ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

 

БЕКЕШЕВА ДАНА АЙТБАЕВНА

 

Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін талдаудың экономикалық мәні

 

 

Нарықтық белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффиценттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Айта кету керек, дамыған нарықтық экономика жағдайында бір акцияға түскен табыс, компанияның бір акциясының нарықтық бағасына әсер ететін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады,  ол өкілетті статистикалық зерттеулермен дәлелденген. Кәсіпорын  қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін)  шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім)  авансталған немесе қолданылған ресурстармен салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:

1)         қорытындылаушылар;

2)         техника-экономикалық.

Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі (еңбек сыйымдылығы), қор қайтарымдылығы,  материалдар қайтарымдылығы (материал сыйымдылығы), капитал салудың қайтарымдылығы (капитал сыйымдылығы)  жатады. Екінші  топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар:  құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т.б. энегия, жанар-жағармай, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары;  меншікті капитал сыйымдылығы, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар. Нәтижелі шоттарды құру тәсілін, табыстар мен шығыстардың құрамын, оларды есепке алу және есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі анықтайды және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары талаптарына сәйкес банкті басқару және оған салық салу үшін жеткілікті деңгейде түсінікті болуы қажет.

Кіріс және шығыс баптарын қанағаттандыру өлшемдері мынадай:

-         бап өлшеу сәйкес негізге және іске қосылған сомаға саналы бағалау жүргізу мүмкіндігіне ие;

-         болашақта экономикалық пайда алуға немесе жоғартуға негізделген баптар үшін осындай пайдалар алынуы немесе алынбай қалуы мүмкін ықтымалдық кездеседі.

Табыстар әдетте мәселе орындалған және түсімді алу және оны өлшеу мүмкіндіктеріне қатысты қатаң сенімділік болған жағдайда мойындалады. Шығыс немесе шығындар шығыс немесе алдында мойындалған актив болашақтағы экономикалық пайданы ұстай алмаған жағдайда мойындалады.

Өнімді сатудан түскен табыст мойындаудың негізгі өлшемдерінің бірі – сатушы сатып алушыға сатылған өнімге меншік құқығынан сыйақы және елеулі тәуекелдерді беруі болып табылады. Егер сатушы оны өзінде қалдырса, онда ереже бойынша, бұл мәмілені сату ретінде тануға болмайды.

Өнімді өткізу кезінде табыс танылған болса, онда табыс пен шығыстарды тану қағидаларын қолдану келесідей болуы мүмкін:

-         өткізгенге дейін;

-         өткізу кезінде;

-         өткізгеннен кейін.

Өнімді өткізгенге дейін танылған табыс

Екі әдіс арқылы жүзеге асырылады:

1)      аяқталған мәміле, яғни мәміле аяқталған кезде табыс және шығыс  шоттарымен бірге барлық шоттар жабылады және жиынтық табыс мойындалады (әдетте құрылыс кезінде);

2)      аяқталу пайызымен – табыс, шығс, жиынтық табыс әр есепті кезенде құрылыс жобасының аяқталуын бағалау пайызы негізінде мойындалады.

Өткізу кезінде мойындалған табыс

Табысты мойындау үшін жағдайлар – мәмілені орындау және түсім алу мүмкіндігі әдетте өнімді немесе қызметті өткізген кезде орындалуы мүмкін. Бұл сату кезеңі деп аталатын әдіс.

Өткізгеннен кейін танылған табыс

Бұл жерде екі әдіс қолданылады: ақысын біртіндеп төлейтіндей етіп сату және шығындардың орнын жабу.

Бірінші жағдайда табыс сату кезінде емес, тек ақша алынған жағдайда ғана мойындалады. Екіншісі табыстардың немесе пайдалардың ақырғы өткізуін мойындауға болмайтын жағдайда.

Табысты қызмет көрсетілуі бойынша мойындау келесі әдістермен жүзеге асады:

-         нақты орындалу (бір операцияны орындау кезінде қызмет көрсеткені үшін алынған табыстар есепке алу үшін қолданылады);

-         үйлесімді орындау (көп сатылы табыстарды мойындау үшін қолданылады);

-         аяқталған орындалу (қызмет көрсетуден түсетін табыст есеп алу үшін қолданылады – орындалудың бірдей немесе бірдей емес кезеңдер серияс, олардың қорытынды актісі қызмет көрсету бойынша жалпы операцияларға байланысты айтарлықтай маңызды);

-         инкассолау (табыс ақшалай қаражат алынған кезде мойындалады, себебі белгісізідік өте жоғары) [1, 282 б.].

Табыстар мен шығыстардың әрбір түрі банктің қызмет етуінің тиімділік деңгейін бағалау үшін жеке ашылады. Банктің қаржы – шаруашылық қызметнің нәтижесі туралы есеп құру үшін табыстар мен шығыстар маңызына қарай сәйкестілік қағидаларына сай топталады.

Табыстар және шығыстар баптарын бөлек ашып қарастыруға алып келген жағдайлар мыналарды қамтиды:

-         тауарлы-материалдық қорлар құнының өткізудің атаза құнына дейін, ғимараттар мен құрал-жабдықтар құнының – қалпына келтіру құнына дейін төмендеуі, сонымен қатар осындай төмендеуді қайта реверсиялау;

-         ұйым қызметі құрылымының өзгеруі және құрылымның өзгеруі бойынша шығындарға арналған кез келген резервтерді жою;

-         жылжымайтын мүлік және құрал-жабдық баптарының істен шығуы;

-         ұзақ мерзімді инвестициялардың істен шығуы;

-         үзілген операциялар;

-         сот үрдістерін реттеу;

-         резервтердің күшін жоюдың басқа да жағдайлары.

Әрбір үзілген операция үшін келесідей ашылулар жүргізіледі:

-         үзілген операция сипаттамасы;

-         есепке алу мақсатында операциялардың нақты үзілу күні;

-         үзу әдісі (сату немесе бас тарту);

-         операцияны үзуден түскен табыс немесе шығын және оларды өлшеу үшін қолданылатын есептілік саясаты;

-         әр есепті кезеңде күнделікті қызметтен сәйкес сомалармен түсетін түсім, табыс немесе шығын.

Жалпы көлемде елеусіз үлеске және бір реттік сипатқа ие табыстар мен шығыстардың жеке түрлері жеке аналитикалық жайғасымға бөлінбей, банктің басқа да табыстары мен шығыстары құрамында есептеледі.

Осылардың әрбір түрі клиенттерге ұлттық және шетел валютасында қызмет көрсетуге пайдаланыла алады. Ол үшін валюталар шегінде ақпарат алуға мүмкіндік беретін жайғасмдар (позиция) қарастырылған.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.     Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 2005. – 282с.

2.     Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. – Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 2007. – 39с.