Заңтану магистрі Санасыров Н.Т.

Инновациялық Еуразия университеті, Қазақстан

Тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері

 

Тергеу әрекеттері тергеушінің маңызды процессуалды әрекеті болып табылады. Криминалист ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді: А.С. Шейфер бойынша тергеу әрекеті дегеніміз дәлелдемелер табу мен бекіту кезінде қылмыстық іс жүргізу заңына сейкес жүргізілетін іс әрекет (немесе қызмет түрі). И.Ф. Герасимов басқаша береді: «Тергеу әрекеті - заңмен қарастырылған тергеушінің (немесе анықтама жүргізетін тұлғаның) қылмыстық сот өндірісі міндеттерін орындауға бағытталған немесе осыған жағдай туғызатын көбіне алдын ала тергеу сатысында жүзеге асырылатын процессуалды іс әрекеттері.

Тергеу әрекетінің танымдық жағы - іс жүргізу нетижесінде тергеушінің шынайы нетижелер, іс бойынша дәлелдеуді қажет ететін жағдайлар туралы мәліметтер алуы болып табылады. Заңды жолмен алынған және заңмен қарастырылған формада бекітілген бұл мәліметтер дәлелдемелер болады. Мұндай көзқараста тергеу әрекеті дәлелдемелер жинау тәсілін көрсетеді.

Шындығында дәлелдеменің қалыптасу процесі едәуір күрделірек. Дәлелдеудің бастапқы кезінде тергеушінің танымдық қызметінің пәні дәлелдемелер емес, қоршаған орта заттарында және адамдар санасында қалдырылған белгілі бір оқиға іздері. Тергеу әрекетін жүргізе отырып тергеуші осы іздерді табады, олардан іске қатысты ақпаратты бөліп алады (іске байланыссыздарына көңіл бөлмейді) және оны процесс акттерінде бекітеді.

Сәйтіп, жауап алу, қарау, тергеу эксперименті, тану үшін корсету және басқа да тергеу әрекеттері - тергеушінің ақпарат пен дәлелдемелерді қалыптастырудағы қарқынды жұмысы. әрине, айтылған нәрсе, дәлелдеме басынан аяғына дейін тергеу әрекеті барысында тергеушінің «ойымен жасалады» дегендік емес. Қарастырылатын оқиға іздері тергеушінің санасына байланыссыз пайда болады және олар дәлелдемелердің обьективті негізі болады. Дегенмен, фактілі мәліметтердің толық, жан-жақты анықталуы, олардың сақталуы тергеу әрекетінің дұрыс таңдалуына, дұрыс жүргізілуіне, өзінің ішкі құрылымы бойынша бар іздерді бейнелеуге жарамдылығына, тергеуші қолданған бекіту құрал-жабдықтарының процессуалды форманың ерекшеліктеріне сәйкестілігіне өте тығыз байланысты.

Қылмыстық процес шеңберінде бұл әдістер кез келген формада қолданыла алмайды. Сондықтан заңшығарушы бақылау, сәрау жүргізу, салыстыру, әлшеу, эксперимент, модельдеу және бейнелеу жүргізудің ережелерін бекітеді. Бұл арқылы таным әдістерін қолданудың құқықтық нысандары анықталынады, ал тергеушінің осы әдістерді қолдану бойынша іс әрекеті заңды танымдық және көз жеткізу операциялары болып табылады.

Тергеу әрекеті сипаттамасы танымдық пен көз жеткізу операцияларының кешені ретінде, біз атап әткендей, оның мәнді танымдық жағын ашады. Сонымен қатар, басқа нормативті жағы да өте қажет. Тергеу әрекеті қылмыстық іс жүргізу қызметінің, бнкіл осы қызмет сияқты, қатаң құқықтық реттеуге бағынатын, алғашқы элементі болып табылады. Дәлелдемелерді жинаушы тергеуші және айыпталушы, жәбірленуші, нақты мәліметтер беретін куәлер, мамандар және дәлелдемелер алуға жағдай туғызатын куәгерлер - бәрі де құқық субъектілері; бұлардың іс әрекеттері құқықтың қорғанудың немесе міндеттің орындалуын айғақтайды, яғни құқықтық қатынас қәрайды. Бұл көзқарастан тергеу әрекеті тергеуші мен көрсетілген жеке тұлғалар арасындағы құқықтық қатынасының жүйесі болып табылады.

