ОТБАСЫНДАҒЫ
ТҰЛҒААРАЛЫҚ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ш.Смаханұлы атындағы № 44 орта мектебі, Тараз
қаласы
Нұржанова Жанар Оракбаевна, Сыздықова
Айгүл Сериковна
Қазақстан Республикасының Конститутциясында
«балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу
– ата-ананың табиғи құқығы әрі
парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030»
бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада
көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң
жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына
өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға
қосу міндеті жүктелген [1].
Қазіргі заманда
отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер
саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы
әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар,
әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі
ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы
қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың
көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала
уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен
өткізеді. Бала тәрбиесі
қалалық отбасына тән болып отырған келесі
ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен
күнге ұлғайып отырған айырылысулардың
нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке
бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен
олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас
процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса
маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде
тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле
қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның
қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады.
Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім
әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта
ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең
ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық
жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім,
мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында
келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс,
талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы
мәміле үрдісі іске асады (Әбдумүтәліп К.Д., Елубаева
С.Б., Жақыпов С.М., Герасимович Г.И.) [2, 3, 4,5].
Отбасы әлеуметтенудің
алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды
меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген
отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір
отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелей және жанама
түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін,
бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса,
балалар неғұрлым жақсы тұрады.
Отбасы сонымен қатар дамушы
әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық
және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып
жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына
ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік
өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі,
неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел
адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және
аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп
жатқан отбасылар баршылық. Отбасы-нақты өмірлік құндылықтарды,
түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста
бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік.
Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі, мәдени
бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің
мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін
болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын
топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.
Отбасы әлеуметтенудің
алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды
меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген
отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір
отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелей және жанама
түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін,
бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса,
балалар неғұрлым жақсы тұрады.
Отбасы
қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара
түсінстік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін
құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі
кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары,
мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы (информационное
богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы
мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы
ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы
мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай
отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне
қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара
туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса
маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық
қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету,
нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай
қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында
түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге
болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл
анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта
еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын ас
маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар
тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас
барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не
болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта
болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның психикалық
ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық жорығы,
жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер
ету болып саналады.
Жоғарыда айтылып кеткендей
отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас
түрін қарастырамыз. Яғни жас ерекшелік жағынан
жеткіншек пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас.
Жеткіншек жас кезеңі адам
тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең
болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең
тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын
кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде
жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп
көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі
деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму
көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу
тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады.
Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен
қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталды, ол өз
кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің
ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында
зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті.
Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына,
дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең
әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі
ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі
таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл
кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты
қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында оқуымен
сәйкес келеді.
Жеткіншек бұрын ынталана
орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды; өзінің
дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала сенімді»
қамқорлық жасап,
бағып-қаққанға, тіл алуды талап етіп,
жазалағанға оның мүделерімен,көзқарастарымен,пікірімен
санаспағанға, т.б. ренжіп, қарсылық көрсетеді.
Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну
шығады, ол өзін кемсітуге, дербестікке деген
құқығынан айыруға болмайтын адаммын деп
ұғынады. Ересектермен қарым-қатынатың
балалық кезде болған типі жеткіншек үшін енді қолайсыз,
оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне
сәйкес келмейтін болады. Ол ересектердің
құқықтарын шектейді де, өз
құқықтарын ұлғайтады, өзінің
жеке басы мен адамдық қадір қасиетін құрметтейді,
сенім білдіріп, дербестік берілуін яғни ересектермен айқын
тең құқықтылықты талап етіп, оларға
мұны мойындаттыруға тырысады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Назарбаев
Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. -2007.
2.Әбдумүтәліп
К.Д. Тәртібі қиын жасөспірімдерді арнайы мектеп
жағдайында тәрбиелеудің және қайта
тәрбиелеудің педагогикалық жолдары Автореф. канд.дис. Алматы,
-2004.
3.Елубаева
С.Б. Психологические особенности этнической и идентичности и самооценки
современных казахских подростков. Автореф. канд.дис. Алматы, 2004.
4.Жақыпов
С.М.. Управление познавательной деятельностью
студентов в процессе обучения. –Алматы,
-2002.
5.Герасимович Г.И., Ковалев С.В. Советы врача
молодеженам / Психология семейных отношений –Алматы ,- 1992.