Филологические науки
Рапишева Жанат Дабылвона, фил.ғыл.,канд., Е.А.Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік
университетінің доценті
Сипатоллаева Амина, филология факультетінің студенті, Қазақстан
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕГІ СЫН ЕСІМНІҢ СӨЗЖАСАМ ЖҮЙЕСІ
Мақалада қазақ және орыс
тілдеріндегі сын есімнің сөзжасам жүйесі қарастырылады.
Екі тілдегі сын есімнің жасалу жолдары мен тәсілдері сөз болады.
Мақала авторлары салғастырылып отырған тілдердегі сын
есімнің жасалу жолдары мен жасалу тәсілдерінің айырмашылығын
нақты мысалдар арқылы көрсетеді.
Қазіргі тіл біліміндегі жүйесі бөлек
тілдерді салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімінің ұстанымдары
мен әдістемелерін кең қолдана отырып зерттеу – отандық
және шетелдік тіл біліміндегі ерекше дамып келе жатқан жаңа
бағыттардың бірі.
Жүйесі
бөлек тілдерді сол тілдердің өздеріне тән тілдік
заңдылықтарға сүйене отырып, өзара
салғастыра зерттеу қазіргі
жаһандану заманында өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Өйткені ғаламдану құбылысы барысында алуан түрлі
тілдерде сөйлейтін адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа
түсіп, әлем халықтарының бір-бірінің өнері
мен мәдениетіне, тарихы мен әдебиетіне, тілі мен
салт-дәстүріне деген қызығушылығы өсіп
келеді. Ал мұндай мақсаттың тек тіл арқылы ғана
жүзеге асатыны мәлім.
Қазақ тілінде сын есім зат есімге тіркесіп келгенде, зат
есімнің тұлғасына үйлеспейді де, қиыспайды да,
яғни тәуелденбейді, көптелмейді, септелмейді. Тек
субстантивтенген жағдайда зат есімдер сияқты көптеледі,
септеледі, тәуелденеді. Орыс тілінде толық формадағы сын
есімдер (полные прилагательные) көптеледі, септеледі, тек категориясы
бойынша
өзгереді. Бірақ көптік тұлғада тек категориясы
бойынша
өзгермейді. Сын есімнің бұлайша түрленуі зат
есімнің
тұлғасына байланысты болады. Өйткені орыс тілінде сын есім зат есім сөзбен қиыса байланысады,
қазақ тілінде қабыса байланысады.
Жекеше тұлғадағы ер (мужской),
аралық (средний) тек тұлғасында жуан және жіңішке
жалғаулы сын есімдерге тән жалғаулар төмендегідей: ер
тек (м.р.), атау септігінде (И.п.) -ый, -ой, -ий; аралық
тек (ср.р), атау септігінде (И.п.) -ое,
-ее; аралық тек
(ср.р.), ер тек (м.р.), ілік септігінде (Р.п.) -ого, -его; ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, барыс
септігінде (Д.п.) -ому, -ему; ер (м.р.), аралық (ср.р.)
тек, табыс септігінде (В.п.), атау және
ілік септіктерінде (И.п., Р.п.) сиякты; ер (м.р.), аралық
(ср.р.) тек, көмектес септігінде (Тв.п.) -ым, -им; ер (м.р.), аралық (ср.р.) тек, предложный
падежде -ом, - ем. Ал әйел тегінде (ж.р.) ілік
(родительный), барыс (дательный),
көмектес (творительный), предложный септіктерінде жуан
дауыстылардан тұратын түбірге -ой жалғауы,
жіңішке дауыстылардан тұратын
түбірге -ей жалғауы жалғанады. Мысалы: широкой улицы,
широкой улице, широкой улицей, о широкой улице, утренней зари т.б.
Жекеше тұлға табыс септігінде (винительный падежде)
тұрған жуан дауыссыздардан тұратын сын есімдерге
-уюю,
жіңішке дауыссыздардан тұратын түбірге -юю жалғауы
жалғанады (широкую улицу, утреннюю
зарю т.б.). Орыс тілінде меншіктік мағына білдіретін сын
есімдерге жалғанатын жалғаулар өзгешелеу. Ол өзгешелік
мынадай: ер
тегіндегі (м.р.) атау (И.п.) және табыс (В.п.) септіктерінен басқа
септіктерде -ий, -ья, -ье жұрнақтары арқылы
жасалған тәуелдік сын есімдерде септік жалғаулары алдында
жіңішкелік белгісі (-ь) сақталады
(лисий – лисьих, лисьему, о лисьих, лисьими т.б.).
