Право/5.Уголовное право и криминология.
Қосжанов Т. А., ІІМ Б. Бейсенов
атындағы Заң Академиясының "Жедел іздестіру"
кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, ҚР ІІМ Б. Бейсенов
атындағы Заң Академиясы, Қазақстан
ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫ НЕМЕСЕ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫ (ҚЫЛМЫСТЫҚ
ҰЙЫМДЫ) ҚҰРУДЫҢ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ,
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚОҒАМДАСҚА ҚАТЫСУДЫҢ АЛДЫН
АЛУ ШАРАЛАРЫ
Мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, мәдени
және экономикалық дамудың тұрақты жүзеге
асуы өз азаматтарының Конституцияда баянды етілген
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің
қаншалықты қамтамасыз етілуіне байланысты. Қазіргі
уақытта мемлекет пен қоғам үшін қылмысқа
қатысу нысандарымен, оның ішінде қылмыстық
қауымдастық құрып, соған басшылық
жасаған адамдармен күрес жүргізу өзекті мәселеге
айналып отыр.
Қазақстанда және басқа да елдерде
қылмысты ұйымдастырушылардың, қылмыс әлемі
жетекшілерінің әрекетімен, жоғары дәрежеде
ұйымдасқан қылмыстылық пайда болып, тамырын
тереңге жая түсуде. Қазіргі уақыттағы
қылмыстылық, қылмыстық бірлестіктерге
қатысушылардың жоғарғы деңгейдегі
қоғамға қарсы белсенді әрекеттерімен сипатталады.
Бұл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі
тек қана олардың жасалу механизмінде ғана емес, сонымен
қатар қылмыстық әлем жетекшілерінің
қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік
салалардың реттелуіне кедергі келтіруінде.
Қылмыскерлердің ұйымдасу деңгейі
неғұрлым жоғары болса, жасалатын қылмыстарға
дайындалу және олардың жасырындылығы соғүрлым
жоғары. Сонымен бірге қылмыстылықтың күрделі
ұйымдасқан құрылымдарының
ұйымдастырушылары, қылмыстық заңның әсер
ету мүмкіншілігінен тыс қалып отыр. Ұйымдастырушы
қылмыстық іс-әрекеттерді ұйымдастырып,
қылмыстық идеологияны ұстанушылардың
қоғамға қауіптілігін арттырып, қылмысты
жасауға өзі қатыспай, жазадан құтылмаушылық
қағидасынан шет қалуда.
Осы мәселеге байланысты
құқық қорғау органдарының жедел
іздестіру қызметкерлері мен тергеушілерге сауал қою
нәтижесінде олардың 78,6 % қылмыстық
әрекеттердің ұйымдастырушыларын қоғамдық
қауіпті тұлға ретінде санап, мұндай адамдардың
ұйымдастырушылық әрекеттерін жүзеге асырғандары
үшін сот-тергеу тәжірибесінде қылмыстық
жауаптылыққа өте сирек тартылатындығын атап
көрсеткен.
Ұйымдастырылған қылмыстық,
жаңа қоғамды құруына оппозиция ретінде,
объективті түрде әрекет етеді. Оның,
қоғамның ішінде өтіп жатқан өзгерістермен
қатар, өзгерілуіне қасиеті бар. Ұйымдастырылған
қылмыстықпен күресуде жалпы да, арнайы да сақтандыратын
шаралар маңызды.
Басқа сөзбен айтқанда, ұйымдасқан
қылмыстықпен ұйымдастырылған түрде күресу
қажет. Осы жұмысқа, зерттеу жұмыстары
ұйымдасқан қылмыстықтың феноменіне қатысы бар,
ғалымдарды-социологтарды, экономисттерді, психологтарды қатыстыру
қажетті, өйткені қоғамның өмірінде бар
болған әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері,
ұйымдасқан қылмыстықтың пайда болып, сәтті
түрде дамыған, қоректену ортасы болады екен.
Осы әлеуметтік құбылыспен
күресудің стратегиясын өндеп шығару барысында, алдын
алу, заңшығарушылық, ұйымдастыру шаралардың
бірлескен жүйесін жоспарлау, дайындау, құрастыру
мәселелеріне аса зор назар бөлу қажетті. Осының
бәрі, көлеңкелі экономикалық қатынастардың
және ұйымдасқан экономикалық
қылмыстықтың күйін терең зерттеусіз мүмкін
емес.
