ӘӨЖ 685. 57
аға оқытушысы, магистр Анарова Ғ.С. техника және
технология магистрі
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Тараз қаласы
ҚАЗАҚ
ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛ ӨНЕРІ
«Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші
жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды.
Бұған дейін ол халықтың қарапайым
түсінігінде,«қолөнер» ұғымының аясында
қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес
болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға
болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда
толықтыра түседі. Оны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген
анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми
еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды
жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер,
өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер
туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі
сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады,
деп ой түйіндейміз. Ғалымдардың (К.Әмірғазин,
Е.Асылханов, Қ.Болатбаев, М.Мырзақанов, Ж.Балкенов, С.Жолдасбекова,
Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.)
«сәндік-қолданбалы» өнер түрлері бойынша
ұсынған жіктемелеріне де жан-жақты сипаттама беріп
топтастырамыз [1].
Жіктемелердің ішінде біз
Ұ.Әбдіғапбарованың жіктемесін толығымен
қолдаймыз, өйткені бұл қазақ халқының
сәндік-қолданбалы өнерінің атқаратын міндеттерін
толығымен ашып көрсетуге, әшекейлік (ою-өрнектік)
мазмұнын бір-бірінен ажыратып көрсетуге, өнер түрлеріне
қарай сұрыптап пайдалануға, сәндік-қолданбалы
өнер түрлерінің кейбіріне толықтырулар ендіруге
мүмкіндік береді. Мысалы, зерттеу мақсатына қарай біз Тоқыма өнері, Киіз өнері Кесте
және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясын былайша толықтырамыз:кілем (түкті кілем,
тақыр кілем, басқұр, желбау, бау; қоржын, аяқ
қап); алаша (қақпа, бұхар, кежім,
терме); бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары); ілмекпен
тоқу. Кесте және тігін
өнері:киім тігу, тұрмыстық
бұйымдар тігу мен кестелеу түрлері. Ұлттық киімдердің түрлері: ұлттық сырт
киімдер: (жадағай, шапан,
жарғақ шалбар, күпі, сырмалы шапан, тайжағы, тон, ішік,
шапан, шидем); сұлықтар: «аба, кебенек, кенеп, сырттық,
шекпен); іш киімдер(бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар,
жеңсіз); ерлердің бас
киімдері (бөрік,
далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара,
қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ,
тақия, тымақ, шалма); әйелдердің бас киімдері (тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек,
қасаба, кимешек, қарқара). Төсек жабдықтары: көрпе;
шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ
көрпе; жапқыш; ақ жайма түп және т.б.).
Қазақ
халқының сәндік-қолданбалы өнерінің
бұл түрлерінің өзіне тән мазмұны,
ерекшеліктері, әшекейлік ою-өрнектері бар. Ою-өрнек
латынның ornament — әсемдеу, сәндеу деген сөзінен
шыққан. Оған көптеген ғалымдар (А.В.Филипов,
С.В.Иванов, И.Г.Ковалев, Ж.Балкенов және т.б.) өздерінің
анықтамаларын берген. Олардың бірі «Ою-өрнекті
үйлесімділік өнер десе, екінші – символдар байланысы,
үшіншісі бейнелеу өнерінің өте ертеден келе
жатқан түрі, төртіншісі – адамға қажетті
тұрмыстық идеяларды шартты символикалық пішінде суреттейтін
бейнелеу өнерінің айрықша түрі, бесіншісі қазақ
ою-өрнегі көркем бұйымдарды әшекейлеудің ең
басты көркемдік элементі, тағы
бірі қазақтың
өрнегі – қазақ халқының мәдени
жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы
деп түсіндіреді.
Солардың ішінде «ою-өрнек»
ұғымдық мәнін С.Қасиманов, Ұ.Әбдіғапбарова
толық ашып көрсетті десе болады. Егер С.Қасиманов: «ою» деген
сөз бен «өрнек» деген сөздің мағынасы бір.
Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп
алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір
нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.
Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған
үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың
қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз
өрнектерін де «ою» дейді. Ал «өрнек» дегеніміз әр түрлі
ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап
істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің
ортақ атауы іспеттес. Екі түсінік те бір-біріне қайшы
келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтыра түседі, ою-өрнек
ұғымынан толық мағлұмат алуға
көмектеседі [2].
Әрине,
сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының әрбір тобын
өз кезегінде көркем кәсібіне қарай бөлуге де
болады, өйткені әрбір кәсіптің өзінің
өрнегі, түр-түс үйлесімі, жасау әдісі
және бұйымды әрлеу мен басқа да ерекше белгілері
болады. Мысалы, қазақ халқы киіз, текемет, сырмақ,
түс киіз және т.б. бұйымдарға ою, өрнек
түстерін орналастырғанда өзіндік ережеге сүйенген,
олардың бояуын белгілеуде үлкен жауапкершілікпен, талғаммен
қараған. Қыздардан бояулар үйлесімділігін нәзік
сезінуді, кескіндеменің заңдарын түсінуді, геометриялық
сызықтар мен фигураларды білуді,
табиғаттың табиғи пішімдерін түсінуді
талап еткен.

Сурет-1 Оюлардың түрлері
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
Тігін бұйымдарын құрастыру және
модельдеу Келесова У.С. Тараз, ТарМУ
Баспасы 2010ж. 130с. ТарМУ
2. Художественное проектирование изделий из кожи Москва: Легпромбытиздат,
1987, 232 с. ТарМУ