіндік жұмысына
бағыт беретін үлгісі оларды кәсіби бағытта
даярлаудың, жоғары оқу орнының оқыту
мақсатының және пәнді оқыту
мақсатының талаптарына сәйкестігі ескерілді.
Даярланатын электрондық оқулық мазмұны: кіріспе,
компьютердің құрылымы, жұмыс столы, есеп тақтасы,
paint графикалық редакторы, Word мәтіндік редакторы, дыбыс жазу,
Media Player, Internet Explorer, Тест, Глоссарий, Фильм, Анықтама деген
бөлімдерден тұрады. Әрине электрондық
оқулық орындалу деңгейіне қарай әртүрлі
болады. Студенттердің диплом жұмысын орындауы орташа
деңгейдегі гипермәтіндік оқулықтар болып табылады.
Студенттердің
мультимедиалық технологияларды
пайдалану арқылы орындаған тапсырмаларының
нәтижесіне байланысты қосымша материалдарды алу
көздерімен қамтамасыз
етілуін қадағалау қажет. Ақпарат көздерін
алуға мультимедиалық технологиялардың басқа
ақпарат құралдарынан артықшылығы басым болып
отыр. Өйткені, студенттің интерактивтілік ақпаратты алуды
жүзеге асыруда оны басқаруда жеке өзі өзгертуге,
нәтижесін меңгеруге, бағдарламалық
сұрақтарға нақты жауап беруге, еркін пайдалануға
мүмкіндігі бар. Сондықтан, әрбір жоғары оқу
орнында курс сайын оқытушының тікелей басшылығымен
барлық пәндерде мультимедиа технологияларын пайдалануы
қажеттігі туындайды. Олай болса, кредиттік оқу жүйесінде студент пен оқытушының бірлескен
жұмысы, студенттің өзіндік жұмысы бойынша орындалатын
тапсырмалардың да түрлері де шығармашылықпен ізденетін
тұрғыда реферат, курстық, диплом жұмысын жазу,
ғылыми зерттеу жұмыстарын жоба және т.б. (университеттегі
студенттердің кіші ғылыми академиясы) орындауды қажет етеді.
Оқыту үдерісінде қолданылған мультимедиалық
технологияларды пайдалану тәжірибе барысында төмендегідей
деңгейлерді айқындауға мүмкіндік туғызды.
Бірінші деңгей
өзіндік тапсырмаларды орындауға дайындық, бұрын
меңгерген материалдарды еске түсіру, жаңа білімді игерту;
Екінші деңгей
меңгерген білімін өзіндік тапсырмаларға қажетті
жағдайда қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
Үшінші деңгей
өзіндік тапсырманы шығармашылықпен орындауда алған
білімін жүйелеп, қорыту.
Төртінші
деңгей шығармашылық әрекетке дайындық және
жинақталған материалдар негізінде жаңа нәтижелер алу
қажет деп санаймыз.
Осы
деңгейлерді басшылыққа ала отырып, білімгерлердің ақпараттық
технологияларды пайдалануын көрсететін жұмыстың бір
түрі ретінде студент портфолиосы алынады. Ол педагогикалық
жетістікті жүйелеу және жинақтау, бағалауды
қамтиды. Портфолио француз тілінен аударғанда «мазмұндау», тұжырымдау», «алып жүру»
және «бет», «парақ» және «жинақ», «жетістікті жинау»,
итальян тілінен аударғанда
«құжаттар папкасы», «маман папкасы» дегенді білдіреді. Портфолио
жоғары мектептің білім экономиясында негізгі бағыт болып
табылады, ал педагог - оны өмірге айналдырушылардың бірі.
Студенттердің портфолиосы олардың білім сапасының
көрсеткішінің бірі болып табылады, сондықтан
студенттердің өзіндік жұмыстарының сапалы орындалуы
олардың білімінің нәтижесін көрсетеді.
Маман кадр дайындауда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларын пайдаланып «Жоғары оқу орнында тәрбие
жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» пәнінде интерактивті
тақтаны, аудио-бейне құралдарын, электрондық
материалдардың білім сапасын арттыруға, олардың
қоғамдық даму
үдерісінде ғылыми көзқарастарын қалыптастыру,
салауатты салт өмірін насихаттау, оқыту үдерісінде
компьютерде жинақтау әдісін меңгеру, ақпаратты
және сақтау, ғылыми зерттеулерді жоспарлап, ұйымдастыру
дағдыларын игеру және зерттеу материалдарын өңдей білу
міндеттері қойылды. Студенттердің ғылыми-зерттеу
жұмысының өзектілігі – мамандық бойынша
мәселелерге арналуы, қоғам талабына сай ғылыми
жаңалықты аша білуі және қазіргі заманғы
отандық және шетелдік ғылым мен практиканың байланысын
көрсетуімен сипатталады. Студенттер ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдаланып орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижесі бойынша республикалық және халықаралық
конференцияларға, қатысып, баяндамалар жасап, баспасөз
беттеріне мақалалар жариялап отырады.
Қорыта айтқанда, жоғары оқу орындарында білім
сапасын арттыруда оқытудың ақпараттық-коммуникациялық
технологияларын бакалаврдан бастап, жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беруде жүйелілік, бірізділік ұстанымдарды
басшылыққа ала отырып, кәсіби біліктілігі жоғары,
өз мамандығын сүйетін, түйінді
құзыреттіліктерді меңгерген шығармашыл маман даярлау
ісі жүзеге асырылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы жоғары білім беру
мемлекеттік стандартының
тұжырымдамасы – Алматы, 1998 ж.
2. Образование и наука Энциклопедический
словарь – Астана, 2008 г.
3. «Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты»
(2008 жыл) атты Жолдаулары. –
Астана, 2008 г.
4. Байтұрсынов А. Тіл
тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 442 б.
5. Чошанов
М. A. Гибкая технология проблемно-модульного обучения: Методическое пособие.
- М.: Народное образование, 1996. - 160 с., ил.