Осымен бірге,
қоғамның кәзіргі кездегі әлеуметтік
құрылымның дәлелді бағалауы,
қоғамның әртүрлі қабаттардың
және топтардың жөнінде дифференциалды саясатты өндеп
шығаруы өте маңызды. Сонда аса зор назарды келесі
тұлғаларға аудару қажетті:
1)
айқын емес табыстар көздерімен бірге, едәуір
құндылықтары және ақша қаражаттары бар
тұлғалар;
2)
өте төмен табыстары бар және фактілік түрде кедей
болған тұлғалар;
3)
криминалды және аса деморальданған ортаға жататын
тұлғалар (кәсіби қылмыскерлер, бірнеше рет
сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар, токсикомандар, жатып
ішерлікпен күн көретіндер және т.б.).
Бірақ, ұйымдасқан
қылмыстықпен жүргізілетін күрес, шын түрде
шабуылданған мінезге келу үшін, ең алдымен, заңнаманы
жетілдіру қажетті. Бүгін, жемқорлықпен, ұйымдасқан
қылмыстықпен күресу туралы, жедел-іздестіру қызыметі
жөнінде заңдарды өндеп шығару және қабылдау
мәселесі өте маңызды, қылмыстық,
қылмыстық-процессуалдық және әкімшілік
заңнаманың бөлек қағидаларына толықтырмалар
және дәлелдеулер қажетті.
Солай, мысалы, қарастырылынатын
мәселенің аспектінде, қылмыстық заңнаманы
жетілдіру мақсатымен, кәсіби қылмыскердің белгілерін
анықтап, жағдайлардың ауырдататын кінәсін ескертетін,
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің
баптарына қосу қажетті. Дәлелдемелерді бағалаудың
бар болған тәжірбиесі, жийі кезде, қылмыстық
қауымдастықтың мүшелеріне, қылмыстық
жауапкершідіктен бас тартуына мүмкіндіктерін береді.
Дәлелдемелердің рұқсаттанудың шектерін
кеңейтуі маңызды. Бірақ, жедел-іздестіру
құралдарын пайдаланусыз, параалушылық сияқты және
т.б. қылмыстықтың түрлерімен күресуі мүмкін
емес.
Қалтадан ұрлау жөнінде
қылмыстық істерді тергеу және соттық талқылау
барысында, ұрыны ұстаған полицияның жедел
қызыметкерлері, куәгерлер ретінде шыға алады. Осы рұқсаты,
қалтаға түскіш ұрылардың жоғары
мамандықпен түсіндірілінеді.
Ұйымдасқан қылмыстықпен
күресу барысында, заңнаманы жетілдірумен бір қатар,
сәйкесті бағдарламаларды қорлы қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды ескерту қажетті (мамандар, техникалық
қаражаттар, ұйымдастыру жағдайлар). Оларсыз заң тек
қана ақ ниет ретінде қалады. Қазақстан
Республикасында алғашқы рет құрылған,
ұйымдасқан қылмыстықпен күресу бойынша
мамандырылған бөлімшелердің әрекет ету
тәжірбиесі, жеткен жетістік қызыметкерді мұқият
іріктеуден, қажетті жедел-техникалық қамтамасыздандырудан,
қажетті қауіпсіздік және конспирацияның шараларын
қабылдауынан тәуелді.
Әртүрлі
құқыққорғау органдардардың
тырысулардың, ұйымдасқан қылмыстықпен
күресу жөніндегі бірлескен
орталық ішінде, бірігуіне тиісті мәселесі өте маңызды.
Осындай орталық Қазақстан Республикасының Ішкі Істер
Министрлігінде құрылған. Ол, алдын алу шаралардан бастап,
сотталғандарды түзетуіге және қайта тәрбиелеуге
дейін, осы күрестің барлық аспектілеріне таралады.
