УДК
91:37.016
ПРОБЛЕМАЛЫҚ
ЖАҒДАЯТТЫ ГЕОГРАФ МАМАНДАРДЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУ
А.К.Хаируллина - оқытушы магистр М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Аннотация
Проблемалық жағдаят студенттің белгілі бір
психологиялық жағдайын сипаттайды. Проблемалық жағдаят
– басты элементі белгісіз, жаңа тапсырманы дұрыс орындау
үшін, қажетті әрекетті орындау үшін ашылуы тиіс
нәрсе. Ол проблеманы қою және шешу үдерісіндегі
ойлаудың бастамасын қамтамасыз етеді.
Проблемалық жағдаят – бұл игерілген білімдер, біліктер мен қатынастар және қойылатын талаптар арасындағы қарама-қайшылықтармен сипатталатын танымдық міндет.
Проблемалық жағдаят – адам пайда болған
құбылысты, фактіні, шынайы үдерісті қалай түсіндіруді
білмеген, өзіне белгілі тәсілмен мақсатына қол жеткізе
алмаған кезде пайда болатын адамның интеллектуалдық
қиындығы. Бұл әрекет адамды түсіндірудің
немесе әрекеттің жаңа тәсілін іздеуге итермелейді.
Проблемалық жағдаят – өнімді, шығармашылық танымдық
әрекеттің заңдылығы.
Проблемалық
жағдаят студенттің белгілі бір психологиялық жағдайын
сипаттайды. Проблемалық жағдаят – басты элементі белгісіз,
жаңа тапсырманы дұрыс орындау үшін, қажетті
әрекетті орындау үшін ашылуы тиіс нәрсе. Ол проблеманы
қою және шешу үдерісіндегі ойлаудың бастамасын
қамтамасыз етеді.
Ғылыми
зерттеулер бойынша проблемалық жағдаяттардың 20-дан астам
классификациясы бар. А.М.Матюшкин проблемалық жағдаяттардың
классификациясы негізіне адамның мінез-құлқының,
оның әрекетінің басты элементі, сондай-ақ оқыту
үдерісінде адам игеретін неғұрлым жалпы элементтерінің
бірі болып табылатын әрекетті алған. Әрекеттің
құрылымдық компоненттерінің қайсысы
проблемалық жағдаятта белгісіз ретінде берілгеніне байланысты
проблемалық жағдаяттың жеткілікті жалпы 3 класын бөліп
көрсетуге болады.
Бірінші
класқа игерілетін белгісіз ретінде мақсат (әрекет пәні)
жататындар кіреді. Осыған сәйкес проблемалық
жағдаяттардың аталмыш класы теориялық ретінде сипатталады.
Екінші
класқа игерілетін белгісіз әрекет тәсілін
құрайтын жағдаяттар жатады. Бұл сияқты
проблемалық жағдаяттар көптеген пәндерді игеру
барысында кездеседі.
Үшінші
класқа белгісіз ретінде әрекеттің жаңа жағдайлары
алынған проблемалық жағдаяттар кіреді. Бұл сияқты
жағдаяттар дағдыларды қалыптастыруды үйрету кезінде
қарастырылады [1].
Мысалы, география мамандығының студенттеріне
«Тұрғындар географиясы» курсында «Әлемдік
көші-қон үрдісі» практика кезінде
«Қазақстандағы мигранттар» деген тақырыпта жағдаят беріледі.
Психология ғылымында проблемалық жағдаят
жағдайындағы адамның өнімді танымдық
әрекеті кезеңдерінің белгілі бірізділігі
орнатылған:Проблемалық жағдаят проблема оны шешудің жолдарын іздеу проблеманы
шешу.Проблемалық жағдаяттың пайда
болуынан проблеманы шешуге дейінгі ойлау әрекетінің толық
циклы бірнеше кезеңдерден тұрады:
- проблемалық жағдаяттың пайда болуы;
- қиындықтың мәнін түсіну
және проблеманы қою;
- шешу тәсілін болжау жолымен немесе болжамды
ұсыну және негіздеу;
- болжамды дәлелдеу;
- проблеманы шешудің дұрыстығын тексеру
[2].
Студенттердің ойлау
әрекеті сұрақтар қоюмен ынталандырылады. Оқытушы
сұрағы студенттетрге қиындық тудыратындай күрделі,
сонымен қатар өз бетінше жауап табуға лайықты болуы
тиіс.