Ал -ов, -ев, -ин, -ын жұрнақтары арқылы
жасалған тәуелдік сын есімдер жекеше, көпше
тұлғадағы ер (м.р.), әйел (ж.р.), аралық (ср.р)
тектегі атау және табыс септіктерінде (именительный, винительный падеждерде)
және жекеше формадағы ер (м.р.), аралық
(ср.р.) тектегі ілік, барыс (родительный, дательный) септіктерінде зат есімдер
сияқты септеледі. Мысалы: мамин –мамин; мамин –
маминого, маминому т.б. [1, 63].
Екі тілде де сын есімдердің жасалуында ең тиімді тәсіл –
морфологиялық тәсіл. Екі тілде де сын есім, негізінен, зат есім мен
етістіктерден мына өнімді жұрнақтар арқылы жасалады:
1. -лы,
-лі, -ды, -ді, -ты, -ті; -сыз, -сіз; -шаң, -шең; -шақ, -шек;
-шыл-
шіл; -лық, -лік; -дық, -дік; -тық,
-тік; -дай, -дей, -тай, -тей (таулы,
мінсіз, сөзшең, еріншек, жершіл, аудандық, сүттей т.б.
-ан, -ян, -янн; -ат; -аст, -яст; -ов, -ев; -овит, -евит; -ив, -лив; -ск, -еск; -енск, -инск; -истск; -овск, -вск; -ическ, -ческ; -н, -енн; -есн, -овн, -евн; -ичн, -шн т.б.: кожаный, бородатый, зубастый, бронзовый,
ленивый, пугливый, алтайский, болъшевистский, качественный, демократичный,
нынешний т.б.
2. -қ, -к; -ық, -ік; -қақ, -ғақ,
-кек, -гек; -шақ, -шек; -қыр, -кір; -ғыр, -гір; -ма, -ме,
-ба, -бе, -па, -пе; -қыш, -кіш, -ғыш, -гіш; -аған, -еген т.б.:
қорқақ, тапқыр,
бояма, жазғыш, қабаған, сүзеген т.б.
-чив; -лън; -тельн; -л; -уч, -юч, -ущ, -ющ; -ая, -яч;
-ащ, -ящ; -н; -ен; -ш; -м; -ом; -нн; -ени т.б.:задумчивый, купалъный, избирательный, дремучий,
колючий, висячий, рваный, заменимый т.б.
Морфологиялық тәсілдің тағы бір түрі –
орыс тіліндегі сөз алды қосымшалы (префикстік) тәсіл. Бұл
тәсіл қазақ тіліндегі төмендегі сөздерде
кездеседі: бейтарап, беймаза, наразы,
бейқам т.б. Ал орыс
тілінде мынадай сөз алды қосымшалары (приставкалар) арқылы
сын есімдер жасалады: а- (аморальный,
аполитичный т.б.) -сыз, -сіз жұрнақтары
мен бей/би-дің мағынасын
береді; анти- (антиалкогольный, антинаучный). Бұл
сөз алды қосымша (приставка) арқылы жасалған сын
есімдер қарсы, қарама-қайшы деген мағына білдіреді; архи- өте, тым, аса деген күшейтпелі мағына үстейді (архиумный,
архиважный т.б.).; все- бәрі,
бүкіл, барлық, жалпы, түрлі-түрлі, әртүрлі
деген сөздермен сын есімдердің тіркесуі арқылы
күшейтпелі мағынаны білдіреді (всесильный,
всевозможные т.б.); интер- аралық деген мағынаны білдіреді, интернационалдық
терминдер жасайды (интерсекционный, интервокальный, интернациональный т.б.);
наи-, пре-, сверх- ең, тым, аса, асқан, артық деген
мағынадағы сын есімдерді жасайды: наиболыиий – ең үлкен, сверхскоростной – тым шапшаң, пречерный – өте қара т.б. Сверх
сөзалды қосымшасы (приставкасы) арқылы жасалған сын
есімдер қазақ тіліне тыс септеулігінің шығыс септіктегі зат есіммен тіркесуі арқылы
беріледі: сверхплановый –
жоспардан тыс т. б.; не- болымсыздық мағынадағы
сын есімдер жасайды: невеселый –
көңілсіз, невозможный –