Әрбір тергеу әрекетін кәптеген жеке ерекшеліктері бар. Дегенмен де, тергеу әрекеттерін айғақ жинаудың бір-біріне теуелсіз тәсілдері ретінде қарастыруға болмайды, олар ұйымдасқан біртәтас жүйе болып табылады, бұл олардың өзара ішкі байланысы мен реттелгендігінде көрініс табады: тергеу әрекеті аясында тексерілетін болжаулар негізінде. Болжау тнріндегі танымдық негіздің біріңғай мақсаты тергеу әрекеттері жиынтығына ішкі тәтастылық пен ұйымдасқандық сипаттарын береді. Сондықтан тергеу әрекеттері жіктемесінің елеулі негізі ретінде болжау және олардың тергеудің әртүрлі кезеңінде бірыңғай кешендерге жинастыру, яғни тактикалық операциялар саналады. Тергеу әрекеттерінің кәпшілігі қылмыс іздерін тікелей көрсетуді білдіреді, яғни тергеуші ақпарат беретін нысананы тікелей қабылдап (әз бетімен немесе маманның кәмегімен), болжауларды растайтын немесе жоққа шығаратын нақты меліметтерді алып шығады.

Тергеу әрекеттері жүйелігінде зерттелетін оқиғаның іздері арасындағы объективті байланыстары бейнеленіп көрсетіледі. Кез келген оқиға белгілі іздер қалдырған өзара байланысты әрекеттер кешені. Маңызды ерекшелеліктерін көрсететін оқиға іздері жіктемесінің негіздері мыналар:

а) нақтылы мән-жайларды бейнелейтін әдістер;

б) нақтылы мән-жайларды тікелей, не жанама алу процесі;

в) бейнелеуге жататын объектілердің күрделілігі;

г) тергеу әрекетінің мақсаты.

Бұлардың ерқайсысы тергеу әрекеттерінің ортақ қасиеттері бар арнайы топтарын бәліп көрсетуге мүмкіндік береді, ал бұл топтар жиынтығы әздеріне тен күрделі құрылымды тергеу әрекеттері жүйесін қәрайды.

Объектілер көрініс табуы үшін, жауап алу және бақылау тәсілдерін нйлестіруді талап ететін ақпаратты қамтыған жағдайда, сейкес тергеу әрекеттерін үшінші топқа жатқызу тергеушіні осы тәсілдердің ерқайсысына қатысты негізгі процессуалдық талаптарды әстануға бағдарлайды.

Сараптама жүргізуде таным процесі әзгеше болады, өйткені зерттелуші объектілерде жасырын ақпараттар бар (тікелей қабылдауға қол жетпейтін қылмыс іздері, олардың мазмұны мен мағынасы тергеушімен тікелей анықтала алмайды): тергеушінің тапсырмасымен объектілерді тікелей зерттеуді сараптамашы жүргізеді де кейіннен жүйелендірілген тексеру қорытындысын тергеушіге табыстайды.

Парақорлық істері бойынша тергеудің алғашқы кезеңінде жүргізілетін біртекті тергеу әрекеттері болып:

-          парақорлық туралы хабарлаған тұлғадан куә ретінде жауап алу;

-          пара алушының жұмыс орнындағы құжаттарды қарау тиіс;

-          құжаттарды алу;

-          қылмыс үстінде ұстау (пара заты жайындағы меліметтерді қарау хаттамасында көрсетеді), жеке және мекен жайлары бойынша тінтулер;

-          оқиға болған жерді қарау;

-          сезіктілерден жауап алу.

Егер парақорлық туралы арыз берген тұлғадан жауап алынатын болса, ең бірінші оның тергеуліп жатқан оқиғаға қатысты ескертіледі; пара оның тікелей әзінен қорқытып алынып жатыр ма, елде ол осы лауазымды тұлғаның пара алатынын белгілі бір азаматтардан естіді ме; ол өзі пара әсынып оны тапсыруға рәқсат алды; оған, лауазымды тұлға ретінде, пара әсынып жатыр; оған оның еркінен тыс параны жасырып берген (біреу арқылы беріп жіберген, пошта арқылы салып жіберген).

