Л.Н.Мескен, Ж.А. Арунова

ЖММ "Болашақ" Академиясы, Қазақстан

Адам өмірінде кездесетін эмоция түрлері және қоғамда алатын орны.

 

 «Егерде сен ашулы болсаң, сөйлемес бұрын онға дейін сана. Егер қатты ашулы болсаң, жүзге дейін сана»-, деп Томас Джефферсон айтқандай, адам эмоцияға қатты берілмеу керек.

Эмоция-бұл ерекше психикалық құбылыс. Французша «толғану» деген мағынаны білдіреді. Адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркенгіштер әсеріне реакциясы, қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінен пайда болатын көңіл-күй[1].

Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданылып жүр. Сонымен, эмоция дегеніміз адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырылмауына байланысты психикалық күйлер.

Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негізгі ішкі өмірлік сигналы болып табылады және келесі ойы мен әрекетін басқарып, бағдарлайды. Тұлға деңгейінің ішкі сенімділігі әрқашанда жоғары эмоционалды түрде қалады. Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компонетті көрсетуге болады: пәні, эмоционалды уайым және қажеттілік.

Эмоция пәніне адамның өмірде эмоционалды уайымдардың тууына байланысты құбылыстар жатады. Олар мынадай болуы мүмкін:

§     емтиханда алған баға;

§      жұмысқа кешігу;

§     табиғат құбылысы;

§     біреулердің қылығы;

§     ой-пікірлер және т.б. Мұндай мағыналы оқиғалар мен жағдаяттар  эмоциогендік деп аталады.

Эмоционалды уайымдар эмоционалды құбылыстардың негізгі компонентін құрайды. Яғни, адамдардағы эмоциогендік жағдаяттарда кездесетін қақтығыстар: түсінбеушілік, шошу, таңғалу т.б. субъективті реакциялар туғызады.

Қажеттілік эмоционалды құбылыстың үщінші компонентін құрайды. Қажеттілік адамның ішкі психологиялық негізі болып бағаланады.

Эмоциялар адамның өмірінде, ішкі жан дүниесінде пайда болады және онда өмір сүреді. Эмоциялардың да бірнеше функциялары бар: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативті, физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету фунциялары.

Адам үшін әсерлі оқиғалардың, өз ойларының, жоспарларының, шешімдерінің және т.б. субъективті мәнін қарайтын алғашқы функция бағалау болып табылады. Бізге эмоциялық бағалаулар интеллектуалды бағалауға қарағанда сенімдірек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да біз оларға сенуге және бағынуға бейімбіз. Мысалы: кез-келген темекі шегетін адам никотиннің зияндығын біле тұрсада, темекіні тастамайды. Бұл білімі оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекіге деген қарым- қатынасын өзгерт үшін сол адам темекінің зияндығын эмоциялық тұрғыдан басынан кешіруі керек. Тағы сол сияқты эмоциялар қажеттілік күйі туралы сигнал беріп тұрады. Бір нәрсеге деген мәжбүрліктен, сәйкесінше эмоциялық күйлер туады. Олар қажеттілік деп аталады және оның өмір сүруінің эмоциялық негізі мен субъективті формасын құрайды.

Оятушы функцияны атқарғанда ол белсенділіктің қайнар көзі болып табылады. Олардың күші мен белгісі тікелей мүмкіндіктерге байанысты. Мысалға алатын болсақ, қатты және жай ауруды, үрейді, ұятты және кез-келген эмоцияларды салыстырып айтуға болады. Жағымды эмоциялар эмоциялы жағдайға бағытталған әрекеттерді оятады. Әсіресе, қуаныш эмоциясы жөнінде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен. Біздің бойымыза қуанышымыз өмірге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем береді. Қоғамға пайдалы шындық біздің бойымызға қуаныш әкеледі[2].

Жағымды эмоциялар адам өмір жолын таңдауда өмірлік бағдар береді[3].

