Шангереева Шолпан Таубалдиевна

             Абай атындағы ҚазҰПУ Көптілді білім беру институтының

                 арнайы мақсаттағы шетел тілдері кафедрасының

                                            аға оқытушысы

Ақпараттық технологиялардың ағылшын тілі сабағындағы маңызы

Оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.Өзара мәдени қарым-қатынас процессінде сөздікті қолдана алу қабілеттілігі-ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың  басты мақсаты.

   «Еліміздің ертеңі бүгінгі жасұрпақтың қолында, ал жасұрпақ тағдыры ұстазқолында»
                                                                                                     Н.Ә.Назарбаев

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратынқұдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі аман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. 

Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өтетиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістер мен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық – электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық – электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану. 

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Күнделікті ағылшын тілі сабағын әр түрлі әдіс-тәсілдерд іқолдану арқылы өткізу оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі. Сабақтың мазмұны, түрі, оқыту әдістері,теориялық және практикалық құндылығы жоғары болғансайын, сабақ жоғары деңгейде өтеді. Оқушының пәнге деген қызығушылығына рттыру-мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілері мен оқушылардың шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, жұмбақ жасыру, танымдық ойындарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Сондықтан да әр сабақты бір-біріне ұқсатпай сайыс, конференция, жоба қорғаусияқты түрлендіріп өткізуге болады.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде жаңа технологияларды тиімді пайдаланып отырамын.

Соңғы жылдары заман талабына сай күнделікті сабақта ақпараттық- коммуникациялық технологияларды, компьютерді, электронды оқулықтарды, лингофонды, электрондық байланыс жасау, ақпарат алмасу, интернет желісін пайдалану, электронды пошта, on-line сабақтар өткізу арқылы іске асуда.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

• лексиканы оқып үйретеді;

• сөйлеу ырғағын;

• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

• хат жазуға үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын тілі мен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

Сабақты 3 кезеңге бөлем.

1-кезең

-    бұл кезде оқушылар өз бетімен өткен тақырыпты еске түсіреді

-    оны жаңа сабақпен байланыстырады

-    пәнге деген қызығушылығын арттырады

 

2-кезең

- оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен танысып, тақырып бойынша жұмыс істейді

- өз пікірлерін жеткізе алады

3-кезең

- оқушыларүйренгенін саралап өткізеді

- компьютер үдістері арқылы бір жобаға салады.

Қорыта келгенде, ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану замант алабы. Жаңа замандағы – Жаңа Қазақстанымыздың дамып кележатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетінеқолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортадажұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.

 

Аннотация: Создать базовый уровень общения на иностранном языке, возможность использовать словарь в процессе культурных связей является основной целью использования информационных технологий в преподавании английского языка.

Ключевые слова: этикет разговора,этикет педагога, отношения, методика.

Abstract: To learn a basic level of communication in English, to use the dictionary in the process of cultural relations is the main purpose of English lessons using the new technologies.

Keywords: Etiquette of conversation, etiquette of the teacher, the attitude, procedure.

Пайдаланылғанәдебиеттер:

 

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2.“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011   жыл   

3.Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «ДайырБаспа», 2010 ж.

4.М.М.Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы оқушының дамыту құралы ретінде.Алматы,2002 ж.