Барлық жағдайларда жауап алу мақсатты түрде, дәлелдеуге жататын мән-жайларды ескере отырып жүргізілуі тиіс. әзінен параны қорқытып алып жатқандығы жайлы арызданған тұлғадан мыналарды анықтайды:

-         ол парақормен қашан және қайда танысты;

-         парақор қайда және кім болып жұмыс жасайды;

-         делдал болды ма, оның аты-жәні немесе белгілері, ол да парақор жұмыс істейтін мекемеде жұмыс істейді ма;

-         арызданушы осы мекемеге лауазымды тұлғаға қандай мақсатпен келді;

-         қандай құжаттар оның осы мекемеге келгендігін куэдандыра алады (оның атына жазылған рәқсат қағаз, оның қалдырған арызы т.б);

-         ол лауазымды тұлғаға бара жатып қызметкерлердің қайсысымен кездесіп, сәйлесті, бұл тұлғаның қызмет бәлмесі қай жерде орналасқан, бәлме ішінің орналасуы қандай;

-         ол тәрғанда бәлмеге кімдер кірді (кірген тұлғалардың белгілері, едгімеден естіген әлгі тұлғаның аты-жәні);

-         парақордың сырт пішіні, қандай киімде болды; пара туралы келісім қалай болды, қорқытып алушылық орын алды ма;

-         арызданушының пайдасына қандай әрекеттер жасалуы қажет еді, бәрын осы әрекеттерді жасаудан бас тартушылық болды ма;

-         лауазымды тұлғаның әрекеттеріне ол шағымданды ма, бұл қандай құжаттармен дәлелденеді, пара заты ретінде не болды.

Егер параны беріп қойған тұлғадан жауап алынып жатса, онда жоғарыда келтірілген жағдайлармен бірге мыналар да анықталады:

-          пара қалай берілді, пара заты қандай болды?

-          егер ол ақша болса, қандай сомада, қандай купюралармен, қандай орамда берілді?

-          егер зат болса, оның белгілері, орамы қандай?

-          жауап беруші пара беру үшін банк кассаларының немесе туыстарынан, таныстарынан ақша алған жоқ па; алсы, қандай сома алды?

-          қарызды не үшін алып жатырмын деп айтты?

-          лауазымды адамға пара беретіндігі жайлы кімдерге айтты?

-          кімдер тікелей немесе жанама түрде парақорлық дерегі жайлы білуі мүмкін Егер арызданушы бәгде адам болса, онда бірінші кезекте парақорлық дерегі

-          туралы оған қайдан белгілі екендігін анықтау керек. Пара беру сетін ол көрді ме, оның заты, ол заттың белгілері, параның қайнар кәзі, ол қандай әрекеттер үшін берілді, бұл әрекеттер орындалды ма, параны беру-алу жайлы тағы басқа кім біледі.

-          Оның еркінен тыс пара берілген (столына қойған отбасы мүшесіне берген) немесе оған пара беруге әрекет жасалған лауазымды тұлғадан жауап алу кезінде келесілер:

-          кім пара бермекші болды, ол тұлғаны біле ме, оның белгілері мен киімдері қандай?

-          пара беруші қандай әрекеттерге (әрекетсіздікке) нміт етеді?

-          ол бәрын осы әрекеттердің орындалуы бойынша келді ма, келсе қандай құжаттар қалдырды немесе ауызша өтінді ме?

-          қызметтестердің ішінен кімдер пара берушіні немесе оның құжаттарын көруі мүмкін?

-          параны беру жағдайы, пара заты, қазіргі уақытта ол қайда екендігі анықталынды.

Жауап алудың тактикалық маңызды кезеңінің бірі ол жауапталушымен психологиялық байланыс жасау. Психологиялық байланыс жасаудың әртүрлі жолдары бар. Жекелегенде, тергеушімен жауапталушының арасындағы жақсы қалыптасқан психологиялық байланыстың салдарынан ол болған оқиға туралы толық, жан-жақты еркін түрде, тергеушіге қажетті ақпараттарды береді. Н.И. Порубов психиологиялық байланысты, қарым-қатынас процесіндегі өзара әрекеттестіктің жүйесі ретінде қарастырады, ол екі жақтың сеніміне негізделетіндігін айтады.

