Педагогические науки / 5.Современные
методы преподавания
Д.м.н. Тебенова К.С., Баянишова Ф.Т.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Тірек-қимыл аппараты
зақымдалған балалардың танымдық қабілеттерін
қалыптастырып дамыту
Балалардың
церебральды сал ауруы (БЦСА) жүйке жүйесінің ауыр
науқасы. Ол мидың қозғалыс немесе моторлы
аймақтарының, жалпы моторлы жүйесінің
зақымдануынан пайда болатын және бұлшық ет
қызметіне орталық жүйке жүйесі тарапынан
бақылаудың болмауымен немесе жеткіліксіз бақылауымен
көрініс беретін қимыл-қозғалыстар
бұзылуының бір тобы. Балалардың бір бөлігінде танымдық
қабілеттер ауытқусыз қалыпты сақталады, оларға
арнайы білім берудің қажеті жоқ. Бірақ бұл
балалардың барлығы арнайы өмір сүру қалпын,
еңбек ету әрекетінің қолайлы жағдайларын
қажет етеді [1].
Сонымен
қатар БЦСА түрлі қимыл-қозғалыс және
психикалық немесе сөйлеу тілінің бұзылуларынан
анықталады. Көру, есту, терең сезіну қабілеттері
бұзылады. Қимыл-қозғалыс бұзылулары
сенсорлық қызметтердің ауытқуымен және
танымдық қабілеттердің бұзылуымен ұласады. Себебі
бұлар жүйке жүйесінің органикалық
зақымдануымен байланысты. Демек, қоршаған ортаны тануға
мүмкіндіктері шектеулі.
Бастауыш сынып жасындағы церебральды сал ауруына
шалдыққан оқушылардың танымдық қабілеттерін
дамытуда арнайы түзете дамыту әдістері, сонымен қатар арнайы
жұмыс дәптерін құрастыру қажеттілігі туындайды.
Дефектолог маманның жүргізетін жұмыстары, әрине
барлық танымдық қабілеттерді дамытуға
бағытталады, бірақ бұл оқушылардың сөйлеу
тілін, ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамытуға
көзделген сабақтар, бағдарламалар бүгінгі таңда
тапшы. Сондықтан қалыпты дамудағы балаларға арналып
жасалған бағдарламалар негізінде жасалған, айналамен танысу,
табиғатты бақылау тәрізді мақсаттарды да қатар
ескеретін церебральды сал ауруы бар балаларға арнайы жұмыс
дәптерінің қажеттілігі айқындала түсуде.
Ұсынылып отырған жұмыс дәптері ең алдымен
балалармен жұмыс жасауда олардың индивидуалды ерекшеліктерін
ескереді, жалпы дамытушылық ролі зор, сондай-ақ, қиял,
шығармашылық мүмкіндікті арттыруға, оның ішінде
сөйлеу тілін дамытуда, балалардың сезімдік-эмоционалдық
және өзі мен өзгенің іс-әрекетін
бағалаушылық қабілеттерін дамытуда, ойлау, яғни
танымдық операцияларын дамытуда маңызы зор [2]. Осы аталып
өткен өзектілікті ескере отырып біздің зерттеу
жұмысымыздың ең басты, негізгі мақсаты ретінде
церебральды сал ауруы бар бастауыш сынып оқушыларының танымдық
қабілеттерін табиғатты бақылау барысында дамытып арнайы
жұмыс дәптерін құрастыруды анықтадық.
Таным – бастан кешірген сезімдердің немесе заттардың,
күйлердің, процестердің ақиқатын анықтау
мақсатында тексеру, сынап-бақылау. Барлық зерттеу
жұмыстары тірек-қимыл аппараты зақымданған
балаларға арналған мектеп – интернатында жүргізілді.
