УДК 378.016:811.111:004
Абай атындағы ҚазҰПУ Көптілді
білім беру институтының
арнайы мақсаттағы шетел тілдері
кафедрасының
аға оқытушысы
Жаңа
ақпараттық технологияларды
ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану
Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, студенттердiн сөздікқорынмолайту,
түсінгенін айта білу, шығармашылыққа білетіне жол ашу.
Тiрексөздер: сөйлеу этикетi, педагог этикасы, карым-катынас,
әдiс-тәсiл.
Елімізде білім беру саласында жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.
Олтек қана техникалық құрал емес,сонымен бірге жаңа
ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі
сабақ берудің жаңаша әдісіболып отыр.
Елбасымыздың Қазақстан
халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам
қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей
міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлікт ехниканы,
интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық
құралдарды, мультимедиялықэ лектрондық оқулықтарды
оқу үрдісіне тиімдіпайдалану арқылы білімсапасын көрсету.
Сонымен қатар тәуелсізеліміздің болашағы -
жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілмен бірге шетел тілі
«ағылшын тілінде» еркін сөйлеп,өз елін, халқын,
мәдениетін шетелге таныстыра алатын үштілде еркін сөйлейтін азамат
болып шығуы керек деген еді.
Оқыту технологиясын жаппай ендіруді
зерттеушілер 60-шы жылдардың басына жатқызады және оны алғашында
американдық, алодансоң европалық мектептің қайта өрлеуімен
байланыстырады. Шетелдегі қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл, Л.Н. Ланд, Ю.К.
Бабанский, Л.М. Эрдиев, Н.П. Раченко, Л.Я. Зорина, В.П. Беспалько, М.П.
Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.
Қазіргі уақытта технологиялар
білім берудің бір түрі ретінде қарастырылады және психодидактика,
қоғамдық психология, кибернетика, басқару және менеджмент
теорияларында бағаланады.
Педагогикалық технология –
педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми жобалау
және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс белгілі
жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан,
педагогикалық технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-қатынасында
және педагогтің тұлғасын толық көрсететін жинағыретінде
қарастырылуы мүмкін.
Міне, осындай педагогикалық технологияның
оқыту әдістемесі және әрбиелеу жұмысынан айырмашылығы
байқалады. Егер “әдістеме” үғымы, оларды орындауға
қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің
жиынтығын қолдану көпкейіпкерлік белгілерінде жинақтауын
анықтайды. Осыдан келіп, яғникез-келген педагогикалық тапсырма
тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекетімен
негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.
Педагогикалық технологиялар,
оқыту технологиялары (дидактикалық технологиялар) және тәрбиелеу
технологиялары ретінде қарастырылуы мүмкін.В.В. Ликан бұл технологиялардың
неғұрлым маңызды белгісін бөліп көрсетеді.
Қазіргі заман мұғалімі
тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи -
танымдық, педагогикалық – психологиялық сауатты, саяси –
экономикалық білімді және ақпараттық –
коммуникациялық білімді және ақпараттық – коммуникациялық
технологияны жан – жақты меңгерген ақпаратты ққұзырлы
маман болу керек.
Ағылшын
тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті
екені белгілі. Ағылшын тілі – ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде
әлемге әйгілі Вильям Шекспир.
Инновациялық технология және шетел тілі
Шет тілі – қазіргі заманның
талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар
көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі
жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар,
екеуаралық пікір таластар, сонымен бірге ақпараттық
технология, интернет, компьютер қолданылуда.
Оқытудың ақпараттық
технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер,
педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық
құралдар (кино, аудио және видео құралдар,
компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық
технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау(педагогикалық
іс-әрекетті өзгерту),білімдіқабылдау, білім сапасын бағалау,
оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын
жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның
қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі
мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында
тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың
іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі
құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды
пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында техникалық
құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор,компьютер)
пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың
тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі
тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына
көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі
қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование» терминінің өзі
де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немес ебейне
таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек.
Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере
отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог
және монолог құрастырусияқты жаттығулар жасалуы қажет.
Бейнефильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөзтіркестері
кездескенде тоқтап, сол сөздерд қайталап және әрбір
көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн.
Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп,
нәтижесін тексеріп, бағалау қажет.
Электрондық білім
беру пайдалану арқылы даралып оқытуға Ақпараттық-коммуникациялықтехнологияларды
пайдаланудың тиімділігі:
1.Мультимедиялық мүмкіндіктерді
қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация
бейне-клиптер,слайд-шоу).
2.Жүйенің басқару
құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын,
өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әр түрлі аудиторияға
бірғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.
3. Білімді бақылау арқылы
нәтиже алу, бағалау.
Ақпараттық технологияны
шетел тілі абақтарында пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге
қол жеткіземіз.
1.
Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес компьютерд
іқолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу
материалдарын өңдеу.
2. Ағылшын тіліндегі сөздерді
сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді
үйретеді.
3. Дербес компьютерді пайдалану
арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды
игеру мен білім алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану
арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы хат-хабаралмасу,
өзінің ойын еркін жеткізу.
Қазақстан Республикасының
мемлекет аралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы
оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік
технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен
тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіндегі ықпал ететін тиімді жүйе
болып табылады. Соныменқатар, оқушыларинтеллектуалдық,
шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады,
оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі
кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық
жұмысты ұсынуға болады.
Анотация: Уроки
английского языка с использованием новых информационных технологий, ля повышения словарного
запаса студента, развить творческие способности.
Ключевые слова: этикет разговора,этикет педагога,
отношения, методика.
Abstract: English lessons with using of new information
technologies to improve the student's vocabulary, develop creativity.
Keywords:
Etiquette of conversation, etiquette of the teacher, the
attitude, procedure.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстанмектебі.
2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».
2.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4«Инновациялық педагогикалық
технологияларды қолдану тетіктері».
3.Қазақстан мектебі.
2008ж. №11«Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық
ұстанымдары».
4.Қазақстан мектебі.
2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері».