Филологические
науки / Русский язык и литература
Шет тілі пәні оқытушысы:
Төлеуқасым Зульфия Әлібекқызы
Талдықорған
Агро-техникалық колледжі
Шетел тілін оқыту технологиясының
тиімділігі
Бүгінгі таңда шетел тілін жаңаша оқыту
өте-мөте өзекті мәселе болып отыр. Себебі, Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына байланысты қала және ауыл
мектептеріне көптеген көмектер жасалып, орта мектептер заманауи
технологияларға ие болуда. Сондықтан да болар, ИКТ негізінде
өткізілетін сабақтар оқушылар үшін жан-жақты,
тартымды, қызықты болуымен қатар, ұстаздар
қауымының жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруін
талап етеді. Педагогикалық технология деп оқудың сапасын
жақсарту және жобалық қортындыға
жету мақсатында мұғалім мен Студенттердің
біріккен технологиялық іс-қимылын айтады.
Мұғалімнің сабақты жобалаудағы жауапкершілігі
Студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік
қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады.
Қазіргі
таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге
байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл
тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті
өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі
күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап
қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты –
шынайы өмірде Студенттердің ағылшын тілінде
қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып
табылады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап
есептелінеді,Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947
жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер
енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды
инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз
үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жаңаша
көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға
ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы
білім алуына,өмірде жақсы көрсеткіштерге қол
жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы
үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын
тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген
әдістер пайда болды. Сондықтан, әр оқытушы
өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық
іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің оқу
орындарында оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың
жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы
инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім
мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.
Халқымыздың
рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті
көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш,
қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегендей,
өзім де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді
сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, пән
мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысамын.
Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды
тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни
бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді.
Оқушы
мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты
ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан
келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны
тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу
қабілетіне ие бола алмайды. Ал, мәселені шешуде жаңа ой,
құнды пікір айту өте маңызды. Және ол міндетті
түрде қортындыланып, белгілі бір көрініске ие
болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шетел тілін
оқыту технологиясының тиімділігінің көрсеткіштері
мыналар: Студенттердің моральдық, психологиялық,
интеллектуалдық және жас ерекшеліктерін ескеру, Оқуға
жағымды көңіл күй қалыптастыру, Ұстаз бен
студент арасында сөз алмасу, ғылыми қарым-қатынас
және әріптестік принципін орнықтыру,
Студенттердің еске сақтау қабілеті мен шығармашылық
деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру, Оқуды игеруге
мультимедиялық және басқа да техникалық
мүмкіндіктерді кеңінен іске қосу.
Білім беру
технологиясының үш түрлі типі бар. Олар
дәстүрлік, инновациялық және ақпараттық.
Бастысы – технологияның жиынтығы емес, оның дәрежесі.
Студенттердің әртүрлі ақпарат көздерін,
ресурстарын пайдалану арқылы компьютерлік технологияның
көмегімен өздерінің дербесізденуі арқылы тілді игеруге
кәсіби шеберлігін шыңдайды. Жаңа ақпараттық
технологияға әртүрлі ақпараттарды электрондық
әдіспен енгізу, сақтау және беру жатады. Оларды
оқу үрдісіне пайдалану ерекшелігіне сай төмендегідей
топтастыруға болады: Компьютерлік оқу бағдарламалары
(электрондық оқулықтар, зертханалық жаттығулар,
тест жүйесі). Мультимедиялық технологияға сай оқу
жүйесі компьютер, видеотехника, оптикалық дискінің жиындысын
пайдалану арқылы жүргізіледі. Интеллектуалдық және
сараптамалық жүйе. Ақпарат жиынтығы базасының
қалыптасуы. Электрондық пошта, телеконференция, шоғырлы не аймақтық
байланыс жүйесін біріктіретін телекоммуникациялық
қондырғылар. Электронды кітапханалар. Компьютер жүйесі
оқу процесін жетілдіру құралы болып табылады. Дегенмен,
Интернет жүйесіндегі оқуға байланысты ақпараттар сирек,
аз, жүйеленбеген. Бүгінде бұл технологиялар оқытудан
гөрі жаңа дамушылық маңызға ие. Дегенмен,
түрлі ақпараттық ағымды пайдалану арқылы шет
тілін меңгеруге талпыныс келешек студенттерге өздерінің
жан-жақты дамып, сауатты маман ретінде қалыптасуына игі ықпал
етеді. Студенттердің техникалық білімінің кәсіби
бағдарламаға сәйкес шет тілін меңгере отырып игеруі,
олардың осы мақсатта жүйелі түрде технологиялық
ақпараттарды және педагогикалық технологияны пайдалана отырып
үнемі дайындығын арттыруына, ізденуіне байланысты. Жаңа
педагогикалық технология оқушыларды шет тілін меңгеруге
жеке бағыттап, даярлық кезінде олардың
қарым-қабілетін ескеруге мүмкіндік береді.
Технологияның методикаға қарағанда айырмашылығы
мынада: оқуды жобалау тәжірибені қорытындылау негізінде емес,
оқуды ғылыми тұрғыдан негіздеуге
бағытталған.
Қорыта
айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта
қолдану – оның нәтижелігіне қолайлы
жағдайды жасаудың бірден-бір жолы, ал, ол өз
кезегінде, бірлесе жұмыс жасауға, адами
қарым-қатынастарға себепкер болады. Оқытуға
жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге
бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып
табылады, сондай-ақ оның сапасы алынған білімнің
нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар
өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Қорыта
айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған,
ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой
мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын
дамыту оқу орындарының басты міндеті болып тұр. Ол
бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару
оқытушысының қажымас ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге
үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім
стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа
педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сабақтың
қызықты әрі нәтижелі болуы алдын ала таңдап
алынған әдіс-тәсілдерге байланысты. Қазіргі кезде
әдіс-тәсілердің барлығы дерлік баланы өз бетімен
жұмыстануға,білім алуға жетелейді.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі:
1. Конышева А.В.
«Современные методы обучения англисскому языку» Минск 2004г.
2. А.М.
Иманғалиева. « Шет тілін оқыту әдістемесі»№2. 34. 2010ж.
3. Мектептегі шет
тілі. №4, 2011. 28 б.
4. Токтамысова
Г.А.«Коммуникативті оқыту технологиясы негізінде Студенттердің
сөйлеу дағдысын дамыту жолдары.»
5.
Е.А.Земская. Иностранная разговорная речь: лингвистический анализ и проблемы
обучения. М., «Русский язык», 2011, стр. 4.
6. И.А.Зимняя.
Психологические аспекты обучения говорению на иностранном языке. М.,
«Просвещение», 2001, стр 25.