Булекеева Жансауле Серікқызы

Қызылорда қаласы  А.Байтұрсынов атындағы № 211 орта мектеп  «Ақбота» шағын орталығының әдіскері

Бала тәрбиесіндегі үштік одақтың ролі

Балалар мен жасөспірімдер санасында жоғары рухты қалыптастыру – жекелеген тәрбие мекемелері немесе жеке тұлға – тәрбиешінің ғана қолынан келетін жұмыс емес. Бала тәрбиесі – баршаның ісі.

  Тәрбиеге қоршаған орта, өнеге әсер етеді. Бұл жөнінде С.Әбенбаевтың  «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» еңбегінде келтірілген бірнеше философиялық тұжырымының бірін келтірсек, ой түйінді болатын сияқты. «... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар – адамның  тіпті жалғыз тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық....         

       Бұл философиялық ой – бүгінде дәлелденіп отырған қанатты қағида. Сондықтан бала тәрбиесінде «Бала – ата-ана – мұғалім» ынтымақтастығын дамыту, олардың басқа тәрбие беру мекемелері мен жалпы жұртшылық-қоғамдастықпен ашық педагогикалық өзара әрекеттестікке енуін қалыптастыру қазіргі негізгі қажеттіліктің бірі болуда.

       Мұндай серіктестік әрекет бұрыннан да бар, дегенмен қазіргі тәрбие кеңестігінде өз рөлін әлсіреткен әркете түріне айналған. Соның салдарынан балалар мен жасөспірімдердің оқуға ынтасы мен қызығушылығы төмендеп, олардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстық іс-әрекеттер көбеюде. Мұның негізіне балалардың тәрбиесіне байланысты төменгі себептерді алуға болады:

       үлкендер тарапынан түсініспеушілік пен қамқорсыздық

       отбасындағы орайсыз атмосфера, «Сәтсіз отбасылардың» көбеюі

       жас баланың есеңгіреулікпен күресе аламауы, өмір сүруге икемділігінің әлсіздігі

       тәрбие үрдісін жүргізуші мұғалімдер мен тәрбиешілердің тәрбиеге қажетті деңгейде көңіл бөлмейтіндігі; отбасылармен дұрыс жеткілікті дәреже қарым-қатынас жасамайтындығы

       отбасылардың – білім ордаларынан, педагогтардың – отбасынан, отбасының – баладан алшақтап кету факторы

       тәрбиешілердің (мұғалім, ата-ана, жұртшылық – қоғамдық ұйымдар) тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологиялары мен әдістемелерін жетік меңгермеуі.

       Сондықтан «Білім» мемлекеттік бағдарламасында: «Тәрбие жұмысын жетілдіру, оқу мен тәрбие процестерінің бірлігін қамтамасыз ету», «Қосымша білім беретін педагогтерді, сынып жетекшілерін, білім беру ұйымдарындағы академиялық топтардың кураторларын және тәрбие проблемалары бойынша білім басқармалары органдарының қызметкерлерін қайта даярлау», - деп, тәрбеи жүйесін жетілдіруге бағытталған міндеттерді шешуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дер кезінде көтеріп, тәрбие жұмысының 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын жасады. Осы бағдарламада мемлкетіміздегі тәрбие жұмысының мән-жайын талдай, саралай келе, түйінделген тұжырымды ойдың біршамасы төмендегідей:

       балалар мен оқушы жастардың тәрбиесіне байланысты жаңа педагогикалық психологиялар мен әдістерді жасау және педагог – мамандардың біліктілігін арттыратын қолданыстағы бағдарламаларға сараптама жасау;

       ... білім беру мекемелерінің жас ерекшелігін ескере отырып, тәрбие саламында бір ізге түскен мамандарды дайындау жүйесін жасау;

       қосымша білі беру мен оқу бағдарламалырының алуан түрлілігін дамыту арқылы дараланған тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету және жеке тұлғаға бағдарлы түрде қарым-қатынас жасауды іске асыру.

       Осы мақсат – міндетті іске асыруда педагог кадрларды дайындап жатқан орта кәсіптік оқу орындарының жауапкершілігі зор екені белгілі. Өйткені мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен бастауыш және негізгі мектепке дайындалып жатқан кадрларға тек білім ғана емес, тәрбие беріледі, тәрбие арқылы білім беріледі.

       Кәсіби даярлықта осы модельдер мазмұнын оқушыларға  - болашақ мұғалімдерге терең теориялық және практикалық тұрғыда меңгеру – балалар мен оқушы жастардың бойында ұлтжандылық, азаматтық, биік төзімділік пен салауаттылық мәдениетті қалыптастыратын жаңа ғасырдың жаңа сапалы мұғалімін дайындаудың  алғы шарты. Өйткені тәрбиенің ынтымақтастығы аса қажет. Оның ішінде ата-ананың орны ерекше. Бұл тұжырымды өз педагогикалық қызметін мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен дамыту проблемаларына арнаған украрин педагогы В.А.Сухомлинскийдің: «Тәрбие-ең алдымен, мұғалім мен баланың әрдайым рухани араласуы», «Тек  ата-анамен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - деген тұжырым келтірсек, үштік одақтың ынтымақтастығын дамыту – күтілгін нәтижегег жеткізетін бірден – бір құрал, бүгінгі күннің өзекті мәселесі екені айқындалды.   

Қорытынды

Ақырын жүріп, анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық текен жалықпас,

Үйретуден балаға.

         Қай ел болмасын адамзат өркениетінің жемісі өз ұрпағының жан – жақты жетілген, ақыл-парасаты кемелденген, ойлау өрісі ғаламдық талап, тілектерге сай талғампаз, мәдениетті, білімді, іскер толыққанды азамат ретінде қалыптасуын басты мұрат тұтады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.     ҚР 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы. Астана.

2.     Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы. Рауан,1998ж.

3.      Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы, «Ғылым» - 1975.