ӘОЖ  38.022

 

ҚАБІЛЕТТІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТІН ДАМЫТУ

Даникеева А.Б. Батыр Ұ.Қ

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі № 69 Б

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер еңгізіліп отыр.

Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Баланың алғырлығы, зерделілігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау – баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «Дарындылық» ұғымы «сый» деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Жалпы дамудың, жетістікке жеткізудің жоғарғы деңгейі –қабілет. Дарынды балалар - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін балалар. Барлық бала дарынды немесе өзiндiк жеке дара ерекше қасиетi бар деген тұжырым педиатрлардың, педагогтардың, спорттық және көркем студиялардың маңызды мәселесiне айналды. Дарынды деп-өз қатарларынан әлде қайда дамыған немесе ерекше бiр зейiні бар балаларды айтады. Ғылыми  тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады. Психология көзқарасынан дарындылық екi мағына бередi - жалпы рухани зейiндiлiк және нақты дарындылық. Жалпы зейiндiлiктi ғалымдар - жалпылау икемдiлiгi, кез-келген тақырыпта әңгемелесу, мәселелердi шешу және өз тәжiрибесiнде үйрену деп тұжырымдайды.

ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат – ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан  тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды  тәрбиелеу керек.  «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу-мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз керек.  Дарындылық- жеке тұлғаның өте күрделі, аспектілі қыры деп санаймын. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.  Дарынды балалармен жұмыс жасау мұғалімнен үлкен ізденісті, көп еңбектенуді талап етеді. Барлық баланың ерекше қабілетін ашуда психолог мамандардың да зерттеулері маңызды. Ұлы ойшыл Плутарх: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді» деген екен. Осы сөзді ескере отырып, балаларды шығармашылыққа баулуда қажымай-талмай еңбек ету әрбір мұғалімнің міндеті.  « Дарынды ұстаздан – дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарға байланысты. Осы уақытқа дейін елімізде небір дарынды да талантты адамдар шықты.  Дарынды адамдар өзінің қандай да әрекет сферасында қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, қоғамға қаншама жаңалықтар еңгізіп отырғаны белгілі.

Оқушылардың дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:                   

1. Шығармашылық:                                                                                                        

 -  ойлау;                                                                                                                      

 - қабілет.                                                                                                                         

 2.  Мотивация                                                                                                        

  - күрделі тапсырмаларды шешуге ұмтылыс;                                                             

  - пәнге

қызықтыру.                                                                                                                           

   3. Оқушылардың әлеуметтік үйренуі:                                                                

  - сөйлесуде;                                                                                                             

  - тәртібінде.

Қорыта келе мен ойымды, тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек. Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің бірінші кілті – мыңды жығатын білімде бола отырып, оны дамытуды ұстаздардың дұрыс үйлестіре білуі басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады. Табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып, ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік!

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.      Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.  

2.      Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. 

3.      Қазақ тілі мен әдебиеті журналы - №12, 2005. 3-5б.