Философия/философия
науки
ЭЭ-15-1 тобының студенті М. Әбдіқадыр
з.ғ.м., аға оқытушы Н.Ж. Сарсенбеков
Қазақстан Республикасы., ҚарМТУ
Шәкәрім
Құдайбердіұлы дүниетанымы және «жаратылыс
бастауы» мәселесі
Бұл
мақалада негізгі айтылатын ой бұл – Шәкәрімнің
жаратылыс жайлы зерттеулері және дүниетанымы. Сонымен қатар
ертедегі көптеген ұлы ғұламалардың
дүниетанымы, осы орайда айтылған пікірлердің түбі
қайдан шыққандығы және дәлелдемелері, біз
білмейтін, бұрын соңды естімеген тылсым қуаттар мен
жаратылыстың өзара байланысы туралы айтылмақ. Ойшылдың
бұл еңбегі кімнің болмасын жүрегінен орын табатыны
кәміл. Өйткені, ақынның дүниетанымы аса
әсерлі, астарлы, әрі мағыналы.
Жаратушының
бар екені кімге болмасын hақ, бірақ жоққа
шығаратындар да аз емес. Алайда, ертеде осы орайда көптеген
көзқарастағы пікірталастар туды. Бірі, дене өлсе де,
жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке, тіпті,
ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Енді бірі, бұл
әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен
жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ,
hәм өлген соң тірілетін жан жоқ деді. Осындай екі
көзқараста көптеген ұлы ғалымдар
өздерінің ойларын, дәлелдемелерін айтқан.
Ойшылдың ойынша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін
табу ақылы сау адам үшін қатты міндет. Неге десек, адамды
түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие
бар, өлген соңда біртүрлі өмір бар деген жолдың
шын, өтірігін білгеніміз жөн. Осы орайда ақын айтпақшы,
тексерушінің әр түрлі діндер жайынан, әр түрлі
ғылым жайынан, әрбір білімділердің сол туралы айтқан
сөздерінен хабары болуы керек. Және қатты керек бір шарты –
өзінің тұтқан діні, оқыған-
ұғынғаны, қалыптанған әдеті,
құмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып
қалған сөзіне біржола байланып қалмай, ақылын
әбден шын босатып, сол екі жолдағылардың жазған кітап,
айтқан сөз, қылған істері hәм оларға
қарсы айтқан сөздердің бәрін ноқатсыз,
науқассыз сау ақылмен сынау керек. Неге десек, қайсысы болса
да әбден сыналып, тазарған соң шын болмақ.
Жалпы
бұл екі көзқарастағы ой- пікірлердің түбі
қайдан шыққан? Бұл екі жолдың қайдан
шыққанын тексерсе, адамдардың біз hәм әлемдегі
барша нәрселер қайдан бар болған, мұны кім
жаратқан деген ойынан шыққан. Өйткені адамның
ақылы оны ойламай тұра алмайды және адам бір жаңа
нәрсені көрсе, мұны кім жасаған, мұның не
нәрсеге керегі бар демей қоймайды. Өйткені адам
ақылының талабы – осы. Сондықтан, жаратушыны іздеп
әркім әртүрлі ой айтқан. Тіпті, ескі замандағылар
жаратушы осы деп жануарларға, осыда жаратушының қасиеті бар
деп от, ағаш, тас сияқтыларға табынған. Немесе әр
нәрсенің өз тәңірісі бар деп сурет жасап
табынған. Тіпті, кейбіреулері бақсы, балгер дегендерді осы жаратушы
деп адам қолынан келмейтін сорақы қылықтарға
барған. Сөйтіп, соқыр кісідей сандалып жүргенде
пайғамбар дегендер шығып, барлықтың бәрін
жаратқан ие бар, өлген соң бір түрлі тіршілік бар, осы
өмірде жасаған харекеттерімізге байланысты ол өмірде жауап
береміз, мұны бізге жаратушы ие білдіреді. Сіздерге
ұқтыруға бұйырды деген. Ол кездегіледің
көбісі осы айтылғандарға иланып, бұрынғы жаратушы
жайлы ойлаған ойлары дұрыс емес екендігін түсінсе, ал
тағы бір көбісі бұл бос сандырақ деп пайғамбар
сөздеріне өз қарсылықтарын көрсетеді.
Енді
біліп жаратқан ие де жоқ, бұл өмірден өзге бір
түрлі тіршілік те жоқ деген ойдың түбінде осы
барлық әлем неден бар болды деген түсініктер пайда
болады-мыс.