шамадан тыс т.б.; небез- (не+без) күрделі сөзалды
қосымша (приставка) болымсыздық мағынадағы сын есімдер
(-сыз, -сіз+емес) жасайды: небездарный –
қабілетсіз емес, небезупречный –
кемшіліксіз емес т.б.; без- болымсыздық мағынадағы
(-сыз, -сіз) сын есімдер жасайды: безоблачный – бұлтсыз; про- есімше түлғаларын білдіреді: продуманный
– ойланған т.б.; раз- күшейтпелі
мағынадағы сын есімдер жасайды: развеселый – тым
көңілді, т.б.; со- сәйкестік,
біркелкілік мағынадағы сын есімдер жасайды: соплеменный – рулас, сопредельный –
шектес т.б.; ультра- өте, тым, аса деген
күшейтпелі мағынадағы сын есімдер
жасайды: ультракороткий –
өте қысқа, улыпрамодный – тым сәнқой т.б.; экстра-
төтенше, ерекше, әдеттегіден тыс сөздерімен тіркесіп берілетін сын есімдер жасайды: экстравагантный
– әдеттегіден
тыс, экстраординарный – төтенше,
ерекше т.б. [2, 143-145].
Орыс тілінде морфологиялық тәсілдің тағы бір
түрі – сөз алды қосымша мен жұрнақтың қосылуы
арқылы сын есімдер жасайтын тәсіл (префиксально-суффиксальный). Бұл
тәсіл бойынша сын есімдердің жасалуына сөзалды
қосымшалар (приставкалар) мен жұрнақтар бірдей қатысады.
Ондай сөз алды қосымшалар (приставкалар) мен жұрнақтарға
мыналар жатады: до- +- н, -ск: довоенный – соғысқа дейінгі, доисторический – тарихқа дейінгі т.б.; по-
+ после: послевоенный – соғыстан
кейінгі, послереволюционный – революциядан
кейінгі т.б.; за- +- н, -ск: загородный – қала сырты, заморский – теңіздің ар жағы т.б.; между-, меж-
+-н, -ск, -ов: междугородный –
қалааралық, межпланетный –
планетааралық т.б.; на-; над- + -н: надводный – судың үстіндегі, настольный
– үстелдің бетіндегі т.б.; под- + -н: подоблачный –бұлттың астындағы,
подземный –жердің
астындағы т.б.; от-
+ -н: отделочный – жасайтын,
откормленный – семіртілген т.б.; по- + -н: пореформенный - реформаға
байланысты, подушный - әр
адамға т.б.; при- + -н, -ск: прибалтийский – прибалтикалық, прибрежный – жағалаудағы т.б.; вне-
+ -н, -ов; -ск: внеочередной –
кезектен тыс, внешкольный –
мектептен шыс т.б.; внутри- + -н, -ов: внутрикомнатный – бөлмеішілік, внутрисоюзный – одақішілік т.б. [3, 123].
Екі тілде де сын есімдер синтаксистік тәсіл арқылы да жасалады.
Қазақ тілінде зат есім мен сын есімнің, сын есімдердің
тіркесуі арқылы жасалады (қара торы, ақ көңіл т.б.).
Ал орыс тілінде интерфикс арқылы зат есімдердің түбірі
бірігіп, -н, -ск, -ов жұрнақтарының қатысуы
арқылы жасалады (водопроводный, земледелъческий т.б.).
Қазақ тілінде күрделі сын есімдер мына жолдармен
жасалады:
1. Сын есімдердің тіркесуі
арқылы: таудай үлкен үй, тастай қатты
нан, қара ала, ақ боз т.б.
2. Сын есімдердің
қосарланып берілуі арқылы: үлкен-үлкен, жақсы-жаман
т.б.
3. Сын есім мен зат есімнің
тіркесуі арқылы: қара көз, ақ көңіл т.б.
4. Сын есім мен сан есімнің тіркесуі арқылы: үш
элеметті, жүз жылдық соғыс т.б.
5. Зат есім мен көсемшенің тіркесуі арқылы: суда жүзетін,
құрыш балқытатын т.б.
