Құқық
пәндері оқытушысы: Альбосынова Эльмира Ахметқалиқызы
Талдықорған
Агро-техникалық колледжі
Қазақстан
экономикасын терең қаржылық және құрылымдық
дағдарыстан алып шығу үшін, нарықтық
шаруашылық жүргізудін биімделген жетіктерін, қарқын
алып отырған елдің жаңа халықаралық икемді ,
тиісті жағдай жасауды талап етті.
Республика
экономикасының перспективалық болашағы, меншік
қатынастары барлық нысанының сан алуандылығы және
тең құқықтық дамуы жағдайында
шаруашылық жүргізудің бағдарлары қаншалықты
дәйекті және қатаң сақталатындығы
көбіне көп байланысты болады.Меншік қатынастарын қайта
өзгертудің негізгі әдісі осы қатынастардың
субъектілерін дербестендіруге апаратын жекешелендіру , демек ол жеке меншікті
қалыптастырудың факторы болып табылады.
Жекешелендіру
бұл меншік құқығын мемлекеттен фирмаларға
және жекелеген тұлғаларға беруін жеке секторға
мемлекеттік қызмет көрсетуді шектейтін немесе жеке бастамаға
неғұрлым кең мүмкіндіктер беру мақсатында
мемлекеттің қызмет аясын тарылтуды қамтитын кең
ұғым.
Жекешелендіру деп кеңейтілген мағынасында мынандай процестерді
ұғынған жөн : Компаниялардың мемлекетке
тиесілі акцияларын сату; Мемлекеттік кәсіпорындарды акциониерлеу,
кейінірек акцияларды толық немесе ішінара
сату; Кәсіпорынға жаңа жекеменшіктік күрделі
қаржы жұмсау; Мемлекеттік активтерді саудаластық
немесе аукциондар арқылы сату Кәсіпорындарды кішірейту немесе
еншілес кәсіпорындары бар холдингтік компаниялар құру.
Кәсіпорындарды
олардың менеджерлерін директорларының және
әкімшілігінің немесе оның
қызметкерлерінің,оның ішінде несиелерді пайдалана отырып
сатып алу;
Мемлекеттік
мүлікке бақылау жасауды жеке тұлғаларға беру
жалгерлік,мердігерлік,мемлекеттік кәсіпорындарды жеке
менеджерлердің басқаруына беру.
Сонымен,
жекешелендіру экономиканы қайта құрудың түпкі
мақсаты болып табылмайды, бұл тек қана меншік
қатынастарын қайта құрудың тәсілі,
жаңа экономикалық жүйеге көшу
тұжырымдамасының құрамдас бір бөлігі.
Қорыта айтқанда, республика тұрғындары жетпіс жылдам
астам уақыт бойы жекеменшік иелері бола алмай келді. Олардың
қолдында іс жүзінде айлық жалақыдан басқа
ешнәрсе болмады. Күні бүгін ел байлығын халық шын
мәнінде өз қолына алатын мезгіл жетті. Нақ сондықтан
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан
Назарбаев бүкіл инициативаны оз қолына алып, елді жаңа жол
нарықтық озгерістер жолымен алға бастады. Экономиканың
барлық салаларын ғана емес, сондай ақ саяси және
әлеуметтік проблемаларды қамтитын бұл жол күрделі сан
қырлы
Қай ел болсын,
оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай
сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің
қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі
материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің
мәні өндіріс құрал жабдықтарына және
оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынатары болып
табылады .
«Меншік» ұғымы әрбір
экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи
түрде адаммен , қоғаммен бірге пайда болады. Сонымен, меншік
дегеніміз өндіріс құрал жабдықтарын және
өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында
туындайтын қоғамдық қатынастар. Ол адам және
заттың арасындағы қатынастар болып табылады. Оның
өз даму тарихы бар. Онымен адамдардың өте қуатты
экономикалық, кәсіпкерлік әрекеттері, мақсатты
қозғалыс жүйесі,тағыда басқа әр түрлі
экономикалық мүдделері,шаруашылық жүргізу формалары мен
тәсілдеріне байланысты. Дүниежүзілік тәжірибенің
дәлелдегені меншіктің аса маңыздылығы жалпы
адамзаттың маңызды бағалылығына жатады.