Мұнда тірек қимыл аппараты зақымданған балаларға
арналған мектеп-интернаттың 1 сынып оқушылары екіге
бөлініп 10 баладан 1-ші зерттеу немесе негізгі тобын және 2-ші бақылау
тобын құрастырды. Танымдық қабілеттердің
қалыптасу деңгейін тексеру мақсатында келесі
әдістемелері пайдаланылды: Шульте авторының
«Қызыл-қара» әдістемесі – зейіннің ауысымдылық
қасиетін тексеруге арналған; «Ұзақ уақыттық
жады» әдістемесі – есте сақтау қабілетін
анықтауға арналған; «Төртінші артық»
әдістемесі – ойлау қабілетінің дамуын анықтауға
қолданылды. Байланысты сөйлеу тілінің дамуын зерттеуде
сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру
әдістемесі қолданылды. Аталмыш әдістемесі бойынша
сөйлеу тілі 3 критерий арқылы бағаланды: тапсырманы өз
бетімен орындау; мағыналық тұтастық және
әңгіменің лексика-грамматикалық құрылу.
Церебральды салға шалдыққан балаларға
арналған мектептегі айналадағы әлеммен танысу және тіл
дамыту бағдарламасында келесі тақырыптар орын алған –
«Табиғатта және еңбектегі мауысымдық өзгерістер»,
«Өсімдіктер», «Жануарлар». Берілген оқу тақырыптары
бағдарламадағы «Туған жердің табиғаты»
бөлігінен тұрады. Оқушылар қоршаған орта,
табиғат туралы нақты білімді меңгеру қажет: жыл
мезгілдерін және олардың айрықша белгілерін білу,
қазіргі жердегі ең көп таралған өсімдіктер мен
жануарларды білу және атау, табиғатта тәртіп ережесін білу
және орындау, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға
күштірек қатысу. Сонымен қатар, оқыту барысында жалпы
білім беру және тәрбиелік тапсырмалары шешіледі. Осылардың
қатарында церебральды салға шалдыққан балаларға
арналған мектептегі мұғалімнің алдында түзету
тапсырмасы тұрады. Оқушылар ақыл іскерлігі және
дағдыға сәйкес меңгеру керек: іскерлігі жеткілікті толы
және заттар мен құбылыстарды жан-жақты қабылдау,
объектінің айырмашылығын және сәйкестілігін белгілеу,
айналадағы заттардың және құбылыстардың
дамуындағы өзгерістерді көру, сонымен қатар себепті
қарым–қатынастар және бақылайтын объектінің
арасындағы байланысты орнату [3].
Бағдарлама материалын меңгеру оқушының тіл
дамытуымен тығыз байланысты. Олардың сөздігі жаңа
объектілермен, олардың бөліктерімен, олардың
әртүрлі құрамдарымен танысқанда анықталып
және байытылады. Байланыс тілінің дамуына ерекше көңіл
аударылады. Балалар өзінің сарамандық әрекеті туралы,
өткізілген бақылаулар туралы, жеке шынайы заттармен
әңгіме – сипаттау туралы, сонымен қатар мазмұнға
сәйкес сюжетті әңгіме туралы әңгіме
құруға үйренеді. Балаларда бастапқы бақылау
іскерлігі топсеруен уақытында, серуенде дамытуда, сабақта
үйренетін заттарды көрсету уақытында объектіні саралап
және салыстыру барысында өңдіріледі. Бірінші және
екінші кезеңде дидактикалық ойындар кеңінен
қолданылады. Мысалы, оқушыларды жаңа өсімдікпен
таныстырғанда «Ағашты тап» ойынын өткізу пайдалы. Оған
қоса «Дәптерге жапырақтарды салып боя. Астына аттарын
жаз»-деген тәрізді тапсырмалар беріледі.
Келешектегі жұмыс үйренетін тақырыптың
танымдық белгілерін оқушыларға өзіндік бөлуге
әрекет жасау керек. Осы мақсатпен ауызша суреттелген объектіні
тануға жаттығулар жүргізіледі («Суреттеу бойынша таны»
дидактикалық ойын түрінде).
Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту үшін
әрдайым бақылау іскерлігінің талаптарын қиындатып,
өздерінше бақылау өткізу үлестерін көбейту
қажет. Бұндай жұмысқа мүмкіншіліктерді
бақылайтын табиғат объектілер мен құбылыстарды
ұзақ уақыт жүйелеуге береді.