Ескі
заманның білімділері әр нәрсенің түпкі негізі
неден жаралғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі төрт
нәрсе деп білген. Олар – от, су, топырақ, ауа. Одан кейінгі
білімділер бұл төрт нәрсенің негізі әлденеше
ұсақ нәрселерден құралғанын таба келе
түп негізі сексен шамалы екенін тапты. Әр дененің түп
негізі көзге көрінбейтін кішкентай нәрселерден
қүралып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша
ұсақтаса да, ақырында тіпті бөлуге келмейтін болады.
Бұл
ұсақтауға келмейтін түп негіздердің атын Атом деп
атайды. Евопаша атом деп, арабша мадда немесе әсер деп атады. Осылайша
барша нәрсе осы атомдардың қосылуынан пайда болатынын
және бір- бірінен өршіп әлденеше бір күйге түсіп
жаралып жатқанын тапқан. Мұны алғаш тапқан ион-
грек жұртының білімдісі Пифагор. Негізі оны Пифагор Финикия
жұртынан үйренді дейді. Олай болса атомды тапқан
Финикияның Садда қаласынан шыққан Моско деген адамы
болады. Кім бірінші тапса да гректің Эпикур және Демокрит деген
білімділері барлық жаратылысты сол атоммен байланыстырды және оны
былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ, бәрі
өздігінен жасалынып жатқан заттар деген жолға негіз салды.
Араб
елінің әмірі күшейіп Аббас тұқымы патша
болған кезде ион- грек білімділерінің осы сөздерін араб
тіліне көшіру барысында, мұсылман молдаларының ортасына:
барлық әлем басынан барма еді, әлде соңынан жаралды ма
деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Ойшылдың осы орайда физикадан бәрімізге
мәлім тартылыс заңы жайлы айтқан ғалымдардың
сөзін жеткізгені бар. Ол – әр нәрседе бірін - бірі тартатын
қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді.
17
Ғасырда Ньютон алманың үзіліп жерге
құлағанын көріп қалған. Осыдан кейін
Ньютонның тартылыс заңын ашуда осы фактор негіз болған. Орысша
оны притяжение деп атайды. Біліп
жаратқан ие жоқ, әлемдегі барлық нәрсенің
негізі сексен түрлі атом, солар бірін - бірі тартатын притяжение
заңымен қосылып, дене жасап, өзгеріп жатыр, оны былай
қылайын деп жаратқан ие жоқ және жан деген өз
алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір
қозғалысы өзгерістерінен шыққан сипат.
Ақынның бұнымен айтпағы не, яғни біліп
жаратқан ие жоқ, өлген соң қайта өмір
жоқ, бұны былай қылайын деп істейтін жаратушы жоқ,
барлық дене белгілі қуаттылықтардан, атомнан
құралады деп сол заманның халықтарының,
ғұламаларының осы тұрғыда ойлау себептерін айтып
кеткен. Бұл тұжырымдамалар әлдеқашаннан айтылып келе
жатса да, әсіресе 17-18-19 ғасырларда Еуропа ішіне көбірек
жайылды.
Алайда уақыт өте келе бұл түсініктер нашарланқырады.
Мұның себебі – магнитизм, спиритизм, телепатия дегендер
шыққандығы болды. Осы орайда Магнитизм жайлы айтып,
анықтама беріп кеткен жөнді болар. Оның мәнісі мынау:
магнитизм бір адамның жанына жанның қуатымен әсер
беріп, еріксіз ұйықтатып тастап, істі не алда болатын істі
сұрап, ғайыптан хабар айтқызады. Спиртизм
өлгендердің жанын шақырып келтіріп, ғайыптан хабар
айтқызады. Кейде қағазға жазғызады.
Телепатия, тіпті, алыстағы тірі адамның жанымен өз жанын
хабарластырып, соған ұнағанын істете алады. Осындай адам
таңқаларлық, бұрын сыры білінбеген метафизика жаралысы
жолымен жоғары қуат барлығы анықталған соң,
бұрынғы дене сезіміне ғана нанып, онымен білінбеген
нәрсені ғана жоқ деп жүргендердің ойын
шатастырып, басқа ойға түсіреді.
Жан жоқ деушілердің сөзі жоғарыда айтылып еді.
Сөйтсе де біраз ұғымдырақ қылып айтарлық
сөз мынау: адамның жаны болсын, денесі болсын, барлық он екі
мүшеміз мимен байланысты. Егер ми тоқтаса бәріде
тоқтайды. Сол мимен денелер арасындағы барлық мүшелер
арасында бір жалғастық бар. Сондықтан жанды бөлек
нәрсе деп қарастыра алмаймыз.
Жыл, уақыт өте келе дене біржола өзге дене болып ауысады.
Адамның не нәрсені істеуі – сол мидың өзіне ғана
біткен сезу. Ол денеше өзгермейді. Адам өлген соң оның
бөлшектері өсімдікт, хайуандарға кіріп араласады.