Жалпы эмоция ұғымы бұрыннан қолданылып келген. Алайда, оның қазіргі тарихы О.Джеймстің «эмоция деген не» атты мақаласынан басталған.

Эмоция әр кезеңде әр қалай байқалады. Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы арқылы білінеді. Ал жасөспірімдік кезеңде психикалық эмоцияның барлық белгілерін көрсетеді. 12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады.

Эмоцияларды мынадай түрлерін ажыратуға болады:

ü    Көңіл. Адамның кейпіне қарап шарт, жайдары, жылы жүзді,

ақжарқын,  ызалы және т.б. деп ажыратылады. Адамның көңіліне темперамент және қоршаған орта әсер етіп отырады.

ü    Аффект. Қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп көрінетін

эмоцияның бір түрі. Аффект жағдайында адам өз іс-әрекетін, айтқан сөзін бақылау алмай қалады.

ü    Құмарлық. Адамның ойы мен әрекетіне із қалдыратын күшті,

терең, тұрақты эмоция. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүниеге, байлыққа, ойынға құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.

Америкалық психолог  К.Изард фундаменталды жеті эмоцияның түрін көрсеткен:

1)    Қуаныш эмоциясы мүмкіншілікті кеңейту, күштің көбею

сезімімен байқалады. Өмірге қанағаттану күйі.

2)    Ұялу эмоциясы. Субъект өзіне, көзқарасына, ойына, тұлғалық

қатынастарына, тұлғалық қасиеттеріне, сыртқы ерекшелігіне сәйкес емес әрекеттерінің жасаған кезде туады. Ұялудың жеңіл формасы қызару, ұялу интеллект жұмысын тоқтатады. Адамның әрекеті мен қылықтарына, сананы жаулап алуға қатты әсер етеді.

3)     Ұялуға қарама-қарсы эмоция-мақтаныш эмоциясы. Ол өзінің

мағыналылығын, артықшылығын, құндылығын, басқа адамдардан жақсы лебіз естігенде сезінеді.

4)    Айну эмоциясы.  Субъектінің моральдық-эстетикалық талабына

сәйкес емес жағдайларда, объектілерге немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тілектері, нақты заттары, іс-әрекет кемістігі және т.б.

5)    Жек көру эмоциясы. Айнуға мағынасы ұқсас. Бірақ өзінің

қосымша ерекшелігі бар. Ол сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жою немес алшақ жүруді тудырады.

6)    Өзін кінәлау эмоциясы. Адам өзінің кінәсін мойындайды.

Өзінің оған қатысын немесе шығынға жауапкершілігін, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауын өзінен көреді. Ол өзін-өзі кінәлайді және өкінеді.

7)    Қорқыныш эмоциясы. Адамның тұлғалық немесе дене бітіміне,

өміріне қауіп төнуі кезінде пайда болады.  Қауіп төну деңгейінің байланысты сенімсіздік жағдай, мазасыздану, жамандықты сезіну, қауіптілігін қамтамасыз ете алмау, қауіп, күшті қорқыныш бақылауға келмейтін аффектіге айналуы мүмкін[4]. 

Адам эмоциялары өте бай. Бір-бірінен айырмашылығы күш жағынан, әрекет ету мерзімінің уақыт мөлшері жағынан, олардың сыртқы қимылдары бет әжімі арқылы білініп, көрініп тұрады. Эмоция адамның өмірінде үлкен орын алады. Олар адамға адамдық сипат беріп, оның әрекетін жыылытып, көріп, беріп отырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Немов Р.С. Психология, 4-е изд. М.,2003-619б. 

2 Психология эмоции.//Новый подход мир психологии. М., 2002, 4

3 Хуприкова Н.И. Эмоциональные сигналы. // Определяющий выбор жизненного пути. М., 2002-47, 5.

4 Изард К. Эмоции человека. М., 1999-71б.