Белсенділіктің және өздерінше ойлау
әрекетінің дамуы церебральды салға шалдыққан
балалар үшін – оларды оқытудағы ең бір маңызды
тапсырма. Сұрақ бойынша әңгіме өткізу
әдісіне ерекше көңіл бөлу керек. Енжар оқушыларды
қызықтыру үшін сұрақтарды ойластырып
құру керек. Жұмысқа қатыстырып және
көптеген дайындалған оқушыларды барлығына
мұқият болу үшін қиын және оңай сұрақтарды алмастыру керек. Ең басынан өз
жауаптарын негіздеп оқыту маңызды. Оқушылармен бірігіп ойлау
дағдысы мұғалім олардың біреуінің жауабын
бағалап, басқалары қалай ойлайтыны жайында сұрайды.
Бұндай жұмысты суреттерді қолдануымен өткізу
қолайлы. Мұғалім суреттер қатарынан суреттелген әртүрлі
күзгі кезендерді таңдау керек, ол бүгінгі бақыланатын
кезенге сәйкес болу керек.
Сөйлеу әрекетін белсендіру үшін, олардың
өздік ойлауын дамыту үшін ойын сабағын кіргізу керек,
дидактикалық тапсырмалар берілген оқыту кезеніне сәйкес болу
керек. Берілген ойынның басты
дидактикалық мақсаты – табиғаттағы маусымдық
өзгерістер туралы білімді жүйелеу. Балалар суреттегі бейнеленген
табиғаттағы маусымдық құбылыстар мен
адамдардың еңбегін жыл мезгілі бойынша үлестіру керек.
Әдетте балаларға көктем мен жазды, күз бен қысты,
қыс пен көктем аралық кезенін анықтау
қиындық туғызады. Осыған қатысты білімдерді
меңгеруін жеңілдету үшін осы ойынды, әр жыл
мезгіліндегі бір жағдайды бейнелейтін
суреттерді қолданып өткізуге болады. Мысалы, үш
әртүрлі суретте балалар салынған, олар ең алдымен
орманда ақшақарларды, сонан соң саңырауқұлақтарды және ең
соңында жерге түскен жапырақтарды жинап жүр. Суретті
көрсетіп мұғалім оларды мұқият қарап
шығуын ұсынады, әр суретте қай жыл мезгілі
бейнеленгенін салыстырып және
түсіндіру керек.
Екі бағандағы зат немесе құбылысты және
олардың әрекетін немесе белгілерін білдіретін сөздерді
таңдау жұмысы пайдалы. Мысалы: табиғат құбылысына
тән сөздерді таңдау жаңбыр, жел, қар, боран:
шанышқылы, ұйытқыған, қатты, құйып тұр,
соғып тұр, айналып тұр. Мұғалім
әңгіме басын береді, ал балалар қойылған
сұраққа жауап бере отырып оны аяқтау керек. Ауа–райы
туралы әңгіме құрғанда жыл мезгілінің
ерекше белгілерін оқушылар сөз атауларында қолданады. Ереже
бойынша, оқушылар ұзақ уақыт бойы бақылайтын
объект немесе құбылыстың бір түрлі анық
жағдайын қолданады. Мысалы, жер – дымқыл немесе суық, аспан
– сұр немесе бұлыңғыр, күн – ашық, ауа –
жылы, аяз – қатты. Сөздікті кеңейту үшін жүйелік
жұмыс өткізу қажет, балалардың синонимдерді
меңгеруі: жер – дымқыл, ылғалды, сулы; аспан – сұрлы,
бұлыңғыр, тұнжыраған.
Бұндай жұмыс оқушыларға тіл құралын
мәнерлі жауап беруіне үйретеді, өз кезегінде әдебиет
сабағында алған білімді бекітуімен қамтамасыз етеді.
