ӘӨЖ 685,56

аға оқытушысы, магистр Анарова Ғ.С. техника және

технология магистрі

 

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қаласы

 

       АЯҚ КИІМ ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА БЕРУ

Аяқкиім түрлері олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады. 

Дәстүрлі ортада аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды. Жылқышылар, отардағы малшылар, шанамен жолға шыққан жолаушы жылы аяқ киімінің сыртынан киеді

Өкшелі аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоңқайма, мықшима деген түрлерге де бөледі [1].

Жергілікті тілде жұмыс aяқ киімдерінің бір сұқпай (шәркей), көн шабата (кебіс орнына киетін аяқ киім), қайыс етік, қалың, қатты көннен тігілген шоқай - шоқай, шапаты, шәркей, шәтиөр, шәрке, шепік, мөкі кебіс (кебістің шарық сияқты түрі) секілді жеңіл түрлерінің атаулары кездеседі. Былғарыдан етік киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе, жасы үлкендер жазда, қыста сірімен қаптаған киіз байпақпен жүрген. Көн шабата, шабата, көн шарық, көн шоқай жазда киетін жұмыс aяқ киіміне жатады.

Дәстүрлі қазақы ортада аяқ киімдердің мынадай негізгі түрі таралған: етік, кебіс, мәсі, салтама, байлақ, шоқай және т.б. Кебіс пен мәсінің сан алуан ыңғайлы да, әдемі түрлері тігілген. Кебіс көбінесе малдың сауыр терісінен тігіліп, қалыпқа қатырылады.

Қазақ aяқ киімнің табанына қарамайды. Өйткені оның бармайтын жері, баспайтын тауы «қалмағандықтан» былғанышты болады дейді. Оны көрген адамның көзі ұшынады-мыс. Ал аяқ киімінің табанына жазатайым көзі түссе, табанға үш мәрте түкіру керек. Яғни көзім ұшынбасын, аяғым ақсамасын деп ырымдағаны. Аяқ киімді төңкеріп қоймайды. Шешкеннен кейін қатарлап қояды[2]. Төңкеріліп қалса, қайтадан оңдап орналастырады. Бытыратып шашып тастауға да болмайды. Аяқ киім төңкеріліп қалса иесі қайғыға ұшырайды, шашылып жатса жолы кесіледі деп санаған. Аяқ киіміңді сол аяқтан бастап кимейді. Қазақта басқа кісілерге қаратып аяқ киім шешпейді. Әйелдер аяқ киімді тасаланып киеді немесе шешеді. Иен түзде, жаугершіліктен босып-көшкенде немесе түрлі жағдайларға байланысты түнде ұйықтаған кезде басына жастанатын ештеңе болмаса аяқ киімді жастануға рұқсат етілген. Ол туралы қазақта «етік жолға бастайды, шалбар сорға бастайды» деп етікті жастануға болады дейді. Ал шалбарды жастануға мүлдем тыйым салынады. Аяқ киімнің табанына салынатын ұлтарақты маңдайынан тіліп қояды. Мұны ұлтарақтың жолын ашу дейді.

Аяқ киім - киім комплектісінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол организмдерді салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды механикалық жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына табан құрамын дұрыс ұстау үшін көмектесу арқылы аяқтардың рессорлық, амортизаторлық функциясын атқаруға жағдай жасайды [1]. Аяқ киім жүрудің дұрыстығына, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның көптеген ауруларының және деформациясының себебі болып табылады. Балаларға арналып әр түрлі аяқ киімдер шығарылады: жыл бойы киюге болатын, жаздық, қыстық, көктем-күздік. Сонымен қатар күнделікті киетін, сәндік, үйде киіп жүретін, жолға киетін, ұлттық, спорттық т.б.

C:\Users\2014\Desktop\Статья 2015-2016\3.jpg

Сурет 1. Аяқ киімнің түрлері

Гигиеналық тұрғыдан аяқ киім - бала организмін метеорологиялық қолайсыз әсерлерден және механикалық жарақаттанудан сақтауы керек; бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (әсіресе табанның) сәйкес болуы керек; табанға қажетті қолайлы микроклимат қалыптастырып, қоршаған ортаның микроклиматтық жағдайларына қарамастан, қажетті температуралық-ылғалдылық тәртібін сақтауға жағдай жасауы керек.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

1.   Страхов И.П., Шестакова И. С., Куциди Д. А и др. Под ред. Проф. И. П. Страхова. Химия технология кожи и меха. Учебник для вузов, 4-ое изд., перераб и доп- М., Легпромбытиздат, 1985

2.   Мадиев У. К. Минеральное дубление в производстве кож- М., Легпромбытиздат, 1987.