Педагогические науки/5.Современные методы преподавания
Тортаева Э. К.
Қазақстан, М.Х. Дулати атындағы
Тараз Мемлекеттік Университеті
ШЕТЕЛ
ТІЛІ САБАҒЫНДА БІЛІМГЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Еліміз
егемендік алған соң қоғам өмірінің
түрлі салаларында, оның ішінде білім саласында бірінші кезекте
адамға қарай бетбұрыс жасалып, оның жан дүниесіне
баса назар аударылды және жеке тұлғаның
қалыптасып дамуына бағытталған жаңа жүйе
айқындалды. Қай кезеңде болмасын, оқу орнындағы
басты тұлға – оқытушы. Алған білімін адамзат игілігіне
жұмсайтын, қазақтын ой-танымының иесін де
тәрбиелейтін оқытушы.
Оқытушы
әрбір сабақтың идеялық ғылыми жағына
терең үңіліп, оның өзіндік ерекшелігін
жан-жақты аша біліп, практикалық ерекшелігіне баса назар аударып,
оқушының сауаттылығын арттыруды әрбір
сабақтың мақсаты етіп қоя білуі қажет. Сол
үшін де қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын
қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден бір жолы.
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі
педагогикалық технологиялары енгізілуде.
Ағылшын
тілі сабақтарын оқытуда негізгі көзделетін мақсат
білімгерге грамматиканы және лексиканы түсіндіре отырып,
олардың ойлау қабілетін дамытып, жаттығу жұмыстарын
орындай отырып тиімді әдісін таңдай білу және жазу
сауаттылығын көтеру болып табылады. Сабақты сәтті
ұйымдастырудағы басты мақсат – Білімгердің
сабаққа деген қызығушылығын арттырып,
бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті
өтуі біріншіден оқытушының біліміне, іскерлігіне,
тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден сабақ материалына, ал
үшіншіден топ типіне, төртіншіден оқытушы мен
білімгердің көңіл – күйіне де байланысты. Менің
ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше
алғышарттары бар. Олар:
-
сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау.
Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы
қажет. Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары
жақсы нәтиже бермейді.
-
тақырыпқа сай сабақ түрін, оның
әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру; - қосымша
материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала
білу; - дидактикалық, техникалық құралдарды,
электрондық оқулықтарды мақсатқа сай, білімгер
сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану; - сабақта
алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен
жаңа технологияларды пайдалану.
Іс-
тәжірибемде «Кембридж» тәсілімен оқытуды қолданып
жүрмін. Сондай-ақ, «Кубизм», «Венн диаграммасы», тірек-сызбалар,
сөздік диктант, түртіп алу әдісі, «Бинго», «Жалғасын
тап», «Алтын сақа», «Алтын қақпа», «Допты қағып
алу», «Алты қалпақ» және т.б ойындарын білімгерлердің
таным белсенділігін арттыру және бұрынғы білетін білімі мен
жаңа білімді байланыстыру мақсатында ойнатамын.
«Кембридж»
тәсілімен оқытудың мақсаты- білімгердің
пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған
білімдерін оқудан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана
білуін қамтамасыз ету. «Кембридж» тәсілімен оқытудың
бағдарламасы 7 модульден тұрады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3. Білімгер үшін бағалау және оқуды бағалау;
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Білімгерлерді жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және
оқу;
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Осы
жеті модульді сабаққа кіріктіріп, психологиялық тренингтер
өткізіп, сергіту сәттерін өткіземін. Бұл
тәсілдің ерекшелігі – топ білімгерлерін жақсы, жаман
оқитын білімгерлер деп бөлмей, барлық баланың дамуы
үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады.
Нашар оқитын білімгер де өз шамасы келгенінше, қабілеті
жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған, білімгердің
сезім, түйсігін, қабылдау - ынтасын, зейінін, есте сақтауын,
ұғынуын, ойлау, қиялдау, болжау қабілетін,
ерік-қайратын, оқу іс-әрекеттерінің дағды -
машықтарын, жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін
дамыту.
«Кембридж»
тәсілімен оқытудың сүйенер әдісі –белгілі бір
тапсырмалар арқылы білімгердің қабілетін дамыту. Осы
тәсіл негізінде құрылған сабақта білімгер
өз бетімен ойлана жұмыс істеп, ал оқытушы ізденіс-таным
процесін ұйымдастырушы ролін атқарады. Сонымен қатар, топ
ішіндегі дарынды білімгерлерді анықтауға көмектеседі.
Бұл тәсілде білімгерлерлердің жеткен жетістіктері мен
кемшіліктерін біліп, өз еңбектеріне талдау жасайды және
тапсырмалар негізінен жеңілден күрделіге қарай
құрылады.
«Кембридж» тәсілімен
оқытудың тиімді жақтары мыналар:
-
әр білімгерлер өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
-
білімгерлер жеке қабілеті айқындалады;
-
іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-
тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес ойлау
қабілеті артады;
-
әр білімгерлер өз деңгейіне, қабілетіне қарай
бағаланады;
-
топ білімгерлерлері толық бағаланады және әр
білімгерлер өзінің алатын бағасын біліп отырады.
Сөзімді
қорытындылай келе білімгерлердің тағдыры
оқытушының қолында екендігін ұмытпай,
білімгерлердің құрметіне ие болу – оқытушы үшін
үлкен мәртебе.
Әдебиеттер
1. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауы. -АСТАНА. 14 желтоқсан
www.inform.kz/
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 –
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http:// kz.
government. kz/ resources /docs
3. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. –Алматы, 1973. 215 б.