Зерттеулер
көрсетіп отырғандай, педагогикалық практикаға тән
барлық пәндерге ортақ проблемалық
жағдаяттардың типтерін бөліп көрсетуге болады:
Бірінші тип:
егер стденттер қойылған міндеттерді шешу тәсілдерін білмесе,
проблемалық сұраққа жауап бере алмаса, оқу немесе
өмірлік жағдаяттың жаңа фактісіне жауап бере
алмаса,онда проблемалық
жағдаят пайда болады.
Екінші тип:
проблемалық жағдаяттар студенттердің бұрын игерілген
білімдерді жаңа практикалық жағдайларда қолдану
қажеттігімен соқтыққанда пайда болады.
Үшінші
тип: егер міндетті шешудің теориялық мүмкін жолы мен
таңдалған тәсілдің практикалық жүзеге
аспайтындығы арасында қарама-қайшылық бар болса,
онда проблемалық жағдаят
оңай пайда болады.
Төртінші
тип: проблемалық жағдаят оқу тапсырмасын орындаудың
практикалық қол жеткен нәтижесі мен студенттерде
теориялық негіздеу үшін білімдердің болмауы арасында
қарама-қайшылық болған жағдайда пайда болады.
Оқу
проблемасын қою үдерісі логикалық-психологиялық
және лингвистикалық ережелерді білуді ғана емес,
сондай-ақ проблеманы қоюдың дидактикалық ережелерін
де білуді талап етеді.
Оқытушы
өз студенттерінің дайындық деңгейін және
оқытудың ерекшеліктерін ескере отырып, олардың алдына
бұрын кездескен проблеманы қоя алады. Ол төмендегілерді
ескереді:
а) бұрын
қойылған проблеманы шешу алгоритмін жаңа қиын
проблемалық міндеттерді шешу үшін пайдалануға болады;
ә) бұрын
кездескен, бірақ жеткілікті білімдердің болмауынан шешілмей
қалған проблемаларды шешу студенттердің пәнге деген
қызығушылығын арттырады, оқу проблемаларын жеңу
үшін көбірек білімі болуы қажеттігіне көзін жеткізеді.
б) топ бұрын шешкен проблеманы
басқаша қою өтілген материалды қайталау кезінде
шығармашылық жұмыстың мүмкіндігін қамтамасыз
етеді;
в) ұжым бұрын шешкен проблемаларды өз
бетінше шешу үшін оқу үлгерімі нашар студенттердің алдына екінші қайтара
қоюға болады[3].
Проблемалық оқытудың
негізгі ұғымдары - «проблемалық жағдаят» және
«оқу проблемасы». Проблемалық
оқытумен байланысты «оқу проблемасы» немесе «проблемалық
міндет» ұғымдары қолданылады. Проблема–теориялық немесе
практикалық сұрақ. Студент үшін оқу
проблемасының негізгі элементтері «белгілі» және «белгісіз» болып
табылады.
Проблемалық жағдаят – проблемалық оқытудың
негізгі сатысы. Оның көмегімен ой, танымдық қажеттілік
оянады, ойлау белсендіріледі, дұрыс қорытындыларды
қалыптастыру үшін жағдайлар жасалады. Ойлаудың
алғашқы сәтін анықтайтын проблемалық
жағдаяттарды құру – оқыту үдерісін
ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады.
Қиындықпен, бар білімдердің және әрекет
тәсілдерінің көмегімен ұсынылған тапсырманы
орындай алмаушылықпен бетпе-бет
келу, жаңа білімге деген
қажеттілікті оятады.
Психологтар
проблемалық жағдаяттың ядросы – адам үшін маңызды
қарама-қайшылық болуы тиіс екенін анықтады. Дегенмен қиындықпен кездескен
кезде студенттермен қиындықты анықтайтын тапсырма
олардың мүмкіндіктерін есепке алмай берілетін болса, онда
танымдық қажеттілік пайда болмауы да мүмкін. Сондықтан
проблемалық жағдаяттың тағы да бір компоненті
ретінде студенттің
қойылған тапсырма мен жаңа білімді игеру шарттарын талдау
мүмкіндігі бөлініп шығады.
Проблемалық жағдаяттың психологиялық
құрылымына төмендегі үш компонент кіреді:белгісіз
қол жеткізетін білім немесе әрекет тәсілі; адамды интеллектуалдық
әрекетке итермелейтін танымдық қажеттілік және
адамның шығармашылық қабілеттері мен өткен
тәжірибесі кіретін интеллектуалдық
мүмкіндіктері.Проблемалық жағдаятты оқу
үдерісінде пайдалану оның дидактикалық мәнін
ашуға көмектеседі.