Қылмыстық қауымдастықтардың қызметтері
аймақаралық мінезі бар болғанын ескерте отырып, аймақаралық
негізінде, республикалық орталыққа тура бағынуымен,
ұқсас зоналдық бөлімшелерді құрастыруы
мақсатқа сәйкесті болады.
Ұйымдасқан қылмыстықпен
күресудің мәселесінің қиындығы, «ерекше»
қылмыстық процесстердің пайда болуына,
қылмыстық-процессуалдық кепілдіктердің осалдануына
әкелмеуі қажетті. Ал егер жедел қызыметкерді, мысалы
қылмыстық келісімнің кино-, бейнежазбаларды алудың
жағдайлары жөнінде жауап алатын болса, осы жағдай жедел бөлімшелердің
жұмыстырының әдістерінің және
тәсілдерінің ашылуына әкеледі деген қарсы
айтулардың негіздері жоқ, өйткені қылмыстық
әлемі олар жөнінде бәрін баяғыдан біледі екен.
Құпия деп, тек қана кімнің жөнінде және
қашан жедел кино-, бейнежазбасы қолданылатыны бола алады.
Құқық қорғау
органдарының қызыметкерінің
құқықтық қорғауының
мәселесі де күрделі. Арандату, абырой төгу,
қылмыстық әрекетке азғырту –
құқыққорғау органдардың
әрекеттерін одақтасу үшін, қылмыскерлермен пайдалынатын
құралдарының тізімінің бір бөлігі. Сонымен бірге,
осы органдарының көптеген қызыметкерлері көтерілінген
кәсіби қауіп-қатер жағдайларында жұмыс істеуге
мәжбүр.
Осымен байланыста,
құқыққорғау органдарының
қызыметкерлерінің құқықтық және
әлеуметтік қорғану жөнінде ұсыныстарды және
рекомендацияларды тез өндеп шығаруы қажетті.
Құқыққорғау
органдарының қорғанудың жүйесін
ұйымдастыруындағы басты звеносы – ұнамайтын
қызыметкерлерді абыройын түсіруіне, қылмыстық
қулық-сұмдық астыртын әрекетке тартуына, жойуына
қылмыстық әлемінің барлық талпынулар туралы
ақпараттық қамтамасыздандыруы болады. Осымен бірге,
қызметкер, өзінің қызыметтік міндеттерін орындау
барысында, өзінің әрекеттерінің заңды
мақсаттарына ере отырып, егер ол қасақана
қылмыстық әрекеттерді жасамаған болса, қылмыстық
немесе көпшіліктің қуғынына жатпауы тиіс, деген
құқықтық кепілдерді орнатуы өте маңызды.
Қызыметкердің әрбір, жағдайды білмегеннің
себебінен, жеткіліксіз біліктілігінің себебінен және басқа
объективтік және субъективтік себептердің себебінен мүмкін
бола алатын қателі әрекеттер және оған тағылатын
жауапкершіліктің шарасы, оның кәсіби әрекеттің
мақсаттарымен ара өлшемді болу қажет.
Қызыметкердің, оның өміріне, денсаулығына, жеке
абыройына, намысына, осымен бірге, оның отбасына қауіп қатер
жасау жолмен, оған мүліктік және моральдық зиян келтіру
жолмен, заңды әрекеттерін тоқтатуына барлық қастандықтардың
талпынулары, олар қай жақтан және кімнен шықпаса да
жойылуы тиіс. Құқыққорғау
органдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
қажетті шарты – жоғарыда нұсқанланған
механизмнің іске асырылуын еңгізу.