Сөйтіп адамның өзіне тән жаны болмаған соң,
біреуден біреуге көшіп жүрген соң жанның қайта
тірілуі жоқ. Адамның омірім, сезімім деп жүргені сол
миға біткен сезу, әсерленудің жаңаруы, әрбір
жаңаның сезуі. Одан өзге ешнәрсе емес. Адамның
өзгерген денесі – оның бұрынғы өз денесі емес,
жай ғана құры. Сондықтан адам оны өзім деп біледі
дейді.
Бұл тұрғыда ғалымдар өз ойларын жеткізуден
құр қалмаған. Соның бірі ретінде Дольн: жан –
атом, дене емес, жаннан шыққан әсерлерде дене қасиеті,
жөні, ой, оймен суреттеу, ойға түсіру сияқты жан
қасиеттерінің түбі де жоқ және жан
қасиеттері заман, уақыт санатына кірмейді. Бұл –
ақылдың өзінен шығатын қасиеттерді дене жаралысының
еш сипатымен сипаттауға, өлшеп ұйқастыруға
келмейді деп, сонымен қатар жан мен дене арасында орта себеп болатын бір
нәрсе бар, екеуінің де қасиетіне ортақ
болатындықтан екеуін қосып жарастырып тұрған сол деп
өз ойын жеткізген.
Ал ойшыл өз түсінігінде жанды былай түсіндірген: біз
дененің түп негізін тексергендей жанның да түбін
тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Дене негізін
тексерушілердің сила вещества (қуатты дене) дегендегі қуат
осы жан. Сол жан денеден - денеге өсіп өршиді. Ғылым жолында
әлденеше түрленіп өзгерсе де, дененің еш нәрсесі
жоғалмаған сияқты, жанның да ешнәрсесі
жоғалмайды. Бірақ дененің толықтығы,
нашарлығының кезегіне қарай жанның да толық нашар
уақыты болады.
Жоғарыда айтылғандармен ақынның айтпағы неде?
Жалпы адам баласы бойына сіңіретін міндетті үш қасиет бар ол
– нысап, әділет, мейірім. Бұл үшеуін қосып
айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть дейді. Ұждан
– жанның тілегі. Неге десеңіз, ойшыл айтқандай, жан тіпті
жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын
жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға
себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, таза, толық мінез ой
істерін керек қылады. Соның қатты бір керегі совесть –
ұждан. Шәкәрім аталмыш қасиеттердің адам
баласының бойынан табылғанды мақұл көрді,
яғни нысап, әділет, мейірім, әрбір жасаған
харекеттерімізді айтылған үш қасиеттен болғанды
қалады. Оны осы өмір үшін де керек қылады,
соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі егер
бұл өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не
мақтан үшін болады. Мәселен, атым қалсын, пәленше
сондай кісі деп халық мені жақсы көрсін деген болады. Онан
басқа жоруы жоқ. Себебі ол совестің иесі жан жоқ, арты
өмір жоқ деп отырса, соқыр табиғаттың жансыз
жаратқан бір машинасы совесімен іс қылды не, қылмады не?
Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге
таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой
айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген
соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер
табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған
шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу –
ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген соң да
жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен
қабылдап нанса және бір адам жан өлген соң біржолата
жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып,
өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі? Әрине,
жанның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған
кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште
болып, біржола жоғалдым - ау деп өлсе керек. Олай нана алмай,
яғни ұждан құры ғана көрініс үшін
адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық пен
қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.
Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен
ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның
жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай
қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір
сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір
діншілерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ
дін мен жалғандық. Әйтпесе Жаратушыда білім бар, өлген
соң да бір түрлі жан тіршілігі бар! Жанның екі өмірде
де азығы: ұждан – совесть деумен ешкім де еш нәрседен кемдік
көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор
жәрдемі. Ұлы ойшыл айтпақ «Үш анық» міне осы.
Шәкәрім бізге сарқылмас асыл мұра қалдырды.
Ойшыл артына қалдырған алтын сөздері арқылы
халқының пасық, надан мінездерінен біржола алыстап нысап,
әділет, мейірім деген сау мінездерге бет бұруын мақсұт
етті. Ұйықтаған күйімізде қалып қоймай,
көзімізді ашуымызға, өмірге деген көзқарасымызды
өзгертуімізге, дүниетанымымыздың дамуына әсер ететін ақынның
қалдырған еңбегі жанға азық. Бұл кітаппен
таныс әрбір оқырманның бойынан осы қасиеттердің
кездесетіні hақ. Мақалада ойшылдың айтпақ ойын
«Үш анық» кітабының жалпы мазмұнын
оқырмандарға қарапайым сөзбен жеткізгім келгендегі
менің де мақсұтым – осы.