Меншік
қатынастарының ерекшелігі, ол, бір жағынан өте
қарапайым, ал екінші жағынан , өте күрделі де.
Қарапайымдылығы әр адам онымен күнделікті
кездеседі .Меншік азаматтардың, заңды тұлғалардың,
қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттің меншігі болып
бөлінеді.
Азаматтардың
меншігі. Азаматтардың меншік құқығы
объектісінің ауқымы кең. Бұл зерделілік және
материалдық қызметтің, кәсіпорындардың
тұтыну заттарын қосқандағы материалдық
объектілердін өнімдері, өндірістін құрал
жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақшалар, соның ішінде
шетел валютасы, акциялар, басқа да бағалы қағаздар мен
басқа да мүліктер. Азаматтардың меншігі жеке түрде де
болуы мүмкін. Ол азаматтардың физикалық және рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.
Азаматтардың жеке меншігі оларға пайда алу үшін қажет
(мысалы, өндіріс құрал-жабдықтары). Азаматтардың
меншік құқығының иайда болуына мыналар негіз
болады: Мемлекеттік немесе басқа да кәсіпорындарда, ұйымдарда
жұмыс істеудің нәтижесінде алныған,
қоғамның өндіріске қатысудан түскен
еңбек табыстары; Қолөнерлік, іскерлік
өнеркәсіптін, ауылшаруашылығының, халыққа
қызмет етудің аумақтарындағы және тағы
басқа жеке шаруашылықты жүргізу, азаматтардың жеке
еңбек қызметі; Несиеге, сақтандыру және басқа да
мекемелерге салынған қаражаттар, акциялар және басқа да
бағалы қағаздардан жеке меншік ретінде түскен табыстар;
Мұрагерлік бойынша және заң рұқсат ететін
басқа да негіздер бойынша мүлікке ие болу. Мысалы, еңбекшілер
қажеттіліктерінің біраз бөлігі қоғамдық
қорлар есебінен зейнетақы, жәрдемақы, тегін білім алу,
медециналық қызмет көрсету және т.б. есебінен
қанағаттандырылады. Сөйтіп, меншік
құқығының пайда болуының негізгі бастаулары
деп азаматардың қоғамдық өндірістегі
еңбегінен түсетін ақыларды айтамыз. Азаматтардың меншік
құқығының пайда болуына азаматтар жасайтын
әр түрлі азаматтық-құқықтық
мәмілелер жатады.
Азаматтардың
меншік құқығының субъектілері сол
азаматтардың өздері болып табылады.
Азаматтардың
меншік құқығының мазмұны ретінде меншік
иесінің иелену, өзіне тиісті мүлікті пайдалану және
оған өкімдігін жүргізу құқығын
түсінген жөн. Меншік иесі өзінің бұл
құқықтарын ешқандай шектеусіз пайдалану
мүмкіндігіне ие. Заң жеке мүлікті азаматтардың
қоғам мүддесіне нұқсан келтіріп пайдалануына
тыйым салады. Бұл талап бұзылған жағдайда мүлік
сот тәртібімен ақысыз тартып алынып, мемлекет меншігіне
өткізілуге жатады.
Меншік
иесі өз мүлкіне өкімдік жүргізуге кез келген
уақытта құқылы. Атап айтқанда, ол мүлкін
сатуға, кепілдікке беруге, сыйға тартуға, мұрагерлікке
қалдыруға және т.б. өкімдерін жүргізе алады.
Мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың жеке меншік
құқығы. Заңды тұлғалардың жеке
меншігі деп ұйымдық кәсіпорындардың және
басқа да кооперативтердің, шаруашылық серіктестіктері мен
акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік емес басқа да
заңды тұлғалардың, бірлестіктердің мүлкі
танылады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Басин Ю.Г Юридические
лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая
характеристика :Учеб. Пособие. Изд, 2. испр. и доп. - Алматы: ВШП "Әділет", 2010. с.3.
2. Жайлин Ғ.А.
Азаматтық құқық/ Ерекше бөлім,
оқулық, II-бөлім/. Алматы, 2013.
3.Жайлин Г.А. Ащеулов А.Т.
Гражданско-правовая ответственность за вред, причиненный преступлениям против
личности. Алматы . изд. КазГЮУ, 2010г.
4. Белякова М.А.
Гражданская правовая ответственность за причинение вреда. Теория и практика.
2014г.