Тулеушова Жадра Максимовна,

№ 21 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі,

Орал қаласы, БҚО

Қазақ тілі сабақтарындағы сын тұрғысынан ойлауды  дамыту

стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу тілін

дамыту және сабақ нәтижелілігін арттыру

Қазіргі заман ағымына қарай білімнің күші бағаланып, оқу-ағарту мәселесі бағалануда.

         Қазақ тілі мұғалімінің, яғни біздің міндетіміз – мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатка тез жететіндей тиімді жол іздеу.

         Нағыз сабақ – ол диалог, іздене, дайындала, кеңесе оқушылар болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.

         Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, ұтымды жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырғанмен, кей технологияларда бұл құралдар басты идеяны және нәтиже тиімділігінің негізін құра отыра, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Олар : проблемалық оқыту технологиялары, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Осылардың ішінде кейінгі жылдары сабақтарымызда қолданып жүрген «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына тоқталайық. Оның мақсаты : оқушыларды ойын ашық айта білуге, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шеше білуге дағдыландыру. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда  бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әдістерді әріптестеріне үйрете білуі шарт. Осыған байланысты өзімнің педагогикалық қызметімнің негізгі мақсаты өзін-өзі дамытуға қабілетті, шығармашылық тұрғысынан ойлай білетін жеке тұлға қалыптастыру деп санаймын. Сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуға, логикалық ойлай білуге және өмірге бейімделуге үйретуге, алға қойған міндеттерін өз беттерімен шешуге үйретуге тырысамын. Білім беру үрдісіндегі менің рөлім – тек ақпарат көзі болмай, танымдық қызметтерін ұйымдастыруда дұрыс бағыт беріп, жол көрсететін басшы болу.

Қазіргі оқушыны танымдық жеке ойлау қызметіне ақпарат пен коммуникацияға қатысты мақсаттар қоя біліп, шешімін іздеуге қызықтыру өте қиын. Себебі оқу материалын қабылдау кезінде оқушылар көптеген қиындықтарға кездеседі. Мұның себебі – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әлі де жеткіліксіз деңгейде. Ойлау үрдісі шешімін табудың дайын жолы тапсырманы шешу барысында пайда болады. Егер бір нәрсені түсінуге, талдауға ұмтылыс байқалса, ойлау үрдісі басталды деуге болады. Мәселені қою. 5-11 сынып оқушыларының ойлау қызметін қалай жандандыруға болады? Оқи білуге қалай үйретуге болады? Түрлі оқыту тәсілдерін сауатты пайдалана білу ғана оқушыларды білім алуға итермелейтін жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқушылардың ойлау қызметін қалыптастыруда игі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді технологиялардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында өзім жиі қолданып жүрген сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы. Алпыстан астам нақты стратегияны ұсынған осы бағдарлама үш сатыдан ұйымдастырылып, қазақ тілі мен әдебиетінің әр сабағында көрініс береді. «Топтастыру», «әлемді шарлау», «Венн диаграммасы», «Блумның сұрақ қою өлшемдері», «бес жол өлең», «кубизм», «семантикалық» және «концептуалдық карта», «егер де мен......», пікірталас, т.б.стратегияларды қазір әр мұғалім өз сабағында үйлесімді қолданса, бұлар – дамытушылық маңызы зор, жүйелі, тапқыр сөйлеуге жетелейтін тәсілдер. Ал жұп тексерулер, сөз жасау, т.б. тәсілдер сауаттылыққа жетелейді.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшелітері, қиындықтары жеткілікті. Мысалы, әдебиетті оқытуда бұрын бір шығарманы толық мәтінін айтып түсіндіру керек болса, жаңаша оқытуда оқушы шығарманы өздігінен оқып түсінуіне, сезінуіне бағдар беріледі. Сыныпта оқушы белсенді рөл атқарушы болып, жетекші бағытты ұстанады. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешім, жауап әр оқушының өз айлауы бойына әр түрлі болады.

Мысалы, Абайдың «Ескендір» дастанын оқып шыққан оқушыға Ескендір Зұлқарнайынның өмірі мен мінез-құлық, іс-әрекетін топтастыру берілсе, оқушы Ескендір-Македонский туралы толық мәлімет жинай  бастайды, өйткені дастан бойынша мінез-құлқын әрекетін пайымдай алғанмен, өмірі туралы Филипп патшаның баласы екендігінен басқа мәлімет жоқ. Бұл әдіс оқушыларды ізденіске әкеледі.

«Ойлай білетін адам сұрақ қоя да біледі» деген екен  Э.Кинг.

1. Сұрақ қойыңдар, қызығыңдар.

2. Болжамдарды, мәтіндерді талдай біліңдер.

3. Өз ұсыныстарыңды, ойларыңды айта біліңдер, сондай-ақ басқалардың пікірімен де санасыңдар.

Технологияның барлық моделі үш кезеңнен тұрады: шақыру кезеңі, ойлау және рефлексия кезеңдері. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың біріге жұмыс істеуіне көмектесетін тәсілдерді қолданамын,

Кезеңдер

Қазақ тілі мен әдеиеті сабағында

қолданылатын әдістемелік тәсілдер

 

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

I кезең. Ой шақыру(бар білімдерін оята отырып, жаңа ақпарат алуға қызықтыру

Миға шабуыл. «Б-БК-Б» кестесі. Дұрыс және бұрыс пікір. (сенемін сенбеймін идеялар себеті). Кластер.Тірек терминдер.

Оқушыларды ойлауға үйретеді, жетекші қызметінде олардың жауаптарын мұқият тыңдайды.

Берілген тақырып немесе мәселе бойынша білімдерін жинақтайды, өзектілендіреді, сұрақ қояды, жауап алуға тырысады.

II кезең. Мазмұнын ой елегінен өткізу.(Жаңа ақпарат алу)

Мәтінді белгілердің Инсерт жүйесі. «Б-БК-Б» кестесі. «Жіңішке және жуан» сұрақтар кестесі. Болжам ағашы. «Кубик» тәсілі. «Блум» түймедағы

Оқушылардың белсенділіктерін сақтайды, кеңесші рөлінде болады.

Жаңа ақпарат алады, оны ой елегінен өткізеді, бар білімімен салыстырады.

III кезең. Рефлексия (ой елегінен өткізу, жаңа білімін қорыту)

Синквейн. Эссе.  «Сөйлемді жалғастыр...» «Б-БК-Б» кестесі. Бүгінгі тақырып бойынша 3 сұрақ құрастыр. Сабақта жаңадан не білдіңіз?

Өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Оқылған ақпарат негізінде шығармашылық немесе практикалық тапсырмалар береді.

«Жаңа» ақпаратты ескімен салыстырады, тапсырмаларды қолданып, алған ақпаратты қорытындылайды.

СТО технологиясы – өзгеріс және нәтиже.

1. Топқа бөліп, ой қозғайды.

2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.

3. Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі.

4. Ойларын жазуды ұсынады.

5.  Қорытынды жасауға бағыттайды. 1. Топтарда жұмыс жасайды.

6. Мәтінмен өздері танысады.

7. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды.

8. Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.

9. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.

10. Тұжырымдама жасайды.

СТО стратегиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді, оқушы  нәтижеге қол жеткізеді:

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1]. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы, 2000.

[2]. Қабдешова Ә. Сын тұрғысынан ойлау // Қазақ тілі мен әдебиеті.- №10.35-45б

[3]. Ешанова Г.Сұлтанбек Қожахметовтің жеке тұлғаның дамуына бағытталған ой-  пікірлер// Қазақстан жоғары мектебі. -2006.-№1.

96-99 б.