«Қоршаған әлеммен танысу және тіл дамыту»
сабағында арнайы оқу тапсырмасы қойылады – айтылымның
құрылымдарын оқыту. Ереже бойынша, жұмыстың
бұл түріне жазбаша оқыту басты орын
алады.Табиғаттағы арнайы ұйымдастыру бақылауы
олардың қарым–қатынасы оқушылардың дайындық
кезенде сәйкес тақырыптары жазбаша түрде болу керек. Әңгімелесу
барысында оқушылар сарамандық жүзінде меңгеріп
және оны сөйлемдер түрінде қолдана алады. Мазмұны
бойынша жауап бағасына грамматикалық дайындықтарды кезекпен
ақырындап барлық оқушыларды тарту керек. Сөздік
қорды кеңейтуге, оқушылардың елестерін анықтап құрамы
мен әрекеттерін, зерттейтін объект үшін тән, келесі
жаттығу түрлерін орындауға әрекет етеді.
Жыл басында жүргізілген негізгі тобында зерттеу нәтижелері
бойынша үш әдістемесін еңгізу барысында келесі
тұжырымдарға келуге болды. Зейінді тексеру барысында
«Қызыл-қара» әдістемесі бойынша 4 бала жақсы
уақытты көрсете білді, ал есте сақтау «Ұзақ
уақыттық жадыны» тексеру барысында 2 балада 60% артық болды.
Ойлауды тексеру «Төртінші артық» әдістемесі бойынша 8
сөзден 2 бала көрсетті. Сонымен қатар, сөйлеу тілін
тексеру барысында өздігімен орындау критерийі бойынша жоғары 5
баллды тек 1 бала көрсетті. Мағыналық тұтастық
критерийі бойынша 5 баллды тек 1 бала, ал 2,5 баллды 4 бала көрсетті.
Лексика-грамматикалық құрылым критерийін 2,5 баллдан 4 бала
көрсетті, ол ең жоғары көрсеткіш болды. Ал оқу
жыл соңында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша
оқыту, сонымен қатар қоршаған ортаны бақылау
барысында барлық көрсеткіштер әлде қайда
жоғарлағаны орын алды.
Зейінді тексеру барысында 6 бала жақсы уақытты көрсете білсе,
есте сақтауды анықтау барысында 3 балада 60% артық болды.
Ойлауды тексеру бойынша 8 сөзден 4 бала көрсетті. Сонымен
қатар, сөйлеу тілін тексеру барысында өздігімен орындау
критерийі бойынша 5 баллды 3 бала көрсетті. Мағыналалық
тұтастық критерийі бойынша 5 баллды 2 бала, ал 2,5 баллды 5 бала
көрсетті. Лексика-грамматикалық құрылым критерийін 2,5
баллдан 5 бала көрсетті. Жоғарыда келтірілген жыл басындағы
және жыл соңындағы тексеру экспериментінің
нәтижелері оқушылардың танымдық
қызығушылықтарының анағұрлым арта
түскендігін және танымдық әрекеттерінң елеулі
қалыптаса түскендігін көрсетеді. Сонымен бірге
оқушылардың байланысты сөйлеу тілі, өз ойларын
жүйелі жеткізе білу машықтары да қалыптасты.
Мұның барлығы жұмыс дәптерінде берілген
тапсырмаларды оқушылардың қызығушылықпен
орындауының, тапсырмаларды орындау барысында олардың ойлау, зейін,
есте сақтау және сөйлеу дағдыларының жетіле
түсуінің нәтижесі деп есептеуге болады.
Әдебиет:
1. Дети
с ограниченными возможностями: проблемы и инновационные тенденции в обучении и воспитании
// Хрестоматия по курсу «Коррекционная педагогика и специальная психология» /
Сост. Н.Д.Соколова, Л.В. Калинникова. – М., 2005. – 215 б.
2. Пузанов Б.П.
Коррекционная педагогика. – Москва: «Академия»,
2000. – 217 б.
3. Левченко И. Ю.,
Приходько О. Г. Технологии
обучения и воспитания детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. – М., 2001.
– 90 б.