Тергеушінің жауапталушыға заңды және заңсыз психологиялық әсер етудің нақты шекараларын анықтау қажет. Заңды түрде психологиялық әсер әздігінше қандай да бір нақты әрекетті көрсетпейді, жауапталушыдан қандай да бір қажетті жауапты қорқытып алмайды, тек қана ішкі психологиялық процестерге әсер етіп тұлғаның дұрыс жол ұстауын белгілейді, өзінің азаматтық міндетін түсінікті түрде қатынасын және басқа арқылы психологиялық қысым көрсетуден дұрыс жолды таңдауды бағыттайды - деп жазады А.В. Наумов. Яғни, психологиялық басымшылық пен заңды түрде психологиялық әсер ету арасындағы шекара болып біріншіден: тергеушімен заңды түрде тактикалық әсер жауап алу барысында қолданылады, және екіншіден жауапталушының қандай да болмасын позицияны таңдауға мүмкіндік бостандығының болуы.

Жауап алушы және жауап беруші адамның арасында қайшылықты жағдай қалыптасқан кезде басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап беруші адамның әтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мұндай жағдай кәбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айыпкердің қылмысты мен жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде болдым деп шындықтан жалтарған кезінде кездеседі. Мұндай айыпкердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең бірінші тәсіл - жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұсақ оқиғалардың берін қамту. Біріншіден, мұның, яғни ең елеусіз сәттерге дейін ескертіліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші адамның өтірігін шығаруға көмектеседі. Екіншіден, айыпкер жалпы оқиғаға байланысты беретін жауабын алдын ала дайындап келгенмен сұрақтың бұлай қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз өтірігін өзі шығарып алады. әсіресе, қайта жауап алғанда осылай болады.

Жауапкер адамның әтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті бойынша жиналған басқа делелдемелерді, айғақ заттарды пайдалану керек.

Деректерді пайдалану тәсілдері бар. Ең алдымен делелдеме есебінде елеусіздеу деректерді айыпкерге көрсетіп, оны мойындамаса неғұрлым маңызды, бәлтартпас деректерге кәшіп, жалған жауапты әшкерелеуге болады. Айталық, айыпкердің бір пәтерден шыққанын екінші біреу көрді, бірақ айыпкер ол пәтерде болғанын мойындамады делік. Мұндай жағдайда стол үстінде қалған бәтелке мен стаканды, стаканда айыпкердің қалған қолтаңбасын көрсетіп, айыпкердің ол пәтерде болғанын тергеуші мойындаттыра алады. Дактилоскопиялық сараптама қортындысымен бекітілуі тиіс.

Жауап алу кезінде жедел-іздестіру деректерінің алынған қайнар көздерін, мейлінше құпияландырудың маңызы айрықша. Сондықтан тергеуші жедел-іздестіру деректері бойынша айыпкерден жауап алғанда қойылатын сұрақтарына өте мұқият болуы тиіс. Егер жауап алу күрделі жағдайда әтетін болса, онда тергеуші ең маңызды сұрақтарды алдын ала іріктеп, қәрастырып алғаны жөн. Жедел-іздестіру деректерін пайдаланғанда мұның маңызы өте зор. әйтпесе, сәтсіз қойылған кішкене сұрақтың өзі жедел-іздестіру деректерін алу қайнар көздерін айыпкерге байқатып алуы әбден мүмкін.

Қылмыскерлер әсіресе, аса қауіпті қылмыскерлер, сондай-ақ басқа да айғақ заттардың, келтірілген құжаттардың бәлтартпайтындығынна көз жеткен, бірақ қылмысын қалай, қандай жолмен болсын мойындауынан бас тартуға әбден бекінгендер, жаңағы айғақ заттардың, құжаттардың кәзін қәртуға тырысады. Сондықтан тергеу кезінде оның сақталып қорғалуына мейлінше мұқият болуы керек. Ол құжаттарды айыпкерге столдың ейнегінің астына қойып корсету немесе оның кәшірмесін жасау, сондай-ақ, жауап алу кезінде айыпкердің айғақ заттарды немесе құжаттарды қәртып жіберуінен сақтану үшін екінші бір куәгерді де жауап алу процесіне тартып, сақтық шараларын қолдану керек.