Құқыққорғау органдарының
қызыметкерлерін, ұйымдасқан қылмыстықтың
әрекеттенудің заңдылығыларға қатысты,
жаңа мәліметтер жөнінде әрдайым мәлімет беру
жүйесін ұйымдастыру өте маңызды. Сонда, алынатын
ақпарат уақытында келген, сенімді және керекті болуы
қажет. Ол келесі түрде болуы мүмкін:
-
ұйымдасқан қылмыстықтың
әрекетінің жаңа тенденциялар және бағыттар туралы
мәліметтері индикативтік болуы
тиіс;
-
құқыққорғау органдарымен
өзінің күнделікті жұмыстарында пайдаланылатын,
қазіргі ақпараттан құрылатын, тактикалық болуы
тиіс;
-
жиналынатын, зерттелінетін және ұйымдасқан
қылмыстықтың түрлерін және олардың
ұйымдастырулық құрылымдарды бөліп шығаруына
мүмкіндігін беретін, ең маңызды проблемдік ақпаратты
қосатын, стратегиялық болуы тиіс;
-
сотта дәлелдер ретінде шыға алатын, тексерілген
мәліметтерді біріктіретін, дәлел болуы тиіс;
Ұйымдасқан қылмыстықпен
күресу, ішкі істер органдарының жедел-іздестіру
қызметінің ұйымдастыруын және әдісін әрі
қарай жетілдіруін ескертеді. Криминалды ортаның аса қауіпті
басшылардың орталықтандырылған сәйкесті тіркеуді
Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігіне,
облыстардың Ішкі Істер Басқармаларына еңгізіп, олардың
артынан, бостандықтан айыру жерлерінде де, бостандықта да
үнемі бақылауын орнатуы маңызды.
Ұйымдасқан қылмыстықпен
күресу, басқару аппаратының барлық звенолардың
әрекеттерінде заңдылықтың сақтауына,
параалушылықты, мемлекеттік, атқарушылық және
құқыққорғау органдарында
жемқорлықтың жоюына бағытталынуы қажет. Мемлекеттің
ішінде іске асырылынатын саяси жүйесінің реформа,
демократияның және жариялықтың таралынуы, осыған
қажетті жағдайды жасайды.
Ұйымдасқан қылмыстық
күресуде, оса маңызды роль бұқаралық
ақпарат құралдарына жатады. Кәзіргі кездерде, газеттер
ішінде көптеген мақалалар, ал радио және телевидение,
ұйымдасқан қылмыстың әшкерлеуіне арналған
арнайы хабарларды дайындайды екен. Бірақ, олардың ішінде
адамгершілік екпінді күшейту қажетті, қылмыстың
әлеуметтік тамырларын, ең алдымен, күндегі өмірде
болатын, кішкентай әлеуметтік топтардың психологиясын батыл
түрде ашу қажет.
Ұйымдасқан қылмыспен күресу жалпы
мемлекеттік және қылмыспен жалпы түрде күрестің
басымды мақсаты ретінде қарастырылынуы қажет.
Ұйымдасқан қылмыстың алдын алу
және жою шаралардың негізді шаралары болатын:
-
барлық құқыққорғау
органдарының бірлескен әрекеттенудің формаларын және
әдістерін өндеп шығару, яғни, анықталған
уақыт мерзіміне мұқият өндеп шығарылған
бағдарламасы бар, ведомстволықаралық үйлестіретін
органның негізінде, олардың талпынуларын бірігуі;
-
ұйымдасқан қылмыстық қауымдастармен
күресуіне қосылған тұлғаларды арнайы кәсіби
дайындығы;
-
ұйымдасқан қылмыстықпен күресу бойынша арнайы
бөлімшелердің мүліктік-техникалық
қамтамасыздандыруы;
-
нарықтық қатынастар жағдайында,
көлеңкелі экономиканың іскерлерінде және
ұйымдасқан қылмыстықтың басшыларында жиналынатын
заңсыз табыстарғы сенімді кедергі қоя алатын, жемқорланған
«халықтың қызыметшілеріне» соға алатын,
мемлекеттің ішінде азаматтардың табыстары артынан
бақылаудың нақты механизмді құруы.
Құқыққорғау
органдарына, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен
күресу ісінде халықаралық ынтымақтастықтың
мүмкіндіктерін максималды пайдалану мақсаты аса маңызды
болады.
Жағдайдың нақты бағалануы,
ұйымдасқан қылмыстың әлеуметтік
өмірдің көптеген жақтарына зиян келтіргені куә
болады. Онымен нәтижелі күресу шараларынсыз, қоғамдық
қатынастардың әрі қарай жетілдіру мүмкін емес. Осы
жерде, ұйымдасқан қылмыспен күресудің
ұлттық бағдарын құруы туралы айтылуы
қажетті.
