Қуанышова Шынар
Қуанышқызы,
А.Тайманов
атындағы
№34 мектеп-гимназиясының
тарих
пәнінің мұғалімі,
Орал
қаласы, БҚО
Жаңа
инновацияларды пайдалану - білім
сапасының арттырудың бірден-бір кепілі
«Надан
жұрттың күні - қараң, келешегі тұман»,
-деп М.Дулатов айтқандай,
егеменді еліміздің тірегі - білімді
ұрпақ. Сусыз,
құрғақ, таса көлеңке жерге дән
ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды
тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп
мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет -
оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын
қалыптастыру.
«Мұғалімнің
жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен
әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа
формацияның педагогі қажет” деген» - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі
кезде мектеп мұғалімдеріне қойылатын талап - жаңа
технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және
терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін
жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі
әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты
өткізу, мұғалімнің жеке басының интелектісін
дамыту, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып
мазмұнын аша білу. Жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті
етіп шығару - мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.
Бұған жету үшін оқытудың жаңа инновациялық
технологиясын қалыптастыру қажет. Атақты ғалым
В.М.Шепель «Технология,
бұл – өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің
жиынтығы, жағдайдың өзгеруі»,-дейді. Оқу мен жазу арқылы сыни
тұрғыдан оқыту технологиясы
АҚШ-та XX ғасыр соңында пайда болды. (Ч. Темпл, Д.
Стил, К. Мередит).
Тарих сабағын
оқытқанда «Сыни
тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану жаңа
оқу материалындағы оқиғамен құбылыстарды
өздерінің байқап талдауларына жағдай жасайды.
Оқушыларға білім даяр күйінде берілмей,
оқушылардың өздерінің ой еңбегін қажет
ететін тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізуге болады.
Оқушылардың белсенділігі артып әр оқушы өз ойына
жауап беруге дағдыланады. Оқушылардың дербес ойлауын дамыту
мақсатында тарих сабағында пікір сайыста кең
қолдануға болады. Оқушылар игерген білімін жадында сақтап
қана қоймай, сонымен бірге шығармашылықпен жұмыс
істеуге, кеңінен ойлауға қабілетті болады. Пәнді
меңгертуде бірден-бір тиімді әдіс – сын тұрғысынан
ойлау әдісі деп ойлаймыз. СТО-дағы мұғалімнің
басты міндеті - оқу материалын оқушыға дайын күйінде
көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті
ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді
түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын
іздестіру. Оқушының ойлау
қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың
бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту технологиясы. Сын тұрғысында ойлау әдісі
мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту,
оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен
ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген
мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Осы
әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады.
Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте
сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге
өзінің және басқаның шығармашылығына
сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға
бағытталады. Сын тұрғысынан ойлау тек ересек адамдарға,
жоғары сынып оқушыларына тән деп ойлау аса дұрыс
түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс
ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне
сәйкес ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар.
Бұл құрылым - 3
деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі.
Білімнің болашақта пайдаға асуы қажетке жарауын
қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай жинақтай отырып,
ішінен қажеттісін алуға үйретеді. СТО үйрету үшін
мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.
1. Оқушыларға ойлануға
рұхсат беру;
2. Оқушылардың әр
түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау;
3. Үйренудегі
оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
4. Сенімділік.
Осы
технологиямен жұмыс барысында оқушылар іс-әрекетінен мына өзгерістерді байқауға
болады:
1. Бірлесіп
жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін
үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді.
2. Ұжымдық, жұптық,
топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.
3. Білімді
өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге
дағдыланады.
4. Сабаққа енжар
қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады.
5. Өзін-өзі
бағалай біледі.
6. Ғылыми
жұмыспен айналысуға қызығушылық танытады.
7. Өз
пікірін қалыптастырып, «мен» деген рөлін көтере алады.
Сыни тұрғыдан
оқытудың бірінші кезеңі қызығушылықты
оятудан басталады. Бұл үрдіс бұрынғы білетіні мен
жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа
ұғымдарды, тұсініктерді өзінің
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,
кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ жаңа
тақырып төңірегінде оқушы не біледі, не айта
алатындығын анықтаудан басталады. Бұл кезеңнің
екінші мақсаты – оқушының белсенділігін арттыру.
Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап
ететін – іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді,
қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында
талқылайды. Осыдан соң оқушы жаңа білім жайында
ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Жаңа
сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезінде
түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдалану – оқығанын
түсінуге, өз ойына басшылық етуге үйрететін ұтымды жол. Бір әңгіменің
соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін есте
сақтау – күрделі жұмыс, сондықтан да оқушылар
арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан
түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.
Мағынаны түсінуде INSERT пайдалану - аталған кемшіліктер
болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйренушілер білетінін
анықтап, білмейтінін белгілеп, сұрауға әзірленеді.
Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін
бұрынғы білім арасында байланыстар құрауға
дағдыланады.