Біріншіден,
сабақта проблемалық жағдаятты жүйелі түрде
пайдалану мұғалімді оқыту үдерісінде
студенттердің санасында пайда болуы мүмкін
қарама-қайшылықтарды қарастыруға
мәжбүрлейді.
Екіншіден,
проблемалық жағдаят пайда болу үшін
қарама-қайшылықты көрсету қажет. Бұл
студенттердің қызығушылығын тудырады.
Үшіншіден,
оқытушы алдын ала баса назар аудартқан қайшылықты
түсіну проблемалық жағдаятта жүзеге асырылады.
Проблемалық жағдаятты талдау нәтижесінде
қайшылықты түсініп, студенттер оқытушы құрастырған проблеманы
қабылдай алады.
Проблемалық жағдаят студент үшін мәнді, шынайы
қайшылықтарды есепке ала отырып құрылуы тиіс.Тек осы
жағдайда ғана ол студенттердіңтанымдық
әрекетінің мотивациясының күшті көзі бола алады,
олардың ойлауын белсендіреді, белгісізді іздеуге бағыттайды.
Бұл мәселенің проблемалық оқытудың
тәжірибесі үшін маңызы зор.
Жан-жақты
және үйлесімді
дамыған тұлғаның маңызды
көрсеткіштерінің бірі –
ойлау қабілетінің
жоғары деңгейінің болуы. Егер оқыту
шығармашылық қабілеттерді дамытуға әкелетін
болса, онда оны дамыта оқыту деп есептеуге болады, яғни оқытушы
ойлаудың даму заңдылықтарын білуге сүйене отырып,
ғылым негіздерінің мақсатын оқып үйрену
үдерісінде өз студенттердің ойлау қабілеттері мен
танымдық қажеттіліктерін қалыптастыру бойынша арнайы
педагогикалық құралдармен мақсатты
бағытталған жұмыс жүргізетін оқыту
проблемалық болады.
«Тұрғындар географиясы» курсы бойынша география
мамандығының 3 курс
студенттеріне төмендегі проблемалық жағдаяттарды
ұсынуға болады:
Шымкент
қаласына келген Болат есімді Өзбекстан азаматы көші-қон
басқармасына тіркеліп, уақытша тіркеу парағын алып қаладағы ірі құрылыс
компаниясына келісім шарт негізінде жұмысқа тұрады.
Құрылыс компаниясында жұмыс жасай жүріп ол қаражат
тауып, пәтер жалдап тұрып жатады. Қалаға келгендегі
мақсаты қызмет жасап, қаржы табу еді. Көші-қон
саясаты бойынша Болат 90 күн сайын көші-қон парағын
ұзартып отырып, қызмет жасап қаржы тауып жүретін.
Құрылыста жұмыс жасау барысында 4 айдан кейін Болаттың
еңбек ақысы төленбей қалады. Болат құрылыс компаниясы басшысына
наразылығын айтып
барады. Болатқа компаниясы
басшысы қазіргі кезде қаражат жеткіліксіз, - деп жауап береді.
Студенттер 3 топқа бөлініп әр топ алдында
парақ пен қаламсап тұрады. Тапсырма:
1.
Құрылыс компания
басшысының осындай әрекетке баруына қандай себеп болды?
2.
Мәселенің
шешімін қалай табуға болады?
3. Адам құқығын
қорғау басқармасы бұл жағдайдан сырт қалуы
керек пе?
Сонымен, оқытудың маңызды
қозғаушы күші бола отырып, проблемалық
жағдаяттағы қайшылық студенттердің танымдық әрекетін белсендіруге
ықпал етеді.
Әдебиеттер
1.Лернер
И. Я. Проблемное обучение. — М.: Знание, 1974. — 64 с.
2. Матюшкин А. М. Актуальные вопросы проблемного
обучения // Оконь В. Основы
проблемного обучения. Пер. с
польск. — М.: Просвещение, 1968. — Сс. 186—203.
3. Сергеева А.М. Тұрғындар географиясы Ақтөбе, 2011
4. Нүсіпова Г.Н. «Халықтар географиясы» Алматы,
2011
5. Махмутов М. И.
Организация проблемного обучения в школе. Книга для учителей. — М.:
Просвещение, 1977. — 240 с.
Резюме
В статье проблемная ситуация рассматривается как основа
проблемного обучения.
Summar
In the article the problem situation is
considered as the basis of the problem educating.