Ұйымдасқан қылмыстық
қызметтер ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше
бөлімінің нақты нормаларымен кең мағынасында
қарастырылған: «Қылмыстық қауымдастықты
(ұйымды) құру кемесе оған басшылық ету» (235-
бап), «Заңсыз қарулы топ құру» (236-бап), «Бандитизм»
(237-бап), «Жаппай тәртіпсіздік» (241-бап). Аталған нормаларда
ұйымдасқан іс-әрекет қылмыс құрамының
жеке дара белгісі ретінде қарастырылады. Ұйымдасқан
қылмыстық әрекеттің субъектісі ұйымдастырушы
болып табылады. Алайда ұйымдастырушылардың қылмыстық
әрекеттерін реттейтін осыңдай нормалардың көптігі
заңнаманың осындай саладағы тиімділігі мен жоғары деңгейі
туралы айтуға жол бермейді. Бұл қорытынды
ұйымдасқан қылмыспен күрес нәтижесінің
деректерімен бекітіледі, 2004 ж. 1 қаңтарына ашылған
қылмыстардың жалпы санынан тек жетеуі ғана көрсетілген
құрамдар бойынша сараланған (бесеуі — ҚР ҚҚ
237-бабы «Бандитизм» және екеуі — ҚК 235 бап «Қылмыстық
қауымдастықты (ұйымды) құру немесе оған басшылық
ету») Қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларын
қылмыстық жауаптылыққа тартуға келетін
болсақ, олар, шын мәнінде, қылмыстық әрекетті
ұйымдастыруды жүзеге асырғандығы үшін емес,
нақты бір қылмысты жасағаны үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылады. Қазақстан Республикасының
ІІМ-нің деректері бойынша 2003 ж. 165 ұйымдасқан
қылмыстық топтарға және 85 қылмыстық
қауымдастыққа (олардың ішінде 33 жетекші кіретін
қылмыстық топтың 96 мүшелері есепте тұрды.
Қылмыстық жауаптылыққа 47 ұйымдастырушы тартылды
(олардың 32-і қамауға алынған, 11 -негіздеу
жарияланған).
Жаһандану кезеңіндегі
қазақстандық қоғам үшін ең
өзекті мәселелердің бірі болып құқық
қорғау органдарының қызметін жетілдіру, соның
ішінде ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес
жүргізетін ішкі істер органдарының қызметін атап өткен
жөн. Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес
мәселесін шешу, ең алдымен осы құбылысты толық
анализдеу арқылы жүргізілуі тиіс, яғни оның болжаудағы
және жедел іздестіру жұмысындағы өзектілілігі.
Осыған байланысты, аталған қоғамға жат
құбылыстың ұғымын түсіну қажет,
оның ғылыми анықтамасы және тәжірибедегі
ұсыныстары, кейін осы құбылыспен тиімді күрес
жүгізудің бірден-бір жолы болады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық
статистика және арнайы тіркеу Комитеттерінің мәліметі
2.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
«Соттардың бандитизм және
қылмысқа
қатыса отырып, басқа қылмыстар
жасгғаны үшін
жауапкершілік туралы заңнаманы қолданудың кейбір
мәселелері туралы» 21маусым 2001 жылғы нормативтік №2
қаулысы. 3-бет.
3.
ҚР Жоғарғы Сот
Пленумының
«Азаматтардың
өмірі мен
денсаулығына
қолсұғушылық
үшін
жауаптылықты
реттейтін заңнаманы
соттардың қолдануы туралы» қаулысы 4-бет
4.
Организованная
преступность - 4 / Под ред. А. И. Долговой. – М.,1998. 34-35-беттер; Ванюшкин С. В. Көрсетілген еңбек. 164-165-беттер; Основы борьбы с
организованной преступностью. // Под ред. В. С. Овчинского,В.Е.Эминова, Н. П.
Яблокова. - М., 1996. 252-253-беттер.
5.
Долгова А. И.
Организованная преступность и ее тенденции в России // Организационно-правовые проблемы борьбы с организованной преступностью: Мат. Межвед. Науч.-практ. конф. - Воронеж: ВВШ МВД РФ, 1998. 17-бет
6.
ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық
статистика және арнайы тіркеу Комитеттерінің мәліметі.