6. Орыс тілінен калька жасау арқылы: предвыборное – сайлау алдындағы,
мелкокалиберный – кіші
калиберлі, орденоносный – орденді,
полумесячный – жарты айлық т.б.
Ал орыс тілінде күрделі сын есімдер мынадай
жолдармен жасалады:
1. Сын
есімдердің интерфикс арқылы бірігуі: темно-красный – күрең
қызыл, светло-голубой – ақшыл көк т.б.
2. Сын есімдердің басқа есімдермен, етістікпен тіркесуі
арқылы: черноглазый –
қара көз, сталеплавилъный –
құрыш балқытатын т.б.
3. Зат есім мен есімшенің тіркесуі арқылы: водоплавающий – суда
жүзитін т.б.
4. Есімдік пен сын есімнің тіркесуі арқылы: ежегодный – жыл сайынғы, ежемесячный – ай сайынғы т.б. [4, 198-200].
Қазақ
және орыс тілдеріндегі грамматикалық құбылыстарды
салыстыра-салғастыра оқыту – орыс тілді мектептерде
қазақ тілін оқып-үйрену үшін қажет, оларды
қазақша сөйлеуде қолдана білу жолдарын
түсіндіреді. Қазіргі лингвистикалық
парадигма тілдерді оқытудың жиынтығына
негізделген нақты
лингвистикалық пәндердің негізінде қарастырылады. Бұл жерде қазіргі лингвистиканың
негізін құрайтын салыстырмалы-тарихи,
жүйелі-құрылымдық, типологиялық, әлеуметтік
лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика туралы сөз болып
отыр. Бұлардың
қатарында ХХ ғасырдағы
тілдік пәндердің қатарында саналатын салғастырмалы лингвистиканы да атауға болады.
Шет
тілдің жүйелерін ана тілмен (ағылшын тілін орыс немесе
қазақ тілімен) салыстырғанда ана тілі тіл-эталон болады. Орыс
және қазақ тілдер құрылымының
айырмашылығынан салыстыру-салғастыру нәтижелері
әртүрлі болады.Салыстырылатын материалдың сипатына
қарай не ағылшын, не орыс, не қазақ тілінің
жүйесі жиі метатіл болып қызмет етеді Мысалы, белгілік және
белгісіздік каиегорияларды салыстырғанда метатіл ретінде ағылшын
тілі таңдалады, өйткені оған белгілік пен
белгісіздіктің (белгілік және белгісіздік артикльдері) арнайы
маркелерінің болуы тән. Ал септік тұлғаларымен
байланысты категориялық ұғымдарды салыстырған метатіл ретінде
орыс немесе қазақ тілдерінің жүйелерін алған
жөн. Дегенмен, салыстыру метатілі етіп типологиялық категорияларды
таңдаған дұрыс дейді зерттеушілер [5, 58].
«Салыстыру», «салғастыру» және «салыстыру
әдісі», «салғастыру әдісі» терминдері синоним
ретінде қолданыла береді. Терминдердің мұндай
шашыраңқылығы лингвистикалық типологияның
әлі де ғылым ретінде берік қалыптаспағанын
көрсетеді. Тіл білімі ғылымында лингвистикалық
типологияның әрбір бөлімі мен түрінің пәнін, салғастырмалы және
типологиялық әдістердің қарама-қарсы
қойылуын, туыстас және туыстас емес тілдерді типологиялық
сипаттауды, характерологиялық және характерологиялық емес
зерттеулерді және басқаларын анықтау үшін жеткілікті
материал жоқ.
Әдебиеттер тізімі:
2 Бейсенбаева К. А. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. –Алматы, 1994. – 243 с.
1 Янко-Триницкая Н.А. Русская морфология. – М.: Русский язык, 1982. – 246 с.
3 Бейсенбаева К. А. Сопоставительная грамматика русского и казахского языков. –Алматы, 1994. – 243 с.
4 Тұрсынов Д.,
Хасанов Б., Ислямов А., Бейсенбаева К., Ищанов К. Сопоставительная
грамматика русского и казахского языков. – Алматы, 1967. – 297 б.
5 Мажитаева Ш. Қазақ және
шетел тілдерінің
салғастырмалы
грамматикасы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. – 86
б.