Заңтану магистрі Санасыров Н.Т.

Инновациялық Еуразия университеті, Қазақстан

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТАРЫ БОЙЫНША ПРОЦЕСС

 

Қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен осы тараудың ережелері қылмыс жасалған сәтте кәмелеттік жасқа, яғни 18 жасқа толмаған адамдардың істері бойынша қолданылады. Жалпы жасты анықтау бойынша кәмелеттік жасқа толған деп туған күні келген адамды айтпайды, ол сол күннен бастап, яғни сағат 00-бастап кәмелетке жасқа жеткен болып саналады. Ал медициналық сараптама бойынша ол жаңа жылдан бастап кәмелеттік жастағы болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңдылығы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін және олардың әлеуметтік жағдайын ескере отырып, арнайы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауапкершіліктен босатады және оларға тәрбиелік мәнді шаралар қолданылады (ҚР ҚҚ 82-бап).

Кәмелетке толмағандардың ісін сотта қарау соттың алғашкы сатысында, сот тыңдауы кезінде сот отырысына қатысушылар мен қаралады.

Кәмелетке толмағандардың істерін қарайтын соттардың юрисдикциясы адамдардың жасымен шектеледі және жасалған заң бұзушылықтың сипатымен анықталады. Кәмелетке толмағандардың істерін қарайтын соттар қызметінің айтарлықтай айырмашылығы-формальды ережелердің копшілігін қолданбай, істі қысқартылған тәртіппен қарауы.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық ісін жүргізу (тергеу) олардың өсіп-өну жалындағы жас шағымен байланысты ерекшіліктері мынандай:

1)      жастардың еліктеуге бейімділігі;

2)      омір тәжірибесінің жеткіліксіздігі, соның нәтижесінде асығыс қорытынды жасауға бейімділігі;

3)      өз қатарлары ішінде абройын, мәртебесін нығайтуды көздеуі;

4)      адамгершілікті, жолдастықты, батаулықты өзінше түсінуі.

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық істерін тексергенде, істі сотта қарағанда жастардың ересек үлкен адамдардың ықпаиына тез түсетінін, үлкендердің айтқанына еріп кететіндігін ескеру қажет, себебі бұл тергеу және сот жұмыстарын дұрыс, тиімді жүргізуге ықпалын тигізеді.

Басты сот толқылауының отырысы кәмелетке толмаған сотталушылардың аты-аналары мен өзге де заңды окілдері келуі тиіс. Олардың сот тергеуінде дәлелдерді зерттеуге қатысуға, айғақтар беруге, дәлелдер келтіруге, өтінімдер мен қарсылық білдіруге, соттың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар жасауға, істі апелляциялық тәртіппен қараушы соттың отырысына қатысуға және шағымдарға түсіндірмелер беруге құқығы бар. Көрсетілген құқықтар оларға сот талқылдының даярлық болігінде түсіндерілуі тиіс. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілінің келмеуі, егер сот оның қатысуын қажет деп таппаса, істі қарауды тоқтатпайды.

Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілі қорғаушы немесе азаматтық жауапкер ретінде іске қатысуға тартылған болса, ол процеске аталған қатысушылардың құқығына ие және міндеттерін орындайды.

Кәмелетке толмағандардың ісін жүргізуде және алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуге мынадай ерекшеліктер бар:

а)       Кәмелетке толмағандардың алдын-ала тергеу ісін жүргізу міндетті;

б)      Кәмелетке толмағандардың істері бойынша жариялықты шектеу. Сезікті айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде сақталуы тиіс.

в)      Ересектермен бірге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке торлмағанға қатысты іс алдын-ала тергеу сатысында жеке іс жүргізуде бөлінеді.

Кәмелетке толмаған сезіктіні айыпталушыны тергеушіге немесе сотқа оның ата-аналары не- месе басқа заңды өкілдері арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады, ал арнаулы балалар мекемесінде немесе қамауда ұсталатын кәмелетке толмаған адам сол жердің әкімшілігі арқылы шақырылады.

Кәмелетке толмағанды, сезіктіні, айыпталушының ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншылардың немесе басқа да сенімге ие адамдардың біреуінің кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқы мен оның қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтынын тергеу органы немесе тергеуші айтуы міндет. Кәмелетке толмағанды алдын ала тергеу сатысында қамауда ұстаудың мерзімі ҚР ҚПК-нің 153-бабында көзделгендей тек алты айға дейін ғана созылуы мүмкін (ересектерге - тоғыз ай, ерекше жағдайларда он екі ай). Кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек ұсталады.

Тұтқындау, қамау немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту тұр. Кәмелетке толмағанның ата- аналары немесе оның басқа да заңды өкілдері, ал олар болмаған жағдайда жақын туыстары дереу хабардар етіледі.

Кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу. ҚР ҚПК 216,217- баптарында көзделген тәртіппен қорғаушысының, заңды өкілінің, ал қажет болған жағдайда психологтің, педагогтің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейін хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы. Кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, ал жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артық жалғастыруға тиіс емес. Кәмелетке толмаған анықталған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиіс. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы іс бойынша педагог немесе психолог іске қатысуға тергеушінің соттық ұйғаруы бойынша не қорғаушының, заңды өкілдің өтініші бойынша жіберіледі.

Педагог, психолог тергеушінің, соттың рұқсатымен мынандай жағдайларға құқылы:

а)       кәмелетке толмаған сезіктіге, айыпталушыға сұрақ қоюда;

б)   іс жүргізу аяқталғаннан кейін тергеу қимылының хаттамасымен танысуға;

в)   ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға;

г)       тергеушінің, соттың ұйғаруы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға және бұл жөнінде тергеуші педагогке, психологке іс-жүргізу әрекеті басталар алдында түсіндіріліп, тергеу қимылының хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгі жасады.

Кәмелетке толмаған сезіктіде, айыпталушыда жүйке ауруының немесе дамыуында ауытқушылықтардың бар екені және оның өз әрекеттеріне толық немесе ішінара есеп беру және нақты жағдайда іс-әрекетін игеру қабілеті туралы мәселені шешу үшін кешенді психология-психиатрлық сараптама тағайындау міндетті.