Педагогические
науки/5.Современные
методы преподавания.
п.ғ.магистрі Тазабекова А.С.
Абай атындағы
Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан
Оқу үдерісінде АКТ қолдану - заман талабы
Ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды меңгеру – қазіргі заманның ең басты
талабы. Қазіргі білім
жүйесін дамыту барысында ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды меңгерудің маңызы өте зор. Білім беруді
жан-жақты ақпараттандыру мақсаттары алға
қойылуда. Ақпараттық-коммуникациялық
технологияның даму кезеңінде осы заманға сай білімді,
әрі білікті мамандарды даярлау
ұстаздарымыздың басты міндеті болмақ. Қоғамдағы
ақпараттандыру үдерісінің дамуы жаңа технологияларды
терең меңгерген
тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Соңғы кездегі білім беру
жүйесіндегі жаңашылдық қатарына ақпараттық
кеңістік құру да
кіреді. Ақпараттандыру барысында білім алушылар меңгеруге тиісті
білім, білік, дағдының көлемі де күннен күнге
артып отырғаны даусыз. Білім беру үдерісінде ақпараттық
– коммуникациялық технологияларды қолдану берілетін білімнің сапасын арттыруда және одан әрі жетілдірудегі
ең маңызды
құралдардың бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңында оқытудың жаңа технологияларын,
оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының
қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын
қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік,
қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған
болатын.
Осы
орайда, заман талабына сай
адамдардың мәлімет алмасуына
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан
кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажеттілігі туындайды. Ақпараттық қоғамның
негізгі талабы – білімгерлерге ақпараттық білім негіздерін беру,
логикалық ойлау
қабілеттерін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдана алу дағдыларын қалыптастыру
және оқушылардың
ақпараттық сауатты болып өсуі мен заман талабына
бейімделе алуына тәрбиелеу.
Ақпараттық-коммуникациялық
технология – ақпаратты жинау,
сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
техникалық құралдар кешені.
Коммуникация дегеніміз– ақпаратты тасымалдап
жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап
жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Оқытудың
ақпараттық-коммуникациялық және интербелсенді
технологияларының негізгі бағыттары:
-
телекоммуникациялық технологиялар;
- мультимедиалық және
гипермәтіндік технологиялар;
- қашықтықтан оқыту.
Ақпараттық-
коммуникациялық технологияны оқу
үрдісіне енгізуде оқытушы алдына мынадай тың
мақсаттар қояды:
-
Пән бойынша оқу-әдістемелік
электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web
–сайттар ашу;
-
компьютерлік
желілерді пайдалану;
- Бағдарламалау барысында жаңашыл әдістерді
пайдалану, бағдарламалық сайттар ашу мен құралдар
жасау.
- Қашықтықтан
оқыту барысында өздігінен қосымша білім алуды
қамтамасыздандыру.
Интербелсенді
оқыту технологиясы – бұл ұжымдық және
өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың
өзара әрекетіне негізделген, оқу үдерісінде білімгерлердің түгелдей дерлік қатысуын
қаматамсыз ететін
оқыту үдерісі.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық
және интербелсенді технологияларын пайдалану – оқыту үрдісін жетілдірудің ең басты
жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық
оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды,
қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында
ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін
құруға жағдай жасайды.
Соңғы
жылдары заман ағымына қарай күнделікті сабаққа
компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта
қолдану жақсы нәтижесін беріп жүр десе де болады. Білім
беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет,
электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы
да іске асырылуда.
Соңғы
кездері заманауи инновациялық әдістер мен
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
білім алушылардың ойлау қабілеттері мен ізденушілік қасиеттерін дамытып, білімге деген
қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны дәлелденіп
отыр.
Қазіргі таңда білім беруді ақпараттандырудың
түрлері мен құралдары өте көп. Оқу
үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық құралдарды кешенді түрде қолдануды
жүзеге асыру электрондық оқу құралдарын
құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болатыны
айқын.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында білім
алушылардың ақпараттық сауаттылығын,
ақпараттық мәдениетін және ақпараттық
құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді
қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті
мәселесі.
Сабақта
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігін былай жіктеуге болады:
-
баланың
өз бетімен жұмысы;
-
уақытты
үнемдеу;
-
сабақты
қорытындылауда тест тапсырмаларын орындату;
-
ақпараттарды жедел түрде алу
мүмкіндігі;
- көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе
құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын
табиғаттың ғажайыптарын
сезіну мүмкіндігі;
-
балалардың
ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге зор ықпал етуі.
Заманауи
білім беру үрдісінің басты шарттарының бірі балаларды
өздеріне қажетті мәліметтерді өздері іздеп
табуға дағдыландырып, өздерінің оқу
траекторияларын өздері таңдай білуіне жағдай жасау болып
табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолданудың мынадай артықшылықтарын атап өтуге
болады:
1.
Тақырып аясындағы
мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Үлкен ара қашықтықта
орналасқан әр түрлі оқу орындарының
бір-бірімен мәліметтер алмасуын
қамтамасыз ету;
3. Білім алушы өз бетінше
немесе өзге балалармен топтасып
жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
5. Баланың танымдық қызығушылығы артып,
өзіндік жұмыстарды орындау
мүмкіндіктері туындайды.
Оқыту үрдісінде
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
мынадай мақсаттарға бағытталады:
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
мүмкіндіктерін іске асыру арқылы білім сапасының деңгейін көтеру;
- танымдық іс-әрекеттердің белсенділігін арттыру;
- заманауи ақпарат өңдеу орталарын пайдалану барысында
пәнаралық байланысты тереңдету.
Сабақ барысында
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
үшін мынадай құралдар болуы шарт.
-
Кем дегенде бір
компьютер, мұғалімнің
автоматтандырылған жұмыс орны, видеопроектор және интербелсенді тақта.
-
Мұғалім мультимедиялық
проектор ережелерін білуі және интербелсенді тақтамен жұмыс
істей алу дағдысы болуы
қажет.
-
Білім беру саласына қатысты цифрлық компакт-дискілері болуы керек.
Сөзімізді
қорытындылай келе айтарымыз ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар қолдану мұғалімнің рөлін азайтады
немесе орнын басады деген сөз емес, ол тек қана оқытушы мен оқушы
арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым маңыздырақ
қылады, сонымен қатар жеке тұлғалы және
әрекетті етеді демекшіміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. “Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы, 2011
жыл
3. Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі-жаңа
Қазақстан» атты Жолдауы.
4. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
5. Информатика негіздері
журналы