Күнделікті
оқыту барысында өзіне, басқаға сын көзбен
қарау баға беру назардан
тыс қалып жатады. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру,
баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл
сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет
– «Ой
толғаныс» кезеңі.
Бұл кезеңде оқушы не үйренгенін саралап,
салмақтап оны қандай жағдайда , қалай қолдану
керектігін ой елегінен өткізеді. Ой толғанысты тиімді етуге
лайықталған «5 жолды
өлең» «Венн» диаграммасы,
«Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т» кестесі сияқты стратегияларды тапсырмалардың
ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолданып жүрміз.
Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді.
Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Автордың
орындығы стратегиясы арқылы төмендегі нәтижелерге
қол жеткізуге болады:
1. Психологиялық
қайшылықты жеңіп, көпшіліктің алдында
сөйлеуге үйренеді.
2. Суырылып
шығып, белсенділік танытуға, алға ұмтылуға,
жаттанды пікірден өзгеше ой айтуға дағдыландырады.
3. Логикалық
пайымдауы жоғарылап, тіл байлығының молаюына, сауатты,
қатесіз сөйлеу дағдысының қалыптасуына
ықпал етеді.
4. Шығармашылық
ізденісі артып, өзіндік «менін»
қоршаған
ортаға танытуға тырысатын белсенділік қалыптастырады.
«Оқу
мен жазу арқылы арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
жобасымен жұмыстанып
жүрген мұғалімдер бұл сабақтар баланың
танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім
алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал
ететіндігіне келіседі деп ойлаймыз. Ал, оқушылар сабақтың қызықты,
жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға
үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі
тиянақтылығы артатындығын дәлелдеп жүр.
Білімнің нәтижелілігі пәннің оқытылу сапасына тікелей байланысты.Тарих пәнінің сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Оқытуды сапаландыру мәселесіне көптеген педагог әдіскер-ғалымдар жан-жақты талдаулар беріп жүр.(И.Т.Огородников, В.П.Беспалько, Ш.П.Раченко, Ю.К.Бабанский). Ю.К.Бабанский өз анықтамасында: «Сапаландыру – нақтылы жағдайда кез-келген міндетті шешудің ең тиімді нұсқасын таңдау».
Оқытудың
тиімділігін, сапасын арттыруда «Оқу
мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасының
стратегияларын ұтымды пайдалану оқытудың
шығармашылық сипатын күшейтуде маңызы ерекше.
Әдіскерлер А.Шульц,
С.Сятковскийдің «Қазіргі
таңда оқытудың түрлі әдістері мен
құралдарының сабақтаса бірігуі және олардың
етене қолданылуы сабақ сапасын арттырады» деген пікірлеріне біз де қосыла
отырып, сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының
стратегияларының өміршеңдігіне толық көз
жеткіздік.
Сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасының бұдан да
басқа стратегияларын тарих сабағында кеңінен
қолдануға болады. Бұл тәсілдер оқушыларды
тыңдаушы, орындаушы ретінде емес, ойланып еңбек етуші
дәрежеге жеткізеді, ал мұғалімді белсенді
түсіндірушіліктен арылтып, алдында өз сезімі мен
көзқарасы, өзіндік пікірі бар даму үстіндегі жеке
тұлға отырғанын сезінуге жетелейді. Оқушыларды
мұғалімге тәуелділіктен арылтып, өзінің білімді
игеру қызметін өздері басқара алу қабілетін
шыңдайды, құр мәлімет алумен шектелмей, еркін пікір
айтуға тәрбиелейді. Таным белсенділігі мен дербестігінің
артуына ықпал етеді.
Жас
жеткіншектердің ақыл-ой әлеуетін барынша дамыту үшін
олардың санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани
және адамгершілік қағидаларын, азаматтық және
отансүйгіштік идеяларын сіңіруіміз қажет. Осының
бәрі тарих пәні арқылы жүзеге асатындықтан да,
егеменді еліміздің еркін ойлы азаматын қалыптастырудағы тарих
пәнінің маңызы зор екенін ескере келе, оны оқыту
мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет.
«Сын тұрғысынан ойлау»
бағдарламасының
қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау
қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын
көрудеміз. Осы әдістерді үзбей қолдану – жеке
оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің
ашылуына жол сілтейді.
СТО
стратегиясын сабақта пайдалану – оқушылардың ойлау
қабілеті мен сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді,
оқушы мынандай нәтижеге қол жеткізеді.
Қазіргі
таңда бәсекеге қабілетті ұрпақ
қалыптастыруда, өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша тілде
көркем де анық, нақты етіп бере білу жолында «СТО» стратегияларын дамыту жұмыстары көмегін
көптеп тигізері анық. Бүгінгі өмірін бала оқытып,
білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жан-дүниесі
сенім мен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп
ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге
арналған нұсқаулық.
2. Дулама
Мария Элиза. Кластеры как форма организации мышления. //lib. 1september/ru htm
2. Загашев И.О., Заир-Бек
С.И., Муштавинская И.В. Учим детей мыслить критически.- СПб: Изд-во «Альянс-Дельта»,
2003.