Егер тергеу органының қарамағындағы алда болуы тиіс пара беру-алу дерегі, оның орны мен уақыты жайлы, пара заты жайлы нақты, жеткілікті меліметтер болса, онда парақорларды қылмыс үстінде әстаған орынды болады. Мұндай әрекет қылмыскердің, олардың кездесу орындарының сыртынан бақылаудан және оларды тікелей параны беріп- алып болған сетте ұстаудан тәратын тергеу және жедел іздестіру әрекеттерін біріктіруді қажет етеді.

Қылмыскерді ұстау шаралары бойынша жоспар тергеушімен және күштер, құралдар тартылып отырған бөлім басшысымен келісілуі тиіс. Сонымен қатар, бұл тергеу әрекетін жүргізуге дайындық жасау әрқашанда мүмкіндік бола бермейтіндігі де естен шығарылмауы тиіс. Кейбір жағдайларда, қарулы қылмыскерлерді ұстау алдын ала дайындықсыз, қолайсыз жердерде жүргізіледі. Мұндай жағдай жағдайларда тереу әрекетінің сеттілігі қызметкерлердің кәсіби деңгейіне, батылдығына және тергеушінің, жедел уәкілдің шешімділігіне байланысты болады. Дегенменде, бұл жағдайларда ұстауды қызметкерлер суық қандылықпен, байқап, айналадағыларға және қатысушыларға қатысты төменгі қауіптілік жағдайында жүргізуі тиіс. әзірлік барысында қажетті меліметтер жиналған алғашқы материалдардың, қылмыстық істегі деректерден, жедел-іздестіру деректерінен, қылмысты тіркеу жүйесінен, мәражайлардан және басқаларынан алынуы мүмкін. Жиналған осындай меліметтердің негізінде қылмыскерді ұстаудың жоспары жасалады. Онда ұстау мерзімі мен ұсталатын жер кімнің қандай шараларды жүзеге асыратыны, жедел топты кімнің басқаратыны көрсетіледі. Тобымен ұстау қажет болғанда жоспарда жедел топтың нақты қай мүшесі нақты қай қылмыскерді ұстайтындығы дел белгіленуі тиіс. Кей жағдайларда, әсіресе ашық жерлерде қолға түсіру көзделген кезде, жедел топтың қәрамына із кесетін иттерді де кіргізген жөн. Із кесетін ит қылмыскердің соңына түскенде, оны үй астынан, төбеден, үй маңындағы қосалқы құрылыстардан, ашық жерлерден іздегенде, қылмыскер қарулы қарсылық көрсеткенде қажет.

Егер топ мүшесінің қолында қылмыскердің суреті болса, сонымен салыстырады, сондықтан мүмкіндігінше, топтың ер мүшесінде ұстау жүргізілетін тұлғаның суреті болған жөн. Жедел топтың мүшелері кімге, қай жерде бақылау жасайтынын, қылмыскер жасырынған жерге кімнің, қалай кіретінін, қылмыскерді қарусыздандыру үшін қандай қимыл жасайтынын, қылмыскер қарулы қарсылық көрсеткенде қандай әрекеттер жасау керектігін, ұсталғаннан кейін қылмыскерді қалай алып жүру қажеттігін мұқият еске сақтап алынуы тиіс.

Елбасымыз атап айтқандай, «сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл - мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тәтас кешені» болып табылады. Сол себепті ербір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.        Шейфер С.А. Следственные действия. Система и процессуальная форма. - М.: Юрид.лит., 1981. - 128 с.

2.        Герасимов И.Ф. Некоторые проблемы раскрытия преступлений. Свердловск: Средне-Уралськое книжное, 1975. - 184 с.

3.        Порубов Н.И. Криминалистическая тактика // Криминалистика: Учеб. для вузов. - Минск: Высш.шк., 1997. С. 80-121.

4.        Наумов А.В. Уголовное право. Общая часть. Курс лекций. - М., 1996. - 682 с.